400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғаттың гүлденуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

12 «Байтерек» бөбекжайы







«Табиғаттың гүлденуі»

(кіріктірілген ашық оқу қызметі)

мектепалды даярлық «Күншуақ» тобы



Picture 1

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Абдыкадырова К.Е.















2022 ж.

Кіріктірілген ашық оқу қызметі: сурет салу, жапсыру, мүсіндеу.

Тақырыбы: «Табиғаттың гүлденуі»

Мақсаты:шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: көктем мезгілінің суреттері, үлгі жұмыс, ағаштың суреті салынған қағаздар, гуашь бояу, губка, тіс щеткасы, мақта таяқшалары, ермексаз, көк түсті қатты картон, жасыл түсті түтікшелер, мақта дискілері, сары түсті майлық, желім, қайшы.

Ұйымдастырушылық-ізденістік: Шаттық шеңбері.Көңілді сәлемдесу.

Сиқырлы сәт: қонаққа Күлте қыз келеді.

Мұғалім: -Балалар, бүгінбізге қонаққа Күлте қыз келіпті. Ол қазір қандай мезгіл екенін ұмытып қалыпты. Қане сендер айтып беріңдерші, қазір қандай мезгіл?

Балалар: -Көктем.

Мұғалім: -Көктем айларын атап беріңдерші.

Балалар: -Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Мұғалім: -Ал қазір қандай ай?

Балалар: -Сәуір айы.

Мұғалім: -Көктем мезгілінің ерекшелігін айтып беріңдерші.

Балалар: -Күн жылынып, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштарда бүршік пайда болады, шөптер, гүлдер шыға бастайды.

Мұғалім: -Ал көктемнің алғашқы гүлі қандай екен?

Балалар: -Бәйшешек.

Мұғалім: -Дұрыс! Жарайсыңдар! Ендеше бүгін біз осындай көктем мезгілінің суретін бейнелеп Күлте қызға көрсетейік. Ол үшін 3 топқа бөлініп отырамыз. Бірінші топ губкамен гүлдеп тұрған жеміс ағаштарының суретін саламыз, екінші топ ермексазбен гүлдеп тұрған ағаштың бейнесін жасаймыз, үшінші топ көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекті түтікше мен мақталы дискілерден келтіріп жасаймыз.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру:

1-топ: губкамен бояуды алып қағаздың бетінеағаштың суретіне бастырамыз. Гүлдеп тұрған бейнені келтіреміз. Тіс щеткасын жасыл түсті бояуға батырып, ағаштардың түбіне, жерге шөптің бейнесін саламыз.

2-топ: күлгін, ақ түсті ермексаздан шетінен үзіп алып, домалақтап, ағаштың бұтақтарына жапсырамыз.

3-топ: мақталы дискілерден үлгі бойынша гүлдің бейнесін қиып аламыз. Мақталы дискілерді ортасынан бөліп аламыз.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Бір отырып, бір тұрып,

Бойды жазып аламыз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

1-топ: мақта таяқшаларын ақ түсті гуашьқа батырып, ағаштың бұтақтарына нүкте түсіру арқылы гүлдің бейнесін саламыз. Жерге түскен гүлдерді де саламыз.

2-топ: жасыл түсті ермексаздың кішкене бөліктерін шиыршықтап, шөптің бейнесін жасаймыз. Сары, қызыл түсті ермексаздың бөліктерінен үлгі бойынша көбелектер жасаймыз.

3-топ:түтікшелерді қағаз бетіне жапсырамыз. Қиып алған гүлдерді түтікшелердің ұшына орналастырамыз. Сары түсті майлықты қолмен жыртып алып, умаждап күннің бейнесін жасаймыз.

Дидактикалық ойын:

Балалардың жұмысына баға беру.

Қорытынды:

  • Сұрақ-жауап;

  • Жұмыстардан көрме ұйымдастыру;

  • Оқу қызметін бағалау;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.05.2022
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі