400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғаттың жаңаруы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Табиғаттың жаңаруы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметінің таырыбы:«Табиғаттың жаңаруы»

Мақсаты: Жыл мезгілі, көктем туралы түсінік беру. Табиғат құбылыстары жайлы білімдерін дамыту. Ертегі қойылымы арқылы әдеби тілде еркін, ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сахналауға қызығушылықтарын арттыру. Балаларды достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ, көгершін, аққу, торғай, әтеш,бұлбұл, терек, қарлығаш, сауысқан.

Көрнекіліктер: Қоржын, асықтар, кеспе ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Алдын-ала жасалған жұмыс: Ертегі оқу.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, музыкалық киіз үй.

Шаттық шеңбер:

Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта, ұл қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Таңғы жиын

Сөйлейтін қабырғамен жұмыс

Тәрбиеші:
- Балалар бір жылда неше мезгіл?

- Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)

- Көктем айларын атап беріңдерші?

- Көктем екенін қайдан білдіңдер?

- Бір аптада неше күн? (апта күндерін атайды)

- Тәулік атауларын есімізге түсіреміз? (таң, күн, кеш, түн)

- Бүгін канша ұл, қыз келді? (санау, санмен белгілеу)

Балалармен сөздерді хормен және жеке қайталау

Балаларды мадақтау: дұрыс, күнделікті айтып жүрген сөздерімізді қайталадық.
Әуен ойналады. Интерактивті тақтадан Алдар шығады.

Балалар интерактив такта алдында жаратылай шеңберге тұрады.
(Мен Алдармын Алдармын, Сақалымды талдармын)

-«Сәлеметсіңдер ме, «Айналайын» тобының бүлдіршіндері!

Мен атақты Алдар көсе, сендердің білімді, өнерлі, алғыр балалар екендеріңді біліп, мына сиқырлы ғажайып қоржынымды жіберіп отырмын. Қоржынымда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Егер сендер тапсырмаларымды орындасаңдар, менің сендерге арнаған сыйым бар. Сендерге сәттілік!» (Балалар орындықтарға отырады)

Тәрбиеші балаларға қоржынды жақынырақ көрсетеді. (Балалар қоржынды қарап түсін, қандай ою-өрнекпен безендірілгені жайлы әңгімелеп зерттейді). Оюлардың түрлерін атайды (гүл, қошқармүйіз, су)

Оюлардың түрлерін атауын қайталайды

Тәрбиеші: Балалар менімше қоржынның ішінде бір нәрсе бар?

(Қоржынды,сілкуқарау)
Әр бала ұстап көреді.

Тәрбиеші бір баладан қоржынды ашуын сұрайды.


Қоржынның ішінде әр түсті асықтар.

Тәрбиеші: - Балалар мынау не?

-Түстері қандай?

-Канша екен, санайық?

-Балалар, бұл жай асықтар емес, Алдар көсе бізге сиқырлы асықтарды жіберіпті.
Ендеше тапсырмаларын орындауға кірісейік!

Интерактивті тақтадан:

1.Тапсырма: «Балалар, мына қызыл түсті асықта менің бірінші тапсырмам:

- Қазір қай жыл мезгілі?

Балалардың жауабы.

Көктем мезгілінің айларын есімізге түсіріп қайталайықшы

-Наурыз, Сәуір, Мамыр - балаларды мадақтап өту.

-Ал Наурызда қандай мереке болды?

Балалардың жауабы. (8 наурыз, аналар мерекесі)

Ал алда қандай мейрам келе жатыр?

Наурыз мейрамы.

Наурыз табиғаттың жаңаруы, жер көктей бастай,...

Тәрбиеші: Тамаша балалар! Ендеше бір сәт тіл ұстарту жаттығуларын есімізге түсірейікші:

Ға-ға-ға,

Тал басында қар-ға.

Қан-қан-қан,

Ұшып кетті сау-ыс-қан.

Ғай-ғай-ғай,

Қар үстінде тор-ғай.

Қу-қу-қу,

Көлде жүзді ақ-қу.

2.Тапсырма: «Менің екінші тапсырмамды мұқият тыңдаңдар.

Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1. Көкті жұлма. Көктей соласың дейді.

2.Құстың ұясын бұзба.

3.Ағаш сындырма. «Бір тал ағаш сындырсаң, он тал ек»

Көзге жаттығу

Сонымен қатар, көктемде құстар ұшып келеді, Қыстайтын құстарды және жылы жақтан ұшып келетін құстарды еске түсіру
Балалардың жауабы.

3.Тапсырма: Ал балалар менің соңғы тапсырмам:

Жұмбақ:
Орманда мекен етеді,

Күні бойы еңбектеніп, тіршілік етеді (Тоқылдақ)

-Канеки, дұрыс па даусын естіп көрейік!

То-қыл-дақ сөзін балалар аяқпен топылдатып қайталайды

(Интерактивті тақтадан Алдар көсенің дауысы)

-Тамаша, ал енді тоқылдақ туралы не білесіндер?

Тәрбиеші: Балалар есімізге түсірейікші,Тоқылдақ туралы қандай ертегі білемізбе?
Балалардыңжауабы.
Балалар Алдар көсенің сұрағына біз "Орман дәрігері" атты ертегі арқылы жауап берейік.
Бірақ балалар,ертегіні сахналамас бұрын бір сергіліп алсақ:

Сергіту сәті:

Құстар қанат қағады,

Көкте самғап ұшады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ деп ән салады. (Қимыл-қозғалыспен көрсету )

Балалар кілем үстіне ауысады.

«Орман дәрігері» атты ертегіні балалардың сахналауы (маска)

Балалар атайды, тәрбиеші тыңдайды. Ал енді сөздердің дұрыс айтуын бекітіп, жаңа сөздер қобдишасына саламыз. Кейін сендер бұл сөздерді Бота Зайнуллақызымен тағы қайталап, бекітесіндер.

Сөздік жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ, көгершін, аққу, торғай, әтеш, бұлбұл, терек, қарлығаш, сауысқан.

-Ендеше балалар қазір біз өз қолымыздан ертегі кейіпкерлерінің кеспе

суреттерін алып, мына орман көрінісін «Ғажайып құстар мекеніне айналдырамыз.
Әуен ойналып, балалар шығармашылық жұмыс жасайды.

Смена действия воспитателей:

Бота Зайнуловна подводит итог занятия:

1.Проводит беседу с детьми, закрепляет новые слова используя сундучок новых слов

Сөздік жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ, көгершін, аққу, торғай, әтеш,
бұлбұл, терек, қарлығаш, сауысқан














Қазақстан Республикасының Президенті Іс Баскармасы

Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК













Семинарға арналған «Табиғаттың жаңаруы» атты
ашық ұйымдастырылған оқу қызметі










Тәрбиеші: Б.К.Жасимбекова



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі