«Табиғаттың жас қорғаушылары» атты экологиялық жоба
Қоршаған орта, табиғат
Жануар, өсімдік, адамзат
Сүю, қорғау-парасат
Білейік оны жамағат
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер – ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Ыбырай Жақаев мынадай даналық сөздер жазған: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі». Қазіргі кезде экологиялық білім беру ЮНЕСКО деңгейінде жүзеге асып отыр. Балабақша жасындағы бүлдіршіндердің санасында қоршаған орта, табиғи құбылыстар туралы ұғым қалыптастырғанымыз жөн. Сонымен бірге адамзат өзінің іс-әрекеттері арқылы табиғатқа кері әсер етіп жатқанын да бала білуі қажет. Балабақшадағы экологиялық білім беру тәжірибелік бақылаулармен ұштастыра жүргізілсе нәтижелі болмақ. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі.
Балабақшаның негізгі міндеті – дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу. Балаға табиғаттағы әрбір өсімдікті, жануарлармен таныстыру, көрсету арқылы ғана экологиялық тәрбие бере аламыз. Қорыта келе айтарым, балабақшадан бастап қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиеленген бала келешекте табиғат қамқоршысы болатыны сөзсіз. Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!»» Ұранын алға ұстап, Табиғат-анамызды қорғайық, аялайық,сүйеік! Ендеше, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру-бұл баланың өмірге деген құрметін арттыру.
Экологиялық білім беру мәселесін ең тиімді шешу әдісі – ол жобалық қызметті ұйымдастыру. Экологиялық акцияларға, сенбіліктерге, табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту, табиғатты қорғау іс шараларына қатысу – балалар мен олардың ата-аналарының қоршаған ортаға, туған жерлеріне пайдасын тигізетін және өздерін жан-жақты танытатын керемет жағдай.
Жобаның мақсаты: Балалар мен ата-аналар бойында барлық тіршілікке сезіммен қарау, қайырымдылықпен қоршаған ортаға және табиғатты сақтауды қалыптастыру.
Жобаның шешімі:
-
Балаларға білім беру мекемесі аумағында басым бағытта экологиялық қолайлы жағдай құру;
-
адамдар бойында табиғи экожүйесінде білім қалыптастыру;
-
табиғатты тану әдісінде балалар мен ата-аналарында зерттеушілік тұрғыдан танымдық жасампаздықдықты дамыту;
-
балалар мен ата-аналар бойында тәжірибелік тұрғыдан табиғатты аялау қызметін ұйымдастыру;
-
балалар, педагогтар, ата-аналар арасында экологиялық мәдениетті, өзаратүсінушілікті, өзаражәрдемдесуді үнемі дамыту;
-
туған өлкенің қарапайым географиялық алғашқы танымдарын дамыту;
-
балаларды табиғи байлығына саналы, жанашырлық тұрғысында қарауларын тәрбиелеу.
Жоба балалар мен олардың ата-аналарының өздерінің сүйікті ісімен айналасуларына және бір уақытта қоршаған әлемге пайда әкелулеріне жағдай туғызады.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: жыл.
Жобаға қатысушылар мен серіктестер: балабақша қызметкерлері; 4 және 6 жас аралығындағы балалар.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1-ші кезең – аналитикалық (тамыз-қыркүйек)
Кезең міндеттері: жағдайды сараптау; негізгі міндеттерді анықтау: экологиялық мәдениет, тұлғаның базистік негізі аяушылық сезімі мен жақсылықты ұйыту.
2-ші кезең. Ұйымдастыру (Қыркүйек-қазан)
Кезең міндеттері: мектеп жасына дейінгі тәрбие бағдарламасын экологияландыру; топта экологиялық орта қалыптастыру, инновациялық қалыпта ата-аналарды шығармашылық жұмыстарға жұмылдыру, балалар мен ата-аналар үшін жоспар жасап, экологиялық апталық өткізу.
3-ші кезең. Машықтану қызметі (қазан-тамыз)
Кезең міндеттері: балалар мен ата-аналар бойында элементарлы экологиялық білім қалыптастыру, сонымен қатар экологиялық іс шаралар аясында экологиялық білім негізін қалыптастыру.
4-ші кезең. Қорытынды (тамыз)
Кезең міндеттері: педагогтің машықтану қызметі қорытындысы мен тәжірибесін жинақтап, келесі педагогикалық қызметті жетілдіру.
Жобадан күтілетін нәтиже:
-
балабақша аумағында жайлы экологиялық орта қалыптастыру;
-
балалар бойында экологиялық білімдерін жетілдіру;
-
жоба тақырыбы бойынша ата-аналар бойында экологиялық жауапкершілік, білімдерін жетілдіру;
Жобаны орындау бойынша атқарылатын жұмыс түрлері:
Бақылау және экологиялық саяхат экологиялық жолдармен;
Жазғы жұмыстар туралы топтардың презентациялары;
Дидактикалық ойындар;
Жобаның мазмұны, негізгі қызметі 4 кезеңнен тұратын барлық атқаратын қызметке қатысушылар тәрбие-білім беру үрдісі орындалды
«Табиғаттың жас қорғаушылары» атты экологиялық жобаның жоспары. 01.08.2012- 01.09.2013
|
Іс шаралар |
Топ |
Мерзімі |
|
Экологиялық апталық «Алтын күз»: Тақырыптық сабақ «Жемістер» Акция «Гүл тұқымын жинаймыз» Топпен саяхат«Алтын күз келді.» Көрме «Күз сыйы» |
№10 «Асық» Барлық топ №11 «Көкпар» |
Қыркүйек 10.09. 14.09. |
|
Топпен саяхат «Күзгі орман» Тақырыптық сабақ Жануарларды қорғайық» Көрме «Күз бояуы» Жапырақтан жасалған заттар |
Ересек топтар Ересек топтар |
Қазан Қараша |
|
Тақырыптық сабақ «Шыршаны безеңдіреміз» Көрме «Жарқырайды шыршамыз» |
№11 «Көкпар» Барлық топтар |
Желтоқсан |
|
Акция «Құстарға жемшашар жасаймыз» «Қандай құстар жемшашарға ұшып келеді?» бақылау Жоспар бойынша ішкі экожолмен саяхат |
Ересек топтар Барлық топтар |
Қаңтар |
|
Сабақ-бақылау. «Жуа өсіру.» Орман жануарларына адам қалай көмектеседі? |
№11 «Көкпар» тобы |
Ақпан |
|
Тақырыптық сабақ «Біздің төрт аяқты достарымыз» Көрме-сайыс «Терезедегі бақша» |
Ересек топтар Барлық топтар |
Наурыз |
|
Акция «Бәйшешектерді сақтаймыз» |
Барлық топтар |
Сәуір |
|
Акция «Бақшада өсімдіктер отырғызамыз» |
Барлық топтар |
Мамыр |
|
Балабақша алаңындағы экожолына саяхатқа шығу кестесі бойынша жұмыс жүргізу |
Барлық топтар |
Маусым-тамыз |
|
«Біз-табиғат қорғаушысымыз» атты экология апталығы: Көрме «Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» ұйымдастыру Д/о «Үй және жабайы жануарларды ата» Д/о «Үй жануарлары мен хайуанаттарды ата сурет бойынша» Жәндіктер туралы жұмбақтар шешейік Аппликация «Көбелек » Зертханалық жұмыс «Ауа» Суреткөрмесі «Табиғаттағы тыйым салу белгілері » |
Ересек топтар Естияр топтар Сәбилер тобы Ересек тобы |
Тамыз |
Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады
Экологиялық апта жоспары
Тақырыбы. «Алтын күз.»
10.09.12-14.09.12
Мақсаты: Балалардың табиғаттағы ерекшіліктерге назар аударып, қоршаған ортаға қызғушылығын арттыру, ата-аналармен бірлесіп шығармашылық жүмыс жасау арқылы балалардың табиғатты аялауға тәрбиелеу.
|
№ |
Іс-шаралар тақырыбы |
Түрі |
Топ |
|
|
Аптаның ашылуы.
«Жемістер» |
Апта жоспарымен таныстыру Сабақ. |
Барлық топтар
Асық. |
|
|
«Гүл тұқымдарын жинаймыз.» |
Акция. |
Барлық топтар |
|
|
«Алтын күз келді.» |
Топпен саяхат. |
Көкпар |
|
|
«Күз сыйы.» |
Көрме. |
Барлық топтар |
|
|
Апта қорытындысы |
|
Барлық топтар |
Сабақ тақырыбы. «Жемістер.» Топ Асық
10.09.
Мақсаты. Балаларға жеміс туралы түсінік беру, ой-өрісін, тілдерін дамыту
Сұрақ-жауап арқылы балалармен әңгімелесу.
Әрекет-кезеңдері:
Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушы
Жылулық шеңбері.
Жаздыгүні шілдеде
Жеміс пісіп толады
Қызыл-жасыл гулдерге көбелектер қонады
-Біржылда неше мезгіл бар?
-Қазір кандай мезгіл?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Бізге көңілді жемістер келіпті .Оларды кмдерге сыйлаймыз?
Апликациялармен жұмыс жасау. Жемістерді жапсыру.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкетай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
Ойын. « Қандай жеміс екенін айтып көр » Балалардың көздерін жұмып, қандай жеміс ұстап тұрғанын ажырату.
-Біз не білдік?
-Жеміс түрлерін, түсін, пішінін.
Жемістерден не жасайтынын.
Жылулық шеңбері.
Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
Акция. «Гүл тұқымын жинаймыз.» Мақсаты: Балаларға гүл тұқымы туралы түсінік беру, тұқым-гүлді өсімдік-тұқым болатынын талдау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, гүлдерді қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Балалар гүлдердің тұқымдарын тәрбиеші көмегімен жинады, тұқымдардың әр түрлі болатынын анықтады. Қатысқан: 11 топ
12.09.12 Топ
«Көкпар»
Қатысқанар: тәрбиеші Калиева Т.Е. медбике Васильева Г.П. әдіскер Коспанова М.Ш. дене шынықтыру нұсқаушысы Каженова Д.Ж. Өткізген: эколог Сейтикова Т.К.
Тақырыбы: «Алтын күз келді.»
Мақсаты: Балалармен күз мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен өзгешілігін анықтау, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Тілдік қорын молайту, көңіл күйлерін көтеру, ой-өрісін дамыту.
Қолданған әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, қимылды ойындар.
Әрекет-кезеңдері:
Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушы
Балалар, мен жұмбақ жасырайын.
Шөп сарғайып,
Жер қатайып.
Дала құты қашады
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай мезгілде болады?
-Балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістер байқаймыз?
-Өсімдіктер неге сарғаяды?
- Өсімдіктер мүшелері: тамыр; сабақ; жапырақ; гул.
Бақылау. Өсімдіктердің мүшелерін атау.
-
Бұқпада өсіп жатқан өсідіктермен таныстыру. Итошоған, тырса, түймедақ, мыңжапырақ, жолжелкен,бақбақ т.б. өсімдіктер.
Гербарий жасауға өсімдіктер жинау.
-
Доппен қимыл-ойын.
Допты көршіне лақтыр.
-Балалар, барлығымыз көңілімізді көтердік.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Ренжуді білмейміз,
Қуанамыз бірге,
Арайлап атқан күнге.
Қорытынды..
-
Міне, балалар, біз сендермен табиғат аясында болдық. Бүгін сендер күз өзгерістерін байқадыңдар. Кейбір өсімдіктерді көріп, олардың қасиеті туралы да таныстындар. Естеріңде қалған өсімдіктерді атау. Өсімдіктердің мүшелерін атау. Мадақтау, ризашылық білдіру.
Көрме. «Күз сыйы.»
Барлық топтар
13.09.12
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жасау, жеміс-жидек, дақылдардан бұйымдар жасау, шығармашылық жүмыс жасау арқылы балалардың табиғатты аялауға тәрбиелеу.
|
Топ |
Аты |
Ұраны |
Эмблемасы |
|
№3 Бурабай |
Күн |
Күннің көзі арайлы Көбімізге тарайды |
Күн |
|
№1 Айгөлек |
Күз сыйлары |
Күз мереке береке Ала келді біздерге |
Күнбағыс |
|
№2 Қамажай |
Листопад |
Листопад, листопад Падают листочки Победим мы всех ребятИ поставим точки! |
- |
|
№7 Айналайын |
Алтын күз |
Тамсандырып таңдайды Жеміс-жидек піседі Жапырақтар сарғайып Жер бетіне түседі |
- |
|
№5 Наурыз |
Алтын күз |
Сары алтындай сары күз, Бақшамызда дәніміз |
- |
|
№4 Өнер |
Капельки |
Капельки об землю тук, Победим мы всех вокруг, И победа будет наша Нет в «Нурай» группы краше |
- |
|
№9 Бәйтерек |
- |
Жеміс-жидек пісіп жатыр, Үсіп жатыр бау –бақта. Бау-бақта түсіп жатыр, Түсіп жатыр жан-жаққа |
- |
|
№11 Көкпар |
- |
Табиғатты аялайық Жер-Анамыз панамыз Табиғатты бағалайық Биік болсын санамыз |
- |
Акция. «Топты гүлдермен безендіреміз.» Мақсаты: Балалардың гүл туралы білімдерін тиянақтау, дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің аттарымен таныстыру және оларды салыстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, эстетикалық талғамын арттырып, гүлдерді қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Балалар гүлдерді салыстырып, ұқсастық пен айырмашылығын айтып, далада өсіп тұрған гүлдерден гүлшоғыр жасады, топтарын безендірді. Қатысқан: 11 топТоптарын ең әдімілеп безендірген: №3 Бурабай, № 8 Еркемай, № 2Қамажай, №1 Айгөлек, №6 Дәстүр топтары.
Көрме «Күз бояуы» Жапырақтан жасалған заттар.
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп,түрлі түсті жапырақтан бұйымдар жасап шығармашылық қабілеттерін дамыту балалардың табиғатқа қызғушылығын арттыру. Қатысқан: 11 топ
Тақырыбы. Жануарларды қорғайық. Мақсаты: Жануарларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы түсінік беру, ойлау қабілеттерін жетілдіру, жануарларды қорғауға тәрбилеу, экологиялық тәрбие беру.
Шаттық шеңбер. Армысың, жарқыраған күн! Армысың, жер ана!
Армысың, көгілдір аспан! Армысың, достарым, мен сендерді сағындым.
-Балалар бізге жануарлар қонаққа келіпті. Қарсы аламыз ба? (Ойыншық жануарларды көрсету) Ең алдымен сұрақтарға жауап берейік. Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады? Қандай жануарларды білесіңдер? Үй және жабайы аңдарға не жатады? Үй жануарларын адам күтеді. Ал жабайы жануарлар өз бетінше тіршілік етеді. Олардың саны жылдан жылға азайып барады. Оларды адам қорғауға алуы керек. Орманда орманшы жұмыс істейді. Орманшы орманға қалай қамқорлық жасайды? Ормандағы тазалықты қадағалайды. Жас ағаштар отырғызады. Орманды өрттен қорғайды. Енелерінен айырылған аңдардың балаларына көмек көрсетеді. Азайып бара жатқан аңдарды аулауға болмайды, оларға қоректенетін жағдай жасау керек.
«Ормандағы жануарлар» сурет» арқылы әңгемелеу.
Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп , Торғайларға шашыңдар.
-Торғай, торғай торғайсың Таяу келіп қонбайсың,
Жем шашайың тойып ал Сонда аязға тоңбайсың.
Ермексаздан құстарға ұя жасау.
Ойын. Атын атап берші.Ойыншық жануарларды көрсетіп атау.Үй және жабайы жануарларға бөлу.
Қызыл кітапқа енген жануарлар суретін көру.Аттарын атап шығу.
Ойын. «Қоян, қасқыр, аю, түлкі не жейді?»
Ойынның барысы: Әр балаға сәбіздің, еттің, балдың, балықтың суреттері бар карточкалар таратылады, паззл жинау.
Рефлексивті-түзетушілік Сергіту сәті.
Аю маң-маң басады, Бұғы үркіп қашады.
Орман іші көңілді. Ағаштан жапырақ түседі.
-Балалар адам жануарларға қандай қамқорлық жасай алады?
Қорытынды. Мадақтау, ризашылық білдіру. Түсінгендерін айтады, жауаптарын толықтыру
Топпен саяхат.
Тақырыбы: « Күзгі орман.»
Топ: № 11 Көкпар №10Асық, №9 Байтерек
Мақсаты: Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі өзгерістер себебін, ағаштардың атын біліп тануға, жапырақтардың түсуін бақылауға, ойлау қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу
Мотивациялық –қозғаушы
-Балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.
Бұтақтардан сөгіліп, Жапырақтар төгіліп,
ұшып жатыр жүз мыңдап, Қайтер екен біздің бақ.
-Балалар, күздің алғашқы көрінісін айтындаршы? (Құстар жылы жерлерге ұшып кетеді, жапырақтар сарғайып, қурап түседі, адамдар жеміс-жидек жинайды.)
Ойын. Кім жылдам? Қандай ағаштың аты айтылады, сонын қасына жүгіріп барып тұру. Терек, қарағай, шырша т.б.
Күн шуаққа маужырап Жатыр еді маужырап,
Ағаштардан жамырап ұшты кенет жапырақтар
Балалар, ағаштың жапырақтары қандай? Сары, жасыл, қоңыр.
Ағаштар күзде қысқы ұйқыға кетуге дайындалады, ауа райы суық болғандықтан жапырақтар сарғайып, қурап түсе бастайды.
Бақылау. Жапырақтың түсуін.
-Балалар, енді кім жапырақтарды көп жинайды екен, соны көрейік. Ойын. «Жапырақты жинау»
Жұмбақтар шешу. Қызыл, жасыл кемелер, Су бетінде қалқиды. Соқса егер салқын жел Ырғалады толқиды. Жапырақтар.
Жазда жасыл торқа киеді, Күзде сары тон киеді. Қыста суық аязда –Жалаңаш тұруды сүйеді. Тырс-тырс етіп тамады, Сайға қарай ағады.
Қорытынды. Балалар, бүгін біз нені бақыладық?
Мадақтау, ризашылық білдіру.
Тақырыбы: Шыршаны безендіреміз.
Мақсаты Шыршамен таныстыру, оны басқа ағаштармен салыстыру, айырмашылын байқау, Қолдан жасалған шырша ағашымен салыстыру, сөздік қорын дамыту, ұжымдасып жұмыс жасауға, тірі табиғатқа мейірімділікіпен қарауға тәрбиелеу
Іс- әрекет кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- ынталандырушылық
Шаттық шеңбер Мынау Менің жүрегім Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым мынау менің сол қолым Барлық істі басқарған
-Балалар, қыста да, жазда да жамылғысын тастамайды, кірпіге ұқсас инелері бар, өзін орманда табасың,Бізбен жаңа жылды қарсы алады, балалар оны безендіріп қуанады. Ол не? Шырша
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Ойыншық шырша мен өсіп тұрған шыршаны салыстыру. Өсіп тұрған шыршаны кесіп алып келсе, қайтып ол өспейді, қурайды да өліп қалады. Сондықтан қолдан жасаған жасанды шыршаны сатып алған жөн. .Шыршаның басқа ағаштардан айырмашылығын байқау. Өсіп тұрған шыршаның иісі бар, астынғы бұтақтары ұзық, үстінгі бұтақтары қысқа, пішіні пирамидаға ұқсас.
Шыршаны әшекейлейміз.
Қолдан түсті қағаздардан ойыншықтар жасау.
Қорытындылау. Шырша, жаңа жыл туралы ән айту.
Мадақтау.
Акция. Аурып қалған балаларға хат
Мақсаты: Балалардың өз денсаулықтарын бағалау және күту туралы талдау
қасындағы адамдарға мейірімділік, қамқорлықпен қарау, ауырған бала мен сау баланы салыстыру, ауырған адамды күтуге тәрбиелеу, хат қалай жазылатыны туралы үйрету.
Іс- әрекет кезеңдері
Мотивациялық- ынталандырушылық
-Балалар, мен ұшақпен Африкадан келдім, сонда ауырған жануарларды емдедім дейді Айболит (қуыршақ) . Онда бүкілі ауырып, жылап жатыр екен.( Африкада деген өлең оқу.)
-Қандай аянышты аурғандар. Ауырған адамның терісі бозарып, көзі қарауытып, жасурап, денесі ауырла, өздері көңілсіз болады.Ауырғанда ештеңе істгін келмейді, тамақта ішуге тәбет болмайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Ал ,балалар сендер ауырып тұрған жоқсындар ма? Айна алдына келіп өздерінді айнадан байқайндаршы.Егер көңіл –күйлерін жақсы болса, беттерін сәл қызарса, онда сендердің денсаулықтарың жақсы. Айна алдына екі-екіден келіп балар өздерін қарайды. Айболит беттері бозарып тұрған балаларға таза ауаға шығып, денені шынықтыру қажет екенін айтады.Балалардың барлығы балабақшаға келді ме? –деп сұрайды. Аурып қалған балаларға хат жазуды ұсынады.
Сергіту сәт. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз
Көкке қолды созамыз Қарлығаштай самғаймыз,
Бір отырып, бір тұрып, Жаттығулар жасаймыз.
Қорытындылау. Мадақтау. Ауырған балалар мұндай хат алып сендерге риза болып қалады.
Аурып қалған балаға хат
Сәлеметсің бе _______________
Денсаулығың қалай? Біз балабақшада Жаңа жыл мерекесіне дайындалыпжатырмыз. Топты,шыршаны безендірдік. Түрлі ойыншықтар жасадық. Сен жылдам жазылу үшін бөлмеңді желдетіп отыр-таза ауа өте қажет,дәрілерді уақытымен ішіп отыр, жеміс-жидектер же, оның құрамында көп дәрумендер бар, тамағыңды да ішіп отыр. Жылап, өзінің де, басқалардың да мазасын алма. Осы жазғандардың бәрін орындасаң, жылдам жазыласың. Біз де сенің жылдам саулығуыңды қалаймыз.
Сәлеммен достарың.
Акция. Құстарға жемсауыт жасау.
Қатысатын: Көкпар, Бәйтерек, Асық топтары.
Бақылау. Қандай құстар қыста жемсауытқа ұшып келеді?
Мақсаты: Құстарды бақылау, олардың түсі, үлкендігі, қандай дыбыс шығаратыны, қалай жерде жүретіні туралы байқау.
-Қысқа төзімді, қанаттары қатты, қардың астынан жемдерін тауып алатын. Көгершін, қарға, торғай, шымшық...
Болжам айту. Торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады. Ал егер қосылып қорқылдаса, аяз болады. Көгершін терезеге жақын қонса, бір хабар келеді. Сауысқан үйдің жанында ұшып қонса, бір хабар келеді.
Құстардың суретін қарап,аттарын айту.
Ойын. Ең әдемі құс, ең үлкен кұс
Бақылау. Құстардың ізін іздейміз.
Қарғаның аяқтары ұзын болғандықтан үлкен адым жасап жүреді, торғай екі аяғымен секіріп жүреді, көгершіннің адымдары жиі.
Қардағы құстардың ізін тауып ажырату.
-Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса, баспаңдар
Теріп алып қастерлеп, Торғайларға шашшыңдар.
Құстар қандай дыбыс шығарады? Қарға қарқ-қарқ, сауысқан саңқ-саңқ, торғай шиқ-шиқ, тоқылдақ тоқ-тоқ.
-Торғай, торғай, торғайсың Таяу келіп қонбайсың,

Қорытынды. Біз қандай құстармен таныстық? Мадақтау.
Көрме. «Жарқырайды шыршамыз.»
Барлық топтар
24.12.12
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жасау, шырша жасау, шығармашылық жүмыс арқылы балалардың табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қатысқан: барлық топтар

Топпен саяхат “Алтын күз
келді.”
Шөп сарғайып, Жер қатайып Дала құты қашады Бөбектерім айтындаршы,

Көрме «Күз бояуы»
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп,түрлі түсті жапырақтан бұйымдар
жасап шығармашылық қабілеттерін дамыту балалардың табиғатқа
қызғушылығын арттыру.
Тақырыптық сабақ. «Жануарларды қорғайық.»
Акция. «Гүл тұқымын жинаймыз.»

Экологиялық жолдың мақсты
. Объекттер туралы экскурсанттарға қоршаған ортаның процессі мен құбылыстарын қарапайым мәліметтерді кеңейту.
Өз тыңдаушыларыңды жаяу жолдың маршрутының аймағында, жасанды фактордың әр түрлi әсер етулерiн байқауға үйрету.
Қоршаған ортаға адам әсердiң нәтижелерi комплекстi бағалай алу
Адамның ойын экологиялық мәдениетiнiң тәрбиесiне жетілдіру, адамдардың бір-бірімен қарым қатынасы сияқты, табиғатпен адамның арақатынасында ортақ мәдениет болуы тиіс
Балабақша ауласында балалардың қоршаған ортаны қорғау және экологиялық санасын дамыту мақсатында 3-4 жастағы және 5-6 жастағы балаларға арналған экожол жылда жаз айларына жаңадан безеңдіріліп отырылады.. «Игі істің басына - жақсы келер қасына» дегендей балабақша меңгерушісі Айгүл Аманжоловнаның ұйымдастыруымен балабақша ауласын көгалдандыру және көріктендіру мақсатындағы іс-әрекетті ат-аналар, балабақша қызметкерлері ұйымшылдықпен атқару арқылы ауламыз жаз айларында көрікті күйге бөленіп тұрды.
Сайыс «Терезедегі бақша»
Мақсаты: Балалардың білімдерін экологиялық бағытта нығайту, бөлме
ішінде өсімдіктерді өсіру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту;
ата-аналар, тәрбиеші және балалар арасындағы шығармашылық
қарым-қатынас арқылы балаларды еңбекке баулу
Экологиялық апталық «Біз- табиғат қорғаушысымыз»
Көрме «Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»
Экологиялық дабыл. «Ластанған аумақ»
Зертханалық жұмыс «Ауа»
Мақсаты: Балаларды ауаның қасиетерімен таныстыру, танымдық
қызғушылықтарын арттыру, тәжірибе арқылы ауаның қасиетерін
дәлелдеу.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау - әрбір азаматтың міндеті.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысып
жүрген ұстаздар қауымының еңбегі ата-аналармен бірлесіп акция,
көрмелерге көпке үлгі. «Гүл отырғызамыз» акциясында ата-аналар гүл
көшеттерін егуге үлес қосты. Экологиялық іс –шаралармен қатар
барлық топтарда экологиялық білім беру мақсатында тақырыптық
сабақтар жүргізілді. Жыл соңында дайындық « Көкпар» тобында
балалардың экологиялық білім деңгейінің
мониторингісі 
Топтарға жасына сәйкес берілген жоспар бойынша тәрбиешілер экология бағыты бойынша жұмыс жасап, қыста ішкі экожол картасымен топтарда жоспар бойынша әр экообъектіге саяхат жасалып отырылды. Әр топта маусымдық өзгерісті бақылау мақсатында күнделікті серуенде қима қағазға жазылған жоспармен тәрбиешілер балалармен бақылау жасайды.
Жыл бойы жұмыс жоспары бойынша «Айналайын» тобында «Жас эколог» үйірмесі жұмыс жасады. Онда балалар қарапайым тәжірибелер жасап табиғатты бақылады. Балалардың қатысуымен тәжірибені көрсетуді ұйымдастыра отырып, заттың бір күйден басқа күйге ауысуы туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Ересек топтағы балалардың өмірлік тәжірибесі мен қарапайым білімдеріне сүйене отырып, көмір, құм, сазбалшық, мұнай, гранит сияқты өлі табиғат нысандарының қасиеттерімен танысып,. адамның шаруашылық қызметіндегі тау жыныстары мен минералдарын қарауға мүмкіндік береді: көмір, мұнай – отын; гранит, құм, сазбалшық – құрылыс материалдары. Балабақша іс шараларына ата-аналар да қатысып отырды.
Мектеп жасына дейінгі баланың экологиялық дүниетанымын іс-әрекеттің барлық түрлерінде қалыптастыруға : ойын, бақылау, бейнелеу және еңбек іс-әрекеттері, эксперимент жүргізу, яғни барлығы табиғатты тануға қызығушылықты дамытады, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауға ынталандырады, қоршаған әлемге дұрыс қарым-қатынасты орнатуға көмектеседі.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер – ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Ыбырай Жақаев мынадай даналық сөздер жазған: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі».
Экология-
Кең даламыз нұр тұнған
Ол-ну орман,
Лағыл өзен бұлқынған
Ол аң мен құс –тіршілікке ұмтылған...
Гүл-гүл жайнап экологтар құлшынған.
Игілікті арттырады құлпынған:
Яқи бәрін қорғайды апат, зор сыннан!
( Ө. Ақылбекұлы)
Қолданған әдебиет.
1. Николаева С.Н. Методика экологического воспитания в детском саду. - М.: Просвещение. - 1999. - С. 3, 14
2. Николаева С.Н. Юный эколог. - М. - 2005 - С. 8
3. Николаева С.Н. Детям об окружающем мире / /Дошкольное воспитание. -2002. - №7. - С. 57
4. Саморукова П.Г. Как знакомить дошкольников с природой. - М.: Просвещение. - 1983. - С. 3
5. Өтепберген Ақылбекұлы Экологиялық әліппе-Алматы.
24
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз