400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғатым -тағдырым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәржірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым тағдырым


Мақсаты:

  1. Оқушылардың табиғат- тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту .

  2. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға , табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.

  3. Оқушыларды ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.


Міндеті: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділікпен өмір сүру, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағатының жоспары:

Кіріспе

Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп- өнер мекені.

Негізгі бөлім

  1. Экология- ел амандығы.


2.Табиғатым- тағдырым.

3. Өзімізге, өзгеге жасамайық қиянат!


Қорытынды бөлімі

1. Адам- табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры және қорғаушысы.

2.Табиғатты қорғау- өзіңді қорғау

3.Табиғатқа менің айтар тілегім ...


Тәрбие сағатының барысы:

Аяна 1-ші жүргізуші: Отан, атамекен, туған жер деген ұғымдары бір-бірімен мәні мағыналас, бірін- бірі толықтырып тұратын қастерлі де қасиетті сөздер. Бұл сөздерді естігенде әрбір адамның жүрегіне жылылық сезім ұялап, жүзінен нұр шапағаты айқын сезіледі.


Жанель 2-жүргізуші: Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары- біздің басты байлығымыз.Жер, су, ауа- адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу- біздің міндетіміз.





Шынар 1-оқушы: Білесің бе, Отанның сен не екенін?

Екі өмір жоқ, әрине жоқ екі өлім.

Екі Отан жоқ,

Жалғыз Отан - мекенің!

Айналайын! Атамекен! Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен!



Алиби 2-оқушы: Қазақстан, туған жерім-киелім!

Қасиетіңді қастерлеп, басымды мен иемін.

Табиғатың тұнып тұрған қазына

Соның бәрі аялаймын, сүйемін.



Улан 3-оқушы: Туған жер, мен өзіңмен өзектеспін,

Қиналғанда дем беріп көмектестің.

Табанымда туған жер табы қалып,

Топырағыңнан нәр алып өзіңде өстім.

1-ші жүргізуші: Кез келген адамның бойындағы абзал деген адамгершілік қасиеттердің бәрі де өзі алғаш жарық дүниеге келген табанының табы тиген қасиетті топырақтан, алғаш рет тыныс алған кәусар таза ауадан бастау алады.



Мади 4- оқушы: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді;

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді;

Еркелікті ерікті желден алған секілді;

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.



Карина 5-оқушы: Ауа, шіркін! Не деген жұпар едің!

Жұта бергің келеді, жұта бергің.

Жалғыз- ақ осы ауамен қоректенсең,

Досым, сен бұл өмірден ұтар едің!




Жанель 2-ші жүргізуші: Халқымызда Жер-Ана деген ерекше мақтаныш сезіммен айтылатын ұлағатты ұғым бар. Бұл сөздің мағынасы терең, өйткені Жер-Ана дегенде сол жердің барлық табиғат байлығы толығымен қамтылады. Жер-Ана елдің бар байлығы-дәулеті, жер бетінің ажары мен сәулеті екенін бәріміз де мақтан етеміз!




Д.Аружан 6- оқушы:

Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жермен асқақ менің ән-жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.



Б. Аружан 7- оқушы:


Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты Ана деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.








Али 8- оқушы:

Әрбір сөзі өнеге- ата менен бабаның,

Табиғаты зор байлық кең жазира даланың.

Ұрпақтарын ұлылыққа үйретіп,

Тағылымына зор мән берген баланың.



Айганым 9- оқушы:

Атамекен- жанға жайлы, сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен Ананың,

Туған жердің табиғатын аялау.



Аяна

1-ші жүргізуші:

Табиғат тағдырын ел тағдырымен байланыстыра білген бабаларымыз жерді қорғауды, елді қорғауды басты парызымыз деп, оны ұрпақтарына аманат етіп қалдырған. Туған жердің бір уыс топырағын қастерлеу атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл қасиеттердің бірі.

Алтын деген неге қымбат соншама,

Алтын іздеп талайлар жол таппаған.

Топырақтың түсі қара болса да,

Адам үшін ол береді аппақ нан, - деп Тоқаш Бердияров атамыз жырлаған екен.



Жанель

2-ші жүргізуші: «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген қасиетті де киелі ұғым біздің жүрегіміздің төрінен орын алып, санамыздан шықпауы керек.Туған жердің табиғатын аялау –біздің борышымыз, табиғатты қорғау –міндетіміз екенін есте сақтайық!

Адам – табиғаттың ең сенімді серігі, айнымас досы, қамқоршысы.

(видео ролик )


Ерасыл 1-ші оқушы:

Табиғат- мен үшін қуаныш, өйткені мен табиғаттың сұлулығын көріп қуанамын, шаттанамын.


Дана 2-ші оқушы:

Табиғат- мен үшін «денсаулық ордасы » сияқты,себебі таза ауамен демалып,саясында асыр салып ойнасаң денсаулығың мықты болады деп ойлаймын.



Альфия

3-ші оқушы: Табиғат – мен үшін «мәдениет ордасы», себебі табиғатқа серуенге шыққанда табиғаттың тұтастығын бұзбай, әдемілігіне, сұлулығына қарап, мәдениетті болуға тырысамын.


Д. Аружан 4-ші оқушы: Табиғат – мен үшін шығармашылыққа жетелейтін тылсым күш сияқты, себебі сұлулыққа жаны құмар адамдар: әншілер ән айтады, күйшілер күй арнайды, ақындар өлең шығарып, суретшілер суретпен бейнелейді.




Аяна 1-жүргізуші:


Таза ауаға кешегі кім шанады?!

Түтін, тұман аспанды тұмшалады.

Кір шалады қанатын аққулардың,

Соны ойласаң, көңілді кір шалады.


Жанель 2-жүргізуші:



Бар дейсің бе өмірде азап ондай,

Дүние азса, ол енді азады оңбай.

Адам таза болмайды ешқашан да,

Айналайын табиғат таза болмай!


Ән- жырымыз өзіңе арналады, туған жер!











































Атам





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі