400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғатым тағдырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға "Табиғатым тағдырым" тақырыбына шығармашылық жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Табиғатым тағдырым



Кенесары Қасымұлы атындағы

№33 жалпы орта мектебі



Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың

Ей,адам,қалайғана қатігездік жасайсың?

Ол анаңғой,ал сен кенже ұлысың,-деп,өз ойымды ақиық ақын М.Мақатаевтың өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 38 –бабында «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» делінген, сол табиғатты қорғайтын келешек азаматтар мен азаматшалар сіз бенен біз!

Қазір бүкіл дүние жүзінде экологиялық мәелелерге көп көңіл бөлінуде. Бұл таңғаларлық емес.Адамдардың шаруашылық әрекетінің қарқынды дамуы экологиялық дағдарыстың барлық шынайы мүмкіндіктерін туғызды.

Туған жер сондай байтақ! Ол біздің тіршілігіміз үшін жаратылған. Оны,өз өмірім ішінде барлық күшімізбен қорғап,сақтап,жасандырып отыруға тиіспіз,- деп елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030 стратегиясында» қазақстандықтарға үндеу тастады.

«Денсаулық және қоршаған орта» тақырыбы бойынша мен адам өмірінің тіршілік көзі су туралы айтпақпын.Бұл ойға мені қазақ халқының төмендегі дәстүрі жетеледі.

Қазақ халқында ертеде мынадай дәстүр болған:егер жанұяда нәресте дүниеге келсе,сол ауылдың қадірлі ақсақалы атқа қонып,қараусыз қалған,көп жағдайда құрғап, тапталған бұлақ іздеуге шығатын болған . Ол бұлақтың көзін аршып, айналасын жинақтап, маңайына ағаш көшетін отырғызатын . Сосын сол бұлақты бүкіл ауыл болып қамқорлығына алып, маңын тазалап,күтіп отырған.Бес жыл өткенде бұлақ ауыл үлкендерінің арқасында суы мол жылғаға айналған. Ең қадірлі ақсақал барша ауылды бұлаққа шақырып той жасаған. Бұлақ жағасында ақсақал баланы оң жақ тізесіне отырғызып алып :

- «Айналалайын , балам! Сенің туу құрметіңе біз мына бұлақты тазалап, көгалдандырдық. .Міне ,сен беске толып есі кірген баласың . Енді өзіңнің бұлағыңды өзің қорып,қорғаштай жүр. Сенің бұл бұлаққа деген жанашарлығыңа қарап ,сенің адамгершілігіңе баға беретін боламыз. Бұл сенің ар-намысыңның бастау бұлағы.»-деп батасын берген. Осы бір игі дәстүрді қайта жандандырсақ деген ойым бар.

Судың табиғаттағы маңызы өте зор әрі сан қилы.Сусыз өсімдіктердің, жануарлар мен адамзаттың тіршілігі мен дамуы мүмкін емес. Суды ешбір зат алмастыра алмайды. Сусыз тіршілік жоқ.Бірақ біздің планета тұрғындарының көпшілігі үшін «су» сөзі «ауру» сөзімен ғана байланыстырылады.Өйткені,біздің көптеген кемшілігіміз сапасыз суды тұтынуымыздан болып отыр.Егер біздің өзендеріміз су ағатын арыққа айналып көлдеріміз кеуіп,мұхиттарымыздың бетін мұнай қабыршағы жауып жатса,қайдан біздің суымыз сапалы болсын. Бұның бәрі адамзаттың дұрыс ойластырылмаған шаруашылық әрекетінің салдары: адам құртқан екен,енді өзі сол қателерін түзетуге тиіс.

Адамзат назарын су проблемасына аудару үшін әлемде аз іс атқарылған жоқ. Жыл сайын наурыз айында Халықаралық Өзен,Су,Тіршілік күні аталып өтіледі.Бұл күні әр елдің дұрыс пікірлі адамдары өз өзендеріне күтім жасау үшін үйлерінен шығады.Калифорнияда шерушілер табиғаттағы айналымның қалпына келтірілуінің нышаны ретінде мұхитқа апарып құю үшін су жинайды.Коста-Рика мен Будапештте жаңа тоғандар салуға қарсы наразылық көрсетеді.Үндістанда өзендерді қорғау мақсатында бір игі дәстүр ұйымдастырылған.Нижний Новгород пен Қарағандыда кішігірім өзендерді қоқыстардан тазартады.Өзендер біздің балаларымыздан ,бізден, қайырымды адамдардан көмек тілейді .Оған біздің еңбегіміз, біздің ақылымыз, біздің адалжүрегіміз,табиғатқа деген жанашырлығымыз қажет.

Қазіргі уақытта біз суға зәрумізбе? Бәрімізге белгілі Жер бетінің 2\3бөлігі су мен қапталған . Жершарында су өте көп.Егер Жер бетіндегі суды біркелкі қабатқа бөлу мүмкін болса ,біздің планетамызды төрт километрлік қалыңдықта болатын «су жамылғысымен»орап алуға болатынын есептеу қиын емес .Сондада адам шөліркей бастайды.Не дегенмен судың осы алып қорының өзі 97пайызы тұзды теңіз суынан,2пайызы мұздардан,1пайызы ғана бізге шаруашылықпен күнделікті өмірде қажетті тұщы судан құралады.Сол бір пайыз судың өзі біркелкі таралмаған.Судың жетіспеушілігінен Жер тұрғындарының үштен бір бөлігі қиыншылық көруде.Таза ауыз суы бір елден бір елге шығарылатын қымбат тауарға айналып отыр.Қазіргі таңда Қазақстанда халықты жоғары сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуде біршама мәселелер туындап отыр.Осыған байланысты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында үкіметтің «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында көптеген елді мекендер сумен қамтылды.


Қазақстан халқының сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі:


Құбыр суымен

77%

Орталықтандырылған бұлақ суын

16%

Ашық су қоймалар мен арық суларын

3%

Басқа жақтан әкелінген су

4%


Біздің ОҚО-да қалалардың -91,7 пайызы, ауылдарда-71,1пайызы таза ауыз суымен қамтылды.

Сырдарияның төменгі сағасында көршілес Қызылорда облысындағы елді мекендерде ауыз су тапшылығы сезілуде.Су тұтынудың орташа мөлшері бір адамға шаққанда200-300 литр болу керек болса,кейбір жерлердебұл көрсеткіш 5 литр ғана. Соның өзінің минералдылығы 1 литрге 2-4 грамдай,ал құрамындағы бактерия мөлшері рұқсат етілген мөлшерден 5-10 есе көп.Судың сапасының төмендеуі халықтың ауру- сырқауы мен өлімнің артуына әкеп соғуда.

Көріп отырғанымыздай:біз суға зәрумізбе?-деген сұрақ кездейсоқ емес.

Суды біздің планетамыздың ең бағалы минералы деуге болады.

Шынында судан қымбат не бар?

Алмаз дейсіз бе?

Әрине,ақшаға шаққанда судың бағасы алмаздыкімен теңдесе алмайды. Алмаз- сирек кездесетін минерал.Оның кішкене ғана түйіршігі мыңдаған теңгеге бағаланады.Ал судың кубометрі-тиын ғана тұрады.Шымкент қаласы тұрғындары үшін судың бір кубометрі 107 тенге 65 тиын(Су Ресурстар маркетинг ЖШС 25.10.16ж төлем қағазы).Десекте,құндылықтың басқада өлшемі бар.Ғалымдар алмаздың орнын басатын зат ойлап тапты.Енді өндіріс табиғи алмазсыз дами береді.Ал сусыз ешкім ешқашан өмір сүре алмайды және оның орнын ештеңе баса алмайды.

Қазақ халқы ежелден-ақ суды қастерлеп,барша тіршіліктің анасы ретінде,құнарлықтың емдеушісі ретінде,тазартушы күші ретінде таниды.Ертеден ел аузында мынадай сөздер бар: «Су-ана-баршаға пана», «Су бар жерде тоқшылық:не нан,не балық бар», «Арық таза болсаегіндік су ішер, ластанса у ішер», «Су ішкен құдығыңа түкірме».

Сондықтан өзімізге және табиғатқа көмектесу жолдарын қарастырып, ойластырайық! Ең бастысы -бізді жан-жақтан қоршаған мәселелерді өз күшімізбен жеңуге құлшыныс білдіру. Солардың ең негізгісі- су тапшылығы және оның сапасы.

Мен төмендегі оқиғаны баяндай отырып, «Судың да сұрауы бар» екенін,бір тамшы судың қадірін білу керектігін айтқым келеді.


Бір тамшы судың шытырман оқиғасы


Аспанда ұшып келе жатқан бұлт бір тамшы суын түсіріп алады. Тамшы жерге түсіп, топырақтан өтіп, құмға сіңді, құмнан лайға өтіп беймәлім жаққа аға жөнелді.

-Мен қайда жүзіп барамын?-деді ол.

-Біз бәріміз Есіл өзеніне қарай жүземіз, -деп жауап беді қатаң дауыс.

-Есіл өзені деген не?

-Ол жерде көп тамшылар жиналады, олардың кейбіреуі ол жерге бірінші рет

барып тұрса, кейбіреуі әлденеше рет болған.

-Мен онда бірінші рет боламын! – деп жар салды кішкентай тамшы.

-Желдің бұлтты айдауына қарай, әртүрлі өзендерде болғанмын,- деп қарт Тамшы әңгімесін жалғады.

-Сіздің көп білетіндігіңіз де содан екен ғой!

Міне, осылайша олар жер бетіне шығып, арық бойымен аға жөнелді.

-Есіл өзені осы екен ғой?- деді қуанып кеткен Кішкене тамшы.

-Бұл әлі Есіл өзені емес, бұл сонда құятын арық қана.

Көп жер жүзгеннен кейін, тамшылар Есілге де жетті. Оларды қатты ағыс ала жөнелді. Кішкене тамшы жоғарыр-ақ секіруге тырысып жан-жақты кіріп алғысы келіп әлектенумен болды.

Ағын оларды қала, ормандардың жанымен ағызды. Кенет оларды жанға қарай тара бастады.

-Бізді қайда әкетіп барады?- деп айқай салды зәресі ұшқан кішкентай тамшы.

-Бұл Ертіс-Қарағанды каналы,-деп жұбатты Тамшы.

-Ол деген не?

-Каналды адамдар қазған.

-Не үшін?

-Адамдарға зауыттарда, өндірісте, астық өсіруде және тағы көптеген істерді

атқару үшін су керек. Адамдар бізсіз өмір сүре алмайды.

-Тез сонда жүзейік, мен сол зауыт, фабрикаларды көргім келеді.

-Асықпа, адам қолына бармас бұрын бізді тазарту керек.

-Қалайша?

-Біз әуелі металл торлардан, одан соң тұндырмалардан өтеміз, ал, бірақ ең бейұнамдысы – бізді хлорлайтыны.

-Не үшін?

-Бізбен бірге микробтар да өтіп кетпеуі үшін,-деп түсіндірді Тамшы қария.

Кішкене тамшы бірдеңе айтпақ болып аузын аша бергені сол еді, оларды шыр көбелек айналдырып айналма суға қосты да, әлдебір қараңғылыққа ағызы жөнелді.

-Ой, не бұл? Мен қорқамын! – деп Кішкентай тамшы шыңғырып жіберді.

-Қорықпа, бұл насос қой. Көзіңді жұм да, маған мықтап жармасып ал.

Осылайша біздің саяхатшыларымы қазір түрлі қондырғылар мен құбырлардан өтіп, қала пәтерлерінің біріне келді. Бұл уақытта үй иесі ыдыс жуып жатқандықтан, шүмекті ашты. Тамшылар су ағынымен үлкен мескіге құйыла берді.

-Зауыт пен фабриканы көрем деп жүргенде қайдағы көбік пен майға қалдым-ай,- деп ренжіді ол. Сол сәтте ол әлдебір күштің әсерімен тағы да аға жөнелді, тағы да сасық, қараңғы ортаға тап болды. Кішкентай тамшы көзін жұмып есінен таңып қалды. Есін жиған кезде:

- Бұл қай жер, мен қайдамын?,- деп айқай салды.

-Бұл тазалау қондырғылары,- деп жауап берді көршілес тамшы.

-Ал мен мұнда қалай келгенмін?

-Канализациялық құбырлар арқылы.

Кішкентай тамшы үндемеді, ол қандай саяхаттан кейін қатты қалжыраған еді, сондықтан ештеңе деп сөйлегісі келмеді. Бұл кезде күн жылып сала берді де, біздің кішкентай тамшы буланып, өзінің жаңа ғана құрбыларымен бірге аспанға ұшып кішкене бұлтқа айналды. Ол күн жылуы мен нұрына бөленіп, таза ауаға рахаттанып ұша берді.

Алда оны қандай оқиғалар күтіп тұрғаны сіздер мен біздерге жұмбақ. Сондықтан да тіршілігіміздің нәрі, өміріміздің мәні бір тамшы суға сәт-сапар тілейік!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «География және табиғат» Ғылыми педагогикалық журналы ,4 саны 2013жыл


  1. «Вода котоую мы пьем» ред.М.Черный. «Компания Медия Сервис» ЖАҚ баспасы.


  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия\Бас редактор Ә.Нысанбаев- Алматы «Қазақ энциклопедиясы».-1998, VIII том.


  1. «Я познаю мир:Балалар энциклопедиясы» Издательство Аст АКБ1997.



  1. «Шөлімізді қандыра аламызба? Л.Н.Бушман Алматы 2002.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі