400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатым-тағдырым

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табиғатым – тағдырым.


Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін

арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен

таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын,

байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.


1. Туған еліміздің кең – байтақ даласы, тамылжыған табиғаты. Табиғат – бізді

қоршаған орта, адамдардың тіршілік етіп отырған ортақ үйі. Адам табиғатпен

тығыз өмір сүреді.

  1. Қазақстаным – байтақ далам, пәкдалам,

Халқымның салмақ,сабырлығын сақтаған.

Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің

Қожасы болу - өшпес арман бақ маған.



  1. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен молдір көлдері, байтақ даласы мен

асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа, адам баласының

ұрпағынан мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ

өкілдері бізде, жас ұрпағы – сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай

сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.


  1. Күн ана

Әлемге қуатты,

Сәуле мен шуақты

Алып күн беріп тұр,

Жарық күн – көрік нұр.

  1. Күн ана барлық тіршілікке нұр сәуле шашып тұрған құдіретті, күшті. Күн болмаса тіршілік жойылады.


6. Жер ана тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап отыр. Адам баласы

ғасырлар бойы жері үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай

рет төккені откен тарихтан аян.


  1. Жер ана

Аялар анамыз,

Саялар панамыз.

Құлпырған тірлікпен

Жер құтты гүл біткен.


  1. Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауына қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғатпен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

  2. Жер... Қасиетті де қастерлі жер. Сен ыстықсын бәрінен де. Сенің

бойыңдаөзекті жанды өзіне тартып тұратын керемет күші бар... Жер, қандай

қасиетті сөз. Осы бір сөзде бүкіл тіршілік тынысы тұрғандай. Бұл сөздің

терең мағынасын адам тілімен айтып жеткізе алар ма, сірә.


  1. Мен рахыметті алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған

бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о қасиетті Жер ана,

сенсің менің ардақтым.


  1. Су ана

Өңірдің өзені –

Өмірдің өзегі

Сусыз жер – өмірсіз,

Нусыз өңір – түз.


  1. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын

байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді халық.


  1. Су ана жер жүзінде тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұр. Халық судың

шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ» деп тегін айтпаған.


  1. Ауа ана

Жер шары – дәу әлем,

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар,

Ауасыз тұншығар.


  1. Ауа ана – барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа – өмір

тынысы » деп бекер айтпаған.


  1. Табиғаттың тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-

Ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың

жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Олар: далаға ажар берген

ақбөкен, ән мен сәннің иесі бұлбұл, су аруы аққу.


  1. Табиғаттың көрікті орындары – қорықтар. Қазақстанда қазіргі кезде тоғыз ірі

табиғи мемлекеттік қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы

Қорығы, Барсакелмес қорығы, Наурызым қорығы, Қорғалжын қорығы,

Марқакөл қорығы,Үстірт қорығы, батыс Алтай мен Алакөл қорықтары.



  1. Табиғаттың тағы бір туындысы – өсімдіктер. Өсімдіктер біздің ішсек

тамағымыз, саялы бағымыз, өлкеміздің сәні.



  1. Мына біздер адамдарда табиғаттың төл тумасымыз. Солай бола тұрып, зиян

келтіреміз.



  1. Табиғатты аялау – әрбір адамның абройлы да азаматтық парызы. Табиғат

сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да

таза болады.



1-оқушы: Табиғаттың тарылтпайық тынысын!


2-оқушы: Өз мектебіміздің, ауламыздың, көшеміздің тазалығын сақтап

көгалдандырайық.


3-оқушы: Бұлақ көрсен көзін аш!


4-оқушы: Бір тал кессе, он тал ек.


5-оқушы: Судыңда сұрауы бар екенін ұмытпа.


6-оқушы: Атаңнан мал қалғанша , тал қалсын.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі