Сабақ
тақырыбы:Табиғи және жасанды
денелер.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға денелердің табиғи және жасанды
денелер мен олардың құрамы туралы, дене туралы, түсіктерін
қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша
білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру;
тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:
жаңа сабақ
Сабақ әдісі:
салыстыру, талдау, сұрақ-
жауап
Көрнекілік: суреттер,
кесте,сызба
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
кезең
Назарларын сабаққа аудару үшін өлең
оқу.
Табиғат-тіршіліксің тұнып
тұрған,
Сен-күнсің көтерілген күліп
қырдан.
Сен-көлсің. Сен-ормансың, сен
бұлбүлсың,
Адамды сұлулыққа
құнықтырған.
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
3.
Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын
ашу.
1.Бірінші
байлық - денсаулық
2.Адамды адам еткен
- еңбек
3. Асқорыту
мүшесі. асқазан
4.Жыл
мезгілі. көктем
5.Дәм
сезу мүшесі. тіл
6.Адамның ішкі
мүшесі. жүрек
7.Сипап сезу
мүшесі. тері
Бүгінгі өтетін сабағымыздың
тақырыбы «Денелер»
-Дене деген сөздің басқа да
мағынасы бар ма?
-Ия дұрыс адамның
денесі.
Адам ұдайы жан-жағынан
қоршаған түрлі нәрселердің ортасында өмір сүреді. Олар: үйдегі
үстел, төсек, кітап, дәптер, машина, ғимараттар, өсімдіктер мен
жануарлар. Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі де дене деп
аталады.
Денелер қатты, сұйық, газ
тәріздес болады. Үстелдің үстіне тас, целлофандағы ауа, стакандағы
суды көрсетіп қайсысына жататынын айту.
ДЕНЕЛЕР
Табиғи
Жасанды
Табиғи
денелерді табиғат жаратады.
Қолдан
жасалынатын денелерге адамдардың қолынан жасалынатын заттар
жатады.
4.Топпен жұмыс
1-топқа табиғи денелерді
тапқызу.
2-топқа қолдан жасалынатын денелерді
тапқызу.
Күн, ай, жұлдыз, тас, аң, құс,адам туралы
көрсету. Үй, машина, орындық, кітап, дәптер,доп, т.б
жатады.
Тірі
табиғат Өлі табиғат
1-топқа тірі табиғатқа жататын денелерді
тапқызу.
2-топқа өлі табиғатқа жататын денелерді
тапқызу.
Слайдпен өсімдектердің өсіп өнуі туралы
көрсету. Күн, ай, бұлт, тас, құм, топырақтарды көрсету арқылы
түсіндіру.
5Сергіту сәті.
1-
топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме
құра.
2-
топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып
қою)
Дене деген
немене?
Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ————
ме?
Өлі, тірі —————-
Дене ————
баласы
Дене неден тұрса
Зат ————
анасы
Дейміз оны ————
Керекті сөздер : келе, заттың, дененің, табиғат,
зат.
6.Суретпен жұмыс
1-топ
Суретті қарап өлі және тірі табиғатты дәптерлеріңе
жазыңдар.
2-топ
Суреттегі жасанды денелерді анықтап дәптерлеріңе
жазыңдар.
7.Қорытынды.
Ал,
балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп
көрейін.
-
Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады?Жаңбыр
судан,
-
Тапсырма: Денелер
қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
Балалар, ата-бабаларымыздан қалған «көкті жұлма»,
«құстың ұясын бұзба», «киелі жануарларды атпа» деген тыйым сөздер
бар. Ол-«Табиғатқа қамқорлық жасаған адам-өзі де жақсы болады,
жамандық жуымайды»дегенді білдіреді.
8.
Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын
айтады.)
9..
Балалар осымен сабақ аяқталды.
10.Үйге тапсырма:
Бір
дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан
тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап
іздеу.
11.Бағалау.