Материалдар / Табиғи және жасанды экожүйелер 5-сынып ҚМЖ жаратылыстану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Табиғи және жасанды экожүйелер 5-сынып ҚМЖ жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи және жасанды экожүйелер 5-сынып ҚМЖ жаратылыстану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
194
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Табиғи және жасанды экожүйелер


Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи және жасанды экожүйелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.6.1.4 – табиғи жане жасанды экожүйелерді салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар экожүйенің компоненттерін анықтауды үйренеді,

экожүйені жіктеуді және экожүйенің жұмысына экологиялық түрткіжайттың әсерін түсіндіре алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. «Экожүйе» ұғымы нені анықтайды?


2. Саябақтың экожүйе екенін анықтайтын белгілерін атап көрсет.


3. Энергияның шығу тегі, мөлшері, көзі бойынша экожүйенің түрін анықта.


4. Бұл экожүйенің өмір сүруіне қандай экологиялық түрткіжайттар әсерін тигізеді?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


1-тапсырма.

Оқулықта берілген №7 сарамандық жұмысты орындатады, бақылайды, үлгі көрсетеді.

Жұмысты орындау барысы

1. Ұлғайтқыш шыныны, фотоаппаратты пайдаланып, ұсынылған экожүйенің өсімдік және жануарлар әлемі өкілдерінің не ғұрлым көп мөлшерін анықтап, белгілейді.

2. Олардың қайсысы өндіруші, тұтынушы және бүлдіруші екенін анықтауға

тырыс. Ол тізбекті сызба түрінде көрсетеді.

3. Экожүйеге қандай абиотикалық

түрткіжайттар әсерін тигізеді? Өсімдік

және жануарлар әлемі организмдерінің

қандай да бір абиотикалық түрткіжайттар жеткіліксіздігіне 2–3 бейімделу мысалын келтіреді.

4. Қорытынды жаса. Жергілікті аумақ үшін экологиялық жүйенің қандай

мәні бар? Жұмысты топпен немесе жеке

орындауға болады, тұсау кесер, дәптердегі кесте немесе А3 пішімді қағаз парағында есеп беру түрін таңдайды.

Дескриптор: Жалпы – 10 балл.

- Сарамандық жұмысты орындайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!