жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Табиғи жарық көздері дегеніміз не? 1 сынып жаратылыстану
БжС технологиясы «Ауызша сабақ -1» картасы.
Сынып: 1 «Ә»
Пән: Жаратылыстану
Бөлім: Жарық
Тақырып: Табиғи жарық көздері дегеніміз не?
Мұғалім:Кусаинова Н.М.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы, БжС технологиясы,ООМ,ИТ,оқулық, дәптер.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63 % меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде , пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1 |
Ұйымдастыру кезеңі мотивация |
Психологиялық тренинг. Амансыз ба, ұстазым, Амансыз ба қонақтар. Амансыз ба достарым , Баршаңызды көргеніме ризамын Сыныпты белсендіру үшін ортаға көшбасшы шығады. |
Тақтаның оң жағына 63 % деп жазылады. |
2 |
Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру |
Өткен сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақтар. 1. Қыста үйімізде жылуды қайдан аламыз? (жылытқыш құралдардан) 2. Батарея не үшін қажет? (жылыту үшін) 3. Жылытқыш құралдарға нелер жатады? (пеш, ошақ, батарея) 4. Киіз үйлерде не пайдалынылады? (ошақ, пеш) 5. Жылу сөзінің орысша, ағылшынша нұсқасы (тепло, heat) 6. Ежелгі адамдар суықтан қорғану үшін нені пайдаланылған? (ашық отты) 7. Қыздырып жылытуға арналған электр құралы қалай жұмыс жасайды (ток көзінен) 8. Ежелгі адамдар отты қайдан алды? (екі тасты бір -біріне қажау арқылы, найзағайдан) 9. Үйдегі үтік, шайнектер үйді жылытуға қолдана ма? (Олар қызады, бірақ үй жылытуға қолданылмайды) 10. Егер үйімізде жылыту құралы болмаса не болар еді? (біз тоңып қаламыз) 11. Жылыту құралы дегеніміз не? (жылу беретін және тарататын құралдарды айтады) 12. Балалар өз бетімен от жағуға бола ма? (болмайды) 13. Балаларға от жағуға кім көмектесі керек? (үлкендер) |
1-баға. Нәтиже бойынша + немесе -қойылады. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Алдымен сұрақ қоямыз, одан кейін ООМ орнын көрсетемін. 1-кезең < > 63 %
|
3 |
Қабылдауды ұйымдастыру |
1-сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды. ИТ 7 тірек сөз жазылады. Жарық ,жасанды жарық көзі, ай, жұлдыз, аспашам, шамшырақ. Тірек сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Тірек сөздер жатталып, жабылады.Оқушылар жазып болған соң тірек сөздер ашылып, оқушылар дәптерлерімен алмасып, сөздер саны есептеледі. |
2- белгі. Есте сақтауға берілген уақыт нормативі 7сөз- 30сек. Тақтаға нәтижені жазу. 2-кезең < > 63 % |
4 |
Ұғынуды ұйымдастыру |
10 минут ішінде оқушылар берілген мәтінді іштен, түсініп оқиды. |
1сынып, мәтіннің бір бет парағына берілетін уақыт 5 мин. |
5 |
Түсінудің бірінші тексерілуі |
Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. 1. Жарық қайдан пайда болады? ( ) 2. Қай кезде қараңғы болады? ( ) 3. Жарық не үшін қажет? ( ) 4. Жарықты қолымен ұстаймыз ба? (көре аламыз) 5. Табиғи жарық көздеріне не жатады (ай, күн, жұлдыз) 6. Адам өміріне жануар тіршілігіне не қажет? (жарық) 7. Табиғат құбылыстары мен нысандарына не жатады?(табиғи жарық көздері) 8. Жасанды жарық көздерін кім ойлап тапты? (адам) 9. Жарықты ең алғаш кімдер ойлап тапқан? (гректер) 10. қандай жарық көздері адамға күн сайын қажет? (жасанды) 11. күн ай жұлдыздар,жарқырауық қоңыздар қандай жарық көздеріне жатады? (табиғи жарық көзі) 12. Ең алғашқы жасанды жарық көзі? (от,алау,шырпы) 13. Найзағай қандай жарық көзіне жатады? (табиғи) 14. түнгі уақытта көшені жарықтандыру үшін қажет? (көше шамдары) 15.Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек(белгі беретін құрал) 16.Күн –қандай шар? (қызған газды шар) 17.Ай мен күн қандай жарық көзі (табиғи) 18.Табиғи жарық көздеріне адам әсер ете алады ма? (жоқ) 19.Күн сайын таң ата терезеден кіреді, Жаңа күн туғанын содан-ақ біледі (күн) 20. Аспанда жарты күлше (ай) |
3- белгі. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады. 3-кезең < > 63 % |
6 |
Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру |
Сыни сұрау. 1. Үйді пешпен жылытамыз (ия) 2. Адамдарға жылу қажет (ия) 3. Қыс мезгілінде жылыту құралын пайдаланамыз (ия) 4. Жқ батарея жатады (ия) 5. Киіз үйлерде батарея болады (жоқ) 6. Ошақты күнде пайдаланамыз (жоқ) 7. Үлкен ғимараттарла ошақ пайдаланады (жоқ) 8. далала от жағып жылынамыз (ия) 9. Үтік жылыту құралына жатады (жоқ) 10. Кейбір жер үйлерде пеш жағады (ия) 11. Жылыту құралына пеш жатады (ия) 12. Киіз үйге пеш жағамыз (жоқ) 13. Фонарик бізге жылу береді (жоқ) 14. Балалардың өздеріне от жағуға бола ма? (жоқ) 3-сыни нүкте. |
3-белгі. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады. 4-кезең < > 63 % |
7 |
Талдау Уақыт 5минут |
Өтілген тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Оқушылар түсініктері қысқаша сөздік қор түрінде жазады. 4-сыни нүкте. Мұғалім оқушылардың түсінбеген жерлерін анықтап түсіндіреді. |
3-белгі. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады. 5-кезең < > 63 %. Сөздік қордың нормативі 10 сөз. |
8 |
Рефлексия |
Мұғалім сабаққа қысқаша талдау жасайды. - Бүгін сабақ несімен ұнады? Сабақтан алған әсерлерің ? |
|
9 |
Бағалау |
4,5 + «5 », 3 + «4», 2 + «3» деген баға қойылады. |
Сапа нормативі : 63 % оқушы 5 ұпай алу керек. |
10 |
Үй тапсырмасы |
4 бағадан кем алған оқушыға үйге тапсырма беріледі. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген