400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғи материалдардан құрастыру. «Көңілді ханзада» бейнесін жасау 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды табиғи материалдардан «Көңілді ханзада» композициясын құрастыруды үйрету Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту, «Көңілді ханзада» композициясын құрастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Қарасай ауданы 
«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Ахметджанова Айгуль Мадгуловна 


Сабақтың атауы

Табиғи материалдардан құрастыру. «Көңілді ханзада» бейнесін жасау

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдардан «Көңілді ханзада» композициясын құрастыруды үйрету
Білімділік: Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту, «Көңілді ханзада» композициясын құрастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа, тазалыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Керекті құрал - жабдықтар: апельсиннің қабығы, желім, қатты картон, мата, ине, жіп, қайшы т. б

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір - бірімен байланысы, қарым - қатынасы, күрес - тартыстары, шығармадағы оқиғалардың дамуы болып есептеледі. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді. Белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себеп болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдар арасындағы қарым - қатынас күрес - тартыстар тек кездейсоқ емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мезгілде болғандығы көрсетіледі. Шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне осыны шығарманың композициясы - құрылысы деп атайды.
Композиция (құрылыс)- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Ал еңбекке баулу пәнінде композиция дегеніміз - бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. Енді қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қауіпсіздік ережесі
1. Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.
2. Желімді қылқаламмен көп іліп алма.
3. Қылқаламды арнаулы орынға қой.
4. Қайшымен ойнауға болмайды.
5. Инені киіміңе шаншыма.
6. Инені арнаулы орында сақта.
7. Құралдармен ойнама.
8. Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

  • ХPicture 1 анзаданы қағаздан жасау

  • Түрлі-түсті қағаздарды пайдалану

  • Желім,қайшы

  • Жұмысты бастау

Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 64

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі