Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің «Балалар жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Балуан Шолақ 205
Автор: Орманова Молдир Женисбекова
«Табиғи материалдардан сәндік бұйымдар жасау»
Әдістемелік оқулық құралы
Төле би ауылы 2025жыл
МАЗМҰНЫ
-
Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------3
-
Табиғатты қорғау әркімнің міндеті------------------------------------------------4
1.1 Құрал саймандармен танысу------------------------------------------------4
-
Қағаздан гүл жасау---------------------------------------------------------------------5
-
«Қағаз гүл мен Табиғат ана»---------------------------------------------------------6
-
Түстер әлемі-----------------------------------------------------------------------------7
1.2 Табиғи материалдармен жұмыс -------------------------------------------7
-
Қағаздан жасалған бұйымдар ------------------------------------------------------ 8
-
Қайта өңделетін материалдармен танысу-----------------------------------------9
-
Пластик бөтелкеден ойыншық жасау---------------------------------------------12
-
Түрлі түсті қағаздан раушан гүлін жасау----------------------------------------13
-
Мата қалдықтарынан ойыншық жасау-------------------------------------------14
-
Түрлі түсті қағаздан табиғатты бейнелеу----------------------------------------15
-
Табиғи материалдардан панно жасау---------------------------------------------16
-
Жіп туралы түсінік-------------------------------------------------------------------17
-
«Жазғы бақ» Жіппен бейнелеу өнері-------------------------------------------- 19
-
Ілмекпен тоқуда қолданылатын негізгі тәсілдер ------------------------------20
-
Ілмекпен гүл тоқу---------------------------------------------------------------------21
-
Интерьерге арналған эко-декор----------------------------------------------------22
-
Гүл құмыраларын әртүрлі әдістермен безендіру-------------------------------23
-
Бөлме гүлдерін отырғызу----------------------------------------------------------- 24
1.3 Бөлмеде өсетін гүлдер-------------------------------------------------------24
-
Жасыл кеңістік ------------------------------------------------------------------------27
-
Эко-екінші өмір ---------------------------------------------------------------------- 28
-
Қорытынды -------------------------------------------------------------------------- 30
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------- 31
Кіріспе.
Қазіргі таңда экология мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Сондықтан табиғатты қорғау мен оны аялау әр адамның міндетіне айналуы керек. Осы бағытта экодизайн – табиғи және қайта өңделетін материалдарды пайдаланып, қоршаған ортаға зиян келтірмей әсем бұйымдар жасау өнері ретінде кең танылып келеді. Бұл сабақта оқушылар табиғаттан алынған материалдарды шығармашылықпен қолданып, сәндік бұйымдар жасап үйренеді. Жұмыс барысында олар табиғи материалдардың құрылымын, қасиетін танып, өз қиялдарын іске асыруды, ұқыптылықты, талғамды және экологиялық ойлауды дамытады. Бұл тек сән үшін емес, табиғатты сүюдің, оны қадірлеудің бір жолы болмақ.
Экодизайн – табиғатты қорғауға негізделген заманауи бағыттардың бірі. Бұл үйірме сабағында оқушылар қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, қайта өңдеуге немесе табиғи түрде ыдырауға бейім материалдармен жұмыс жасауды үйренеді. Табиғи материалдар – жапырақ, бұтақ, тастар, жүн, қабық, жаңғақ қабығы сияқты заттардан әдемі әрі пайдалы бұйымдар жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұндай жұмыстар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды ұқыптылыққа, үнемшілдікке, экологиялық мәдениетке тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл сабақтарда оқушылар өз идеяларын іске асырып, әсемдік пен сұлулықты бағалауды үйренеді. Экодизайн арқылы оқушылар қоршаған ортаны қорғау мен шығармашылықты үйлестіре отырып, өздерінің экологиялық ойлау жүйесін қалыптастырады.
3
Табиғатты қорғау әркімнің міндеті
Табиғат – бізге жарық, жылу, ауа, су, азық сыйлайтын өміріміздің қайнар көзі. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан оны қорғау – тек үлкендердің емес, әрқайсымыздың міндетіміз. Табиғатта барлық тіршілік иелері өзара тығыз байланыста өмір сүреді. Егер біз табиғатқа қамқорлықпен қарамасақ, болашақта оның кері әсері өзімізге тиеді.
Біз үшін табиғатты қорғау неден басталады?
Табиғатты қорғау қарапайым әрекеттерден басталады. Мысалы, қоқысты жерге тастамау, суды, жарықты үнемдеу, ағаш пен гүлдерді сындырмау, жануарларға қамқор болу, мектеп ауласын таза ұстау – міне, осының бәрі табиғатты аялаудың алғашқы қадамдары.
Табиғатты қорғау үшін біз не істей аламыз?
– Қоршаған ортаға зиян келтірмейміз.
– Қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге үйренеміз.
– Ағаш отырғызуға қатысамыз.
– Экологиялық сенбіліктерге белсене қатысамыз.
– Табиғат туралы білімімізді арттырып, өзгелерге де түсіндіреміз.
Табиғатты аялау – өз болашағымызға қамқор болу деген сөз. Егер біз табиғатпен тату өмір сүрсек, ол да бізге мол байлығын аямай береді. Сондықтан, балалар, қоршаған ортаны құрметтеп, оны сақтау жолында әрқашан үлгілі болайық!
Құрал саймандармен танысу
Балалар, бүгін біз қалдық материалдарды қайта өңдеп, пайдалы және әдемі бұйымдар жасауды үйренеміз. Ол үшін бізге арнайы құрал-саймандар қажет болады. Бұл құралдар арқылы әртүрлі пішіндер қиып, жабыстырып, жаңа дүниелер жасай аламыз.
Қажетті құрал-саймандар:
1. Қайшы – қағаз, пластик, мата сияқты жұмсақ материалдарды қию үшін.
2. Желім (ПВА немесе термоклей) – бөлшектерді біріктіру үшін.
3. Сызғыш – дәл өлшем алу үшін.
4. Қалам, қарындаш – белгілеу үшін.
5. Пышақ (кеңсе пышағы) – тек мұғалімнің көмегімен қолдану керек.
6. Термопистолет – қатты заттарды біріктіру үшін (тек мұғалімнің рұқсатымен).
7. Ереже бойынша бұрғы немесе ине – кішкентай тесіктер жасау үшін (тек бақылаумен).
4
Қауіпсіздік ережелері:
- Қайшыны тек қажетті кезде және дұрыс қолдан.
- Желімді көзге, ауызға тигізбе.
- Қатты құралдарды (пышақ, термопистолет) тек үлкендердің бақылауымен қолдан.
- Жұмыс орныңды таза ұста.
- Құралдарды бір-біріңе лақтырмай, сабырмен бер.
- Жұмыс соңында барлық құралдарды өз орнына жина.
Есте сақтаңдар: қауіпсіздік ережесін сақтасаңдар, жасаған бұйымдарың әдемі, ал өздерің аман боласыңдар. Енді қиялымызды қосып, шығармашылықпен жұмыс жасауға кірісейік!
Қағаздан гүл жасау
Балалар, бүгін біз түрлі-түсті қағаздан өз қолымызбен әдемі гүл жасап үйренеміз. Қағаз – жеңіл әрі қолжетімді материал. Одан әртүрлі көлемде және пішінде гүлдер жасауға болады. Бұл жұмыс сендердің саусақтарыңды жаттықтырып, шығармашылық ойлау қабілеттеріңді дамытады. Қағаз гүлдер үйді, сыныпты безендіруге, сыйлық жасауға да жарайды.
Қ
ажетті
құрал-жабдықтар:
- Түрлі-түсті қағаз
- Қайшы
- Желім
- Қарындаш
- Сызғыш
- Жұқа сым немесе сабағы үшін ағаш шыбықтары
- Желімдеуге арналған құрал (дөңгелек картон немесе қағаз)
Гүл жасау жолдары
1. Түрлі-түсті қағаздан 6-8 бірдей дөңгелек немесе жапырақша пішінін қиып аламыз.
2. Әр жапырақшаны ортасынан сәл бүктеп, көлем беріп пішіндейміз.
3. Дайын жапырақшаларды дөңгелек негізге желіммен шеңбер бойымен жапсырамыз.
4. Ортасына кішкене бүктелген қағазды немесе түйіршіктелген қағаз қойып, гүлдің ортасын жасаймыз.
5. Гүл сабағын жасау үшін жұқа сымды жасыл қағазбен орап немесе сабын түтікшемен жалғаймыз.
6. Гүл мен сабақты біріктіріп, композицияны толықтырамыз.
5
«Қағаз гүл мен Табиғат ана»
Ертеде бір әсем елде, көкорай
шалғын, сыңғырлаған бұлақ, жайқалған гүлдер мен жайма шуақ күн
астында – Табиғат ана өмір сүріпті. Ол елдің балалары табиғатты
жақсы көріп, ормандарды аралап, өзен бойында ойнап, гүл теріп
жүріпті. ![]()
Б
ір күні
Табиғат ана уайымға түсіпті. Қалдықтар көбейіп, ағаштар кесіліп,
қоқыс көбейген сайын гүлдер солып, құстардың әні бәсеңдеп
қалыпты.
Сол ауылда Айдана, Мақсат, Аружан және Нұрлан деген төрт дос өмір сүріпті. Олар табиғатты қатты жақсы көрген екен. Бір күні олар мектептегі «Эко-дизайн» үйірмесінде мұғалім апайдан қағаз қалдықтарын лақтырмай, әдемі гүл жасауға болатынын естіпті. Содан бастап олар түрлі-түсті қағаздардан әсем-әсем гүлдер жасап, мектепті безендіріпті. Қалған қағаздан көбелек, ағаш және жануарлар жасап, көрме ұйымдастырыпты.
Бір күні түнде төрт дос түс көреді. Түсінде Табиғат ана келіп:
Балаларым, сендердің қайырымды істерің үшін алғысымды айтамын. Қағаз қалдығын қайта пайдаланып, табиғатты сақтадыңдар. Сол үшін гүлдерім қайта жайқалып, құстарым сайрап кетті! – деп жымиыпты.
Таңертең тұрғанда олар терезеден қараса, ауладағы ағаш бүр жарып, гүлдер ашылыпты, айнала тап-таза болып кетіпті.
Содан бері төрт дос әрбір оқушыға: "Табиғатты сақтау – кішкентай істерден басталады. Қағазды да, гүлді де, құсты да аяла!" – деп үйретіп жүріпті.
6
Түстер әлемі
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Түстер әлемі». Түстер — бізді қоршаған табиғаттың ең әдемі сыйы. Әр түс бізге түрлі көңіл-күй сыйлайды. Мысалы, күннің жарығы — сары, аспан — көк, шөп — жасыл. Бұл түстер табиғаттан алынған. Біз түстер арқылы сурет сала аламыз, көңіл күйімізді білдіре аламыз.
С
абақ
барысында негізгі түстерді (қызыл, сары, көк), қосымша түстерді
(жасыл, күлгін, қызғылт сары), сондай-ақ жылы және суық түстерді
ажыратуды үйренеміз. Сонымен қатар, түстердің қандай мағына
беретінін түсінетін боламыз
Қызыл – күш-қуат, батылдық
Көк – тыныштық, сенім
Сары – қуаныш, жылулық
Жасыл – табиғат, үміт
Күлгін – ойлау, қиял
Негізгі түстерді араластырып жаңа түс шығару тәжірибесі.
“Менің көңіл күйім” атты сурет салу (оқушылар өз көңіл-күйін түстермен бейнелейді).
Табиғат көрінісін салып, түстердің үйлесімін қолдану.
Қауіпсіздік ережесі:
Суға арналған бояуды абайлап пайдалану.
Қылқалам мен су құятын ыдысты ұқыпты ұстау.
Сабақ соңында жұмыс орнын тазарту.
Табиғи материалдармен жұмыс
Айналамызда өсіп тұрған ағаштардың жапырағы, жаңғақтың қабығы, гүлдің күлтелері, тастар мен бұтақтар – бәрі де біз үшін пайдалы материал бола алады. Осы табиғи заттардан түрлі бұйымдар жасап, өз қолымызбен әсем дүниелер тудыра аламыз. Сонымен қатар, табиғатты аялауды, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті үйренеміз.
Сұрақ жауап мекені: Табиғи материал дегеніміз не?
Табиғи материалдардың түрлері мен оларды жинау жолдары.
Қай мезгілде қандай материалдар жиналады.
Оқушылар; дайын бұйым үлгілерін көрсетеміз
Жапырақтардан аппликация немесе гүл жасау жолын көрсету.Оқушылар, өздерің жинаған материалдардан қарапайым бұйым жасауды үйренеміз.
Мысалы: түрлі жапырақтардан “Алтын күз” панносын жасау.
7

Қауіпсіздік ережесі:
Желім, қайшы сияқты құралдарды ұқыпты пайдалану.
Кішкентай тастар мен ұсақ материалдарды көзге тигізбеу.
Жұмыс орнын таза ұстау.
Шығармашылықты дамыту:
Әр оқушы өз бұйымына ат қойып, оны сынып алдында таныстырады.
Өз идеяларын айтуға, өзгелердің жұмысын бағалауға үйренеді.
Бұл сабақ арқылы сендер табиғатпен жақынырақ танысып, оның әрбір бөлігінің қандай пайдалы екенін түсінесіңдер. Табиғи материалдармен жұмыс істеу сендердің ұқыптылық, байқағыштық, әсемдікке деген қызығушылықтарыңды арттырады.
Қағаздан жасалған бұйымдар
Б
үгін біз ең
қызықты тақырыпқа келіп тоқтадық. Өзіміз, қағаздан жасалған
бұйымдармен жұмыс жасаймыз.
Қағаз – қолөнерде ең көп қолданылатын материалдың бірі. Түрлі түсті, қатты немесе жұмсақ қағаздан көптеген әдемі бұйымдар жасауға болады. Қағазбен жұмыс істеу бізге шыдамдылықты, ұқыптылықты үйретеді және ой-қиялымызды дамытады.
Оқушылар:
- Қағаздың түрлерімен танысады (түсті, гофрленген, қатырма қағаз т.б.).
- Қайшы, желім, сызғыш, қарындаш сияқты құралдарды қауіпсіз қолдануды үйренеді.
- Қағаздан қарапайым гүл, көбелек, геометриялық пішіндер сияқты бұйымдар жасайды.
8
- Өз қолымен жасаған бұйымын безендіріп, көрмеге ұсынады.
Қағаздан бұйым жасау – тек әдемі қолөнер ғана емес, сонымен қатар балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамытатын пайдалы іс. Қағазбен жұмыс жасағанда әр оқушы өзінің қолымен бірнәрсе жасауға болатынын түсініп, шығармашылыққа қызығушылығы артады.

Қайта өңделетін материалдармен танысу
Біз қоршаған ортаны таза ұстаудың жолдарын, қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын үйренеміз. Қайта өңделетін материалдар – табиғатқа зиян келтірмей, қайта пайдалануға болатын қалдықтар.
Қайта өңделетін материалдарға не жатады?
Қағаз (газет, дәптер, картон)
Пластик бөтелкелер
Шыны ыдыстар
Металл қалдықтар (қалбыр, темір бөлшектер)
Мата, киім қалдықтары
Бұл заттардың қоғамға пайдасы: 1. Қоқыс азаяды, айналамыз таза болады.
2. Орман ағаштары кесілмейді, өйткені қайта өңделген қағазды қолдануға болады.
3. Жаңа бұйымдар жасап, экономикалық пайда көреміз.
4. Энергия үнемделеді, себебі дайын материалды қолдану – жаңа өнім жасаудан жеңіл.
5. Жаңа жұмыс орындары ашылады, өйткені қалдықты жинау, сұрыптау, өңдеу – өз алдына үлкен жұмыс.
Қайта өңделетін материалдармен таныса отырып, біз табиғатты қорғауға, қоғамға пайда әкелуге және өзімізге де пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік аламыз. Ендігі кезекте, сендер де үйде, мектепте қоқысты дұрыс сұрыптап, қайта өңдеуге үлес қосамыз.
9
Қағаз (газет, дәптер, картон)
– Қағаздан гүл, құттықтау ашықхаттары, оригами бұйымдары, макеттер жасауға болады.
– Картоннан қаламсауыт, қорапша, ойыншық үйшік, фоторамка жасауға болады.

Пластик бөтелкелер
– Бөтелкелерден гүл құмыралары, қалам салғыш, су құятын шелек, құстарға арналған жем салғыш жасалады.
– Бөтелке қақпақтарынан мозаика, тақта ойындары (домино, лото) жасауға болады.

Шыны ыдыстар
– Бос банкілерден жарық шамы, ваза, тұздық салғыш немесе сақтау ыдысы жасауға болады.
– Шыныны бояп, сәндік бұйым немесе шам қойғыш ретінде қолдануға болады.
10

– Қалбырлардан қаламсауыт, шам ілгіш, сәндік ыдыс жасауға болады.
– Темір шегелерден панно, әшекей ілгіш, магниттер жасауға болады.

Мата, киім қалдықтары
– Мата қиындыларынан қуыршақтарға киім, жұмсақ ойыншықтар, сөмке, алжапқыш тігеді.
– Киімнің түймелері мен сәндік бөлшектерінен әшекей, шашбау, брошь жасалады.
11

Пластик бөтелкеден ойыншық жасау
Зымыран жасау:
Қажетті құралдар:
1,5 немесе 2 литрлік пластик бөтелке
Түрлі-түсті қағаз немесе бояу
Жабыстырғыш (клей), қайшы, скотч
Картон (қанаттарын жасау үшін)
Бөтелкені таза жуып, кептіріп аламыз. Бөтелкенің аузын төмен қаратып, зымыран формасында түрлі-түсті қағазбен ораймыз. Картоннан 3-4 қанат қиып, бөтелкенің түбіне жабыстырамыз. Үстіне терезе, есік сияқты бөліктер салып безендіреміз.
Құс (немесе балық) ойыншығы
Қажетті заттар:
Пластик бөтелке (0,5 немесе 1 л)
Түрлі-түсті фломастерлер немесе бояу
Жапсыруға арналған көз, қанат, құйрық пішіндері (қағаздан қиылған)
Бөтелкені жуып тазалаймыз. Бояумен немесе фломастермен бет-жүзін, денесін саламыз. Қағаздан қиылған қанат, құйрықты жабыстырамыз. Ауыз жағына көз немесе тұмсық орнатамыз.
Машина жасау
Қажетті заттар:
Кішкентай бөтелке
Қақпақтар (дөңгелек үшін – 4 дана)
Шпажка немесе тіс шұқығыш (дөңгелек осі)
Желім немесе пластилин
12
Бөтелкені көлденең күйде қоямыз.Қақпақтарға тесіктер жасап, шпажка арқылы бөтелкенің астына бекітеміз. Бөтелкені бояп, терезе, шам секілді бөлшектер саламыз.
Бұл ойыншықтарды жасау жолдарының біз үшін тиімділігі; қолда бар материалмен оңай жасалады.Қауіпсіз, баланың қол моторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Қайта өңдеудің маңызын түсіндіреді.
Түрлі түсті қағаздан раушан гүлін жасау
Б
алалар,
бүгінгі сабақта біз түрлі түсті қағаздың көмегімен әдемі раушан
гүлін жасап үйренеміз. Бұл жұмыс арқылы сендер өз қолдарыңмен
ерекше әрі әдемі бұйым жасай аласыңдар. Қағазбен жұмыс істеу – тек
қызықты ғана емес, сонымен қатар ұқыптылық пен шығармашылықты қажет
ететін іс.
Раушан гүлін жасау барысында біз спираль қиып, оны орау арқылы гүл бейнесін шығарамыз. Сондай-ақ жапырақ жасап, гүлдің сәнін келтіріп, әдемі композиция құра аламыз. Бұл бұйымды ашықхатқа, сыйлық орамасына немесе сәндік панно ретінде қолдануға болады.
Сабақ барысында:
Түрлі түсті қағазбен дұрыс жұмыс істеуді;
Қағазды қию, бүктеу және желімдеуді;
Гүл пішінін үйлесімді шығаруды үйренесіңдер.
Бұл тапсырма сендердің қол шеберліктеріңді дамытып қана қоймай, табиғаттың сұлулығына деген сүйіспеншілікті оятады. Раушан гүлі – махаббат пен әсемдіктің символы. Ендеше, өз қолымызбен осы сұлулықты жасап көрейік!
Қажетті құралдар:
Түрлі түсті қағаз (қызыл, қызғылт, сары немесе ақ)
Жасыл түсті қағаз (жапырақ үшін)
Қарындаш
Қайшы
Желім
А4 қағаз немесе картон (гүлді бекіту үшін)
13
Қағазды дайындау
Түрлі түсті қағаздан дөңгелек (шамамен 8–10 см диаметрде) қиып аламыз.
Бір гүлге 1 дөңгелек қағаз жеткілікті.
Орау және бұрау
Дөңгелек қағаздың шетінен бастап ортасына дейін спираль түрінде қиып шығамыз (құрт тәрізді).
Қиылған спиральды шетінен бастап ішке қарай ораймыз, гүл формасына келтіріп.
Аяғында қалған ортасын астына жабыстырамыз (гүл түбі ретінде).
Жапырақ жасау
Жасыл қағаздан 2-3 жапырақ пішінін қиып аламыз.
Гүлдің түбіне жапырақтарды желімдейміз.
Қолдану тәсілі
Гүлді қағаз ашықхатқа, суретке немесе түрлі бұйымға жапсыруға болады.
Гүл сабағын жасау үшін жасыл қағазды түтік етіп орап, гүлмен біріктіруге болады.

Мата қалдықтарынан ойыншық жасау
Балалар, бүгін біз пайдаланылмай қалған мата бөліктерін кәдеге жаратып, өз қолымызбен жұмсақ ойыншық жасап үйренеміз. Бұл экологиялық жағынан пайдалы, әрі шығармашылық қабілетімізді дамытатын өте қызықты жұмыс.
14
Қажетті құралдар:
- Түрлі түсті мата қалдықтары
- Қайшы
- Ине-жіп
- Мақта немесе синтепон (ішін толтыруға)
- Қара маркер (бет бейнесін салуға)
- Желім (қажет жағдайда)
Жасалу жолы:1. Алдымен жасайтын ойыншықтың пішінін таңдаймыз (мысалы: жүрекше, мысық, аю, жастықша т.б.).
2. Қағазға сол пішінді салып, оны қиып алып, үлгі ретінде қолданамыз.
3. Матаны екі қабаттап қойып, үстіне үлгіні қойып, айналасын қарындашпен белгілейміз.
4. Қайшымен белгі бойынша қиып аламыз (екі бірдей пішін болуы керек).
5. Екі мата пішінді біріктіріп, жиегін тіге бастаймыз. Түбін ашық қалдырамыз.
6. Ішіне мақта немесе синтепон салып, толық тіккен соң, бетін безендіреміз (көз, ауыз, мұрын, жапсырмалар немесе маркермен салуға болады).

Түрлі түсті қағаздан табиғатты бейнелеу
Біз бүгін түрлі түсті қағаздарды қолданып, табиғат көрінісін жасауға үйренеміз. Бұл жұмыс сендердің қиялдарыңды дамытып, қол икемділіктеріңді арттырады. Сонымен қатар, айналадағы әсем табиғатқа деген сүйіспеншіліктерің артады.
15
Қажетті құралдар:
- Түрлі түсті қағаз (жасыл, көк, сары, қызыл)
- Қайшы
- Желім
- Қара қарындаш немесе фломастер
- Картон немесе қатты қағаз негіз
- Сызғыш (қажет болған жағдайда)
Жасау жолдары: 1. Алдымен қандай табиғат көрінісін жасайтыныңды ойла (мысалы: күннің шығуы, гүлдер, ағаштар, көл жағасы, тау бейнесі).
2. Түрлі түсті қағаздардан күн, бұлт, шөп, ағаш, гүл сияқты элементтерді қиып ал.
3. Негізгі картон бетіне қай жерге не орналастыратыныңды ойластырып, орналастырып көр.
4. Әр элементті желім арқылы картон бетіне жабыстыр.
5. Қосымша бөлшектерді (мысалы: құс, көбелек, толқын) фломастермен салып безендіруге болады.
6. Жұмысты соңында көркемдеп, ұқыпты аяқтау керек.

Табиғи материалдардан панно жасау
Панно – қабырғаға іліп қоюға арналған сәндік көркем жұмыс. Ол әртүрлі материалдармен (қағаз, мата, табиғи материалдар, т.б.) жасалып, белгілі бір тақырыпты бейнелейді. Панно — шығармашылықты дамытатын, көздің көркемдік талғамын арттыратын өнер түрі.
Бұл сабақта біз табиғаттан жиналған материалдарды (жапырақ, бұтақ, дән, тұқым, жаңғақ қабығы, гүлдер) пайдаланып, панно жасауға үйренеміз. Табиғатты қорғау, оны сезіну, материалдарды қайта қолдану арқылы экологиялық тәрбиені қалыптастыру – негізгі мақсаттардың бірі.
16
Қ
ажетті
материалдар:
Ағаш бұтақтары, кепкен жапырақтар
Шишка, тұқымдар, жаңғақ қабығы
Қалың картон немесе фанера
Желім
Қайшы
Қара қарындаш
Лак немесе желім үстінен бекіткіш (қалау бойынша)
Жасалу жолдары:
1. Табиғи материалдарды алдын ала жинап, кептіріп дайындау.
2. Панно жасалатын негізді (картон немесе фанера) таңдап алу.
3. Қара қарындашпен композицияның эскизін сызып алу (мысалы, ағаш, гүл, күн, үй, т.б.).
4. Табиғи материалдарды сәйкес келетін жерлерге реттеп орналастыру.
5. Желіммен мұқият жабыстыру.
6. Құрғап болған соң, керек болса, үстінен лак жағып, жұмысты бекіту.
7
. Соңында
панноны көркемдеп, қабырғаға ілетін ілмек жасауға
болады.
Жіп туралы түсінік
Жіп – өте қажет құрал. Ол киім тігуде, тоқу кезінде, бұйымдарды біріктіруде және күнделікті өмірде көп пайдаланылады. Жіп болмаса, біз киім тіге де, жамау да жасай алмаймыз.
Жіп мақтадан, жүннен, синтетикалық материалдардан жасалады. Оның түрлі түстері мен қалыңдықтары бар. Әр іс үшін жіп дұрыс таңдалуы керек: тігін үшін бір бөлек, тоқу үшін басқа жіп қолданамыз.
Тігінде – киім тігу, жөндеу.
Тоқымада – шарф, шұлық, қолғап тоқу.
Өмірде – зат байлау, сәндік бұйым жасау.
17
Оқушылар әр түрлі жіп түрін қолмен ұстап көріп, қай жіптің қай іске лайық екенін анықтайды. Түстерді ажыратып, жіптен өрім жасап көрейік.
Жіп – қарапайым көрінгенмен, үлкен қызмет атқаратын құрал. Ол қолөнерде, тұрмыста, сәнде маңызды рөл ойнайды. Жіпті дұрыс қолдану – шеберлік пен ұқыптылықты қажет етеді.
Бүгін біз жіптен әдемі өрім жасап үйренеміз. Алдымен бізге өрімді жасау үшін жіпті қанша ұзындықта кесу керектігін анықтап алу қажет.
1-қадам: Жіптің ұзындығын есептеу
Егер сенің өрімің 24 дюйм (яғни 61 см) ұзындықта болуы керек болса, оған қосымша сол ұзындықтың үштен бір бөлігін қосу керек.
Мысалы:
61 см : 3 = 20 см
61 см + 20 см = 81 см
Демек, әр жіпті 81 см етіп кесеміз.
2-қадам: Жіптерді таңдау және кесу
Енді сол ұзындықта 3 түрлі жіп кесеміз.
Сен бір түсті 3 жіпті де ала аласың немесе әртүрлі 3 түсті алуыңа болады (мысалы: қызыл, көк, сары).
Күрделі өрім жасағың келсе, 6 немесе 9 жіптен де бастауға болады. Ол кезде әр
Қолдануға болатын жіп түрлері:
- Мулине жібі (кесте тігетін жіптер)
- Жай мақта жіптер
- Жіп орнына жіңішке былғары, түрлі-түсті баулар қолдануға болады.
Өрім жасау үшін ең бірінші жіптің ұзындығын дұрыс есептеу маңызды. Ұзындығы аз болса, өрім қысқа болады. Сондықтан алдын ала өлшеп, 1/3 бөлігін қосып кесуді ұмытпаңдар! Енді дайын жіптермен әдемі өрім жасап көреміз.
3-қадам: Жіптерді бөліп орналастыру
Алдымен жіптерімізді үш бөлікке бөлеміз:
Бір бөлігі сол жаққа
Екінші бөлігі ортаға
Үшінші бөлігі оң жаққа
Егер жіптерің әр түрлі түсті болса, сол түстерге қарай топтастырып қой.
Мысалы:
Қызғылт жіптер — сол жақта
Күлгін жіптер — ортада
Қызыл күрең жіптер — оң жақта болсын
4-қадам: Өрімді бастаймыз
1. Сол жақтағы жіпті алып, ортадағы жіптің үстінен қойып айқастыр.
2. Оң жақтағы жіпті алып, жаңа ортадағы жіптің үстінен тағы айқастыр.
3. Осылайша, жіптерді бір-бірінің үстінен алмастыра бер.
18
Егер сенде әр түстен 3 жіптен болса (мысалы, 3 қызғылт, 3 күлгін, 3 қызыл күрең), оларды бір топ деп алып, әр түсті топты бір жіп сияқты қарастыр.
Жіптерді дұрыс бөліп, оларды кезекпен айқастыра отырып, әдемі өрім жасап шығасыңдар. Әр түрлі түстерді қолдансаңдар, өрімдерің ерекше көрінеді!
«Жазғы бақ»
Жіппен бейнелеу өнері
Б
алалар,
бүгін біз «Жазғы бақ» тақырыбында жіппен бейнелеу өнерін жасап
үйренеміз. Жаз мезгілінде бақ ішінде түрлі гүлдер, жапырақтар,
көбелектер мен ағаштар әдемі көрініс береді. Біз осы көріністі жіп
арқылы бейнелейміз. Түрлі түсті жіптер мен картонның көмегімен
табиғат көрінісін жасау – ерекше қолөнер
түрі.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Түрлі түсті жіптер
Қалың картон (негіз ретінде)
Қарындаш (эскиз салу үшін)
Қайшы Желім
Ине (қалауы бойынша)
Алдымен картон бетіне қарапайым қарындашпен бақ көрінісінің эскизін салып аламыз (гүл, ағаш, шөп, күн, көбелек т.б.).
Әр бөлікті бейнелейтін жіптің түсін таңдаймыз.
Желім жағып, жіпті эскиздің сызығы бойымен жапсырамыз.
Жіптерді бір бағытта, қатарластыра жабыстыру арқылы пішін толық көрінеді.
Жұмысты мұқият, ұқыпты орындау қажет.
І
лмекпен
іліп тоқу өнері
Ілмекпен іліп тоқу өнері – қолөнердің көне де нәзік түрі. Бұл әдісте арнайы ілмек (крючок) арқылы жіптен түрлі бұйымдар тоқылады. Оқушылар іліп тоқу арқылы әдемі орамал, сәндік кілемше, ойыншық, киім, сөмке сынды заттарды жасай алады.
Ілмекпен тоқу өнерін үйрену арқылы оқушылар:
Ұқыптылық пен шыдамдылықты меңгереді;
Қолдың ұсақ моторикасын дамытады;
Өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттырады;
Түстер үйлесімін түсінуге дағдыланады;
Қарапайым жіп пен ілмек арқылы әсем бұйым жасауға болатынын көреді.
19
Ілмекпен тоқуда қолданылатын негізгі тәсілдер
1
.Қысқа
шалу Бұл – ең қарапайым және жиі
қолданылатын тәсіл. Ілмек тізбектің үшінші шалмасына алдыңғы
жағынан артқа қарай енгізіледі. Содан соң жіп ілмекке ілініп
алынады да, бірден ілмектегі екі шалманың арасынан өткізіледі. Бұл
әдіс бұйымның шетін тегістеу немесе бөліктерді біріктіру үшін
қолданылады.
2. Жай шалу Ілмек тізбектің үшінші шалмасына алдыңғы жағынан артқа қарай енгізіледі. Жіп ілмекке ілініп алынып, екі шалманың арасынан тағы ілініп өткізіледі. Бұл – көлемі шағын, бірақ тығыз тоқымалар үшін өте қолайлы әдіс.
3. Нық шалу Ілмекке алдымен жіп оралады. Содан кейін ілмек тізбектің үшінші шалмасына алдыңғы жағынан артқа қарай енгізіледі. Жіп ілініп алынады да, ілмекте тұрған үш шалманың арасынан жіп тағы оралып, барлығы бірден өткізеді. Бұл тәсіл бұйымға көлем мен тығыздық береді.
4. Бір немесе бірнеше бос жіппен тоқылатын шалу Бұл әдіс бұйымның биіктігін арттыру үшін қолданылады. Алдымен ілмекке жіп орап, оны алдыңғы қатардағы немесе тізбектегі төртінші шалуға енгізеді. Жіпті іліп алып, бір шалу шығарады. Содан соң жіпті қайта орап, ілмектегі алғашқы екі шалудың арасынан өткізеді. Жіпті тағы бір рет орап, қалған екі шалудың арасынан өткізеді. Егер 2, 3 немесе одан да көп бос жіп қосқыңыз келсе, соған сәйкес ілмекке бірнеше рет жіп орап, әр жолы екі шалу арқылы өткізу арқылы тоқуды жалғастырасыз. Тоқу барысында ілмектің ұшында әрқашан бір ғана шалу қалуы керек.
5. Бос жіппен рельефті оң шалу Бұл – бұйымға бедерлі (рельефті) көрініс беру үшін қолданылатын әдіс. Ілмекке жіп оралып, ілмек бұрынғы қатардағы шалудың астынан алдыңғы жағымен өткізіледі. Жіп ілініп алынады да, бір шалу шығарылады. Содан соң жіп оралып, ілмектегі екі шалудан өткізіледі. Тағы бір рет жіп оралып, қалған екі шалудан өткізіледі. Бұл әдіс бұйымға тереңдік пен көркемдік береді.
6.Бос жіп қосылған рельефті теріс шалу — бұл тоқыманың теріс жағынан орындалатын, бос жіппен жасалатын шалу түрі. Ілмекке жіпті орап, ілмекті алдыңғы қатардағы шалудың түбіне сырт жағынан өткізіп, бір шалу тартып шығарады. Одан кейін жіпті тағы орап, алдымен шалу мен бос жіптен, соңында қалған екі шалудан өткізіп тоқиды.
20
7.Тоқыманы тарылту және кеңейту тәсілдері - Тарылту: Тоқыманың пішінін өзгерту үшін, оның ортасынан немесе шетінен артық шалуларды қысқарту арқылы жүзеге асады.
- Кеңейту: Тоқыма бұйымының пішінін үлкейту үшін жаңа шалулар мен үлпілдек шалуларды қосу арқылы орындалады.
8.Түймеге арналған ілгек түрлері - Көлденең ілгек – түйме сиятын өлшемде бір немесе бірнеше шалуды бос қалдырып, олардың үстіне үлпілдек шалулар тоқылады. Келесі қатарда осы үлпілдек шалулардың үстінен жалғастырып тоқу арқылы дайын болады.
-
Тігінен
ілгек – тоқу барысында ілгек болатын жерге дейін тоқып, кері
бұрылып бірнеше қатар тоқыған соң (3–5 қатар), жіпті үзіп, екінші
жағынан да дәл сондай тоқылады. Кейін екі жағы біріктіріліп, тоқу
жалғастырылады.
Ілмекпен гүл тоқу
Ілмекпен гүл тоқу – тоқу өнеріндегі ең қызықты әрі кең таралған бағыттардың бірі. Бұл әдіс арқылы сәндік гүлдер, аксессуарлар, әшекейлер мен үй интерьеріне арналған бұйымдар жасауға болады. Гүлді ілмекпен тоқу – оқушылардың қол икемін дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.
Қ
ажетті
құралдар:
Ілмек (крючок)
Жіп (қалауыңыз бойынша түрлі түсті)
Қайшы
Қосымша сәндік элементтер (моншақ, түйме т.б.)
Жасалу жолдары (қарапайым 5 жапырақты гүл үлгісі):
1. Тізбек жасау – 5 шеңберлі тізбек (цепочка) тоқыңыз да, соңын сақиналап біріктіріңіз.
2. Гүл ортасы – шеңбердің ішіне бірнеше бағана (мысалы, жай шалу – столбик без накида) тоқылады.
3. Жапырақтар – әр жапырақ 3-4 тізбекпен басталып, үстіне әртүрлі биіктіктегі шалулар (жай, бос жіп қосылған шалу) тоқылып, қайта төмен түсіп шеңберге бекітіледі.
21
4. 5 рет қайталау – шеңбер бойымен айналып, барлық жапырақтарды бірдей етіп тоқу қажет.
5. Аяқтау – соңғы жіпті бекітіп, ұшын қайшымен кесіп жасырыңыз.
Алғашқы сабақтарда қалың әрі ашық түсті жіптер қолданған жөн.
Әр қимылды баяу көрсетіп, оқушылармен бірге қайталау ұсынылады.
Ілмекпен тоқу барысында саусақтарды дұрыс ұстау мен көз мөлшерін сақтау дағдыларын қалыптастыру маңызды.
Интерьерге арналған эко-декор
Эко-декор – бұл табиғатпен үйлесімді өмір сүруді қалайтын адамдарға арналған сәнді бағыт. Мұндай декор адамға тыныштық пен жайлылық сыйлайды. Интерьерде табиғи түстер – ақ, беж, қоңыр, жасыл сияқты жұмсақ реңктер қолданылады. Үйлер мен бөлмелер ашық, жарық әрі кең болып көрінеді.
Эко-декорда тек ең қажетті жиһаздар ғана қойылады, ештеңе артық емес. Үйдің ішін безендіру үшін ағаш, бамбук, тас, саз, табиғи маталар мен қағаз тұсқағаздар пайдаланылады. Бұл материалдар адам денсаулығына қауіпсіз және экологиялық таза.
Сабақта біз эко-декор жасауда табиғи материалдарды қалай пайдалану керектігін үйренеміз. Өз қолымызбен қарапайым бұйым жасап, бөлмені әсемдеуге тырысамыз. Эко-декор арқылы табиғатты қорғауды да үйренеміз, өйткені біз қайта өңделетін және табиғи заттарды қолданамыз.

Гүл құмыраларын безендіру
Бүгін біз күнделікті көзіміз үйренген қарапайым гүл құмыраларына жаңа өмір сыйлаймыз! Өз қолымызбен оларды әсемдеп, көз тартарлық ерекше сәндік бұйымға айналдырамыз.
22
Безендірілген құмыра тек гүлді көркейтіп қоймайды, бөлмеге жылылық пен көркемдік әкеледі.
Сабақ барысында біз түрлі табиғи және қайта өңделетін материалдарды қолданамыз: мата қиындысы, жіптер, түрлі түсті қағаздар, қиыршық тас, қабық, моншақ, түйме сияқты материалдарды құмыраның бетіне шығармашылықпен үйлестіріп жапсырамыз. Бұл тек сән емес, өз еңбегімізбен жасалған ерекше туынды болады.
Гүл құмырасын безендіру арқылы біз ұқыптылыққа, талғаммен жұмыс істеуге, табиғатты аялауға және қолөнерге деген сүйіспеншілікке үйренеміз. Әр оқушы өз қиялы мен шығармашылығын қосып, бірегей дизайн жасайды.
Ендеше, іске сәт, достар! Бүгін әр гүл жаңа құмырада ерекше құлпырып тұратын болады!
Гүл құмыраларын әртүрлі әдістермен безендіру
1. Сырлап бояу (акрил бояуларымен):
Құмыраның сыртына түрлі-түсті бояулармен ою-өрнек, сурет немесе абстракт үлгілер салып безендіріледі. Бұл әдіс баланың сурет салу қабілетін дамытады.
2. Декупаж (қағаз жапсыру әдісі):
Арнайы майлықтар немесе суреті бар қағаздарды желім арқылы құмыраға жапсырады. Үстінен лак жағып, жылтыр әрі ұзақ сақталатын көрініс береді.
3. Мата және жіппен орау:
Құмыраны табиғи жіптермен (мес жіп, кендір) немесе түрлі маталармен орап, сәндік эффект жасауға болады. Эко-дизайнға сай келеді.
4. Моншақ, түйме жапсыру:
Әртүрлі пішіндегі моншақтар мен түймелерді композиция жасап жапсырып, құмыраға ерекше сән береді. Бұл тәсіл нәзік, көңілді сипат береді.
5. Тастармен, қабықпен безендіру:
Табиғи материалдарды (қиыршық тас, жаңғақ қабығы, теңіз қабығы) желіммен жапсырып, табиғатпен үндес көрініс жасауға болады.
6. Құм және кофемен өрнектеу:
Жапсырғышқа түрлі түсті құм немесе кофе ұнтағын сеуіп, ерекше текстура жасалады. Табиғи және ерекше көрінеді.
7. Коллаж жасау:
Түрлі материалдарды араластыра отырып (қағаз, мата, тас, жіп), шығармашылық композиция құрастыруға болады. Бұл оқушының қиялын дамытады.
8. Қолмен бедер салу (тиснение):
Арнайы құралмен құмыра бетіне бедер (текстура) түсіру. Бұл керамикалық құмыраларға тән.
23
Бөлме гүлдерін отырғызу
Б
өлме
гүлдерін отырғызу жолдарымен танысамыз. Гүлдер — бөлмені көркейтіп
қана қоймай, ауаны тазартып, жанға тыныштық сыйлайтын ерекше
өсімдіктер. Ал оларды дұрыс отырғызу және күту — әрбір гүлдің әдемі
өсуіне көмектеседі.
Бөлме гүлін отырғызу кезеңдері:
1. Гүлдің түрін таңдау – жарықты, суды қалай қажет ететініне байланысты таңдалады.
2. Топырақ дайындау – гүлдің түріне сай арнайы топырақ немесе қара топырақ қолданылады.
3. Құмыра таңдау – гүлдің көлеміне қарай тесігі бар құмыра пайдаланылады.
4. Отырғызу – топырақты салып, гүлдің тамырын мұқият орналастырып, үстінен топырақпен жабу.
5. Суару – отырғызған соң бірден су құйып, ылғалмен қамтамасыз ету.
Қ
ауіпсіздік
ережесі:
Жұмыс кезінде қолғап кию.
Құралдарды ұқыпты пайдалану.
Гүлді сындырып алмауға тырысу.
Бөлмеде өсетін гүлдер

ХлорофитумАуаны микроорганизмдерден тазартып, улы заттардың күшін жояды. Бұл өсімдік бөлменің ауасын тазартуда ерекше рөл ойнайды. Төрт өсімдік 10 шаршы метр бөлмедегі ауаның 70-80 пайызын тазартуға қауқарлы.
24

СпатифиллумБұл өсімдік ашық тұрған терезе арқылы кіретін зиянды ауаны залалсыздандырады. Бұл өсімдік адам таңдамайды, кез келген адам үшін пайдалы. Түнде тыныш ұйықтау үшін спатифиллумды жатын бөлмеге қоюға кеңес береміз.
А
лоэУлы заттардың көлемін азайтып,
түн мезгілінде оттегі бөледі. Ащыкөмірсу газын жоюға көмектеседі.
Сондай-ақ, үйдегі жиһаздардағы ДСП-дан бөлінетін формальдегидтің 90
пайызын өзіне қабылдайды.

КаланхоэТүнде оттегі бөледі, сондай-ақ, депрессияны түсіреді.
25

БегонияЗиянды заттар мен микробтарды залалсыздандырады. Тұрмыста табысқа жетудің символы болып есептеледі. Өсімдіктен шығатын хош иіс депрессияны басады. Қарт адамдар мен түрлі сырқатқа ұшыраған жандардың жатын бөлмесіне қойған дұрыс.

Сансевиерия (ененің тілі немесе жылан тілі деген атпен де танымал) – жатын бөлме үшін таптырмайтын өсімдік. Көптеген өсімдіктер түн уақытында оттегіні өзіне жұтып алады. Ал Сансевиерия болса, керісінше, оттегі бөледі. Бөлмедегі ауаны реттеп тұру үшін адам беліне жететін 6-8 тал сансевиерияны өсірсеңіз болады.

КактусИнелері ұзындау келген кактус өте пайдалы. Бұл өсімдік электромагниттің күшін ыдыратады. Сол себепті, оны компьютер мен теледидар тұрған бөлмелерге қоюға кеңес береміз. Кактус ауадағы жағымсыз заттардың көлемін азайтады. Жақсы өсу үшін кактусқа көп жылу мен жарық керек. Бөлме өсімдіктері ауаны жақсы тазартатындықтан, адамдардың тыныс алуы жақсара түседі.
26
Жасыл кеңістік
Жаңбыр суы – табиғаттың сыйы
Мазмұны: Жаңбыр суының пайдасы, оны жинау және қайта пайдалану.
Әдістемесі: Оқушылармен бірге жаңбыр суын жинауға арналған контейнер үлгісін жасау.
Тәрбиелік мәні: Суды үнемдеуге, табиғаттың әр ресурсын бағалауға үйрету.
Көлеңкелі бақша (Shade Garden)
Мазмұны: Күн сәулесі аз түсетін жерлерге отырғызылатын өсімдіктермен танысу.
Әдістемесі: Төмен жарыққа төзімді гүлдерді таңдап, мектеп ауласында көлеңкелі бұрышқа отырғызу.
Тәрбиелік мәні: Табиғаттың әртүрлілігіне құрметпен қарау.
Иіс сезетін бақша (Арома-бақ)
Мазмұны: Жақсы иіс шығаратын өсімдіктер мен шөптерді тану және отырғызу.
Әдістемесі: Лаванда, жалбыз, райхан сияқты өсімдіктерді өсіру, кептіріп қолдану.
Тәрбиелік мәні: Иіс арқылы табиғатты тану, эстетикалық талғам қалыптастыру.
Ағашпен сөйлесейік
Мазмұны: Ағаштың пайдасы, өміршеңдігі және онымен дұрыс қарым-қатынас.
Әдістемесі: Ағаш жапырағын көшіріп сурет салу, қабығына зиян келтірмей зерттеу.
Тәрбиелік мәні: Табиғатпен тілдесуге, қамқорлыққа баулу.
Тастан өнер
Мазмұны: Табиғи тастарды пайдаланып бейнелеу өнері туындыларын жасау.
Әдістемесі: Тастарды бояп, ою, құс, жануар бейнелерін жасау.
Тәрбиелік мәні: Шығармашылықты дамыту, табиғи затты қадірлеу.
Саусақ ізіндегі орман
Мазмұны: Саусақ бояумен табиғи пейзаж салу (ағаштар, гүлдер, құстар).
Әдістемесі: Қағазға саусақпен бояу арқылы сурет салу.
Тәрбиелік мәні: Жеке із қалдыру, табиғатты бейнелеу арқылы сезімін ояту.
27
Эко –екінші өмір
Қолдан сөмке жасаймыз
Мақсаты: Пластик пакет орнына қайта қолдануға болатын сөмке жасап, экологиялық зиянды азайту.
Мазмұны: Балалар бүгін біз экологиялық таза сөмке жасауды үйренеміз. Ол үшін мата қалдықтарын, ескі футболка немесе джинсы матасын қолдануға болады.
Әдістемесі:
- Ескі киімнен сөмке пішіп алу;
- Қарапайым тігіс тәсілдерін қолдану;
- Қаласа сурет, жазу жапсыру.
Шарды қағазбен және жіппен безендіру
Мақсаты: Қарапайым шарды көркем етіп безендіру арқылы балалардың қол моторикасын дамыту және артық қағаз, жіпті пайдаға жарату.
Мазмұны: Балалар, бүгін шардан ерекше әшекей жасап көреміз. Бұл бізге туған күн, жаңа жыл сынды мерекелерде өте қажет.
Әдістемесі:
- Шар үрленеді;
- Қағаз қиындылары немесе жіп желіммен шардың бетіне жабыстырылады;
- Кепкен соң шар жарылады да, сыртқы қабығы қалып, сәндік бұйым болады.
Тәрбиелік мәні:
Түймемен сурет салу
Мақсаты: Ескі түймелерді пайдаланып, шығармашылық қабілетті арттыру.
Мазмұны: Балалар, біз түйме арқылы табиғат бейнесін салып үйренеміз. Қарапайым түйменің де өнерге айналатынын көресіңдер.
Әдістемесі:
- Қағаз бетіне эскиз жасау (ағаш, гүл, күн);
- Түймелерді сол бейнелердің үстіне жапсыру;
- Қаласа бояумен толықтырып, үйлестіру.
Тәрбиелік мәні:
Ұқыптылыққа, ұсақ заттарға мән беруге және артық затты тастамауға тәрбиелейді.
Пластик қасықтан гүл жасау
Мақсаты: Қалдық пластикті кәдеге жарату және әсемдік бұйымдар жасау жолын үйрету.
Мазмұны: Бүгін біз пластик қасықтан гүл жасаймыз. Қоқысқа тасталатын заттардан қандай керемет дүние жасауға болатынын көресіңдер.
Әдістемесі:
28
- Қасықтың басын қиып алады;
- Желім арқылы гүлдің пішінін жасау (гүл күлтелері);
- Ортасына түйме, дөңгелек, жылтыр жапсыру;
- Гүл сабағын қағаз, сыммен жасау.
Тәрбиелік мәні:
Қоқысты қайта өңдеуге, қолөнер арқылы табиғатқа жанашыр болуға баулиды.
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Байжігітова А.С. – «Бейнелеу өнері және еңбекке баулу». – Алматы: Мектеп, 2012.
2. Саттарова Р.Ш. – «Технология. Қолөнер және сәндік қолданбалы өнер негіздері». – Алматы: Арман-ПВ, 2015.
3. Нұрғожина Г.Ш. – «Шығармашылық еңбекке баулу әдістемесі». – Астана: Фолиант, 2018.
4. Жаңабай Қ. – «Эко-дизайн негіздері». – Алматы: Өнер, 2020.
5. Тұрсынбаева А.Б. – «Қолданбалы өнер: табиғи материалдарды қолдану». – Алматы: Рауан, 2017.
6. Журнал: Білім – Technology and Art – №1, №2, 2021 жыл.
7. Шығармашылық жобалар жинағы (мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал). – НЗМ, 2019.
31
Табиғи материалдардан сәндік бұйымдар жасау: Әдістемелік оқулық құралы/Құрастырушы: Орманова М.Ж.- Төле би: «Балалар жасөспірімдер орталығы» 2025-29 бет
Андатпа
Бұл әдістемелік жұмыс қосымша білім беру аясында ұйымдастырылатын « Экодизайн» үйірмесінің оқу-тәрбиелік үдерісін тиімді жүзеге асыруға арналған. Үйірме бағдарламасы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршағын ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтар барысында оқушылар қайта өңдеуге болатын және табиғи материалдарды пайдалана отырып ,экологиялық бағыттағы дизайн бұйымдарын әзірлейді. Практикалық жұмыстар арқылы олардың қиялы , эстетикалық талғамы , қол еңбегіне деген қызығушылығы мен өз бетінше жұмыс жасау дағдылары дамиды.
Қорытынды
«Экодизайн» үйірме қосымша білім беру аясында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және еңбекке баулуға дағдыларын жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Үйірме жұмысы барысында білім алушылар қайта өңделетін және табиғи материалдармен жұмыс жасауды меңгеріп, өз идеяларын шығармашылық бұйымдар арқылы жүзеге асыра алады. Прикалық және жобалық жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып ,қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастырады.
Әдістемелік жұмыстың нәтижесінде білім алушылардың белсенділігі артып,шығармашылық қабілеттері дамыды,дайындалған экодизайн бұйымдары көрмелерде,ашық сабақтар мен түрлі іс-шараларда ұсынылды. Алдағы уақытта үйірме жұмысын жетілдіру,жаңа экологиялық бағыттағы жобаларды енгізу және оқушлылардың шығармашылық әлеуетін одан әрі дамыту жоспарлануда.
30
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғи материалдардан сәндік бұйым жасау

шағым қалдыра аласыз