400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Табиғи материалдарды бізбен өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне еңбекке баулу пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекке баулу

4 сынып

Маратқызы Ақерке

Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалдарды бізбен өңдеу

Сабақтың жалпы мақсаты

1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.    2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай жасау.    3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.

Көрнекіліктер

қайың ағашының өңдеуге дайындалған кесіндісі, оны дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат, ара,біз

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Қайың ағашы құрал-сайман, үй жиһаздарын жасауға, жалпы үй шаруашы - лығында материал ретінде кеңінен пайдаланылады. Қайың ағашы және одан жасалатын табиғи материалдардың түрлері, қасиеті мен ерекшелігі, пішін құрастыруға қажетті табиғи материалдары, материалды таңдау және дайындау туралы түсінік беру.

Біріншіден, табиғи материалдан композиция жасауға қажет негізгі және қосымша материалдар туралы түсінік. Пішін жасауға қажетті материал көлемін анықтау (үлкен не кіші, пішіннің динамикалық қимыл бағытын көрсетуге икемдігі және т.б.), материалды өңдеу, әрлеу, үйлестіру, орналастыру, оны орындау реті, бекіту және түрлендіру туралы мағұлматтар беру. Қайыңнан алынатын табиғи маттериалдарға - жапырағы, бұтағы, қабығы, безі, тамыры, тілінін алынған белігі туралы жеке-жеке мағлұмат беру.

Екіншіден, табиғи материалды өңдеу алдында материалмен, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, сабақ барысында сақтықпен жұмыс істеу туралы түсінік беріледі.

Үшіншіден, табиғи материалдармен пішін немесе композициялық көрініс жасауда табиғи материалды көріп, тани білу, ағаш немесе бұта сынығы, бөлігі, томары қандай екенін пайымдау (қандай пішін түрін жасауға болатыны), шешім қабылдау мәселелеріне түсінік беріп, оқушылардың шығармашылық қиялының кеңейе түсуіне ықпал ету.

Жаңа сабақ

Сабақтың сарамандық бөлімінде оқушының материалды таңдау, байқау, қажеттісін алып, шаң-тозаңын тазалау, қабығын аршу, өлшеу, кесу, әрлеу, үйлестіру, құрастыру, бекіту, түрлендіру, кептіру, дайын болған бұйымға сын көзбен қарау, орындаған жұмысын түсіндіре білуіне қарай мұғалім оқушының қабілетін, еңбекке деген ынтасын байқайды. Оқушылар еңбектенудің қарапайым тәсілдерін меңгереді, олардың бойында политехникалық таным негізі қалана бастайды.

Сарамандық жұмыста сыпырғыш жасауға қандай материалды пайдалану қажеттігі туралы оқушылармен пікірлесе отырып, оған қажетті материалдар - пышақ, қайшы, ине, жіпті не үшін қолданатынын түсіндіру керек. Пішіні мен сапалық деңгейін оқушылар өз талғамына қарай жасауға тиіс. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда топтасып (үш оқушыдан) жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл арқылы оқушылар ақылдасып, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Бізбен жұмыс

Ой толғаныс

«Бізді не үшін қолданамыз?» әңгіме жүргізу

Үйге тапсырма беру.

Біз жасап әкелу

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі