400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғи материалдармен жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге табиғи материал түрлерімен таныстыра отырып, жұмыс түрлерін көрсету, жұмыс жасау әдістерін түсіндіру. Табиғи материалдар түрлерін қолдана отырып, түрлі жануарлар мүсінін құрастыруға үйрету Табиғи материалдар түрлерін ерекшеліктерне сай қолдана отырып, үйлесімділіктерін таба білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Shape2

Бекітілді: ____________

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары

Shape1

Қаралды: ____________

Кафедра меңгерушісі:


Shape3

Келісілді: ____________

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары





Модуль атауы/ пәні


Декорациялау КМ 04 «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындау»


Курс:

2

Топ:

4аКШТ-9

Сабақ нөмірі


3.4.1.

Мамандығы:

01140300 Көркем еңбек

Біліктілік:

4S01140301 Көркем еңбек мұғалімі

Сабақ тақырыбы:

Табиғи материалдармен жұмыс.

Уақыты:

02.10.2024

Ұзақтығы:

80 минут

Өтетін орны:

18 кабинет

Сабақ мақсаты:

Студенттерге табиғи материал түрлерімен таныстыра отырып, жұмыс түрлерін көрсету, жұмыс жасау әдістерін түсіндіру.

Табиғи материалдар түрлерін қолдана отырып, түрлі жануарлар мүсінін құрастыруға үйрету

Табиғи материалдар түрлерін ерекшеліктерне сай қолдана отырып, үйлесімділіктерін таба білуге баулу.

Сабақ міндеттері:

Табиғи материалдардың жапсырмалау әдістерін меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

Табиғи материалдармен таныса отырып,жапсырмалау әдістерін меңгереді

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Оқыту әдістері,

Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, ,

өз бетімен жұмыс.


Қажетті құрал-жабдықтар:

Қағаз,қайшы,клей,табиғи материалдар.

Оқытушының байланыс мәліметтері:

Л.А:Жайманова


Тел.:87771849795



САБАҚТЫҢ ҮЛГІ ЖОСПАРЫ:

Сабақ кезеңі

Уақыты (минуты)

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

1

2

3

4

1.Қызығушылықты ояту кезеңі

10 мин


Студенттермен амандаса отырып, сабаққа дайындау, құрал жабдықтарын дайындату.

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:

1. Папье – маше технологиясының ерекшелігі қандай?

2. Папье – маше технологиясы қалай орындалады?



. Оқытушымен амандаса отырып, сабаққа дайындалады.

1. Папье – маше технологиясының негізгі ерекшелігі кез – келген форманы шығара алу мүмкіндігінде.

2. Қағаз қиындыларын клейстер арқылы қабаттап жапсырмалау.

2.Белсенді оқыту кезеңі


2.1.Үй жұмысын тексеру

5 мин


Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлай отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа сабақ тақырыбы «Табиғи материалдармен жұмыс».

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.

Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Қлөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Табиғи материалдармен жұмыс бастауыш сыныптарда кеңінен қарастырылған. Мұндай жұмыстарды жасату барысында оқушыларға жұмыс жасатумен қатар, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелейміз. Сондықтан да елімізде табиғатты қорғау заң арқылы реттеледі.

Студенттерге табиғатты қорғау заңы жөнінде мәлімет беру.

Студенттерден тақырыпқа сай табиғи материалдарға байланысты мақал – мәтелдерді сұрау. Интерактивті тақтада берілген мақал – мәтелдерді толықтыру.Сонымен қатар жұмбақтар жасыру, шешуін айту.




Студенттер табиғи материалдар түрлерімен таныса отырып, осы техникада орындалған жұмыстарды саралайды. Табиғи материалдармен жұмыс жасау техникасының балалардың дамуына тигізетін әсерін танып біледі.

Ағаш жапырактарынан жапсырмаланған жұмыс

Жаңғақтан ермексаз арқылы орындалған жұмыс.






2.2. Жаңа оқу материалын қабылдауға дайындық


20 мин

Сабақтың тақырыбымен мақсат, міндеттерімен таныстырады.

Оқушылардың оқу қызметін ынталандыру:

Есіңізге түсіріңіз, осы тақырып бойынша не білесіңдер? Қысқаша жазыңыз: «Білемін...»

Бүгінгі сабақта нені үйренуге болады? Қысқаша жазыңыз: «Білгім келеді...»(1.Не? 2.Қалай? 3. Не себепті?)

Сабақтың тақырыбымен танысады. Сабақтың мақсатын қабылдайды.

Бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, алдарына қояды.

Оқу қызметіне дайындықтарын көрсектеді.

2.3. Жаңа оқу материалын өздік жұмыстар арқылы меңгерту


10 мин


Табиғи материалдарды, оның ішінде шырша жаңғағын қолдана отырып бұғы мүсінін құрастырады. Жұмысты жасауға қажетті материалдар:

жаңғақ, емен ағашының дәні, талдар, шырпы талы, ермексаз.

Жұмыстың орындалу реті Activstudio бағдарламасында анимация арқылы түсіндіріледі.



Студенттер бұйымды жасауға қажетті материал және құралдарды түгендеп, жасалу кезеңдерімен танысады.

Бұғы бейнесін берілген жасалу кезеңіне сәйкес орындайды.




4. Рефлексия(cабақты қорытындылау)

10 мин

Сабақ соңында студенттердің орындаған жұмыстары таданып, сараланады, бағаланады. Өтілген материал сұрақтар қою арқылы пысықталады:

1. Табиғи материалдардың қандай түрлері бар?

2. Табиғи материлдармен жұмыс жасата отырып балалалрға қандай тәрбие беруге болады?

3. Бұғы мүсінін жасауда қандай әдістер қолданылдлы?



Студенттер өз жұмыстарына сипаттама бере отырып, саралайды, сұрақтарға жауап береді.

1. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері.

2. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.

3. Бөлшектерді ермексаз арқылы біріктіру әдістері.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17.02.2025
130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі