400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғи процестердің жүру бағыты және термодинамиканың екінші заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи процестердің жүру бағыты және термодинамиканың екінші заңы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғи процестердің жүру бағыты және термодинамиканың екінші заңы

Сыртқы күштер араласпаған жағдайда, тұйық жүйеде жүретін реал процестердің бәрі қайтымсыз болады. Екі түрлі газдың өзара араласуы қайтымсыз процесс, толық араласқан газдар өз бетінше қайтадан бөліне алмайды, еденге түсіп жарылған жұмытқа қайтадан бүтін жұмыртқаға айнала алмайды. Мұндай қайтымсыз процестердің мыслын көптеп келтіруге болады.

Екінші жағынан қарасақ, кез келген механикалық қозғалысты Ньютон заңдары арқылы сипаттауға болады. Ньютонның екінші заңының дифференциалдық түрі уақыттың таңбасын өзгертуге қарағанда инвариантты, яғни уақыт кері бағытта жүрсе механикалық қозғалыс бұрынғы өткен күйлерді дәл қайталап өтер еді. Олай болса кез келген механикалық процесс қайтымды болу керек. Жоғарыдағы келтірілген процестердің бәрі берілген жүйелердегі молекулалардың механикалық қозғалысына негізделген. Механикалық тұрғыдан қарасақ, ол процестер қайтымды болу керек еді. Бірақ жасалған тәжрибелер ондай процестердің ешқашан қайтымды болмайтынын көрсетеді.

Әлемде болатын процестердің қайтымсыз болу себебін термодинамиканың екінші заңы арқылы түсіндіруге болады. Тәжрибелерге сүйеніп алынған бұл заңның бірнеше тұжырымдамалары бар. Бір қарағанда оқылуы оңай көрінетін, процестің қайтымсыздығын тағайындайтын термодинамиканың екінші заңы, түсінуге қиын, көпшілік жағдайларда дұрыс түсіндірілмейтін, күрделі заң. Бұл заңды Ньютонның классикалық механикасы тұрғысында түсіндіруге болмайтынын айттық.

Термодинамиканың екінші заңының кем дегенде үш түрлі тұжырымдамасы белгілі. Бір қарағанда бұл тұжырымдардың бір-бірімен еш байланысы жоқ сияқты көрінгенімен, олардың өзара терең логикалық байланыстары бар және барлығы бірдей эквивалентті. Олардың бірін постулат ретінде қабылдасақ, қалған екі тұжырымын математикалық түрде дәлелдеуге болады. Бірақ постулат түрінде қабылданатын заңды дәлелдеуге болмайды, оның дұрыстығына тек тәжрибе арқылы көз жеткізуге болады.

Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасын алғаш неміс ғалымы Клаузиус ұсынған. Жылу, температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге қарай беріледі. Жылу алмасу процесі қайтымсыз, яғни жылу салқын денеден ыстық денеге қарай беріле алмайды. Тоңазытқыштан алынған мұз кесегі бөлме ішінде тұрса біраз уақыттан кейін еріп, суға айналады. Бұл процесс кезінде жылу, температурасы жоғары бөлме ішіндегі ауадан, температурасы төмен мұзға қарай беріледі. Жылу алмасу процесі кезінде, табиғаттың іргелі заңдарының бірі – энергияның сақталу заңы мүлтіксіз орындалады, мұз қанша жылу алса, ауа сонша жылуды жоғалтады. Жылу алмасу процесі молекулалардың бейберекет жылулық қозғалысына негізделген. Механикалық қозғалыс қайтымды болғандықтан, жылудың кері бағытта, мұздан ауаға берілуіне еш кедергі жоқ сияқты. Егер мұздың температурасы одан ары төмендеп, оның есесіне бөлме ауасы жылына түссе де энергияның сақталу заңы орындалар еді. Бірақ мұның мүмкін емес екенін тәжрибеден білеміз.

Молекулалық-кинетикалық теория тұрғысында дененің температудасы оның құрамындағы молекулалардың орташа жылдамдығына байланысты. Молекулалардың жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, дене температурасы да соғұрлым жоғары болады. Жылдамдығы жоғары ауа молекулалары мұздың бетіне соқтысқан кезде өз жылдамдығын азайтады, керісінше, мұздағы су молекулаларының жылдамдығы арта бастайды да, мұздың кристалдық торы бұзыла бастайды. Олай болса, молекулалардың әсерлесуі тұрғысында термодинамика заңының жоғарыдағы тұжырымын түсіндіруге болады.

Термодинамиканың екінші заңының келесі тұжырымы жұмыс және жылу ұғымымен байланысты. Егер бір денені біраз қашықтыққа сүйреп алып барсақ, оған түсірілген күш тарапынан механикалық жұмыс істеледі. Бұл процесс кезінде істелінген жұмыс (жұмсалған энергия) толықтай жылуға айналады. Денелер арасындағы үйкеліс кезінде, олардың беттеріндегі молекулалардың орташа жылдамдықтары артып, дене температурасы жоғарылайды. Бұл процесс те қайтымсыз. Жылуға айналған энергияны қайтадан толықтай дененің механикалық энергиясына, яғни жұмысқа айналдыруға болмайды.

Дегенмен арнайы құрылған жылу машиналары жылу энергиясының біраз бөлігін механикалық жұмысқа айналдыра алады. Тәжірибе көрсеткендей, дененің ішкі энергиясын (температурасын) төмендету арқылы бөлінетін жылуды толықтай пайдалы жұмысқа айыналдыруға болмайды. Бұл, термодинамиканың екінші заңының екінші тұжырымы. Мысалы автомобиль тежегішін іске қосқан кезде, оның кинетикалық энергиясы, автомобиль дөңгелектері мен асфальт арасындағы, және тежеуіш механизмдері арасындағы үйкеліс әсерінен толықтай жылуға айналады. Бұл процесс бір бағытта ғана жүреді, яғни бөлінген жылу қайтадан автомобильдің кинетикалық энергиясына айналып, оны қозғалысқа келтіре алмайды. Осыны ескеріп, екінші заңды басқаша айтсақ, пайдалы әсер коэффициенті 100 пайыз болатын жылу машинасын жасау мүмкін емес дейміз. Сондықтан мұндай машинаны екінші типті мәңгі қозғағыш деп атаған (бірінші типті мәңгі қозғағыш деп, ешқандай энергия шығындамай пайдалы жұмыс жасайтын машинаны айтады). Жасаған көптеген тәжрибелер нәтижесі, мәңгі қозғағыштардың мүмкін еместігін көрсетті. Бір қарағанда екінші типті мәңгі қозғағышты жасау мүмкін сияқты көрінеді, себебі мұндай машина, бірінші типті қозғағыш сияқты емес, энергияны пайдаланар еді. Сондықтан, термодинамика заңдарын толық түсінбегендер осы кезге дейін мәңгі қозғағыштар «жасаумен» айналысып келеді.

Механикалық энергияны 100 пайыз жылуға айналдыруға болады, ал жылу энегиясын түгелдей механикалық энергияға айналдыруға болмайды. Кез келген жылу машинасын қоршаған ортадан толықтай оқшаулай алмаймыз. Реал жылу машиналарында, мейлі іштен жану қозғағыштары болсын, мейлі бу турбиналары болсын, температуралары әртүрлі денелерді тиістіруге тура келеді. Бұл кезде олардың арасында қайтымсыз жылу алмасу процесі жүреді. Іштен жану қозғағыштарында қозғағышты салқындататын сұйық, радиатор арқылы жылудың біраз бөлігін атмосферадағы ауаға береді. Бұл біз үшін шығын болған, қайтпайтын жылу. Қаншалықты тырысқанмен шығынсыз жұмыс істейтін машина жасау мүмкін емес. Тіпті әртүрлі температурадағы денелер өзара тиіспейтіндей, яғни қайтымсыз процесті болдырмайтын идеал машинаның өзінің пайдалы әсер коэффициентін 100 пайызға жеткізуге болмайды. Қайтымсыз процесті болдырмайтын машина Карно циклі бойынша жұмыс істейді. Ондай машина жылудың біразын пайдалы жұмысқа айналдырған соң бастапқы күйге келтірілу керек. Бірақ машина бастапқы күйге өздігінен келмейді, ол үшін сыртқы күштер жұмыс істеу керек. Цилиндр ішіндегі сығылған оталғыш қоспаны тұтатып жандырған кезде көп мөлшерде жылу бөлінеді, соның әсерінен цилиндрдегі қысым одан ары артып, поршеньді итеріп пайдалы жұмыс жасайды. Ал қоспаның келесі порциясын сығып, қозғағышты бастапқы күйге келтіру үшін сыртқы күштер (басқа цилиндірде тұтанған қоспалар) жұмыс істеп энергия шығындайды. Сондықтан, ең үнемді деген іштен жану қозғағыштарының пайдалы әсер коэффициенті 50 пайыздан аспайды. Ал жылу электр станцияларындағы бу турбиналарының пайдалы әсер коэффициенті бұдан да төмен, 30- 35 пайыз ғана. Алғашқыда қысымы мен температурасы жоғары болған бу, турбинаны қозғалысқа келтіріп жұмыс істеп шыққан кездегі қысымы мен температурасы, атмосферадағы қысым мен температурадан әлде қайда жоғары болады. Сондықтан ол бу өзімен бірге біраз энергияны алып кетеді. Жұмыс істеп шыққан буды жаңбырлатқыш қондырғыларда салқындатып, басқа суды ысыту арқылы шығынды біраз азайтуға болады, бірақ бәрібір жылуды 100 пайыз жұмысқа айналдыруға болмайды.

Қандай-да бір «өнертапқыш», пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі бойынша жұмыс істейтін машинаның пайдалы әсер коэффициентінен артық машина ойлап таптым десе, оған сенуге болмайды. Бұл деген, бөлмедегі мұз кесегінің өзінен өзі одан ары салқындау есебінен, бөлме температурасының артырумен бірдей болар еді.

Термодинамиканың екінші заңының тағы бір (үшінші) тұжырымын австриялық ғалым Л. Больцман ұсынды. Үшінші тұжырым, табиғаттағы жүйелердің реттілігі мен бейберекеттілігіне (хаос) байланысты түсіндіріледі.

Берілген жүйедегі бейберекеттік дәрежесін білдіретін, энтропия деп аталатын функция енгізіледі. Жүйенің реттілігі төмендеп, бейберекеттігі артқан сайын оның энтропиясы да артады. Егер алғашқыда ыдыстың екі бөлігінде екі түрлі газ бөлініп орналасқан болса, бұл реттелген күй болып саналады. Мұндай реттелген жүйені өзіне-өзін берсек, молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесінде жүйедегі реттілік төмендеп, газ араласа бастайды, яғни жүйенің энтропиясы арта бастайды. Газдардың араласуы қайтымсыз процесс. Олай болса, қайтымсыз процесс кезінде жүйенің энтропиясы өседі деген қортынды жасаймыз. Газдар толық араласқан кезде бейберекеттік ең шегіне жетіп, энтропия максимал мәнге ие болады Энтропияның максимал мәні жүйенің орнықты күйне сәйкес келеді. Мұндай күйдегі жүйе, егер сыртқы күштер араласпаса, өз бетінше реттелген күйге келе алмайды, орнықты күйден өз бетінше шыға алмайды яғни өздігінен газдар екі бөлінбейді. Олай болса, өзіне-өзі берілген тұйық жүйенің энтропиясы артып, максимал шамасына жетеді және оның энтропиясы бұдан былай өздігінен азаймайды. Жоғарыда қарастырған мұздың еру процесі кезінде, мұз кристалында реттеліп орналасқан су молекулалары сұйық күйге көшкенде бейберекет күйге келеді, сөйтіп олардың энтропиясы өседі. Сондықтан термодинамиканың екінші заңын, сыртқы ортамен энергия алмаспайтын тұйық жүйенің энтропиясы азая алмайды деп тұжырымдауға болады. Мұны энтропияның өсу заңы деп атайды.

Бұдан кез келген жүйенің энтропиясы азая алмайды деген қортынды жасауға болмайды. Егер суды тоңазытқышқа қойсақ, молекулалар кристалға бірігіп, жүйедегі реттілікті жоғарылатады, бұл процесс кезінде жүйенің энтропиясы азаяды. Бірақ су және тоңазытқыштан тұратын жүйе тұйық емес, тоңазытқышқа сырттан электр энергиясы беріліп тұр. Энтропияның өсу заңы тек тұйық жүйелер үшін ғана дұрыс.

Табиғатта болатын процестерді қайтымды және қайтымсыз деп екіге бөлуге болады. Жоғарыдағы тұжырымдардан, кез келген қайтымсыз процесс кезінде жүйенің энтропиясы өседі, ал қайтымды процес кезінде энтропия өзгеріссіз қалады деген қортынды жасауға болады.

Клаузиус бүкіл Әлемді тұйық жүйе деп алып, оған термодинамиканың екінші заңын қолдануға болады есептеген. Кәзіргі кездегі Әлем кеңістігіндегі материялар орнықсыз күйде екені белгілі. Кеңістіктегі материялардың таралуы біркелкі емес және оның түрлі бөліктеріндегі температуралар да бірдей емес. Олай болса, кеңістіктегі материялардың өзара әсерлесуі нәтижесінде біраз уақыттан кейін Әлемде тепе-теңдік орнап, Клаузиустың айтуынша, Әлем «жылулық өлім» деп аталатын, орнықты күйге келеді деп есептеген. Энтропиясы максимал болатын осындай орнықты күйден Әлем өз бетінше шыға алмайды деп саналған. Жасалған тәжрибелер мен теориялық зерттеулер мұның дұрыс емес екенін дәлелдеп отыр. Әлем үшін термодинамиканың екінші заңын қолдануға болмайды, себебі Әлем кеңістігі мен ондағы материялар жиыны тұйқ емес. Оған әсер ететін сыртқы Күш бар. Әлемді сырттай бақылап, ондағы реттілікті сақтап отырған күш, Әлемді жаратушы – Құдай. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесінде ғалымдар жаратушы күш бар екенін, яғни Құдайдың бар екенін мойындауға мәжбүр болып отыр. Әрине, бұл мақала шеңберінде ондай зерттеулер туралы толық мағлұмат беру мүмкін емес, дегенмен ондай зерттеулер нәтижелері, күмән келтіруге болмайтындай – шындық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі