400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Табиғи қышқылдар. Индикаторлар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.3А Химиялық реакциялар

Күні:

Сынып: 7

О.Қ.О Арыс қаласы

С.Қожанов атындағы ж.о.м.

Химия пәні мұғалімі:

Исмагулова Насихат

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

Тақырыбы:

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

Оқу мақсаты: 7.3.4.1 - «қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Табиғи қышқылдар мен сілтілер туралы түсінік береді. Индикаторларды ажырата алады

Басым бөлігі: Индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды. Қышқылдардың бейтараптау реакциясын біледі

Кейбірі: Химиялық индикаторлардың әртүрлі түстерінің өзгеруіне нақты мысалдар келтіреді. Қышқылдардың қолдану аясын, қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау ережелерін біледі

Бағалау критерилері:

Табиғи қышқылдар мен сілтілерді атайды және олардың қасиеттерін біледі

Әмбебап индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды

Тілдік мақсаттар:

- оқушылар индикатор көмегімен қышқыл, сілтілерді ажыратып бере алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қышқыл, сілті, индикатор, лакмус, метилоранж, фенолфталеин

Сыныптағы диалог: :

  1. Қышқылдар мен сілтілер туралы не білеміз?

  2. Индикаторлардың қандай түрлері бар?

  3. Индикаторлардың аттарын ата?

  4. Қышқылға лакмус құйғанда қандай түске өзгереді?

  5. Фенолфталеиннің бейтарап ортадағы түсі қандай?

Құндылықтарға баулу:

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Оқушыларға мемлекетіміздің және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екендігін ұғындыру

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

Алдыңғы білім:

6.3.2.3 бейтараптану үдерісін түсіндіру


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі:

(2 мин)














(2 мин)


















(10 минут)










Сабақтың ортасы:



(8 минут)































(8-минут)



















(8-минут)













(5-минут)


Жағымды ахуал қалыптастыру.

«Жақыныңа тілек айт» әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне деген жақсы лебіздерін тыңдау арқылы назарын сабаққа аудару


Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі

Әр оқушы қызыл, көк, сары түске боялған қиындылардағы әріптерді таңдап алады.Түсіне қарай 3 топ болып отырады. Әріп қиындыларын құрастырғанда қышқылдар, негіздер, индикаторлар деген сөз шығады. Осы бойынша 3 топқа бөлінеді

1-топ. Қышқылдар

2-топ. Негіздер

3-топ. Индикаторлар.

Топтың аты арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.

Қауіпсіздік ережелерін белгілері арқылы қышқылдармен, негіздермен қалай жұмыс жасау керектігі еске түсіріп өтіледі.



І. «Ой қозғау» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру

Тапсырма 1. Топтық жұмыс.

(қолдана білу, жүйелеу)

3 топқа сұрақтар беріледі сол бойынша оқушылар постер құрастырады

1.Ауа құрамы неден тұрады?

2.Жану реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір

3. Ауа қандай?

Смайликтер арқылы бағаланады

Дескриптор

1.Ауа құрамын жазады

2.Жану реакциясына мысал келтіреді

Тыңдалым 1

Мұғалімнің түсіндірмесі.

1. Қышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады. Мысалы, көптеген жемістерге олардың құрамындағы қышқылдар қышқыл дәм береді. Лимон, алма қышқылы деген атаулар осылай пайда болған. Көптеген минералды қышқылдар, мысалы, күкірт, азот, тұз қышқылдары түссіз сұйықтықтар. Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін мұқият орындау керек. Өйткені қыш қылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті бар.

2. Сілтілер көптеген органикалық заттарды күйдіретін заттар. Олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаған жөн. Сілті ерітіндісі қолға сабын тәрізді білінеді.

3. Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар болады. Ондай заттар индикаторлар ( лат. Indicator — көр­ сеткіш) деп аталады. Олардың ішінде жиі қолданылатыны — лакмус, метилоранж және фенолфталеин.


Жазылым 1. Тапсырма 2. Топтық жұмыс.

/оқиды, жазады, түсіндіреді/

ІІ. «Фишбоун» әдісі арқылы 3 топ тапсырмасы

1топ - Қышқылдарға жалпы мағлұмат береді

2топ - Негіздерге жалпы мағлұмат береді

3топ - Индикаторларға мағлұмат береді



Дескриптор

  1. Қышқылдар мен негіздерге анықтама береді, ажырата алады

  2. Индикатолармен жұмыс жасайды

Түрлі түсті қиындылар арқылы бағаланады


Тапсырма 3.

( зерттеу)

ІІІ. «Оқы, түсін, жасап көр» әдісі бойынша

1 топ - қышқыл ерітіндісіне 2 тамшыдан индикатор қосып кестені толтыр

2 топ - негіз ерітіндісіне 2 тамшы индикатор қосу арқылы кестені толтыр

3 топ – бейтарап ортада индикатор қалай өзгереді /ҚБ 45 бет/

Индикатордың атауы

Индикатордың түсі

Бейтарап орта

Қышқыл орта

Сілтілік орта

лакмус




фенолфталин




метилоранж




Бағдаршам түстері арқылы бағаланады

Дескриптор

1.Өздігінен жұмыс жасап, нәтижесін жазады


Жеке жұмыс арқылы тақырыпты пысықтау

(тұжырымдау, саралау)

ІV. «Қар кесегі» әдісі бойынша бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

Қышқылдар құрамында сутегі кездеседі. .....

Смайликтер арқылы бағаланады






Қауіпсіздік ережелері

белгілері




















Плакат

Маркер






































Picture 2
















Сабақтың соңы:

(2мин)






Кері байланыс. «INSERT» әдісі

Бағалау: қалыптастырушы бағалау

Үйге тапсырма:

Индикатор дайындау. Ол үшін майлық қағаз (салфетка), қарақат тосабы немесе орамжапырақ шырыны керек. Осы ерітінділерді қағазға тамызып, кептіріңдер. Кепкен қағазды бірнеше бөлікке бөліп, сіркесуының, ас содасының ерітіндісіне және суға батырыңдар. Индикатор түсінің өзгеруін бақылаңдар.






















Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды түгел қамту үшін “жеңілден күрделіге қарай” бағытталған топтық тапсырмалар арқылы жұмыс жасай отырып, қолдау көрсету. Тапсырма:

  1. Қышқылдармен немесе негіздермен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

  2. Дәптерге кесте сызып мына металдарды екі бағанға бөліп жа­ зыңдар. K, Hg, N, H, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au.

Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыратын металдар

Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстырмайтын металдар




⃰Оқушылардың сабақ басындағы ауызша және жазбаша сұрақтарының жауаптарын бақылай отырып смайликтермен бағалау.

⃰*Жеке бақылау жүргізеді.

*Оқушылар өзара бақылайды.

Смайликтер

Бағдарша

Түрлі-түсті қиындылар

Сабақтың басында сыныпта ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында «Жақыныңа тілек айт»әдісін пайдаланамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі