400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Табиғи қышқылдар және сілтілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: -Табиғи қышқылдық, сілтілік қасиеттері бар заттарды біледі. Басым оқушылар : -Табиғи қышқылдарды таниды. - Табиғи сілтілерді таниды Кейбір оқушылар: -Химиялық индикаторлардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Ақши ауылы

М.Төлегенов атындағы ЖББОМ КММ

Пән мұғалімі:Сқақ Айнұр Сарқытжанқызы

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 6-КЛАСС

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың жіктелуі.

Сабақ тақырыбы: §24 Табиғи қышқылдар және сілтілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: -Табиғи қышқылдық, сілтілік қасиеттері бар заттарды біледі.

Басым оқушылар : -Табиғи қышқылдарды таниды.

- Табиғи сілтілерді таниды

Кейбір оқушылар: -Химиялық индикаторлардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін көрсетеді.

Бағалау критерийі: 1. Табиғи қышқылдар мен сілтілерді таниды

2. Табиғи қышқылдар мен сілтілердің қасиеттерін түсінеді

3. Химиялық индикаторлардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін көрсетеді

Пәнге қатысты лексика мен терминология Қышқыл,сілті,индикатор,хлорсутек,антацидті заттар,бейтараптану реакциясы

Құндылық тарға баулу: Сын тұрғысынан ойлау,жауапкершілік,өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыс: Биология,география

Алдыңғы білім :Ертінді ортасының түрлері

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері:

Сабақтың басы: Әр оқушы аквариумде тұрған кішкене жылтыр алтын балықтарды бір-бірлеп алып, барлық тілектерін орындайтын алтын балықтың үстіне арман тілектерін жазады.Алтын балықтың артында жазылған цифрлармен сәйкестендіріп 3 топқа бөлініп отырады.

Алдыңғы бөліміге шолу:

Бос орынды толтыр Топтық жұмыс

Тапсырма әр оқушыға қима қағаздары арқылы таратылып, тапсырманы тексеру үшін көршілес топқа береді.Жауапты гүл түстерімен бағалайды. Дұрыс жауабы интербелсенді тақтаға шығарылады.

Оқушылар бір- бірін бағалайды

Протон саны

Нейтрон саны

Электрон саны

Элемент

7 p

7n

7e


20 p

20 n

20 e


11 p

12 n

11 e


9 p

10 n

9 e


17 p

18 n

17 e


Сабақтың ортасы:

1.Қызығушылықты ояту: «Құпия хат»

Құпия хат арқылы бүгінгі тақырыпты ашу:

2 « Сурет үстел үстінде» әдісі бойынша топтық жұмыс:

Тапсырма:

Төменде берілген заттарда қандай ортақ қасиеттері бар? Осыған ұқсас қасиеттері болатын қандай заттарды білесіз? Өзіңіз мысал келтіріңіз

Айран, қымыз, сүт тағамдарының, қарақаттың, лимонның, апелсинің, піспеген жеміс- жидектердің суреттері бейнеленген. Осы суреттегі заттардың дәмдері қандай болады екен ?
Ендеше оқушылар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қышқыл дәм беретін заттар жөнінде


Дескрипторлар

Балл

1. табиғи қышқылдарды суреттер көрсетеді.

2.қышқылдардың қасиеттерін сипаттайды

2. табиғи қышқылға мысал келтіреді

1

1

1

Қауіпсіздік ережесі:

Қышқылмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаңдар. Лабораторияда белгісіз қышқылдың дәмін татып көруге болмайды, ол ауыз қуысын, тамақты күйдіруі мүмкін. Пробиркадағы суға қышқыл құю керек.Қышқылға су құйсаңыздар шашырап күйіп қаласыздар.

Сергіту сәті: «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

Тақырып түйіні: Қышқылдар- сутегі атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат.

/аш-хлор/,/аш-екі-эс –о-төрт//це-аш-үш-це-о-о-аш/

Табиғи қышқылдар-алма қышқылы,лимон қышқылы,аскорбин қышқылы,құмырсқа қышқылы.

Минералды қышқылдар-күкірт,азот,тұз түссіз сұйықтар.

Сілтілер-олар металл атомдарынан және гидроксид топтарынан тұрады.

Натрий гидроксиді,калий гидроксиді./натрий –о-аш, калий –о-аш/

Қышқыл мен сілтінің арасындағы айырмашылық қандай?

-Бір-біріне қарама-қарсы;

-Қышқылдар қышқылдық орта, сілтілер-сілтілік орта түзеді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Қышқылмен сілтіні ажыратып жазыңдар?

1.Н3РО4 2.КОН 3.NaOH 4.H2SO3 5.НNO3 6.HCI

Суретте берілген тәжірибені жүргізіңіз. Қолдарыңыздағы бар заттармен мини жоба жасаңыз

Тақырыбы:

Зерттеу нысаны:

Мақсаты:

Қорытынды:

Ашыған орамжапырақ сөлі, лимон қышқылы, айранның ас содасының арасында жүретін бейтараптану реакциясы.

Сіздерге жұмысты жүргізу үшін: тамшуыр, ашыған орамжапырақ сөлі, лимон қышқылы, айран қажет.

Қауіпсіздік ережесі

Тәжірибені жүргізу үшін сіздерге заттардың азғана мөлшері қажет;

Заттардың киімге, теріге, көздеріңе тиіп кетуінен сақтаныңыздар.

Жеке ыдыстарға аз ғана ашытылған орамжапырақ сөлін, лимон қышқылын және айранды құйыңыз. Лимон қышқылын еріту үшін үстіне су құйыңыз.Әрбір ыдысқа қасықпен ас содасының азғана мөлшерін қосыңыз.

Не байқалады?

Тәжірибеден күтілетін нәтижені болжаңыз.

Дескриптор

қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, зерттеу жүргізеді;бейтараптану реакциясын практикалық тұрғыда сипаттайды;өз бақылауына қорытынды жасайды.

Сабақтың соңы:

« Ми шабуылы» сұрақтары:/оқулықпен жұмыс/

Рефлексия. «Біздің топ қай басқышта?»

Бүгінгі сабақты түсіндік – 4-5 басқыш

Бүгінгі сабақты қиындықпен түсіндік – 3-2 басқыш

Бүгінгі сабақты түсінбедік – 1 басқыш

Қортынды: Бұл сабақта бағалау табиғи қышқылдар мен табиғи сілтілерге қажетті түсініктерді еске түсіру үшін сұрақтар қою кезінде топқа бөлу. Топтық және жеке жұмысты орындау барысында жүргізіледі.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
4344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі