400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: қазақ тілі

Күні:

Балқаш қаласы ЖББ № 9 орта мектебі

Сыныбы: 9

Мұғалімнің аты-жөні: Усенова Саркытгуль Оразбековна

Бөлім тақырыбы

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортаны қорғау

Оқу мақсаты

9.1.3.1 . Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу.

9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы

Қоршаған ортаны қорғау туралы мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыру

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану,

Оқушылардың көбі

Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі туралы тұжырымдау

Оқушылардың кейбірі

Қоршаған ортаны қорғау жолын ұсыну.

Бағалау критерийлері

Өмірлік мәселелермен байланыстыруда нақты мысалдар келтіреді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер арасындағы үтірді қолданады.

Тілдік мақсаттар 

Дағдыларды дамыту:

тыңдалым, айтылым, сыни тұрғыдан ойлау, жұппен, топпен жұмыс.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мәтін сөздігінде: Макрожүйе, биосфера, нооэкология, ресурс, энергия, ұстаным, тұтыну, сұрыптау.

Талқылау сұрағы

Не себептен қоршаған ортаны қорғау қажет?

Құндылықтарды қалыптастыру 

Өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Оқыту

Сабақ кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Саралау

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ басы

3минут







2 минут






1-тапсырма: «Хайуанаттар бағында» әдісі

Мақсаты: Психологиялық ахуал. Топқа бөлу

Нұсқаулық:

1.Туған мезгілдеріңізге байланысты сапқа тұрып, 1-3-ке дейін саналыңыздар;

2. Көздеріңізді жұмып, 1-лер мысықтың дауысын, 2-лер күшіктің,3-тер әтештің дауысын салып, топ мүшелерін табыңыздар.

2-тапсырма: «Ой шақыру» әдісі

Мақсаты: Тақырыпты болжау.

Нұсқаулық:

1. Суреттерге назар аударыңыздар;

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Суреттерді қандай тақырып біріктіреді?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

Слайд-1.

  • Сабақ мақсатын оқыңыздар.

  • Сабақ мақсаты бойынша бағалау критерийлерін жасаңыздар.

  • Бағалау критерийлерімен салыстырыңыз

Оқушылар топта бір-біріне қолдау көрсетеді. Мұғалімнің нұсқаулығы арқылы орындалады.

Мақсатқа жету үшін оқушыларға қоршаған ортаны қорғау тақырыбында суреттер ұсынылады. Тапсырма сыныппен орындалып, қолдау көрсетіледі. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды.



Оқушылар бір-біріне басбармақ әдісі бойынша кері байланыс береді

Оқушылар мұғалімнен кері байланыс алады. Бір-бірін «қошамет» әдісімен бағалайды.

Сабақ ортасы

7 минут





















13 минут

































































6 минут





















6 минут

3-тапсырма: «Цикл органайзері» әдісі

Мақсаты: жаңа сөздермен танысу

Нұсқаулық:

Жаңа сөздерден 2 сөз таңдаңыз;

Сол сөздер бойынша органайзерді толтырыңыз;

Жұмыстарыңызды өзге топтарға «Қабырға стратегиясы» бойынша таныстырыңыз.

Схема 1


Сөздер:Макрожүйе, биосфера, нооэкология, ресурс, энергия, ұстаным, тұтыну, сұрыптау.

Дескрипторлар:

Сөздердің анықтамасын дұрыс береді;

Сөздердің синонимдерін дұрыс анықтайды.

Сөздердің антонимдерін дұрыс анықтайды.

Сөздермен сөйлемді сауатты жазады.

4-тапсырма «Жүгіртпе диктант» әдісі.

Мақсаты:Қоршаған ортаны қорғау туралы мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыру.

Нұсқаулық:

Әр топтан 1оқушы А, Ә, Б азат жолындағы мәтінді оқып, бір азатжолын есте сақтаңыздар;

Есте сақтаған ақпаратыңызды тобыңыздағы оқушыларға жазғызыңыз.

(5 минут).

Топпен жазған диктант мәтіндегі ақпаратты кестеге толтырыңыздар (5 минут).

Диктант мәтіні

Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу объектісіне биологиялық макрожүйелер және олардың кеңістіктегі өзгерістері жатады. Экология ғылымының мақсаты –адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

А)Қазіргі кездегі адамдардың табиғатқа қатысты істеп жатқан әрекетіне қарап отырып, адамдарды парасатты, ақылды және өз болашағы туралы ойлайды дегенге сену қиын. Табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалану, жауапсыздық немесе жай пайданың соңына түсу көптеген экологиялық апаттарға және қоршаған ортаға орны толмас шығын алып келді. Соңғы он жылдықта Жер халқының саны артты және адамның пайдаланатын ресурстары мен энергиясының мөлшері көбеюде. Бұл жағдайда адамзаттың қоршаған ортаға тигізетін әсері көңілге қорқыныш ұялатады.

Ә)Адамдар табиғи қоршаған ортаға тигізетін әсерін барған сайын ұғынуда. Сондықтан олар өз әрекетін өзгертіп, сондай-ақ басқаларға ескертіп, тәлім бере отырып, залалды болдырмауға тырысуда. Қоршаған ортаны қорғай отырып, олар сондай-ақ өздерін де қорғайды. Қоршаған ортаны қорғау үшін әр түрлі топтар мен бірлестіктер құрылған. Бұл топтардың жиналыстары да қауіп-қатер туралы әр түрлі ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік береді.

Б)Табиғи қоршаған орта жөніндегі қамқорлық қоршаған ортаға достық пейілмен қарайтын өмірлік ұстанымды да қамтиды. Ол ауаны автомобильмен ластаудың деңгейін төмендетеді және тұтынатын энергияның немесе судың мөлшерін азайтады. Сондай-ақ қалдықтарды шығаруды шектейді және қалдықтарды қайта пайдалануды оңайлату мақсатында сұрыптауды жақсартады.


Аспектілер

Жауап

Экология ұғымына түсінік



Әлем

Қазақстан

Қазіргі экологиялық жағдайы



Болашаққа жағымсыз болжам



Шешу жолдары



Болашаққа жағымды болжам



Қорытынды


Дескрипторлар:

Жауапта мәтін мазмұнын қолданады.

Жауапта өмірлік мәселелермен байланыстыруда нақты мысалдар келтіреді.

5-тапсырма: «Уақыт капсуласы» әдісі

Мақсаты:Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі туралы тұжырымдау. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану,

Нұсқаулық:

«Қоршаған ортаны қорғау» мәселесі бойынша ойыңызды болашақ ұрпаққа жазыңыз.




Құрмалас сөйлем пунктуациясы

1-жай сөйлем

үтір

2-жай сөйлем

........... білгендіктен

,

........ пайдаланбадым.

Дескриптор:

Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі туралы ойларын жазады.

Жауаптарын құрмалас сөйлем түрінде жазады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер арасындағы үтірді қолданады.

Көлемі 7-8 сөйлем.

6-тапсырма «ТВ шоу» әдісі

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау жолын ұсыну.

Нұсқаулық:

«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына арналған «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізіңіздер;

Сыныптан 1 оқушы шоудың жүргізуші рөлінде сұхбат жүргізеді;

Сыныптан 2 оқушы эколог рөлінде сұрақтарға жауап береді;

Оқушылар сұрақтар қойыңыздар.

Дескрипторлар:

Сұрақ пен жауап тақырыптар аясында;

Жауаптар өмірден алған фактілермен дәлелденеді.

Оқушылар сұрақ қояды

Тапсырманы орындау үшін сөздер, органайзер, онлайн сөздік ұсынылады. Тапсырма топта орындалып, қолдау алады.



















Тапсырманы орындау үшін диктант мәтіні беріледі. Тапсырма топта орындалады. Кесте ұсынылады.






























































Тапсырманы орындау үшін оқушыларға құрмалас сөйлем пунктуациясы бойынша кесте беріледі.





Тапсырма деңгейі жоғары оқушыларға арналған, тапсырма сыныппен жүргізіліп қолдау алады.

Оқушылар мқғалімнің ауызша кері байланысын алады. Оқушылар бір-бірін дескрипторлар бойынша тексереді. «От шашу» әдісімен бағалайды.


















Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. «бас бармақ» әдісімен бағалайды.




















































Оқушылар бірін-бірі дескриптор бойынша тексеріп, «бағдаршам» әдісімен бағалайды.













Оқушылар дескриптор бойынша «қошамет» әдісімен бағалайды.




Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия. «Кемпірқосақ» тәсілі

Мақсаты:сабақ бойынша кері байланыс жасау

Нұсқаулық:

Т ақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдеріңіз жазылған стикерлерді желімдеңіздер.

Ең төменгі түстен ең жоғары орналасқан түске стикерлерді желімдеу арқылы өздеріңіздің сабақтағы түсінік деңгейлеріңізді білдіріңіздер.

Оқушыларға стикер беріледі, кемпірқосақ суретін тақтаға іледі.

Оқушылар өздерін бағалайды.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?

Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме










Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан –да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі