Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғи ресурстардың жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи ресурстарды түрлі белгілері бойынша (сарқылуы, пайдаланылуы, тегі) жіктеуді үйрену және жергілікті өңірдің ресурстарын мысалға ала отырып, олардың орналасу заңдылықтары мен себеп-салдарлық байланыстарын талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін________________________

Білім беру ұйымының атауы

Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы білім бөлімінің

«№19 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Пәні:

География

Бөлім:

5 Экономикалық география. 5.1 Табиғи ресурстар

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Бекболатқызы Ұлпан

Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғи ресурстардың жіктелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7. 5. 1. 1 табиғи ресурстарды жіктейді

7. 5. 1. 2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды

Сабақтың мақсаты

Табиғи ресурстарды түрлі белгілері бойынша (сарқылуы, пайдаланылуы, тегі) жіктеуді үйрену және жергілікті өңірдің ресурстарын мысалға ала отырып, олардың орналасу заңдылықтары мен себеп-салдарлық байланыстарын талдау.

ЕББҚ: Мұғалімнің көмегімен немесе суретті тірек-схемалар арқылы табиғи ресурстарды ажырата білу және өз аймағындағы ең негізгі 2-3 ресурс түрін (мысалы: су, топырақ, көмір) атай алу.

Құндылық

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Дәйексөз

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин






3 мин

















3 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сыныпты түгелдеу, сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Тренинг

«Цитата»

Оқушылар цитата тренингі арқылы қазақтан шыққан ұлы тұлғаларының цитаталарын анықтайды

Автор

Танымал цитата

Абай Құнанбайұлы

«Ғылым таппай мақтанба.»

Абай Құнанбайұлы

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»

Ахмет Байтұрсынұлы

«Мектептің жаны – мұғалім.»

Ахмет Байтұрсынұлы

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»

Әл-Фараби

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.»

Әл-Фараби

«Ғылымсыз адам – қанатсыз құс.»

Шоқан Уәлиханов

«Ғылым – халықтың шамшырағы.»

Шоқан Уәлиханов

«Білімді халық – күшті халық.»

Мұхтар Әуезов

«Ел болам десең, бесігіңді түзе.»

Ыбырай Алтынсарин

«Кел, балалар, оқылық!»


Өткенге шолу

ІІІ тоқсан бойынша өткен ақпараттар бойынша сұрақтарға жауап береді

«Сұрақ - жауап» әдісі

  1. Этнолингвистикалық жіктеудің басты көрсеткіші не және әлемдегі ең ірі тілдік семьяны атаңыз?

  2. Үндіеуропалық тілдік семьясына кіретін кем дегенде үш тілдік топты атап көрсетіңіз.

  3. Дүниежүзіндегі ең көп таралған үш әлемдік дінді атаңыз.

  4. Ұлттық діндер мен әлемдік діндердің басты айырмашылығы неде? (Мысалы: индуизм мен исламды салыстырыңыз).

  5. Ислам дінінің негізгі таралған аймақтарын (географиялық орналасуын) көрсетіңіз.

  6. Буддизм діні қай аймақтарда басым және оның пайда болған орталығы қай жер?

  7. Тарихи-мәдени аймақ дегеніміз не және оның қалыптасуына діннің әсері қандай?

  8. Латын Америкасы тарихи-мәдени аймағының қалыптасуына қай тілдік топ пен қай дін шешуші ықпал етті?

  9. Неліктен Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азия біртұтас Араб-мұсылман аймағына біріктіріледі?

  10. Этникалық құрамы бойынша бірұлтты және көпұлтты мемлекеттерге екі-екіден мысал келтіріңіз.

Мұғаліммен амандасып, кезекші оқушы сыныптағы оқушылардың санын баяндайды


Оқушылар «Цитата» тренингі арқы сабақтың басында қолайлы атмосфералық ахуал қалыптастырады








«Сұрақ - жауап» әдісі арқылы

Өткенге шолу кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береді.


(ҚБ) мұғалім

1-10 балл аралығында бағалайды






















Дескриптор

Жалпы:2 балл

1.Халық географиясы бөліміне жауап береді;2 б





























https://wordwall.net/ru/resource/110257422

Сабақтың ортасы

2 мин






3 мин








3 мин

















8 мин






























































2 мин






8 мин






































6 мин

«Адал азамат»

бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған нақты мысал келтіріледі.

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» Дәйексөзіне мысалдар келтіреледі


Жаңа сабақ

«Puzzle» әдісі

Оқушылар жаңа тақырыпты puzzle әдісі арқылы сабақтың тақырыбы анықталады

Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?


Мағынаны тану

«INSERT» әдісі (көре отырып белгілейді)

Бейнероликті көру кезінде кесте толтырады:

Белгі

Мағынасы

Мысал

Бұрын білетінім


+

Жаңа ақпарат


Түсініксіз


?

Қосымша білгім келеді


Бейнеролик тақырыбы: Табиғат ресурстарының жіктелуі

  • Сарқылатын табиғат ресурстары?

  • Сарқылмайтын табиғат ресурстары?


1.Тапсырма

«Мәтінмен жұмыс» әдісі

(ТЖ) Топтық жұмыс

(ФС тапсырмасы)

Оқушылар мәтінді пайдаланып топтық жұмыстарды орындайды. Табиғат ресурстарын жіктейді. Қазақстандық компонеттерді қамтиды

Табиғи ресурстар — бұл адамзаттың өндірісі мен тұрмысына қажетті табиғат элементтері. Олар шығу тегіне қарай бірнеше топқа жіктеледі:Литосфера (Минералды): Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар (мұнай, көмір, металдар).Гидросфера (Су): Өзендер, көлдер және жер асты сулары.Атмосфера (Климаттық): Күн энергиясы мен жел күші.Биосфера (Биологиялық): Орман, жануарлар мен құнарлы топырақ.Қазақстан — әлемдегі табиғи ресурстарға ең бай елдердің бірі. Еліміздің батысында мұнай мен газ (Каспий маңы), орталығы мен шығысында металл кендері (Сарыарқа, Алтай), ал солтүстігінде құнарлы қара топырақ пен бидай алқаптары шоғырланған. Бұл таралу заңдылығы жердің геологиялық құрылысы мен климаттық белдеулерге тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтарда өзен суы мол болса, жазық далалы аймақтарда жел мен күн энергиясын алу мүмкіндігі жоғары.

1-топ: «Сарапшылар» (Экологиялық жіктеу)

Тапсырма: Мәтінде аталған ресурстарды «Сарқылатын» және «Сарқылмайтын» деп екі топқа бөліп жазыңдар.

Тізім: Мұнай, Күн энергиясы, Көмір, Жел, Темір кені, Табиғи газ.

  • Талдау: Неліктен мұнай мен көмірді «сарқылатын» ресурс дейміз? Олар таусылған жағдайда адамзат не істеуі керек?

  • Сұрақ: Орман ресурсын «қалпына келетін» топқа жатқызуға бола ма? Неге?

2-топ: «Картографтар» (Географиялық таралу)

Тапсырма: Қазақстанның картасына (немесе мәтінге) сүйеніп, ресурстардың қай аймақта орналасқанын сәйкестендіріңдер:

    1. Батыс Қазақстан -А) Көмір мен металл кендері

    2. Орталық Қазақстан - Ә) Мұнай мен газ

    3. Солтүстік Қазақстан - Б) Құнарлы топырақ пен егін

  • Талдау: Неліктен Қазақстанның батысында мұнай көп, ал орталығында металл көп? (Жер бедері мен геологиялық құрылыстың әсерін түсіндіріңдер).

3-топ: «Технологтар» (Пайдалану заңдылықтары)

Тапсырма: Мәтінді пайдаланып, табиғи сфералар мен ресурстарды сәйкестендіріңдер:

    • Литосфера — ________________________

    • Гидросфера — ________________________

    • Атмосфера — ________________________

    • Биосфера — ________________________

  • Талдау: Қазақстанның оңтүстігінде күн энергиясын, ал батысында жел энергиясын дамыту неліктен тиімді? Бұл қандай заңдылыққа (климатқа ма, әлде жер асты байлығына ма) байланысты?

  • Сұрақ: Табиғи ресурстарды үнемдеудің бір жолын ұсыныңдар.

Тапсырма бойынша: Оқушылар табиғи ресурстарды ғылыми негізде жіктеуді меңгеріп, Қазақстанның физикалық-географиялық ерекшеліктері мен ресурстардың орналасуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты талдау дағдысын қалыптастырады.


ҚЫЗЫҚ ЕКЕН

Табиғат ресурстары туралы қызықты информациялар таныстырылады




2. Тапсырма

«Логикалық тізбек» әдісі

(ЖТ)Жеке жұмыс

(ФС тапсырмасы)

Төмендегі табиғи ресурстарды тиісті сферасымен (Литосфера, Гидросфера, Атмосфера, Биосфера) және сарқылу түрімен (Сарқылатын немесе Сарқылмайтын) сәйкестендіріп, бос орындарды толтырыңыз.

  1. Көмір ———> [Литосфера] ———> (Сарқылатын)

  2. Жел ———> [..........] ———> (..........)

  3. Орман (ағаш) ———> [..........] ———> (..........)

  4. Өзен суы ———> [..........] ———> (..........)

  5. Мұнай ———> [..........] ———> (..........)

  6. Күн сәулесі ———> [..........] ———> (..........)

  7. Жануарлар әлемі ———> [..........] ———> (..........)

  8. Табиғи газ ———> [..........] ———> (..........)

  9. Топырақ ———> [..........] ———> (..........)

  10. Жер асты жылуы ———> [..........] ———> (..........)

Тапсырма бойынша: Оқушы табиғи ресурстардың пайда болу тегі мен олардың сарқылу деңгейі арасындағы логикалық байланысты орнату арқылы географиялық нысандарды жүйелеу және жіктеу дағдысын жетілдіреді.


3. Тапсырма

(ЖТ)Жеке тапсырма

«Викторина» әдісі

Оқушылар тақырыпты викторина әдісі арқылы бекітеді

1-сұрақ: Қалпына келетін ресурстарға не жатады?

А) Алтын, күміс Ә) Орман, топырақ Б) Мұнай, газ

2-сұрақ: Энергияның сарқылмайтын көзі қайсы?

А) Тас көмір Ә) Уран Б) Күн сәулесі

3-сұрақ: Литосфера сферасына жататын ресурсты атаңыз:

А) Пайдалы қазбалар Ә) Өзен суы Б) Жануарлар

4-сұрақ: Қазақстанның қай аймағында мұнай мен газдың ең ірі қорлары шоғырланған?

А) Солтүстік Қазақстан Ә) Батыс Қазақстан Б) Оңтүстік Қазақстан

5-сұрақ: Биосфера ресурстарына не жатады?

А) Жел мен жаңбыр Ә) Өсімдіктер мен жануарлар Б) Көлдер мен теңіздер

6-сұрақ: Қазақстан әлемде Уран өндіруден нешінші орында?

А) 1-орын Ә) 5-орын Б) 10-орын

7-сұрақ: Сарқылатын, бірақ қалпына келмейтін ресурс қайсы?

А) Таза ауа Ә) Балықтар Б) Табиғи газ

8-сұрақ: Қазақстанның солтүстігінде қандай ресурс түрі басым таралған?

А) Мұнай Ә) Құнарлы қара топырақ Б) Мыс кені

9-сұрақ: «Жасыл энергия» деп қандай ресурстарды атайды?

А) Көмір мен ағаш Ә) Күн, жел, су энергиясы Б) Бензин мен дизель

10-сұрақ: Ресурстардың таралуы ең алдымен неге байланысты?

А) Халық санына Ә) Жердің геологиялық құрылысы мен климатқа Б) Мемлекеттің шекарасына

Тапсырма бойынша: Оқушы жылдам шешім қабылдау арқылы табиғи ресурстардың жіктелуі мен Қазақстан географиясына қатысты деректерді есте сақтау және жаңғырту дағдысын шыңдайды.


Апта дәйексөзі және құндылыққа байланысты нақты мысалдар келтіреді


Оқушыларға «puzzle» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Сабаққа мақсат қояды


Insert әдісі арқылы тақырып бойынша бұрын білетін ақпараттарын белгілеп жаңа ақпараттарды анықтайды








Оқушылар мәтінмен жұмыс әдісі арқылы тапсырманы орындайды

Туған өлкенің табиғи байлығын зерттеу арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезім оянып, ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген экологиялық жауапкершілік құндылығы нығаяды.







































Тақырып бойынша қызық информация беріледі


Оқушылар логикалық тізбек әдісі арқылы тапсырманы орындайды

Ресурстардың сарқылатын сипатын талдау арқылы оқушының бойында қоршаған ортаның шектеулі байлығына деген ұқыптылық пен табиғатты қорғауға бағытталған азаматтық жауапкершілік құндылығы қалыптасады.










Оқушылар «викторина» әдісі бойынша сөйлемдерді толықтырады

Интеллектуалды жарыс арқылы оқушының өз елінің табиғи әлеуетін тануға деген қызығушылығы артып, ұлттық байлықты мақтан ету құндылығы нығаяды.

Жауаптар кілті: 1. Ә, 2. Б, 3. А, 4. Ә, 5. Ә, 6. А, 7. Б, 8. Ә, 9. Ә, 10. Ә.

«Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.






























Дескриптор.

Жалпы 3 балл

1. Мәтінді пайдаланып, табиғи ресурстарды сарқылу деңгейіне қарай (сарқылатын/сарқылмайтын) қатесіз топтастырады.1 б

2. Қазақстанның аймақтары мен оған тән ресурстарды (батыс, орталық, солтүстік) сәйкестендіріп, таралу себебін геологиялық тұрғыдан түсіндіреді.1 б

3. Табиғи сфералар мен ресурс түрлерін дұрыс байланыстырып, баламалы энергия көздерінің тиімділігі туралы дәлелді қорытынды жасайды. 1 б

































Дескриптор.

Жалпы 3 балл

1.Табиғи ресурстардың қай сфераға жататынын (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера) қатесіз анықтайды.1 б

2.Ресурстарды экологиялық жіктелуіне (сарқылатын/сарқылмайтын) қарай дұрыс ажыратады.1 б

3.Барлық 10 логикалық тізбекті логикалық тұрғыдан дұрыс аяқтайды.














Дескриптор

Жалпы 2 балл

1.Табиғи ресурстардың жіктелуін (сарқылатын/сарқылмайтын) және табиғат сфераларына (литосфера, биосфера т.б.) жататын түрлерін ажырата алады.1 б

2.Қазақстанның ресурстық әлеуетін (уран, мұнай, топырақ) және олардың аймақтық таралу заңдылықтарын толық меңгергенін көрсетіп, викторина сұрақтарының кемінде 80%-ына (8-10 сұрақ) дұрыс жауап береді. 1 б










https://www.jigsawplanet.com/?rc=play&pid=259df1c23b38




https://youtu.be/7wX-4mV8oRI














https://geo-301.my.canva.site/c4yeds1ndq0aqhxw

































































































https://wordwall.net/ru/resource/110259734

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«3–2–1» әдісі

3 жаңа ақпарат

2 қызық нәрсе

1 әлі де сұрағым бар дүние
жазады.


Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу

Оқушы жаңа тақырыпты қорытындылап бүгінгі сабаққа кері байланыс орнатады

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты

1 – 10 балл аралығында бағалайды

https://geo-301.my.canva.site/3-2-1











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12