15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғи талшықтар. Табиғи талшықтардың қасиеті
|
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области |
Методическая инструкция СМК МИ-7.5.-27-01 Оқу жұмыс бағдарлама жоспарын жасау туралы әдістемелік нұсқаулық/ Методическая инструкция по составлению рабочего учебного плана плана |
Издание /басылым 1/2017 Стр/бет.
|
Пән: Материалтану Мерізімі: Топ: 27 |
|
Сабақ тақырыбы: |
Табиғи талшықтар. Табиғи талшықтардың қасиеті |
Сабақтың мақсаты |
Мақта. Мақта шикізаты туралы түсінік, мақта талшығының құрылымы. Талшықтың химиялық құрамы және қасиеті. Мақта талшығының қолданылуы. Зығыр. Зығыр талшығының химиялық құрамы, қасиеті. Жүн талшығының құрылысы, химиялық құрамы, қасиеті. Таза жібек. Таза жібектің алынуы. Кокон жіптерінің құрылысы. Химиялық құрамы және таза жібек талшығының негізгі қасиеті. Жібектің қолданылуы. |
Бағалау критерийлері |
Мақта. Мақта шикізаты туралы түсінік, мақта талшығының құрылымы. Талшықтың химиялық құрамы және қасиеті. Мақта талшығының қолданылуы. Зығыр. Зығыр талшығының химиялық құрамы, қасиеті. Жүн талшығының құрылысы, химиялық құрамы, қасиеті. Таза жібек. Таза жібектің алынуы. Кокон жіптерінің құрылысы. Химиялық құрамы және таза жібек талшығының негізгі қасиеті. Жібектің қолданылуы. |
Тілдік мақсаттар: |
тығыздығы, ұзаруы, мықтылығы, гигроскопиялық, электрлік қасиеттері |
Құндылықтарды дарыту |
- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіру; - өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру; - өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, - мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру; |
Пәнаралық байланыс |
Оқу шеберханасындағы парктикум, тоқу техникасы және технологиясы, қолөнер |
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау |
Бастапқы білім |
Табиғи маталарды туралы мағлұматтар біледі |
Сабақ типі |
Жаңа білімдерді меңгеру сабағы |
Сабақ түрі |
теориялық |
Сабақта қолданылатын әдебиеттер |
Е.П.Мальцева Тігін өндірісінің материал тануы. Алматы «Ана тілі» 1992ж. 2. 9-18 б. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы
5 мин |
Амандасу, Кезекшіні анықтау, түгендеу, сабаққа назарларын аудару
Бір сөзден тұратын тілек айту |
|
Сабақтың ортасы
30 мин |
Табиғи талшықтарға: мақта, жүн, зығыр, жібек, минералды талшықасбест жатады.
Бір жылдық талшық. Ұзындығы мен жуандығы сортына байланысты, мықтылығы пісіп жетілуіне байланысты, ылғалды тез сіңіріп, тез шығарады, Сілтіге қарсы тұра алмайды, қағаз сияқты жыртылып қалады. Күн сәулесі 940 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады. Зығыр-өсімдік сабағынан, қабықты бөлігінен алынатын талшық. Ұзындығы өсімдік сабағына байланысты, мықтылығы үзу күшімен сипатталады ,ылғалды тез сіңіріп, тез шығарады, қышқыл мен сілтіге қағаз сияқты тез жыртылып қалады. Күн сәулесі 990 сағат, 50%мықтылығын жоғалтады. Жүн-жануарладың тері жамылғысы. Дене түгі 3 қабаттан тұрады : қабықты, қабыршақты, өзекті және 3типтен тұрады: түбіт, ауыспалы өлі шаш және қылшық. Жуандығы талшық түріне байланысты, мықтылығы -жуандығы мен құрылымына байланысты. Органикалық еріткіштерге жүн төзімді. Күн сәулесіне 1120 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады.
Таза жібек-жібек құртынан шығатын өте жіңішке жіптер. Какон жібінің ұзындығы 1500м, жетеді. Пайдаға асатыны 600-900 метр. Таза жібек аз қыртыстанады. Органикалық еріткіштерге төзімді. 1100температурада мықтылығын жоғалтады. 200 сағатта 50% кемиді. Асбест-отқа төзімді электр және жылу өткізгіштік қасиеті бар, техникалық мақсаттарға пайдалынатын таза минералды талшық.
Жүн- құрамындағы белок кератин , түсі сұр, қызғылт, қара. 1120 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады. Мақта – түсі ақ,сары, жасыл. Жібек- құрамындағы белок серицин және лигнин,түсі ақ , ептеп ақ сары. 200 сағатта мықтылығы 50% кемиді. Осы концептуалды кесте арқылы , дұрыс жауаптарын белгілеп береді.
Мақта мен зығырдың жануы–сары түсті жалын мен түгел жанып , сұр түсті күлге айналады. Қағаз иісі сезіледі, үгітілетін қара түйіршік пайда болады. Жүннің жануы-жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны басылады, ұшында үгітілетін қара түйіршік пайда болады, күйген қауырсын иісі сезіледі. Химиялық талшықтың жануы-плассмас иісі сезіледі, үгітілмейтін қара түйіршік пайда болады , жалыны сары.
Табиғи талшықтардың ерекшеліктері 1.Табиғаттан алынуы. 2. Жанғанда үгітілетін қара түйршіктер пайда болады. 3.Органикалық еріткіштерге төзімді. Химиятық талшықтардың ерекшеліктері 1.Химиялық жасанды жолмен алынады. 2.Үгітілмейтін қара түйіршіктер пайда болады. 3.Органикалық еріткіштерге төзімді Ұқсастығы: 1.Жіп алынады. 2.Мата алынады. 3.Адам денсаулығын сақтауға бағытталған бұйымдар тоқылынады.
|
Бейне жазба
Слайд |
Сабақтың соңы
10 мин |
Сабақты бекіту сұрақтары:
Бағалау. Сызбаларын тексертерді Рефлексия «Рефлексиялық нысана». Тақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді. Үй жұмысы/Өздік жұмыс. Құрал-жабдықтар әкелу |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген