6
сынып Технология
Сабақтың тақырыбы: Табиғи талшықтардан жасалған
маталардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
білімділігі; матаның қасиеттері туралы түсінік
беру,таныстыру.
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу,
сабаққа дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
1. Жүн және жібек талшықтардың айырмашылығы
2. Талшықтардың түрлері
3. Матаның шығару жолдары
3. Жаңа тақырып.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.),
жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған
жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар
құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып
бөлінеді.
Жүн
талшықтары – қой, ешкі, түйе және басқа да жануарлардың түк
жамылғысы.
Тоқыма өнеркәсібі өңдейтін жүннің негізгі бөлігі қойдан
алынады.(95%). Қойдың жүнін арнайы қайшы қырықпен немесе электр
машинамен біртұтас қылып қырқып алады. Қырқылған жүн қатты
ласталған және сапасы да біріңғай болмайтындықтан, оны фабрикаға
жіберер алдында сұрыптайды, түтеді, жуады және кептіреді.
Жүн талшықтары жіңішке, қатты иірімделген, ал ұзындығы 20мм-ден
450мм-ге дейін жетеді. Жуандығы әр түрлі болады. Жүн талшығы
неғұрлым жіңішке болған сайын күн сәулесі әсеріне төзімділігі
өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары. Жанған кезде күйдірілген
мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарыды, талшықтардың ұш
жағында саусақпен жеңіл үгіп жіберуге болатын қара күйген түйіршік
қалады.
Жүн талшықтардан көйлектік, костюмдік және пальтолық маталар
дайындайды.
Табиғи жібек – тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын
жіңішке жіп. Көбелек қуыршақтан шыққаннан соң жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан құрт пайда болады, ол құрттың қуыршаққа
айналатын мезгілі келгенде өзінен жіп шығарып, бұтаққа бекітіп,
өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды. Қуыршақ жібінің
ұзындығы 700- 800 метрге жетеді.
Жібек мата атаулары:
Шифон (жұқа ,нәзік, мөлдір);
Атлас (жұқа,құбылмалы түсті);
Бархыт немесе панбархыт (тұтас түкті немесе шифон фонында өсімдік
немесе геометриялық сурет құрайды);
Табиғи жіпте жүн сияқты жоғары гигроскопиялық қасиетке
ие. Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді. Ылғалды жағдайда
беріктігін жоғалтпайды, ал жоғары температура мен күн сәулесі
әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда, тезірек
бүлінеді.
Тоқыма фабикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді.
Иірілген жіп тоқыма өндірісіне жеткізіліп, онда түрлі маталар
тоқылады.
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрамына, талшықтарының өрілу
әдістеріне және өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады.
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
• Физикалық- механикалық
• Гигиеналық
• Технологиялық
Физикалық – механикалық қасиеттерге жатады:
Беріктік – бұл матаның жылтырауға қарсы тұру қасиеті.
Қыртысталуы – матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда
болатын ұзақ қатпарлар құруы.
Шаршаулануы – бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру
қасиеті.
Тозуға төзімді – бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу.ылғал, жарық,
температура, тер әсеріне қарсы тұру қасиеті.
Жүн маталар әдемі және мықты болады. Олардың жылуұстағыштық және
тозуға төзімділік қасиеті жоғары болады, аз қыртысталады.
Жоғары шаңжұтқыштық қасиетке ие.
Табиғи жібек маталар – өте берік, әсем, жағымды жылтыр түсті, сипап
көргенде тегіс әрі жұмсақ, аз қыртысталатын болып
келеді.
Практикалық жұмыс:
Жүн және жібек талшықтарын айырып тану.
Металдар мен құралдар: «талшықтар» коллекциясы, үлкейткіш шыны
(лупа), отқа төзімді тостаған, оқулық, жұмыс дәптері.
Қорытынды.
1. Табиғи жібек дегеніміз не?
2. Жібек мата қандай қасиеттерге ие?
3. Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?
4. Жүн маталарының негізгі қасиеттері?
5. Матаның негізгі қасиеттерін ата?
Бағалау: Үйге : осы тақырыпты оқып келу.