400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табысты адам-білімді адам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына және мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Табысты адам-ол білімді адам.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің қажетін, маңызын ұғындыру.Бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру; Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”.


Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. 
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек.

Сұрақтар: Қашықтан оқып жатқан кезде білімді қайдан аламыз?

Білім не үшін қажет?

Білімді жетілдіру жолдары қандай?

Не себепаті білімді адамды-табысты адам дейді?

Қорытынды:   Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
1147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі