Табысты оқу үшін уақыт пен кеңістікті тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табысты оқу үшін уақыт пен кеңістікті тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар...

Материал туралы қысқаша түсінік
Табысты оқу үшін уақыт пен кеңістікті тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табысты оқу үшін уақыт пен кеңістікті тиімді ұйымдастыру

бойынша ұсыныстар...


Лидс университетінің тәжірибелі оқытушысы Стелла Коттрелл университеттің дипломын ғана емес, сонымен қатар оқудың ләззаты мен сапалы білім алуға ұмтылатын, бірақ неден бастау керек екенін білмейтін оқушылармен студенттерге ұсыныстар дайындаған екен.

Табысты болуға арналған стратегия

Оқуда озат болу үшін  K.R.E.M.I стратегиясын құрайтын қасиеттерді дамытуы қажет.

К – креатив: немесе оқуда қиялды қолдану, өзіндік стратегиялар мен стильдерді әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндігі.

R – рефлексия: өз жұмысың мен жетістіктеріңді талдай және бағалай білу, және жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, өз бетіңше жаңа білім шығару.

E – тиімділік (efficiency): жеке кеңістікті өз бетінше ұйымдастыру мүмкіндігі, сонымен қатар максималды пайда алу үшін жұмыс уақытын, ойлары мен ресурстарын бірінші кезекке қою және тиімді басқару мүмкіндігі.

М – мотивация: белгілі бір жұмыстың қажетті нәтижесін нақты түсіну; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді тез бөле отырып, жұмыс қарқынын сақтай білу.

І – бастама, өзіңе жауапкершілік алу (initiative): білімді игеруге қажетті оқу процесіне белсенді қатысу (физикалық және психикалық тұрғыда).


УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Уақыт. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз 1 күнде 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз:

  • Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз.

  • Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз.

  • Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңіздің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.

  • Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз. Белсенділік (айталық, көпше түрде телефон хабарламалары) барлық жоспарларыңызды ұтымды орындау болып табылады. Өнімділік – таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы. Тек белсенді болмай, мүмкіндігіңізге байланысты ұтымды істеуге тырысыңыз.

  • Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп, жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға және сабақтарды оқуға уақытты ұтымды бөліңіз. Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге байланысты жұмыстарды орындаңыз.

  • Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып жоспарлаңыз.

  • Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз. Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде ұстаңыз.

  • Шешімі табылмайтын істен қашыңыз. Егер сіз «бос уақытыңыз» болса, өзіңізден қазір не істеу керектігін сұраңыз.


ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ 12 ТӘСІЛІ

1.Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.

2.Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз.

3.Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.

4.Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз. Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.

5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.

6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз. Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, әр пән бойынша жетістікке жетіп, марапат алып жатсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.

8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз. Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз.

9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, жеке тұлға болуыңызға септігін тигізеді.

10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.

11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңізге сеніңіз, сізде ең бақытты өмір сүру үшін күш пен мүмкіндік жеткілікті. Сіздің мақсаттарыңызға қол жеткізуге болады, ал сіздің достарыңыздың шеңбері өзгереді, және сіз басқаларға өзіңізге деген өте қолайсыз жағдайдан шығуға көмектесе аласыз..

12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз өзіңізге сенімді болу қиындайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.02.2024
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі