400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Тағам биотехнологиясы" қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сыныпқа арналған "Тағам биотехнологиясы" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия

Қысқа мерзімді жоспар

____________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Тағам биотехнологиясы


Бөлім

8- бөлім. Биотехнология жаңалықтары. Сахиев Жүніс «Уақыт қайтарымы»


Педагогтің аты-жөні

Молдабекова Эльмира Камшибековна

Күні

16.01.2023ж

Сынып: 9«А»

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы

Тағам биотехнологиясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;

9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну. Тағам биотехнологиясы тақырыбында» берілген ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау. Тақырып бойынша сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану. Өзара диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.

     

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру

(3 минут)

Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. «Кім жылдам» ойынымен психологиялық ахуал қалыптастырып, топқа бөлу. Бұл ойын оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелеп, көңіл-күйлерін қалыптастыра

ды.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, оқушылар бір-біріне қарама қарсы тұрып, орталарындағы қарындашты тез алуға тырысады. Қарындаш алған оқушылар бір топ, қарындаш алып үлгере алмай қалған оқушылар екінші топ болып бөлінеді.



Үй тапсырма

сын тексеру (7 минут)

«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Тамақ өнеркәсібіндегі жаңалықтар, ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар, медицина саласындағы жаңалықтар туралы ақпарат жинақтап баяндауға тапсырма берілген.

Оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша ізденген ақпараттарымен бөліседі.

ҚБ: «Мадақтау» әдісімен қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.


Сабақ басы

(3 минут)









(8 минут)

8

«Суреттер сөйлейді» әдісімен бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатып, пікірлесу сұрақтары ұсынылады. Жаңа сөздерге түсінік беріледі.




Тыңдалым тапсырмасы: 35-бет, 3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұны бойынша диалог құрастыру тапсырмасы ұсынылады.

1. Биотехнология практикада нелерді қолданады?

2. Ежелде сүт өнімдерін дайындауда биотехнологияны қолданған ба?

3. Қазіргі таңда зиянсыз тағам өнімдерімен қамтамасыз етуде биотехнологияны пайдаланудың рөлі қандай?



Суреттер арқылы сабақ тақырыбын анықтап, өткен тақырыппен байланыстыра отырып сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.






Оқушылар тыңдалым мәтінін тыңдап, сұрақтарға ауызша жауап беріп, мәтін мазмұны бойынша диалог құрайды. Сұрақтарға жауап беру барысында мәтінде берілген ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды.

Дескриптор:

- Тыңдалған мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсінеді.

-Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды.

-Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырады.

«Шеңбер» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді, диалог құрастырады.












ҚБ:«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Сурет, таныстырылым









аудиожазба

Сабақ ортасы

(9 минт)

Топтық жұмыс


















































Қымыздың жасалу технологиясы жайлы бейнеролик көрсетіледі. 5 сұрақ: 1. Қымыз қандай сусын? 2. Қымыз ненің сүтінен жасалады? 3. Құрамында қандай дәрумендер бар? 4. Бие күніне қанша рет сауылады ? 5. Қымызды пісу процесі қанша уақытқа созылады?

«Репортер» ойыны. Шетелден келген досың қымызды дайындау технологиясын таныстыруды сұрады. Қалай таныстырар едің? – Сәлеметсіз бе? – Сәлеметсің бе! - Мен Қазақстанға қонаққа келдім. Маған қымыз дайындау технологиясы жайлы жоба жасау тапсырылған еді, соған сіздің көмегіңіз керек. Маған қымыз жайлы ақпарат бере аласыз ба? - .......... Қажетті сөз тіркестері: пайдалы қасиеттері..., күш беретін..., сүйікті сусыны..., саумал жиналады..., ағаш ыдыс..., өздігінен ашиды..., қан айналым..., ас қорыту..., құнарлы сусын.

А. Қымыз туралы қосымша ақпарат айтады. В. Қымыз құрамындағы пайдалы дәрумендер деген тақырыпта ақпараттар береді. С. Қымыз дайындау технологиясының нұсқаулығы ұсынылады.



Саралау тапсырмасы

«АВС» әдісі – жеке жұмыс .





































Бағалау критерийіне қарай дескрипторды сақтай отырып, берілген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:

-Сөйлеу барысында тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолданады.

-Өзара диалогте, полилогте сенімді сөйлей алады.



Айтылым тапсырмасы

1-топқа қымыздың жасалу технологиясын түсіндіріп диалог құрастыру;

2-топқа Қымыз туралы ақпаратты пайдаланып, жарнама дайындау;

3-топқа құрт немесе нан өнімдеріне жарнама дайындау тапсырмалары ұсынылады.
































А – деңгейі: диктант


1.Биотехнология……………………………….. .


2…………. өсімдік биотехнологиясы саласында көптеген жаңалық ашса, еліміздің өнеркәсібін дамытуға болады.

3.Қазақстанда алғаш рет құс тұмауына қарсы Н5N ….. және қолданысқа енгізді.

4.Ғалымдар бидайдың, картоптың жаңа сұрыптарын ……………….. көмегімен жасап шығарып, елге пайдасын тигізуде.

5. Біз өсімдіктер мен жануарлардың ауруларын айқындау мақсатында …………….,……………..,……………,……………. .


В – дейгейі: терминдермен жұмыс


Биотехнология, микробиология, вирус, штамм, инсулин, фермент.


С – деңгейі: «Биотехнологияның маңызы» тақырыбында ауызша мәтін құрастыру.



Дискриптор:

1.Биологиялық диктантты жазады.

2.Биотехнология тақырыбына қатысты терминдерге анықтама береді. Осы сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлем құрастырады.

3.«Биотехнологияның маңызы» тақырыбындаауызша мәтін құрайды.


Тест жұмысы «Ұшақ» әдісімен тест сұрақтарына жауап береді.









ҚБ: «Үш шапалақ» әдісімен бағаланады.
















































«Смайлик» әдісімен оқушылардың жұмысы бағаланады.


Оқулық, кесте, таратпа материалдар.

Сабақ соңы

«Ашық микрофон» әдісімен шеңберге тұрып, сабақ тақырыбы бойынша бір түйінді ой айтуды ұсынады.

«Ашық микрофон» әдісімен шеңберге тұрып, сабақ тақырыбы бойынша бір түйінді ой айтуды ұсынады.



Рефлексия


Өзін-өзі бағалау және өзгені бағалау.

«Тазалық» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.


Үйге тапсырма

37-бет, 9-тапсырма. «Тағам өндірісінде биотехнологияны қолданудың пайдасы мен зияны»тақырыбында ойталқы өткізуге дайындалу.

Оқушылар түсінбеген сұрақтары бойынша ұғып алып, тапсырма орындайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі