жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тағам және сусын
|
Күні: 03.04.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Емешекова С. |
||
|
Сынып 1 «В» |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||
|
Пәні: Сауат ашу |
1 - сабақ |
||
|
ҰМЖ-дың бөлімі |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ас - адамның арқауы Дыбыстар әлемінде 1 -5 жаттығулар |
||
|
Оқу мақсаттары |
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ұнамайды) 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау. 1.1.9.1Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер / мәтін құрастыру және жазу. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. |
||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу , түсіну, қолдану |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы біледі: Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіре алу. (ұнайды/ұнамайды) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстауды. Көптеген оқушылар біледі: Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай алады. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау ды біледі. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер / мәтін құрастыру және жаза алады. Кейбір оқушылар: Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. |
||
|
Бағалау критерийлері |
1.Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді (ұнайды/ұнамайды) 2. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды. 3. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстайды.. 4.Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер / мәтін құрастырады және жазады. 5.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. |
||
|
Дескриптор |
1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді. (ұнайды/ұнамайды) 2.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. 3.Суретке қарап отырып олардың қандай дыбыс шығаратынын болжап айтады. 4. Сурет бойынша әңгіме құрап жазады өз пікірін айтады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады .Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады. Негізгі сөздер мен тіркестер : Барлық сөз дыбыстардан тұрады, оларды жазуда әріппен белгілейміз. Сыныптағы диалог \жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: қазақ тілі Талқылауға арналған тармақтар: Ас - адамның арқауы. Жазылым бойынша ұсыныстар: Сөздерге дыбыстық талдау жасау |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын ұстану . |
||
|
Пән аралық байланыстар |
Өмірмен байланыс |
||
|
АКТ қолдану |
ноутбук |
||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөздерді оқи алады, жаза алады. |
||
|
Сабақтың барысы |
|
||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 3 минут Ынтымақтастық атмосферасын құру. |
Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды түгелдеу Психологиялық дайындық -Көңіл күйлерің қалай? -Керемет.(Қолдарын көтереді.) -Сабаққа дайындықтарың қалай? -Тамаша! Сыныпты 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлу |
Шаттық шеңбері |
|
|
Сабақтың ортасы 33 минут Айтылым топпен іздену жұмысы Оқылым Сергіту сәті 2 мин Оқылым Жұпта талқыла Жазылым Топпен іздену Айтылым Оқылым Жазылым Кері байланыс |
Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» әдісі Алфавитті оқыту Өткен әріптерді еске түсіру. Орыс тілінен енген әріптерді еске түсіру. «Артығын тап » Алма, кітап, нан, ірімшік, қымыз,ет,сүт *** Сөздердің артығын табады. *** Жаңа бөлімнің мағынасын ашады. Әли мен Мерейдің диалогын тыңдатату арқылы тойып тамақтану мен дұрыс тамақтану дың мағынасын ашу мақсатында тапсырмалар ды орындау. 1 - жаттығу. Мәтінді оқу. Назира жол бойы бутерброд жеді. Сүт , айран ішті. Ал Әсет әжесі салып берген тамағының бәрін күшігіне берді. Өзі қытырлақ пен кәмпит жеді.Газдалған су ішті. Содан соң оның асқазаны ауырды.Қатты ауырғаны соншалық, өзін әлсіз сезінді.
***Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді. (ұнайды/ұнамайды) ***Сөздерге дыбыстық талдау жасайды 2 - жаттығу Суретпен жұмыс жасау. Суретке қарап отырып олардың қандай дыбыс шығаратынын болжап айтады. 3- жаттығу Бұлар- тіл дыбыстары. Әли мен Мерейдің диалогын тыңдату. Жаңа ақпарат. Барлық сөз дыбыстардан тұрады, оларды жазуда әріппен белгілейміз. 4- жаттығу ***Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. ***Өз пікіріңді айтып көр. 5- жаттығу Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты. Тамақ дәмді әрі пайдалы болуы тиіс. Адам, тамақ, дәмді ***Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Дәптермен жұмыс кезінде - Жазу кезінде кеудені тік көтеріп, дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. - Жазу кезінде генетикалық және ритмикалық әдістерді қолдану. ***Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады. . Біз бүгін не білдік? «Еркін микрофон» әдісі бойынша кері байланысты ауызша айтқызу. |
Алфавит, буындар кестесі, суреттер. Балалар әлемі сайтынан алынған жұмбақтар. Ауызша мадақтау Ауызша мадақтау Смайликпен мадақтау Жазбаша бағалау |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут Бағалау |
Бағдаршам түсі арқылы бағалаймын. |
Бағдаршам |
|
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Қаламмен, қарындашпен,қайшымен,сызғышпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін айтамын.Сыныпта партаның үстіне шығуға, терезе жақтауына асылып ойнауға және электр жүйелеріне жақындамауды түсіндру. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары\оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен? Сабақта сралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқу болды,неліктен? |
|
|
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2:Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Сабақ нәтижесіне көңіл бөлу. 2:Рефлексия. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\ қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|
|
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Сейтмағамбетова А.С.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген