400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тағам және сусындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам ағзасына пайдалы тағамдар мен сусындар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: дүниетану Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусындар.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дәмді әрі пайдалы

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы түсінеді;

Көптеген оқушылар: Дұрыс тамақтанудың пайдасын біледі, атайды.

Кейбір оқушылар: Дұрыс тамақтану ережелерін құрастыра біледі;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

Дәмді және пайдалы тағамдарды атайды, тамақтану ережесін құрайды.

Тілдіу мақсаттар:

Дәмді, пайдалы, зиянды, рецепт.


Құндылықты дарыту

Еңбек және шығармашылық арқылы, астың маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайд

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



















2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Шаттық шеңбері . Балалар ортаға шығып бір-біріне жылы сөздерін айтады.

«Төрт қадам алға..» 5 минуттық жаттығуы орындалады. Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады да, «Алға – төрт қадам» (алға жүреді), «артқа төрт қадам» (артқа жүреді)»менің аяғым топ – топ дейді» «аяқтарын топылдатады), «менің қолым шапалақтайды» (шапалақтайды), «менің көзім жыпылықтайды» (көздерін жыпылықтатады), «ал, мен секіремін» деп әркім өз орындарына отырады.

Топқа     

Суреті бар карточкаларды балалар суырып алып, оларды басқа балаларға пантомима арқылы көрсетеді. Содан соң сол сурет арқылы топқа бірітіріледі. (Жемістер, көкөністер,азық-түлік)


Бейнематериал корсетіледі. Жеміс – жидек туралы.

-Бүгінгі сабақта не жайлы сөйлесеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Түрлі түсті алмамен бағалау.







Қимақағаз

5 мин


























5 мин























8 мин







2 мин





8 мин

































2 мин


1-ТАПСЫРМА . Оқулықпен жұмыс . «Досқа көмек» ұжыммен жұмыс

Оқушылар бізге Русланнан хат келіпті. Хатты бір оқушыға слайдтан оқыту.

«Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауырады.Анам мұның себебі: дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.» Русланға қалай көмектесуге болады? Оған қалай дұрыс тамақтануға болатынын

түсіндір.

  • Руслан неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?

  • Ол сауығып кету үшін қандай көмек бере аласыңдар?

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

1-оқушыға 74 бет 1 мәтінді оқыту. Адам пайдалы тағамдармен тамақтану керек.Күнделікті тамаққа ет, сарымай, нан, жарма, жеміс- жидек қолдану қажет.

Дәптермен жұмыс Жеке жұмыс

Оқушылар Русланға кеңес

Пайдалы тағамдардың атын жазады.

Дұрыс тамақтану қажеттілігін біледі.

Әр топ бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды.



2.«Азық-түлік дүкені» ойыны.

/Әр топтан 1 оқушы дүкенге барып, тағамдарды таңдайды/

- Қандай азық-түлікті сатып алдыңдар?

-Олардың қайсысы пайдалы?

-Қайсысы зиян, пайдалы екенін және өмірде қолданамыз ба? Оқушылар топта ақылдаса отырып, өз пікірлерімен бөліседі

- Осылардың ішінен ең пайдалы деген тағамдарды таңдап алыңдар.

/Оқушылар топта ақылдаса отырып, өз пікірлерімен бөліседі/



Әр топ бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды.


3 тапсырма. Әр ұлттың ұлттық тағамын дайындау. топтық жұмыс.

Постер қорғау.Әр топқа плакат тарқатып беріледі. Әр топ әртүрлі ұлттардың ұлттық тағамдарының қалай дайындалатынынтағамдардың суреттерңн жабыстыру арқылы құрастырады және түсінідіріп өтеді.

Мұғалім әр топты смайлик арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» видео роликтен көру арқылы би қимылдарын жасау.



4.(ЖЖ) Тамақтану пирамидасы.

Тамақтану ережесі. Жұптық жұмыс.

(ЖЖ) Тамақтану ережесі.

/Әр жұп дұрыс тамақтану ережесін құрастырады/

Мұғалім тамақтану ережесімен түсіндіреді.

Әр жұп суреттерге қарап қай тағамды қай кезде жейтіндерін белгілейді.

Мұғалім тамақтану ережесін оқушыларға таратады

-Балалар, мына пирамидаға назар аударыңдар.

-Бұл пирамида неше бөліктен тұрады?

-П ирамиданың қай бөлігі ең маңызды деп ойлайсыңдар?

-Неліктен?





  • Пирамида неше бөліктен тұратынын анықтайды.

  • Пайдасын қарай орналастырады.

  • Ең маңызды бөлігін атайды.


Мұғалім әр жұпты смайлик арқылы және мақтау сөздермен бағалайды.

Жаңғақ пайдасы туралы бейнематериалды тамашалау.



Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия.

Сабақ бойы жинаған алма суретін тақтадағы ағашқа жабыстыру.

Жасыл –түсіндім.

Сары –кейбіреуі түсініксіз болды.

Қызыл – түсінбедім.

Бағалау 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі