Материалдар / Тағылымы мол тарих ( Шығарма)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тағылымы мол тарих ( Шығарма)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз тарихы туралы терең білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тағылымы мол тарихи мақала

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түйсігі бар кез келген адамды терең ойландыратын, тек ойландырып қана қоймай, тәрбие, тағылым беретін, өте салмақты, терең жазылған рухани бағыттағы бағдарламалық мақала. Бұл жай ғана мақала емес, бұл еліміздің, ұлтымыздың тағдыры, келешегі туралы Мемлекет басшысының терең толғанысы. Қ.Тоқаев Абай шығармаларымен терең танысып, зерттеп, талдап, ойшыл бабамыздың айтқан өсиеттерін өте түсінікті тілде оқырмандарға жеткізіп, қоғамымыздың алға дамуына, рухани жаңғыруына тиімді пайдалана білу жолдарын көрсетті.

Мақалада, ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай мұрасын мына жаһандану заманында халқымызды, әсіресе жастарды тәрбиелеуге қалай пайдалану­ға болады деген сұраққа бүгінгі уа­қыт, заман талабы тұрғысынан жа­уап берілген. Президент бұл жөнінде «…Абай мұрасының тигі­зер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақын­ның шы­ғармалары бүгін де өзектілігін жо­ғалт­қан жоқ. Абайдың ой-тұжы­рымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады», деп анық айтты. Әсіресе Абай шығармаларында айтылған «толық адамға» жету үшін қандай мақсаттарды орындау керек деген мәселе Мемлекет басшысының мақаласында толық ашылған. Бұл жерде ерекше айта кететін жайт: Абайдың қазақты ынтымаққа, бірлікке шақыруы. «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген ұлы ойшылдың сөзінде қаншама тағылым жатыр. Мемлекеттің алға дамуының бірінші шарты елдің бір­лігі мен тұрақтылығы. Ол үшін ең алды­мен мемлекет құраушы ұлттың өзара тату­лығы мен бірлігі, тұтастығы мығым болуы керек. Яғни, қазақтың бір бірі­мен достығы, ынтымағы, ауызбіршілігі құрыш­тай қабысып тұрса жарасады. Осының негізінде, біз Қазақстанда тұратын барлық ұлтты бір идея төңірегіне топтастырып, тұтас бір халық болып қалыптасып, заман көшінен қалмай, адал еңбек етуге жағдай жасап, елімізді озық дамыған мемлекеттер қатарына қоса аламыз.

Абай өсиеттерінде адамның мұ­ратына жетуінің жолы терең ойлау мен адал еңбек ету екені айтылады. Маңдай терін төгіп адал еңбек ету, ғылым мен білімді игеру, өнерді жетілдіру – міне Абайша еңбектің мәні. Ұлы хакімнің осы ой-тұжырымы бүгін­де де өте өзекті. Талаптанып сапалы білім алып, өнер үйреніп, адал еңбек етіп қана адам алға қойған мақсатына жете­ді, қоғам алға дамиды, халқымыздың әл-ауқаты өседі, мемлекетіміз әлемнің дамы­ған 30 елінің қатарына кіреді. Бірақ біздің қоғамда еңбекке, еңбек адамына деген көзқарас қандай деңгейде? Еңбекке деген құрмет бар ма? Еңбек адамы әділ бағалана ма? Жоқ, әлде әртүрлі жолдармен байып алған адамдардың мәртебесі еңбек адамдарынан жоғары ма? Бүгін­де қоғамды осы мәселе ойландырады. Сондықтан да билік адал еңбекті ерекше құрметтеп, жоғары дәрежеде баға­лай білуі керек. Бұл жерде әділетсіздік­ке, көзбояушылыққа, немқұрайлылық­қа ешқандай жол берілмеуі тиіс. Адал еңбек еткен адам өз еңбегінің нәтижесін көріп, қоғамда үлкен құрметке ие болуы шарт.

Абай шығармаларында масылдықты, жалқаулықты, еріншектікті аямай сынап, ұлтымызды адал еңбек етуге шақырады. Бүгінде бәрімізге таныс «Еңбек етсең ерін­бей, Тояды қарның тіленбей», «Тама­ғы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Азды­рар адам баласын», деген ұлы Абай­дың ойларын әр адам санасына сіңі­ріп, өзінің адал еңбегімен еліміздің алға дамуына үлестерін қосулары керек. Мем­лекеттің, қоғамның бар күш-жігері, бар мүмкіншіліктері, еңбек адамдарына барынша жағдай жасауға бағытталуы тиіс.

«Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу», дейді ұлы Абай. Мысалы, шынығу арқылы күш-қуатымызды, терең оқу арқылы ғылым-білімімізді, өнер үйрену арқылы ой-өрісімізді, шеберлігімізді жетіл­діреміз. Абайша бұлардан да маңыз­дырақ жетілу, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру. Ал жан жүректе орын тепкен. Жан жетілмеген жағдайда адамның іс-әре­кеттерінде кемшілік болады. Ішкі дү­ниесі тазарып, жетілген адам ғана қате­лікке жол бермей, бақытты өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығында, сонда ғана ой­лаған мақсатына жетеді. «Бұл – қазақ хал­қы­ның өмірлік философиясы. Біздің халқымыз осындай таным-түсінікпен өмір сүріп, өзі қиын жағдайда отырса да, өзге ұлттарды бауырына басқан. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу бола білген», дейді Президент.

Абай өз шығармаларында ұлтымыз­дың, жалпы қазақ қоғамының кемшілі­к­терін ашық сынап, оны болдырмаудың жолдарын көрсетеді. Президент Қ.Тоқаев осы туралы айта келе, оны бүгінгі қазақ қоғамының ахуалымен байланыстырып, Абай сынаған кемшіліктер қоғамымызда бүгін де орын алатынын, бұл сыннан бар­лығымыз , оның ішінде барлық дең­г­ейдегі әкімдер мен Үкімет мүшелері де қо­ры­тынды шы­ғарулары тиіс екенін айтадҰлы Абай әр сөзімен ұлтымыздың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан да Абайды терең тануға мән беруі­міз керек, әсіресе жас ұрпаққа терең ұғындырғанымыз абзал. Ол үшін әрбір қазақстандық Абай тойы қар­саңында Абайдың өсиеттерін, ой-тұжырымдарының мән-мағынасын терең түсініп, осы өсиеттерді орындау­да «мен не істедім, не істеуім керек, қандай кем­шіліктер жібердім, оны қалай түзеймін, елдің дамуына қандай үлес қостым» деп, терең ойланып, толғанып, келешекке жоспар құрып, оны орындау үшін тынымсыз еңбектенуі керек.

Біз Абай өсиеттерін басшылыққа алып, Абай жолымен жүретін болсақ, ұлты­мыз­дың рухы да, ұяты да, намысы да жоғары болады. Әрқайсымыз Президентіміз Қ.То­қаевтың осы бағ­­дарламалық мақала­сын­дағы тұ­жы­рымдарды санамызға сіңі­ріп, Абай жолымен жүруіміз керек. Абай жолында еліміздің дамуы үшін қажет нəрсенің барлығы бар: нарық та, демократия да, әділдік те, бəсекелестік те, ғылым-білім де бар. Өкінішке қарай, бүгінде біздің қоғамда, әсіресе жас­тар арасында өзіміздегі бар нәрсенің парқына бармай, бізге жат, шетелдің құндылықтарына еліктеу басым екені жасырын емес. Қоғамда мектеп, арнау­лы орта, жоғары оқу орындарын бітірушілер арасында М.Әуезовтің «Абай жолы» романы мен Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқымаған адамдар кездеседі. Президент айтқандай, біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, Абай шығармаларын оқу, түсіну оны санаға сіңіру жұмыстарына үлкен мән берілуі керек. Әр шаңырақта Абайдың кітаптары мен М.Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек.

Әрбір қазақстандық Абай шығарма­ларын оқып, түсініп, оны күнделікті өз от­басы мүшелерін тәрбиелеуде пайда­ланғаны дұрыс. БАҚ пен теледидар арқылы берілетін мағынасы төмен, арзан, теріс тәрбие беретін шоу хабарларды азайтып, оның орнына терең ойластырылған Абай мұраларын түсіндіруді, насихаттауды науқанға айналдырмай, тұрақты түрде беріп отыру қажет. Діни орындарда Абай өсиеттерін уағыздап отыруды қолға алған жөн. Білім ошақтарында абайтану пәні енгізіліп, жүйелі түрде оқытылуы керек. Абайды оқып, оны бойына сіңіріп, тәр­биеленген адам ешқандай қиянатқа, бұза­қылыққа бармайды, олар еңбекқор, иманды, адамгершілігі жоғары, отансүйгіш бо­лып өседі, еліне адал қызмет етеді, қоғам­ды алға дамытуға бар күш-жігерін жұм­сайды. Қорыта айтқанда, ел Президенті Қ.То­қаевтың мақаласы бізге алдағы уақытта не істеу керек деген сауалға толық және жан-жақты жауап беріп отыр

 



Тарих пәнінәң : Қоңырбаева Гулбану Амангелдіқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!