Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тағылымы мол тарих ( Шығарма)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тағылымы мол тарихи мақала
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түйсігі бар кез келген адамды терең ойландыратын, тек ойландырып қана қоймай, тәрбие, тағылым беретін, өте салмақты, терең жазылған рухани бағыттағы бағдарламалық мақала. Бұл жай ғана мақала емес, бұл еліміздің, ұлтымыздың тағдыры, келешегі туралы Мемлекет басшысының терең толғанысы. Қ.Тоқаев Абай шығармаларымен терең танысып, зерттеп, талдап, ойшыл бабамыздың айтқан өсиеттерін өте түсінікті тілде оқырмандарға жеткізіп, қоғамымыздың алға дамуына, рухани жаңғыруына тиімді пайдалана білу жолдарын көрсетті.
Мақалада, ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай мұрасын мына жаһандану заманында халқымызды, әсіресе жастарды тәрбиелеуге қалай пайдалануға болады деген сұраққа бүгінгі уақыт, заман талабы тұрғысынан жауап берілген. Президент бұл жөнінде «…Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады», деп анық айтты. Әсіресе Абай шығармаларында айтылған «толық адамға» жету үшін қандай мақсаттарды орындау керек деген мәселе Мемлекет басшысының мақаласында толық ашылған. Бұл жерде ерекше айта кететін жайт: Абайдың қазақты ынтымаққа, бірлікке шақыруы. «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген ұлы ойшылдың сөзінде қаншама тағылым жатыр. Мемлекеттің алға дамуының бірінші шарты елдің бірлігі мен тұрақтылығы. Ол үшін ең алдымен мемлекет құраушы ұлттың өзара татулығы мен бірлігі, тұтастығы мығым болуы керек. Яғни, қазақтың бір бірімен достығы, ынтымағы, ауызбіршілігі құрыштай қабысып тұрса жарасады. Осының негізінде, біз Қазақстанда тұратын барлық ұлтты бір идея төңірегіне топтастырып, тұтас бір халық болып қалыптасып, заман көшінен қалмай, адал еңбек етуге жағдай жасап, елімізді озық дамыған мемлекеттер қатарына қоса аламыз.
Абай өсиеттерінде адамның мұратына жетуінің жолы терең ойлау мен адал еңбек ету екені айтылады. Маңдай терін төгіп адал еңбек ету, ғылым мен білімді игеру, өнерді жетілдіру – міне Абайша еңбектің мәні. Ұлы хакімнің осы ой-тұжырымы бүгінде де өте өзекті. Талаптанып сапалы білім алып, өнер үйреніп, адал еңбек етіп қана адам алға қойған мақсатына жетеді, қоғам алға дамиды, халқымыздың әл-ауқаты өседі, мемлекетіміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреді. Бірақ біздің қоғамда еңбекке, еңбек адамына деген көзқарас қандай деңгейде? Еңбекке деген құрмет бар ма? Еңбек адамы әділ бағалана ма? Жоқ, әлде әртүрлі жолдармен байып алған адамдардың мәртебесі еңбек адамдарынан жоғары ма? Бүгінде қоғамды осы мәселе ойландырады. Сондықтан да билік адал еңбекті ерекше құрметтеп, жоғары дәрежеде бағалай білуі керек. Бұл жерде әділетсіздікке, көзбояушылыққа, немқұрайлылыққа ешқандай жол берілмеуі тиіс. Адал еңбек еткен адам өз еңбегінің нәтижесін көріп, қоғамда үлкен құрметке ие болуы шарт.
Абай шығармаларында масылдықты, жалқаулықты, еріншектікті аямай сынап, ұлтымызды адал еңбек етуге шақырады. Бүгінде бәрімізге таныс «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», деген ұлы Абайдың ойларын әр адам санасына сіңіріп, өзінің адал еңбегімен еліміздің алға дамуына үлестерін қосулары керек. Мемлекеттің, қоғамның бар күш-жігері, бар мүмкіншіліктері, еңбек адамдарына барынша жағдай жасауға бағытталуы тиіс.
«Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу», дейді ұлы Абай. Мысалы, шынығу арқылы күш-қуатымызды, терең оқу арқылы ғылым-білімімізді, өнер үйрену арқылы ой-өрісімізді, шеберлігімізді жетілдіреміз. Абайша бұлардан да маңыздырақ жетілу, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру. Ал жан жүректе орын тепкен. Жан жетілмеген жағдайда адамның іс-әрекеттерінде кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке жол бермей, бақытты өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығында, сонда ғана ойлаған мақсатына жетеді. «Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы. Біздің халқымыз осындай таным-түсінікпен өмір сүріп, өзі қиын жағдайда отырса да, өзге ұлттарды бауырына басқан. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу бола білген», дейді Президент.
Абай өз шығармаларында ұлтымыздың, жалпы қазақ қоғамының кемшіліктерін ашық сынап, оны болдырмаудың жолдарын көрсетеді. Президент Қ.Тоқаев осы туралы айта келе, оны бүгінгі қазақ қоғамының ахуалымен байланыстырып, Абай сынаған кемшіліктер қоғамымызда бүгін де орын алатынын, бұл сыннан барлығымыз , оның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер мен Үкімет мүшелері де қорытынды шығарулары тиіс екенін айтадҰлы Абай әр сөзімен ұлтымыздың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан да Абайды терең тануға мән беруіміз керек, әсіресе жас ұрпаққа терең ұғындырғанымыз абзал. Ол үшін әрбір қазақстандық Абай тойы қарсаңында Абайдың өсиеттерін, ой-тұжырымдарының мән-мағынасын терең түсініп, осы өсиеттерді орындауда «мен не істедім, не істеуім керек, қандай кемшіліктер жібердім, оны қалай түзеймін, елдің дамуына қандай үлес қостым» деп, терең ойланып, толғанып, келешекке жоспар құрып, оны орындау үшін тынымсыз еңбектенуі керек.
Біз Абай өсиеттерін басшылыққа алып, Абай жолымен жүретін болсақ, ұлтымыздың рухы да, ұяты да, намысы да жоғары болады. Әрқайсымыз Президентіміз Қ.Тоқаевтың осы бағдарламалық мақаласындағы тұжырымдарды санамызға сіңіріп, Абай жолымен жүруіміз керек. Абай жолында еліміздің дамуы үшін қажет нəрсенің барлығы бар: нарық та, демократия да, әділдік те, бəсекелестік те, ғылым-білім де бар. Өкінішке қарай, бүгінде біздің қоғамда, әсіресе жастар арасында өзіміздегі бар нәрсенің парқына бармай, бізге жат, шетелдің құндылықтарына еліктеу басым екені жасырын емес. Қоғамда мектеп, арнаулы орта, жоғары оқу орындарын бітірушілер арасында М.Әуезовтің «Абай жолы» романы мен Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқымаған адамдар кездеседі. Президент айтқандай, біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, Абай шығармаларын оқу, түсіну оны санаға сіңіру жұмыстарына үлкен мән берілуі керек. Әр шаңырақта Абайдың кітаптары мен М.Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек.
Әрбір қазақстандық Абай шығармаларын оқып, түсініп, оны күнделікті өз отбасы мүшелерін тәрбиелеуде пайдаланғаны дұрыс. БАҚ пен теледидар арқылы берілетін мағынасы төмен, арзан, теріс тәрбие беретін шоу хабарларды азайтып, оның орнына терең ойластырылған Абай мұраларын түсіндіруді, насихаттауды науқанға айналдырмай, тұрақты түрде беріп отыру қажет. Діни орындарда Абай өсиеттерін уағыздап отыруды қолға алған жөн. Білім ошақтарында абайтану пәні енгізіліп, жүйелі түрде оқытылуы керек. Абайды оқып, оны бойына сіңіріп, тәрбиеленген адам ешқандай қиянатқа, бұзақылыққа бармайды, олар еңбекқор, иманды, адамгершілігі жоғары, отансүйгіш болып өседі, еліне адал қызмет етеді, қоғамды алға дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Қорыта айтқанда, ел Президенті Қ.Тоқаевтың мақаласы бізге алдағы уақытта не істеу керек деген сауалға толық және жан-жақты жауап беріп отыр
Тарих пәнінәң :
Қоңырбаева Гулбану Амангелдіқызы