Сөйлеуді дамыту: "Тәй-тәй басып келеміз"
ойыны
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
МАҚСАТЫ
Балаларға тұсау кесу дәстүрі туралы мәлімет беру,
ұлттық
ойындарды таныстыру; Наурыз мейрамы туралы
білімдерді қалыптастыру.
Балаларға ойын барысында өз орнын тауып,
әлеуметтік қарым-қатынас жасауды
үйрету, тілін, есту, еске сақтау қабілетін,
танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықты
қалыптастыру, бір-бірімен
тату ойнауға тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Белсенді сөздік қорға: ала жіп, жолақша, тұсау
кесу сөздерін қосу.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Ғажайып сәт, аудиожазбаны тыңдау, сурет көрсету,
бейнеролик бойынша
әңгімелеу, көркемсөз, қимыл жаттығуы, сөздік
жаттығу, мақтау, пысықтау,
рефлексия.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік
материалдар.
Сәби қуыршағы, ала жіп, қайшы, ақ
кілемше.
Бейнеролик: (немесе слайд): баланың тобығының
арасына ала жіпті байлау;
баланы кілемге тұрғызу; ала жіпті қайшымен қию;
баланың қолынан жетектеп
жүргізу; өзіне қарай
шақыру.
Суреттер сериясы: 1) жерде ақ кілемше, аяғына ала
жіп байланған баланы
кілемге тұрғызу, баланың қолынан ұстап тұру; 2)
ала жіп қайшымен қиылды; 3)
баланы екі қолынан алға тартып
жүргізу.
Баяу ырғақты әуеннің
аудиожазбасы.
2. Үлестірмелі
материалдар.
Карточка-тапсырмалар: қолын созған сәби, қарсы
бұрышта қалашық. Түсті
1
борлар.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Ғажайып сәт.
Баланың жылағаны
естіледі.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты
сканерлеңіз
- Балалар, мынау кімнің
дауысы?
1.2. Суретті
көрсету.
Жүруге дайындалып тұрған баланы
көрсету.
Педагог:
- Балалар, мына балақай да сендер сияқты еркін
жүріп, асыр салып ойнағысы
келеді. Көмектесеміз бе?
Жарайсыңдар!
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Суреттер бойынша
әңгімелеу.
Баланың тобығының арасына ала жіпті байлау.
Баланы кілемге тұрғызу.
Баланың тұсауын кесу. Баланың қолынан жетектеп
жүргізу.
2
- Балалар, бізде тұсау кесу дәстүрі бар. Тұсау
кесу. Қайталайық. Тамаша! Тұсау
кесу - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін
деген тілекпен, жүріс-тұрысы
ширақ әйелге алдын ала дайындатқан ала жіппен
баланың аяғын тұсап,
қидыратын, кәдесі бар дәстүр. Сендер кішкентай
болғанда ата-аналарың
тұсауларыңды кесіп
қойған.
- Бала еркін жүруге талпына бастаған шақта,
ата-анасы оның қадамы нық
болсын, құламасын деп тілеп тұсауын
кеседі.
- Тұсау кесу үшін жерге ақ кілемше төселеді. Ақ
кілемше.
- Баланың яғына ала жіп байланады. Ала
жіп.
- Жолақшада ала жіп қайшымен қиылады. Қайшымен
қиылады.
- Тұсау кескен адам баланы екі қолынан алға
тартып жүргізеді. Жүргізеді.
- Қонақтар тәттілерден шашу шашады. Шашу
шашады.
- Анасы балаға: «Кел, кел, кел! Тәй-тәй-тәй!» -
дейді. Қайталайықшы.
Жарайсыңдар!
- Алма (Жарқын, Бектұр), баланы өзіңе қарай
шақыршы!
Балаларға сөздерді жеке-жеке
айтқызу.
2.2. Көркемсөз. «Қаз, қаз, балам, қаз,
балам!»
Қаз, қаз, балам, қаз,
балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз,
балам.
Тақымыңды жаз, балам!
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре
ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып, бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер!
- Міне, енді біздің балақай алғашқы қадамдарын
жасап, аяғын еркін басып
3
кетеді.
2.3. Сергіту сәті. «Сиқырлы жолақша» қимылды
жаттығу.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты
сканерлеңіз
Педагог:
- Балалар, біздің алдымызда сиқырлы жолақша бар.
Бұнда ізге із салып, бір
сызықшамен аттап жүріп, (секіріп өтіп, тоқтап)
жалпақ адыммен өту жүріп өту
керек.
Ырғақты әуенжазба
қосылады.
Педагогтің артынан еріп, бір саппен бүкіл алаңға
жайылған бағдармен өту.
2.4. Сөздік жаттығу. «Қолымнан не
келеді?»
Педагог:
- Балалар, сендердің қолдарыңнан не келетінін
еске түсірейікші. Мен сендерден:
«Сөйлей білесің бе?» - деп сұрасам, сендер маған:
«Иә, сөйлеймін,» - деп жауап
берсіңдер. Бастайық!
- Жүре аласың ба?
- Иә, жүремін.
- Ойнай аласың ба?
- Иә, ойнаймын.
- Қасық ұстайсың ба?
- Иә, ұстаймын.
- Өлең айтасың ба?
- Иә, айтамын.
- Билей аласың ба?
- Иә, билеймін.
- Секіре аласың ба?
- Иә, секіремін.
- Тіс тазалай аласың ба?
- Иә, тазалаймын.
- Сурет саласың ба?
- Иә, саламын.
- Рақмет айтасың ба?
4
- Иә, айтамын.
Жарайсыңдар!
Жаттығу барысында сұрақты балаларға жеке-жеке
қойып, әрқайсынан жауап
алуға болады. Хормен бекітуге
болады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау,
балаларды мақтау.
Педагог:
- Балалар, біз бүгін балақайға не істеуді
үйреттік? Иә. Жүруді үйреттік. Тұсауын
кестік. Қайталайық.
Жарайсыңдар!
- Сендер бүгін өте зерек, мейірімді, қамқор
болдыңдар. Қазір біраз демалайық,
Рефлексия. «Тәй-тәй». Бөпенің жүретін жолын
көрсетейік.
Баланың әрқайсына бір бет қағаздың бір бұрышында
бала, екіншісінде әдемі
қала салынған сурет беріледі. Балалар балақайдың
қалашыққа баратын жолын
салып шығу керек.
- Балалар, суреттегі балақай қалашыққа қалай
жетеді? Біз оған көмектесейік.
Балақайға қалашыққа баратын жолды
көрсетейік.
- Тәй-тәй! Кел, кел!