400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәжірибе алаңы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ойын іс-әрекет,зерттеу жұмыстары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет(кіріктірілген): Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Тәжірибе алаңы»

Міндеттері:Балалардың түрлі эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру.Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын кеңейту.

  • (қоршаған ортамен таныстыру)

  • Өзінің тәжірибесіне сүйеніп,суреттер бойынша әңгіме құрастырады. (көркем әдебиет)

  • Сандарды реті бойынша атауға «барлығы қанша?»сұрағына жауап беруге үйрету. (математика негіздері)

  • Балалардың денесін үйлесімді дамыту,қимылды ойындарға қызығушылықты арттыру. (дене шынықтыру)

Қолданылатын көрнекі-құралдар: АКТ,тәжірибеге керекті заттар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тәжірибеге керекті құралдар,сұрақ-жауап, АКТ,ойын


Іс-әрекет барысы:

І.Кіріспе бөлім

Сәлемдесу

Тәрбиеші:Ақылды тақтаға назар аударамыз.Ақылды робот сөйлейді.

Робот:Балалар, мен сендерге қызықты тәжірибелер алып келдім Сендер тәжірибе жасағанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: — Балалар, Ақылды тақтаға назар аударамыз.Бізге санмен ұяшықтар беріліпті.Кәнекей ұяшықтарды ретімен ашып көрейік.

Балалар: Иә

1-ұяшық.Жұмбақ

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

Жауабы:Жаңбыр

Тәжірибе: «Жаңбыр»

Бағыты:Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Шарты: Жаңбыр бейнесін эксперимент жасау арқылы қолжетімді заттармен көрсету қажет.Сұйық майға 4-5 тамшы түрлі-түсті бояуымызды тамызамыз.Сосын үстіне бір стакан су құямыз.

Керекті заттар:Сұйық май,түрлі-түсті бояулар,түтікше,су.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

2- ұяшық.Қимылды ойын: «Тақия тастамақ» (Қауіпсіздік,жәндіктер суреттері)

Шарты: Балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.Музыка қосылғанда билеп ал тоқтап қалғанда алдарында тұрған тақиялардың қызыл түсті тақия тұсындағы бала тақияның астында тұрған суретке қарап не көріп тұрғаның сипаттап береді.

Сұрақ -жауап

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Ендеше келесі тәжірибемізге оралайық.


Тәжірибе: «Жапырақтағы құрттар»

Бағыты:Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Шарты:Қолжетімді заттармен құрттарды жасаймыз.Бізге қол сүртуге арналған бір реттік қолсүрткіш майлықтар керек.Түтікше және су керек.

Керекті заттар:Түрлі-түске боялған қол сүрткіш майлықша,түтікше,су.

3-ұяшық. «Күзгі құбылыстар»

Сұрақ-жауап

Тәжірибе: «Кемпірқосақ»

Бағыты:Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Шарты:Қолжетімді заттармен кемпірқосақ жасаймыз.Бізге сүт,тағамдық бояу,таяқша және сұйықсабынмен жасаймыз.

Керекті заттар:сүт,түрлі-түсті тәтті кәмпиттер,түтікше,ыдыс жууға арналған сұйықтық.

Қимылды ойын: « »

Тәжірибе: «Жапырақтар»

Бағыты:Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Шарты:Ақ парақта тұзбен жасалған бейненін үстіне қылқаламның көмегімен түрлі-түсті бояуды құйып шығамыз.

Керекті заттар:Тұзбен салынған суреттер,түтікше,түрлі-түсті бояулар.

Тәрбиеші:Балалар ненің бейнесі шықты.

Балалар:Жапырақтар.



Балалар, сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма? Бүгін барлықтарың ойынға белсене қатыстындар.

Қорытындылау:


Іс-әрекетімізді аяқтаймыз,қонақтармен қоштасып, көңілді ойындарымызды ойын аймақтарында жалғастырамыз.





















































«Тәжірибе алаңы»



(Ұйымдастырылған ашық іс -әрекет)



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі