ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар тренингте НЗМ мұғалімдерімен жүргізілген іс шара туралы айтылған.Аталған тәжірибе алмасыу болашақта өз жемісін береді деп сенеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен өте құнды әрі мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді.

Ағымдағы оқу жылының күзгі каникул уақытында белгіленген жоспар бойынша Семей қаласының «13 ЖОББМ» КММ-де «Тәжірибе алмасу-мұғалім үшін кәсіби қажеттілік» атты әдістемелік кеңес өтті. Аталған кеңес шаһардағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қолдауымен  ұйымдастырылып, ұстаздардың үздік әдіс-тәсілдерін үйренумен ұласты.

Мәселен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Сүлейменова ұстаздардың кәсіби даму мақсатын (КДМ) жоспарлаудың әдістерін көрсетті. Сонымен қатар, SMART мақсат пен SWOT талдау – кәсіби даму мақсатын құрып, ол жоспарлаудың негізгі көмекші құралы болып табылатынын түсіндіріп, тәжірибелік жұмыс жүргізді.

Ал, осы білім ошағының тағы бір ұстазы А.Ахтанбердина болса, «Мектептегі мұғалімдердің зерттеу жұмысы «Lesson Study – сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі» тақырыбында өз тәжірибесіндегі іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыруды, сыни ойлауды дамыту, критериалды бағалау моделін, тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызды әрекеттердің қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын, тиімділігін атап көрсетіп, қалай жоспарлау керектігіне тоқталды.

Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Д.Кемешев «CLIL технологиясын тиімді қолдану» туралы мектеп мұғалімдеріне өз іс-тәжірибесін ортаға салды. CLIL оқыту әдіснамасы бойынша білім алушылар үшін пәндер ана тілі болмайтын тілде оқытылады. Мақсаты - тіл оқу материалын меңгерудің құралы болып табылады. Осы ретте Данияр Тұрдыұлы өз тәжірибесіндегі әртүрлі әдістерін мектеп мұғалімдеріне қолданып, оның нәтижесі жөнінде пікір алмасты.

Мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету-мәртебесін көтерудің бір сатысы болып табылады. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің сөзін естен шығармауымыз керек. Өйткені, үздіксіз еңбектенген ұстаз ғана өз мақсатына жетеді.

«№13 ЖОББМ» КММ мұғалімдері Зияткерлік мектептен келген әріптестерінің іс-тәжірибесіне оң баға беріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нәтижесін көруге болатынын айтты. Сондай-ақ тәжірибе алмасу жалғаса берсе деген өтініштерін білдірді.

Мұрат Жақсыбаев,

Семей қаласының «13 ЖОББМ» КММ-нің  директоры

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2021
1592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі