жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәжірибе арқылы жетістікке: ағылшын тілін меңгеру жолы

1
Нурманова Нургуль Сатыбалдиевна
Тәжірибе арқылы жетістікке:
ағылшын тілін меңгеру жолы
Әдістемелік нұсқаулық
Қызылорда
2025

2
ӘОЖ 734.91
КБЖ 594.20
Б11
Пікір жазған:
Таумаханова Г.М. – «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Қызылорда облысы
бойынша кәсіби даму институты кафедрасының
тренері.
Дайындаған:
Нурманова Нургуль Сатыбалдиевна –
Қызылорда облысы Арал ауданы Н.К.Крупская
атындағы №14 мектеп-лицейінің ағылшын тілі
пәні мұғалімі.
Б11 «Тәжірибе арқылы жетістікке:
ағылшын тілін меңгеру жолы» //Әдістемелік
нұсқаулық// Қызылорда, 2025 жыл. – 92 бет.
ӘОЖ 734.91
КБЖ 594.20
© Нурманова Нургуль Сатыбалдиевна, 2025

3
Кіріспе
Қоғамда болып жатқан өзгерістер, жаңалықтардың бәрі
бірінші тілден орын алса, содан соң халық мұнарасына айналады.
Тіл – қоғамдық құбылыстың бір формасы. Тіл – ең алдымен қоғам
мүшелерінің өзара пікір алмасуына қарым-қатынас жасауына
қажетті құрал. Сондықтан да, ол негізінен өзінің
коммуникативтік қызметін атқарады. Бірақ тілдің қоғамдық
жағынан үнемі жаңарып, толысып отырады да халықпен, оның
өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды. Жалпы алғанда, тіл қарым-
қатынас құралы болып табылғандықтан, ол ең алдымен ойлау
және санамен қоғамдық өмірде нақтылы бір қызметтер атқару
арқылы тиянақты мәнге ие болады. Сол себептен тіл ойды
жарыққа шығарып, қажеттілікке жұмсау арқылы оймен тікелей
байланысты. Сол арқылы тіл -объективті шындық туралы
адамның «Тіл – тас жарады, тас жармаса – бас жарады», - деп
қазақ халқы бекер айтпаған. Себебі, тіл-қауымның әрбір
мүшесіне тікелей байланысты объективті құбылыс, шындық.
Әрбір қауым мүшесі оны қарым-қатынас жасау, бір-біріне әсер
ету құралы деп есептейді.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге
танынатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік тіл
ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру
ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін
біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған,
жасалатын шексіз байлықты аудару жөнінд егі машақаттан,
артық шығыннан құтқарады. Біздің еліміз жылдар бойы аңсаған
тәуелсіздікке қол жеткізісімен шет тілі де мемлекетаралық тіл
мәртебесіне ие болды. Тіл – өмірдің сәулесі, қоғамдық
құбылыстардың айнасы. Тіл – ұлттық ерекшеліктеріміздің,
ұлттық мәдениетіміздің бір формасы. Сондықтан тілде әрбір
халықтың, ұлттың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-
құлқының нысаналары сақталады. Тіл жүйелілікті сүйеді, жүйесіз
тіл болмайды. Жалпы тілдің екі түрлі өмір сүру формалары
болады: сөйлеу тілі мен жазба тілі. Олар өте тығыз байланысты
болып келеді. Сөйлеу олар өте тығыз байланысты болып келеді.
Сөйлеу тілі адамның естуі арқылы қабылданады. Сөйлеу тілі екі
немесе одан да көп адам арасындағы қарым -қатынасты
қамтамасыз етеді.

4
Сөйлеу тілі сабақ барысында монолог, диалог, келіссөз
жүргізу түрінде жүзеге асады. Ал жазбаша тілде басты орын
алатын сөздік диктант, шығарма, мазмұндама түрінде жүзеге
асады. Ал енді ағылшын тілінің шығу тарихына тоқтала кетейік.
Ағылшын тілі – үнді-еуропалық тілдер жанұясының батыс
герман тобына жататын тіл болып саналады. Герман тобына
ағылшын тілінен басқа неміс, корвет, нидерланд, швед және тағы
да басқа тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып
есептеледі. Ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелден басып
алған. Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің
тілдері әсер тигізген. Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын тілінің
жалғыз ғана нұсқасы болған еді. Ол алғаш Британияда
қалыптасты. Ал одан кейін ағылшын тілі Австралия, Америка,
Азия, Индия, Жаңа Зеландия, Африка халықтарының ортақ тіліне
айналды. Бірақ, осы аталған елдерде ағылшын тілі әр түрлі
деңгейде дамыды, жетілді, толықты. Себебі, аталған елдердің
қоғамдық өмір сүру талаптары әр түрлі болған еді.
Ағылшын тілі – дүниежүзілік тіл. Бірақ та ағылшындардан да
бұрын алғаш рет отарлауды бастағанда голландықтар ме н
испандықтар болатын. Олардың тілі неге әлемдік тілге
айналмады деген сұрақ туады. Себебі голландықтар біздің тіл
сұлу, керемет, сендер грамматиканы білмейсіңдер, құр босқа тілді
бұзасыңдар», -деп отар елдерін өз тілінде қойған. Ал ағылшындар
болса «қалай сөйлесеңдер де өздерің біліңдер, бізге түсінікті
болса болды»,-деген. Мұндағы бір артықшылық ағылшын тілі
септіктен тұрады. Сондықтан сөйлеуі жеңілдеу, бірақ жазылуы
күрделі болып келеді.
Әлемдегі ең көп таралған және де халық саны бойынша
қытай тілінен кейінгі ең көп пайдалынатын тіл – ағылшын.
Ағылшын тілі Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Австралия
және басқа да елдерде ана тілі болып есептеледі. Тағы да
ағылшын тілі көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып
саналады. Жалпы ағылшын тілінің Америкалық ағыл шын,
Австралиялық ағылшын, Канадалық ағылшын, Жаңа
Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен басқа 30-дан астам
диалектілік түрлері бар.

5
Ағылшын тілі сабақтарының басты мақсаты – білімгерлерге
өз елінде басқа пәндерден өзін қоршаған ортада, қоғамнан алған
білім дағдыларына қоса басқа елдердің тыныс -тіршілігінен
хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесі н
жетілдіре түсуге көмектесу. Оқушылар мен шәкірттер ағылшын
тілін үйрену арқылы өз білім деңгейлерін көтеріп, өз халқы мен
басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді
ажыратуға дағдыланады. Оқушыларда өз ой пікірлері
қалыптасады, көптеген елдер мен елді мекендердің мәдениетін
үйренеді. Оқыту әдісі дегеніміз не? Енді осыған тоқталайық.
Оқыту әдісі дегеніміз – дидактиканың ең басты құрамдас
бөлігі бола тұра, білім беру мазмұнын, оқытудың жалпы
мақсаттарын және міндеттерін анықтайтын оқыту процесінің
нәтижелі тәсілі.
Жалпы алғанда, дүние жүзінде шет тілдерін оқыту
әдістемесінің зерттеулеріне тоқталсақ, олардың осы уақытқа
дейінгі жетістіктері мынадай: шетел тілдерін оқу процесін
сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары
анықталып,әдістемелік түсініктердің жүйелік құрылымы пайда
болған.
Даму заңдылықтары жаңа зерттеулерімен, психологиямен,
лингвистикамен, психолингвистика және дидактикамен
байланысты жаңадан шет тілін оқытудың практикалық және
теориялық әдістемелер негіздерін түзу жобасы ұсынылған.
Әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр түрлі
жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз
байланысты сөйлесіп әрекеттерінің негізгі түрлерін (айтылым,
сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым) сабақ барысында
комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталған.
Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін
зерттеуде айтулы нәтижелерге қол жеткізілген. Шет тілін үйрену
үрдісінде коммуникативті бағыттағы негіз ұсынылған. Шет тілін
оқыту үрдісінде аудио-видео және электронды техникалық
аппараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілген.
Оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ
барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік
жаттығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды
дамыту енгізілді.

6
Тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері
қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталған. Шет тілін
оқытуда білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның басты
проблемасы ретінде қарастырылған.
Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті – білімгерлердің тілдік
қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі
пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке
бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын
табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені
қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты
шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын
мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны
жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-
оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның
басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа
байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға
тікелей әсер етеді.
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар:
Логикалық ойлау;
Грамматикалық-аударма әдісі;
Сатылау;
Тізбектеу әдісі;
Үнсіздік әдісі;
Физикалық сезіну әдісі;
Рольдік ойындар;
Мәдени қарым-қатынас;
Жобалау әдісі;
Проблемалық оқыту әдісі;
Анализдеу;
Миға шабуыл;
Пікір алматыру;
Интерактивті әдістер;
Коммуникативтік, көру, есту, кинестикалық;
Витагендік әдіс;
Ойға шолу;
Аудиолингвистикалық әдіс;
Келесі әдіс;
Түсіндіру; Көрнекілік әдісі;

7
Практикалық әдіс және ақпараттық -коммукативтік
технология әдісі. Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан
қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер
қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра
сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің
артықшылығы мен кемшілігі болады. Оқытушының сабақ
барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса
маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл
әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен
қолдану қиынға соғады. Енді ағылшын тілін оқыту әдістеріне
тоқталайық. Ағылшын тілін оқыту әдістерінің ең алғашқы
қолданылған әдісі – «Grammar-translational method»
(грамматикалық-аударма әдісі) болды.
Бұл әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX
ғасырдың ортасында іс жүзінде қолданыста болды. Ағылшын
тілін меңгеру грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Сол
үшін осы әдіс түрі қолданылды. Бұл әдісте қандай да бір
грамматикалық құрылым меңгеріліп, кейін сол тақырыптарға
орай сөйлем мәтіндері жинақталады. Одан кейін сол сөйлемнің
аудармасы қамтылады. Қандай да бір әдіс түрі сияқты бұл әдістің
де өзіне тән ерекшеліктері болды. Біріншіден, бұл әдіс
грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, логикалық
ойлау деңгейі жоғары азаматтарға ыңғайлы болды. Бұл тәсіл 50
жылдардың аяғына дейін үстемдік етіп келді. Себебі уақыт өзгере
келе, қоғамда өзгереді. Сөйтіп заман ағымына сай сан алуан
әдістер дүниеге келтірілді. Атап айтатын болсам, 60 жылдары
пайда болған «Silenb way» (үнсіздік әдісі) әдісін атауымызға
болады. Ағылшын тілін оқытуда бұл әдістің басты мақсаты – тіл
үйренушіге кедергі келтірмеу, әрі оған оқытушының көзқарасын
араластырмау. Бұл әдіс бойынша оқытушы ешнәрсе айтпайды,
бірақ ол оқыту барысында күрделі түрлі түсті таблицаларды
қолданады. Бұл таблицалардағы белгілер мен түстер белгілі бір
дыбысты таңбалап одан жаңа сөздер құралады. Мысалы ретінде
«dog» сөзін айту үшін ең «d», кейін «о», сосын «g» дыбысының
белгісі саналатын квадрат немесе түрлі таяқшалар көрсетіледі.
Содан сөз құралады. Үнсіздік әдістің артықшылығы оқытушының
тілді меңгеру сапасы, оқушының тілді меңгеру сапасына ықпал
етпейді.

8
Келесі қарастыратын әдісіміз «Total-physical respone»
(физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдіс оқыту барысында
іс-қимылдар арқылы жүргізіледі. Оқушы алғашқыда білім алады,
ағылшын сөздерін үнемі тыңдайды. Ал кейін оқығанын не
тыңдағанын қимылмен сезінеді. Оқушы физикалық қимылдарды
білдіретін сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік
алады. Мәселен, «отыр» деген сөзді түсініп олар отырады. Одан
кейін 70 жылдары пайда болған әдістің бірі – «Коммуникативтік
әдіс» (қарым-қатынас әдісі). Оның ең басты мақсаты -
әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын
бір-бірімен тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету. Бұл әдіс түрі
ағылшын тілін үйретуде ең жеңіл және қолайлы әдістің түрі
болып табылады. Себебі коммуникативтік әдіс қазіргі таңда да
жұмыс барысында жиі қолданылады. Осы әдіс ағылшын тілін
үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.
Ағылшын тілін үйретудегі келесісі – «Audio-Lingual method»
(аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс 70
жылдардың аяғына қарай қолданысқа енді. Бұл әдісте оқушы
магнитофоннан немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап,
кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің,
сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және
оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде
қолдану шарттары бейімделе бастайды.
Ағылшын тілін үйретудің келесі әдісі – «Sugesto pedia» (ойға
шому) деп аталады. Бұл әдіс түрі 70 жылдары қолданысқа енді.
Бұл әдіс түрі басқа әдіс-тәсілдерге қарағанда күрделірек болып
келді. Себебі осы әдісті қолдана отырып оқушы қиялға беріледі.
Бұл әдістің мән-мағынасы мынадай: оқушы ағылшын тілін
үйрену кезеңінде өзін мүлдем басқа адам болып сезінеді. Ол өзіне
жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Сөйтіп, оқушы
өзін мүлдем бөгде әлемде – ағылшын әлемінде отырғандай күй
кешеді. Бұл әрине оқушылар үшін қызықты және жұмбақ болып
келеді. Осы әдісте қолданылған барлық тәсілдер оқушылардың
оқып-үйрену процесінде оң әсерін тигізеді.
Ағылшын тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса
маңызды болып келеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорды
дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады. Олар: сөйлеу,
әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс
әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы

9
сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер,
көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік
қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.
Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең
нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық
сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік
құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем
болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында
қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді
жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің
бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы
жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін
қолданылады.
Сұрақ-жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды
әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады.
Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең
көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі
ойын элементтері бойынша тіл үй рену іс-әрекеті болып
табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі
зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру
үшін қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың
белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің
барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар
және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де
ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне
жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге
талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте
оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін
атқарады.
Қазіргі таңда оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып
отыратындықтан тіл үйренушіге қойылатын талап та,
жуапкершілік те арта түседі. Оқушылардың мүмкіндіктерін
ашып, қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыруға арналған
жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Сонымен, Жаңаша оқыту
әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту
деген сөз. Жаңаша оқыту әдістемесі бұл бұрынан келе жатқан

10
оқыту әдістерін өңдеумен, жөндеумен, талдау арқылы
жетілдірумен және жаңа жолдарды іздестірумен шұғылданады.
Оның ең басты мақсаты – білімгерлерді оқыту процесімен
үйрену, таңдау жасау және оларға бағыт- бағдар беру.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндіг інше
бұрынан бар дағды, әдістерді басшылыққа ала отырып, оны
түрлендіріп, жандандырып тәжірбиеде қолданады. Осы тұрғыда
тіл үйретушінің қабілетін дамытуға, әр бір тілдік материалға,
қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас
жасай білуіне ықпал етеді.
Қазіргі таңда жаңаша оқыту әдістемені пайдалану кезінде
жаңа техника құралдары: әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер,
аудио-бейне құралдар, кодоскоптар қолданылуда.
Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы
мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын
технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең
тиімді жолы.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары белгілі бір
грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының
негізі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты
жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді.
Компьютер ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның
ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап
құралы ретінде ерекшеленеді.
Басқа құралдардан компьютердің ерекшелігі -оның
қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәліметтерді оқу, сұхбат
жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Ал тіл үйренуде бұл
мүмкіншіліктер ең маңыздысы болып келеді. Компьютер
білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады.
Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз
уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген