жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тәжірибедегі рефлекция» бағдарламасы аясында өткен курс бойынша рефлексиялық Есебі
Мухамедива Гульназ Серикызы мұғалім портфолиосы рефлекциялық есеп
3 деңгей
2017жыл
Биология пәні мұғалімі Мухамедиева Гульназ Сериккызының «Тәжірибедегі рефлекция» бағдарламасы аясында өткен курс бойынша рефлексиялық
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгіңгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне,ұйымдастыру қабілеттілігіне,шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастырылып,енгізілуде. Соның бірі өзіміз оқып жатқан Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ жүргізу.
Сабаққа дайындалғанда өткен сабақтарымды талдай отырып жоспар құратынмын.
Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы аяқталған соң, осы уақыт аралығында үйреніп, өзіме түйіп алған тұжырымдарымды өз сабақтарымда қолдана бастадым.
Сабақ жоспарларын құрғанда курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдарын қарастырдым, сабақтарыма әрбір модульді кіргізуге тырыстым. Жоспар құрып отырғанда өткен сабақ қорытындыларына, модульдерге жеке- жеке назар аудардым. Мен барлық сабақтарымда да, «Сыни тұрғыдан ойлау», «Диалог», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Ақпараттық коммуникативтік технология» модулдерін міндетті түрде кіріктіріп отырдым.
Осы модульдердің ішіндегі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін ерекше айтқым келіп отыр.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғандығын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі[ МАН, 58 бет].
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады [ МАН, 58- бет].
Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Кембридж тәсілінің оқытудағы басты бағыты-ойлауды дамыту болып табылады. Оқушы өзінде бар білімді мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерін іске асырады. Біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейнгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады[МАН 59 бет]. Ал ағылшындарда бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылады екен. Бұл бағалау «оқыту үшін бағалау» деп аталады. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру және алға қарай жетелеу. Яғни, бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын толықтырып, қайта оқытуға бағыттау. Формативті бағалау - оқушылардың сабақты қандай деңгейде түсінгенін, мұғалімнің түсіндірме бере отырып бағалауы.
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды [МАН, 56 бет]. Бала өзінің нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік бере отырып, оқушыға қандай деңгейге жету керек және бұны қалай жасау керек екендігін білу үшін формативті бағалау қолданылады. Оқыту үшін бағалаудың мақсаты баға қою, оқытудың алға жылжуын тіркеу, яғни оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғандығын түсініп, оны алға қарай дамыту үшін жұмыс жасау керектігін түсінеді.
Бірінші бетпе-бет кезеңінің барысында Бағдарламаның жеті модулі аясында тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын оқыту мен оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасында «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін, Қалай және не үшін қолдандым ? Қандай нәтижеге жеттім ?
Алғашқы сабақтарымда бағалаудың бұндай түрлерін қолдану маған қиынға соққан жоқ. Себебі, бағалаудың түрлі әдістерін бізге бірінші бетпе – бет кезеңіндегі дәрісте тренеріміз Дина Сериковна үйреткен еді және топтық жұмыстарда бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланған болатын. Тізбектелген сабақтар топтамасында осы үйренген формативті бағалауларды мен де пайдаландым. Мысалы, жеке, жұптық, топтық жұмыстар барысында оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп сабаққа ынталандыру мақсатында мадақтап, формативті бағалап отырдым. Оқушылар бағалау парақтарын пайдалана отырып, топ басшылары топ мүшелерін критерийлер бойынша бағалап отырды, «Мен – саған, сен - маған», «Екі жұлдыз, бір пікір» т.б. әдістерін пайдаландым. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды, бұл бағалауларды дәстүрлі оқытуда жүзеге асырмадық па? Әрине, жүзеге асырылды. Бірақ, ол тек мұғалім тарапынан. Теориялық білімімді практикамен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы оқушыға артылған үлкен жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Енді өткізген сабақтар топтамасындағы формативті бағалауды қалай жүргізгендігім туралы мысалдар келтірейін.
Алғашқы сабағым «Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер» тақырыбында өтті.
Сабақтың мақсаты: Адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегін білу, адам нәсілдерін талдау, нәсілдердің генетикалық, биологиялық және әлеуметтік жағынан ерекшеліктерін түсіну.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату және оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп, қоян-қолтық араласып, сабаққа белсене қатысуын қамту мақсатында «Сәттілік» тренингін жүргіздім.
Шаттық шеңбері
Бір-біріне жылы лебіз, жақсы тілектерін білдірген соң, 3 нәсіл суреттерінің қиындылары бойынша 3 топқа бөлдім.
3 топ мүшелері
Топ басшыларына бағалау парақтарын тараттым.Балаларды бағалау шәкілімен таныстырып өттім.
Үйге берілген «Адам тұқым қуалаушылығын зерттейтін әдістері» мен шежіре құрастыруды тексердім, қорғаттым. Және сәйкестендіру кестесін орындады.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушылардың қажеттіліктеріне және мүдделеріне жүгіну арқылы ғана қызығушылығын оятуға болатынын ескеріп, ойландыруды, уәж тудыруды көздеп, АКТ-ы пайдаланып, сөзжұмбақ шешкіздім. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Уәж тудыру немесе қызығушылықты ояту тура осы білімге, үйренуге, білуге деген «тәбет». «Ассосация» әдісін қолдану арқылы үш ірі нәсілдерге талдау жасаттым. Сабақ өтілу барсында сұрақтарды, тапсыраларды орындауға оқушылардың жас ерекшелігіне, тапсырманың күрделілігіне қарай уақыт беріп отырдым.
Әрбір топқа жеке, жұптық, топтық жұмыстар берілді. Оқушылар топпен жұмыс жасау кезінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісе отырып, сыныптасын және өзін - өзі бағалады. Оларға қысқаша терминологиялық диктант берілген кезде, бір-бірінің жауаптарын «Мен - саған, сен - маған» әдісімен тексерді. Бағалау өте әділ болды.
Критериалды бағалау - білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін алдын ала анықталған бірлесіп жасалған барлығына белгілі критерилермен салыстыру процессі. Оқушы мен мұғалім арасында келісім – критериалды бағалаудың міндетті шарттары болуы керек. Бағалау критерилері мұғалім мен оқушыға белгілі болу керек және бағалау жүйесіне деген оқушылардың түсініспеушілігі болмауы керек, яғни олар өз - өздерін бағалай алатындай болуы керек. Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағытқа, нәтижеге жеткізуге болады. Осы сабақтағы берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалау үшін топқа алдын ала бағалау парағы берілді. Әр топтан топ басшысы бағалау парағына алдын ала белгіленген критерийлер бойынша ұпайларын қойып отырды.
Оқушылардың бағалау парақтарын тексере отырып, олардың өздерін реттей алатындығын байқадым. Топ басшысы топ мүшелерін әділ бағалады. Сабақ басында «Ол менің досым ғой сол себепті мен оған төмен баға қоя алмаймын» деген оқушыларда болды. Бірақ сабақ барысында нақты критерийлер болғандықтан оларға баға қоюда қиындық болмады.Осы бағалау парағына қарап оқушыларға жиынтық баға қойдым. Бұл маған оқушылардың нақты бағасын қоюға көмектесті.
Сабақ
соңында оқушылар бүгінгі өтілген сабаққа
кері байланыс жасады.
Оқушылар
стикерлерге бүгінгі өткен сабақ
бойынша
-
Не ұнады?
-
Не қиын болды?
-
Не үйрендім?
-
Алған әсерім деген сауалдар төңірегінде
ойларын жазды. Кері байланыстың мұндай
әдісі арқылы бүгінгі сабақты түсінген,
түсінбеген және жартылай түсінген
оқушыларды анықтап, кіммен жеке жұмыс
жасау керектігін білдім.
«Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері» тақырыбындағы екінші сабағымда жүргіздім.
Сабақты жағымды психолгиялық ахуал қалыптастыра отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастары мен қызығушылықтарын қалыптастыруда, көңілді сергіту сәттерінің тиімділігі зор екенін байқадым. Әр сабақтардағы әртүрлі сергіту сәттерінің оқушыларға ұнағандарын күлімдеген көздерінен және сабақта бір біріне деген пікірлерінен байқауға болады.
Өткен сабақтың қорытындысы бұл сабақтың жоспарына негіз болып,ондағы кемшіліктер мен кедергілерді ескере отырып екінші сабағымның жоспарын құрдым. Алдын ала ұйымдастырылған тренинг арқылы оқушылар көңіл-күйлерін орнықтырып,сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнап,сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Генотип, фенотип деп айту арқылы 2 топқа бөлінді. Топ басшыларына бағалау парақтары таратылды. Және бағалау шәкілдері таныстырылды. Үйге берілген тақырыпты қайталау мақсатында венн диаграммасы, екі шындық бір өтірік, суреттер сөйлейді деген тапсырмалар орындалды. Әрбір тапсырма сайын топ басшылары топ мүшелерін бағалады. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстырып өттім. Тақырып белгілі болғаннан кейін оқушылар «ой қозғау» стратегиясы арқылы ой бөлісіп, тақырыпты талқыға салды. І топ «генетикалық аурулар», ІІ топ «ауруларды емдеу және алдын алу жайында» постерлерін қорғады. Интербелсеңді тақта арқылы «Бинго» ойының тапсырмаларын екі топта ат салыса отыра шешті.
Қорытынды шығарылып, сабақ соңында жинаған ұпайларына қарап журналға баға қойылды. Ең соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалды.Осы бағалаудың түрлерін қолдану барысында оқушылардың тапсырманы орындауға құлшыныстары, сабаққа деген қызығушылықтары артты. Кері байланыстың мұндай түрі маған бүгінгі сабақты оқушылардың қаншалықты және қай дәрежеде түсінгендіктерін, сабақ туралы пікірлерін білуге көмектесті. Бұндай кері байланыс арқылы мен бүгінгі сабақ барлық оқушыларға ұнағандығын, сабақты көп оқушылардың түсінгендіктерін білдім.
«Адамның генетикалық денсаулығына қоршаған ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Генотип және адам денсаулығы. Популяция генофонды» тақырыбында өткен үшінші сабағымды бастамас бұрын ұйымдастырылған тренинг «еркелету» шаттық шеңбері арқылы оқушылар өздерін ата-аналары еркелететін жағымды еркелету сөздерін айтып көңіл-күйлерін орнықтырып,сыныпта ынтымақтастық атмесферасы орнап, сабаққа деген қызығушылықтарының артқанына көзім жетті.
«ДЖИКСО» әдісі арқылы жаңа сабақты талқылады. Оқушылар жеке-жеке мәтін мазмұнын оқып, ресурстармен танысып, содан соң жұпта, топта бірлесіп талқылап жұмыс жасап, бөлінген оқушылар әр топқа барып түсіндірді, талқылады, сұрақтарға жауап беріп зерттеушілікпен айналысты. Сабақтың әр сатысы бойынша оқушының алған ұпайларын бағалау парағына топ басшысы түсіріп отырды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп сабаққа ынталандыру мақсатында мадақтап, формативті бағалап отырдым.
Сабақ соңында оқушыларға «Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?» деп сұрағанда, барлық оқушылар басбармақтарын жоғары қаратып көтерді, жүздерінен ризашылықтары көрініп тұрды. Кері байланыс жасай отырып, оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығын арттыра білдім. Бұл мен үшін өте маңызды.
Дәстүрлі сабақ үдерісінде төрт-бес оқушыны бағалап қана қойсақ, бұл Бағдарламаның Кембридждіктер ұсынып, отырған әдіс-тәсілдерінде «формативті» бағалаудың түрі басым, яғни оқушыны алға қарай ынталандыра отырып, мотивациясын барынша арттыруға жетелеу керек.
Ынталандырудың
басқа да түрлерін қолдануға болады. Ол
мұғалімнің шеберлігіне де байланысты
деп ойлаймын. Жалпы бағалау - оқуда алға
қадам басуға және оған қолдау көрсету
үшін қажет. Қорытындылай келе, формативті
бағалау – оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырды. Кейбір оқушылар
жақсы оқитын оқушылардың тасасында
қалып қоймай өз міндеттерін атқарып,
тиісті нақты бағасын алып отырды.
Оқушылар өзінің және өзгенің, яғни
құрбысының жұмысын шынайы бағалауды
үйренді.
Үлгерімі
жақсы А оқушысы
қабылдауы жоғары, бәсекеге қабілетті.
Тапсырманы тез орындап алдыңғы қатарда
болғанды ұнататын оқушылардың бірі.
Сыныптастарына
қарағанда зерек, тез тіл табысатын,
жігерлі, ойы ұшқыр, жылдам ойлағыш.
Қай
топта отырса да өзін сенімді сезінеді,
қарым-қатынасқа тез түседі. Өз ойын
ортаға салып, басқалардың пікірімен
санасып, мәселені шешуде дұрыс жауапты
таңдап,тобына бағыт-бағдар беріп отырды.
Тoп мүшeлерiн бiр жeрге жұмылдырып, тaпсырмa
oрындағанда oның тиянaқты oрындaлуынa бaр
күшін, білімін сaлып oтырды. Мұндaй кiшкене
бoлса дa оңды қадaмның oсы жаңа тәсiлдің
нәтижeсі екeнін түсiндім. Зерттеуге
алған себебім – танымдық қабілетін
басқа оқушылармен салыстыра отырып,
өзінен төмен деңгейдегі оқушыларға
үйретуі арқылы адами құнды қасиеттерін
ашып, көзқарасын өзгерту болды.
Үлгерімі
орташа В оқушы-
берілген тапсырманы тиянақты,
жауапкершілікпен, бар ынтасымен
орындайды. Ортада
ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа,
мінез – құлқы бірқалыпты, салмақты,
сабақты сұрасаң ғана жауап береді,
өзгелерден ерекшелейтін жеке қабілеті
жоқ.
Көп
сөйлемейтін болғанымен бәріне көмектесіп,
қолдау көрсетіп, өз білгенін түсіндіруге,
ойын ортаға салуға, қателерін түзетуге
тырысады. Топтық жұмыстарда көшбасшылығы
басым болды. Үлгерімі төмен оқушыға
үнемі тапсырманы түсіндіріп, өзімен
бірге жұмыс істеуге жетелеп, қолдау
көрсетіп отырғанын байқадым. Жоба
қорғауға үлгерімі төмен оқушыны бірге
алып шығып, сөйлеуге дайындап отырды.
Үлгерімі төмен оқушының алға ұмтылуына,
сенімін туғыза білгенін байқадым.
Дарынды, әрі көшбасшы баланың мұғалімнің
қызметін де атқара алады деген сөздің
дәлелі екенін түсіндім. Зерттеуге
алған себебім – оқушының білім деңгейін
нығайту, ойын жетілдіру, қарым қатынасқа
баулу болды.
Үлгерімі
төмен С оқушы тұйық
мінезді, сабақ үстіне зейін салып
тыңдамайтын оқушы болғанымен өзін топта
ыңғайлы, еркін сезінді. Жақсы оқитын
оқушының ықпалы әсер еткенін байқадым.
Бұрынғы сабақтарда ештеңеге қатысқысы
келмей, қашқақтап отыратын, қазір көбінде
постер қорғауға, пікірталасқа, сурет
салуға, сыныптастарымен араласып, өз
ойын сәлде болса жеткізуге тырысатынын
байұадым,мақтаған сайын белсенділік
танытқанынан оқушының ашылғанын көрдім.
Зерттеуге
алған себебім – бойындағы құндылықтарды
анықтау, білімге деген, пәнге деген
қызығушылығын ояту, сабақты үнемі
қадағалауға дағдыландыру болды.
Cәтті шыққан тұстарым: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Оқушылардың нақты, әділ бағасын қою жеңіл болды. Оқушылар бір – бірін бағалап үйренді.
Сәтсіз шыққан тұстарым: Бірін- бірі бағалаулары тым асыра бағалау көрініс тапты. Оқушылардың өздері критерийлер ұсынып, сол бойынша бағалауды жүргізбеді. Формативті бағалаудың басқа да түрлері практика кезіндегі сабақтар топтамасынан көрініс таппады.
Жоғарыдағы айтылған оқушыны бағалау арқылы оқытуды жақсарту бес басты фактордан тұрады:
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі [МАН 60-бет].
Оқушы өзін- өзі бағалау арқылы оқуын қалай жақсартуға болатындығын көре алады. Қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасайтынына осы тәжірибе барысында көз жеткіздім. Бағалаудың нақты шығатын ұтымды жері бағалау критериилері бойынша бағалау болып табылды. Алдағы уақытта осы негізге сүйене отырып, жұмыс жасасақ оқушылардың білім үдерісінде оқытуын жақсартуға болады. Келешекте бағалаудың түрлі тәсілдерін орнымен қолдануды алдыма мақсат етіп қоямын. Осы мақсатқа жету үшін ізденіп, оқып, тренермен, әріптестеріммен кеңесе отырып, әліде болса мен білмейтін, оқушы үшін қызықты, нақты баға беретін бағалаудың жолдарын қарастырып, тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын. Осы курста оқу арқылы көп нәрсені үйреніп, жаңаша оқытудың жолдарын үйрендім. Бұл курстың мен үшін үйретері мен берері көп болды. Қазақта « көш жүре түзеледі » деген сөз бар. Менде үйрене келе тәжірибе барысында іске асыратыныма сенемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген