жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарлама бойынша ағылшын пәні мұғалімі Суттибаева М.Б рефлексиялық есебі.
«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарлама бойынша ағылшын пәні мұғалімі Суттибаева М.Б рефлексиялық есебі.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру болып табылады.
Оқушының білім сапасын заман талабаны сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті жоспарына енгізген үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті меңгерген ұстаз нәтижелі табысқа жете алады ойлаймын.
Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал.Мен «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша теориялық білім алып біліктілігімді жетілдірдім.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс -тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра, тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздім.
Қазіргі
білім жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік
тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық
үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз
мінез – құлықтарын, ұстанымдарын,
мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап
етеді.Басты міндеті —қазақстандық
мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін
жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу,
сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама
жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы
7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты
етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың
сабақтан жақсы әсер алуына байланысты
инновациялық технологияны қолдану
қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу
керектігін үйретіп, соның нәтижесінде
еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін
ынталы сенімді болуды қалыптастырады.
Күнделікті сабақтарда сыныпта
ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге
құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына
оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс
істей отырып, олар бір нәтижеге жету
үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді.
Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа
ұмтылулары, дарындылары айқындала
бастады.
Оқыту мен
оқытудағы
жаңа тәсілдердің
ішінде
диалогтық
оқыту
тәсілі
де тиімділігін
көрсетеді. Ол
ұжымдық
және өзара білім алмасуға жағдай
туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен
әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл”
логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы
жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа
инновациялық технологияларды енгізу
арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының
танымдық қабілетін дамыту, саналы
деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі
мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау
арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын
жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік”
пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу
мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді .
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында ағылшын тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық.. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген 7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..
7
модулді қолдана отырып, өзімнің де
көптеген қызықты идеяларымды жүзеге
асыру жөнінде белсенділігім арта түсті.
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз
жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап
келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді
ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын
рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
Қазіргі заман мұғалімі заман талабына
сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгергенде ғана
білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға
ретінде болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы
қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай
алатын, білімге құштар, алған білімдерін
талдап, жинақтап, практикада қолдана
алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз
сөзсіз
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты оын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.
Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Балық қанқасы», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Бес саусақ» «9 ромб», «5 қадам», «Балмұздақ таяқшылары», т.б.
сабағымыз «Бірлескен және топтық. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі» және «Ынтықмастық пен өзара іс- әрекеттегі жұмыс» Топқа бөліну, бірігіп жұмыс жасау өте қызық болды.Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өз ара қарым –қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешуге ықпал етеді.Басқа елдегі мінсіз оқушының сипаттамасымен таныстық.Үй тапсырмасына өзіміздің еліміздегі мінсіз сипаттамасын жасап келу тапсырмасы берілді.
сабағымыз «Шаттық шеңберін» құрудан басталды. Содан кейін топқа бөліндік.Топ атауларын да тақырыппен, өмірмен байланыстыра отырып , түсіктеме берілді. Мәтін оқылып, онда сыныптағы бар оқушыны жақсы көру, олардың ішкі жан – дүниесіне терең үнілу керектігі туралы айтылды.
сабақты «Жаңалығыңмен бөліс» әдісімен бастадық.Ұйге берілген тапсырма бойынша әркім өз ойымен бөлісті.Сауалнама қортындысын шығардық. «Конверт – сұрақ» әдісімен тапсырмалар орындадық, әр түрлі оқушылардың мектептегі үлгерімі туралы жазылған мәтіндерді оқу арқылы әр оқушының мектептегі үлгеріміне сипаттама бердік.Көп нәрсе үйреніп мағлұматтар алдым.
сабақ «Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көз қарастарын нақтылау » сабағымыздың тақырыбы. Құндылық, ұстаным, стратегиялық іс – әрекет туралы білдім.Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына не әсер етеді?Оқуда қандай кедергілер кездеседі? Тағы басқа сұрақтарға жауап іздедік.топ мүшелері пікірлерімен келісетін немесе келіспейтін айтып талқыладық.
сабақ «Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқушыларды ынталандыру.Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау» тақырыбында өтті.Мақсаты: оқудағы кедергілерді анықтау оларды ынталандыру, оқу туралы пікірін анықтау. Оқушының оқуына әсер ететін факторлар кестесімен жұмыс жасадық.Өте көп құнды деректермер танысып, іс – тәжірибе жинақтадым.
сабақта « Мозайка » әдісімен топқа бөліндік.Әлемнің жеті кереметі туралы видео ролик тамашаладық.Видео ролик бойынша әрбір тыңдаушы өз пікірлерін айтты.Инклюздивті оқыту жайында көп мағлұматтар аллдым.Коммункативті дағдыларды жетілдіру арқылы инклюзивтікке қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздік. Инклюзивті оқыту – білім алу барлығына қолжетімді деген қағидатқа негізделген оқыту.
сабақ «Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудағы кедергілерді соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау деп аталды.» Оқушылар тіл үйренуде белгілі бір стратегияларды қолданғанда жоғары нәтижеге қол жеткізеді. 1985 жылы О Малли оқудың үш стратегиясын атап көрсетеді: Метатанымдық, танымдық, әлеуметтік.Метатанымдық стратегиялар жоспарлау, мониторинг және оқу жетістіктерін бағалаумен байланысты.
сабақ Қалай оқу керектігін үйренудің мәні.Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.Осы сабақта «Балмұздақ таяқшылары» әдісі арқылы тапсырмалар орындады, материалдарды қорғап шықты. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
«Диологтық оқыту мәні . Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі» атты сабағында сыныптағы диалогтік тәсіл мен ағымдағы тәжірбиеге көзқарас тапсырма берілді.Бұл тапсырмада өз сабақтарымызда сыныппен жұмыс істеу кезінде диалогтік тәсілді қаншалықты жиі және қолданатынымыз туралы ойланып ,белгілеп бердік.Кейінгі сабақтарда сын тұрғысынан ойлаудың мәнін ,оны пайдалануды біліп түсіндік.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген