жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәжірибедегі рефлексия" курсы бойынша мектеп тренерінің есебі
«Тәжірибедегі рефлексия» – жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы
Оқу-әдістемелік материалдар 0 620 қаралған 2017-12-15
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасында өзімнің кәсіби дамуыма ықпал ететін құнды мәліметтермен таныстым. Мектеп тренеріне жүктелетін міндет жауапкершілікті талап ететінін, өз қызметіме жаңа көзқараспен қарау керектігін ой елегімнен өткізе отырып, әріптестерімнің менен үлкен өзгерісті күтетінін түсіндім. Осы ой мені екі айдағы сабақ мазмұнын терең түсініп, үйренушілеріме барлық жаңа тәсілдерді сабағында қолдану үшін бағыт бердім. Менің алдымдағы басты мақсат – әріптестерімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибесіне өзгерістер енгізу, жаңартылған білім беру бағдарламасымен толық таныстыру болып табылады. Менің үйренушілерімнің қатарында өте тәжірибелі мұғалімдер, жаңаға деген құлшынысы жоғары жас мамандар бар.
Жұмыс жасау барысында әріптестерімді қызықтыру мақсатында топ жұмыстарын сыни ойлауға тарта отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруіне көмек беремін!
Менің байқағаным: үйренушілердің қызығушылықтары артып, өз тәжірибелеріне енгізіп жатқаны қуантады. Сонымен қатар, бұл әдістерді атап айтатын болсақ, Джигсо, «Дастархан», «Эстафета», «Дүкен», «Уақыт бойынша достар», «Айқайлама диктант», «Кинометафора» және т.с.с. талдап, сапалы білім игерген саналы ұрпақ тәрбиелеуде кеңінен қолдануда.
Аталмыш курстағы ең басты мақсат үйренуші алған мәліметті 24 сағаттың ішінде өз тәжірибесіне енгізу қажет. Әріптестерімнің жаңа бағдарламаға деген құлшыныстары жоғары екенін осыдан көруге болады. Жиырма бірінші ғасыр – жоғары технологиялар, жаһандық өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін қандай салада білімді, жаңалыққа дайын болуымыз керек!
Менің тобында 2016-2017 оқу жылыныңи басында 10 адам оқуы керек еді, жылдың аяғында 7 адам сертификат алды Олар: Оразбаева Б.М., Турлыбекова Т.К., Сейдахметова Р.К., Рахметова А.К., Идрисов Е.К., Уалханов Н.Б., Колбай Б. Комиссия шешімі бойынша келесі оқу жылында Аширханов Д. есептерін дайындайды.
Есеп беру барысында мұғалімдер түрлі тақырыптарды таңдады. Олар таңдаған тақырыбы бойынша үш сабақ өткізіп жоспарларын тапсырды. Мысалы, Рахметова А.К. «Оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс қажеттілігін енгізу туралы» тақырыбын таңдады, себебі өз сабақтарында осы модульді жақсы түсініп қолдана алды. Идеяны іске асыру мақсатында сабақты күтілетін нәтижеге қарай бағыттадым. Міндетті түрде кері байланыстарға назар аударып, ұсыныстарды айттым. Менің көздеген мақсатым -мұғалімдер жеті модульді өз сабақтарында пайдаланып, нақты нәтижеге жету. Ал Оразбаева Б.М. өз таңдаған тақырыбын «Оқу үшін бағалау» жан-жақты ашып, сабақтарында белсене қолданып, келесі тұжырымға келді: «Менің үлкен өзгерісім оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін оқып үйренуім. Нақты баға қою мен есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау, яғни жиынтық бағалау мен оқушының оқуына ықпал ету мақсатындағы оқу үшін бағалау, яғни қалыптастырушы бағалау түрі». «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» деген тақырыпта Колбай Б.: оқушыға бәрін үйрету мүмкін емес, олардың рөлі үйренуге ұмтылу екенін естен шығармаған жөн.
Тапсырмаларды бергенде «Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық» пен «Үлестірме материалдарға» сүйендім. Деңгейлік және тренерлік курстан алған видеоларды өз сессияларда қолдандым. Бұл ресурстардың маңызы зор болды.
Мұғалімдер сабақтарда белсенді қатысып отырды, әр сабақта түрлі топтарда бірлесе жұмыс істей алды.
Шағын топта көбіне спикер ретінде Рахметова А.К., Оразбаева Б.М., Уалханов Н. Б., Сейдахметова Р.К. болып, өз пікірлерін ортаға салды. Пікірлер әр түрлі көзқараста болды. Себебі, бұл мұғалімдер тақырыптарды жақсы түсініп, басқалармен бөлісе алды. Кейбіреулері кейбір тұстарын түсіне алмады, бірақ топта жұмыс істеп үйренді. «Осы маған сабақта керек пе?», «Мен осыны сабақта қалай қолданамын және қалай кіріктіремін?», «Уақытымды үнімдей аламын ба?» осындай комментарийлер болды.
Сабақ соңындағы кері байланыстар керек болды, себебі келесі сабақтарға дайындалуыма қажет болды, мұғалімдерге не ұнады, не ұнамады біліп отырдым.
Мен алғаш рет тренер болып, сабақ бере алдым, кіші топпен жұмыс істей алдым, жоспарланған барлық сабақтарды өткіздім, мұғалімдерге көмек беріп, білімдерін дамыттым. Мұғалімдерге қажет кезде бағыт бағдар беріп, тиімді ұсыныстарды жасап, нағыз тренер болуға ұмтылдым.
№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің
тренері Абжанова Гульжанның
«Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша
2017-2018 оқу жылында жүргізген жұмысының есебі
Жаһандану үдерісінде ұлттық экономиканың басымдықтары табиғи қорлар мен жұмыс күшімен емес, жыл санап елдің бәсекеге қабілеттілігі артып отырған білім және ғылыми инновациялармен бағалануда. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарында көш түзеп, білім деңгейімізді де соған сай ету үшін қазіргі таңда Қазақстанда білім жүйесін реформалау үдерісі жүруде. Оқушыларымыздың ХХІ ғасырда өмір сүруге қажетті дағдыларды игеруі үшін мұғалімдерге қойылып отырған талап та өзгеше. Ол үшін ұстаздар қауымы өз білімін үздіксіз жетілдіріп, өз тәжірибелерін бір- біріне үйрете отырып, бір- бірінен үйренуі қажет. Осы бағытта «Тәжірибедегі рефлексия» атты жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрларды кәсіби дамыту бағдарламасының маңызы зор болды. Бағдарлама педагог кадрларға оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс- тәсілдерді меңгертуді көздеді.
Осы бағдарлама бойынша мектепішілік курсты жүргізу маған тапсырыл-ғандықтан алдымен аудит жинау жұмысын жүргіздім. Мектеп мұғалімдері-нен сауалнама алу арқылы оларды оқыту үдерісінде не толғандыратыны, осыған дейін қандай біліктілік курстарынан өткендігі, ол курстардан өз тәжі-рибелеріне қандай өзгеріс енгізгендігін анықтадым. Жаңа заман талабына сай біліктілік курсынан өтпеген әріптестеріміздің сабақтарына қатысу арқылы олардың қандай әдіс- тәсілдерді қолданатынын білу мен үшін маңызды бол-ды. Жинаған деректерді саралай отырып, мектепішілік курсқа 16 мұғалімді іріктеп алдым.
Сындарлы оқыту теориясына негізделген деңгейлік курстан алған тео-риялық білімім мен мектеп тренерлері курсындағы тренерге тән дағдыларды тәжірибемен ұштастыра отырып мектепішілік курсты бастап кеттім. Курс барысында мен мұғалімдермен әріптес, жақын дос, құрбы ретінде жұмыс жа-садым, себебі бұл мамандарды өзгермелі өмірге дайындау үшін авторитар-лық әдістің жүзеге аспайтыны белгілі еді. Өз тобымдағы мұғалімдерге құр-метпен қарап, олардың әрқайсысының пікірін білдіруге мүмкіндік бердім және басқаларды да тыңдай білуге үйреттім. Олардың топтық тапсырмаларға түгел тартылуын бақылап, түрлі бағадау әдістері арқылы қолдап, ынталан-дырып отырдым.
Күнделікті сабағыма тиянақты дайындалып, теорияны түрлі әдіс- тәсіл-дермен беруге тырыстым. Бір байқағаным, мұғалімдерге арналған нұсқау-лықтағы теориялық материалдарды меңгеру қиындыққа соқты. Жұптық, топтық оқуды пайдалана отырып, бір- бірімен диалогке түсу, қызу талқылау (ол талқылауға өзім де араласу) нәтижесінде теориялық материалды меңгерту жеңіл болатынын ұғындым және бұл қағидатымды курс соңына дейін ұстан-дым. Әріптестерімді жалықтырып алмау үшін әрбір сабақта әдіс- тәсілдерді түрлендіріп отыруға тырыстым. Мұғалімдерді осы бағдарлама бойынша не алғандығы, оны тәжірибелерінде қалай қолданатыны, қандай нәтижеге қол жеткізетіндігі жайлы курс соңындағы рефлексивті есеп жазуға дайындау үшін күнделікті сабақтан кейін рефлексивті күнделік жазуға кеңес бердім және рефлексияларымен бөлісіп отыру қажеттігін ескерттім. Нәтижесінде олардың рефлексиялары арқылы күнделікті сабағымның қалай өткендігі, оларға не бере алғанымды біле отырып, келесі сабағымды жоспарлап отыр-дым. Оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерді оқулықпен шектеліп қалмауға үйретуде олардың АКТ құзырлығын дамыту, интернет материалдарын тиімді пайдалану, қажет-ті сайттармен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыруға тырыстым. Нәтижесінде мұғалімдер электронды поштамен жұмыс жасау, әдістемелік нұсқаулықтағы қажетті сайттарға кіріп, материалдарды іріктеу, презента-циялар дайындауды үйренді.
Мектепішілік курс нәтижесінде мен курсқа қатысушы әріптестерімнің бойында оқыту үдерісін жоспарлау, оқушыларды оқу үдерісіне тарту, оқушы-лардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау және АКТ құралдарын тиімді қолдану дағдаларының қалыптасқанын байқадым. Қысқа мерзімді және орта мерзімді сабақ жоспарларын жазып үйрену – біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі болды.
Ал «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша жүргізген мектепішілік курс маған не берді?
Аз да болса мектеп тренері ретінде тәжірибе жинақтадым. Курс тыңдаушыларымен тиімді қарым- қатынас орнатуды, әрбір сабаққа жаттығулар мен ресурстарды лайықты іріктей білуді, оқыту әдістері мен тиімді тәсілдерді ұтымды қолдануды үйрендім.
Білім мазмұнын жаңарту дәуірінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілі-гін арттыруда «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының тиімділігін ерек-ше атап өткім келеді және алғашқылардың бірі болып, мектеп тренері ретінде осы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын.
«Білімді игеріп, оны өмірде қолданбаған адам жерін айдап, дәнін сеппеген дихан секілді» деп ұлы ғұлама Сағди айтқан екен, білім берілумен ғана емес, оның өмірде қолданылуы, пайда әкелуімен маңызды. Ендеше әріптестерім «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша мектепішілік курстан алған білімдерін оқу мен оқыту үдерісінде тиімді қолданып, оқушылардың білім сапасының артуына өзіндік үлес қосады деген сенімдемін.
Ал енді менің курсымда оқыған мұғалімдердің курстан кейінгі жетістік-теріне тоқталатын болсақ, Базилова Райхан жыл бойы жаңартылған бағдар-лама бойынша жоғары деңгейде сабақтар беріп, былтырғы оқу жылында мектебіміздің ең үздік мұғалімі номинациясына ие болды. Туменова Сауле апай біліктілік тестінен өтіп, лауазымы көтеріліп, бастауыш мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. Тойлыбаева Сауле, Арысбекова Нуржамал, Сулейменова Фатима апайлардың сабақта қолданған жаңа әдіс-тәсілдерінің арқасында оқушылардың білім деңгейлері көтеріліп, аудандық, аймақтық олимпиадаларында оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Агзамова Гулжанның оқушысы республикалық ғылыми жоба конкурсына қатысып, орын алды. Менің курсымда білімін жетілдірген Майрихова Гулнур апай екі жыл қатарынан аудандық мұғалімдер олимпиадасында жүлделі орынға ие болуда. 2017 жылы аудандық «Ең үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» конкурсында менің жұмысым бірінші орын алса, 2018 жылы осы номинация бойынша менің тыңдаушым Абдибаева Балзада апайдың жұмысы жүлделі 3 орынға ие болды. Осы жетістіктерге жетуде, мұғалімдердің біліктілігінің артуында «Тәжірибедегі рефлексия» курсының да қосқан үлесі бар деп сенемін.
Курс соңында тыңдаушы мұғалімдеріміз 3 ашық сабақ өтіп, сабақ жоспарларын дәлелдемелерімен тапсырып, курс туралы рефлексивті есеп жазып, сертификатка ие болды. Сіздермен бір жыл бойы жүргізген жұмысымның нәтижесіз болмағанына қуаныштымын.
Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген