«Тәжірибедегі рефлексия»
немесе мектеп тренерлері курсы.
Ойтолғау
Курс мақсаты мұғалімдерді
өзгермелі өмірге даярлау жолында жалпы білім беру ұйымдарының
мұғалімдеріне кәсіби дамуға қолдау көрсету мақсатында әзірленген,
және де мектеп тәжірибесін дамытуда Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары
бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің әлеуетін
толыққанды пайдалануды көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлігі
орталығы әзірлеген, «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін
мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы
бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлері курсын
Шымкент қаласында 13 - 24 маусым (2016 ж)
ұйымдастырды.
«Өмір – өзен, тоқтамайды
ағысы» демекші, ел ертеңі – білімді ұрпақтарды тәрбиелеуде. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, жас
ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында деген».Үкімет тарапынан
білім саласын жетілдіруде игі бастамалар жүзеге асырылуда. Білімге
қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі
өзгереді. Қазіргі мұғалімнің қоғамдағы рөлі оның жан-жақты ойлауы,
озық үлгідегі ақпарраттық жүйені меңгеруімен, өз біліктілігін
арттырып отырумен айқындалады.Білімге қол жеткізудің күн сайын
артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі
өзгереді.
Білім саласындағы үлкен
жетістіктің бірі мектеп тренерлерін дайындау бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты қандай? Педагогика кадрларына оқушылардың
шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және
проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық
әдіс – тәсілдерді меңгерту. Тренер деген кім? Тренер – маман,
жоғары білімі бар өз ісінің маманы және әріптестерін құрметпен
оқытушы. Мектеп тренері өз тобының барлық мұғалімдеріне құрметпен
қарайды, Ол барлық тыңдаушыларына және олардың жұмысына бірдей
көңіл бөледі, әрі олардың ұсынған идеяларына сындарлы жауап беруге
ұмтылады. Мектеп тренерлері ынталандырады, әдістерді бірге орындап
шешімін бірге табады, басты құндылық – адамды жақсы көру.Мектеп
тренерлері үздіксіз кәсіби дайындықтың маңызын және оның өзінің
және басқалардың оқу мен тәжірибелік жұмысын қалай дамытып жақсарта
алатынын сезінеді, түйсінеді.Кез келген мәселенің шешімін тапса –
міне нағыз тренердің Тренері.Бұл мәселелерді бірінші сессияда
талқыладық.
Сабақ жаңа форматта өтті.
Орталық мұғалімдері «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін
мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын
жасап шығарған Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер
қарастырылғанымен сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Курс
тақырыптары; кәсіби шеберлік және кәсіби даму, тиімді оқытуға
арналған жоспарлау, сабақ жоспарлауда әдістерді дұрыс қолдана білу
және т.б. Мектеп тренері ретіндегі мақсатым - тыңдаушылар бұған
дейін меңгерген білімдерін жаңадан алған білімдерімен байланыстыра
алуы үшін ақпарат пен тиімді әдістер ұсыну. Екі апталық курста
сабақты жоспарлаудың түрлі әдістерін меңгердік, бұның барлығы өз
тобымдағы мұғалімдердің күні бойы сабаққа ынтасын сақтап, белсенді
араласып отыруы үшін әртүрлі тапсырмаларды орындауға
көмектеседі.Сондықтан сабақ мақсатына жету үшін оқытудың әртүрлі
белсенді тәсілдерін үйрендім.Сабақтың басым бөлігі белсенді өтті,
әғни ақпарат іздеу, талқы жүргізу, жеке немесе бірлескен
тапсырмаларды орындау.Оқуға ынталандыратын және сын тұрғысынан
ойлауға ықпал ететін жаттығулар әзірлеп шешімін бірлесе таптық.
Тренеріміз әртүрлі бағытта, тереңнен немесе сын тұрғысынан ойлауға
көмектесу үшін берілген тапсырмаға және берілген жауаптарға
байланысты сұрақ қойып отырды. Ойлау қабілетін дамытуда сұрақ қоюы
ынталандырылады. Мұғалімдерге оқылым, талқылау және зерттеу арқылы
өз идеяларын жүзеге асырылу ұсынылып
отырды.
Соңғы сессия сабақты
жоспарлауда әдісті тиімді қолданып сұрақтарды жүйелі қою және
жауаптарды талқылау туралы өтілді.Бұл өз кезегінде өтілген
тақырыптарды қайта пысықтап қарастыруға көмектесті. Тереңірек
түсінуге мүмкіндік берді.Тыңдаушылар сабақ барысын талқылап сол
мезетте жоспарға өзгеріс енгізіп,
жүйеледік.
Бірнеше әдістерді қолдана
білдік. Сергіту әдісінің алатын орны ерекше.Бұл әр тыңдаушыға
белсенділік танытуға мүмкіндік беретін және топ қарқынын басқаруға
бағытталған қысқа уақытты жаттығулар. Сергіту
тренерге:
арттыруға;
-
Шиеленістерді жоюға,
шаршағанда басуға;
-
Топтық ауызбіршілікті
арттыруға;
-
Тыңдаушылардың зейінін, есте
сақтау қабілетін және
шығармашылық белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Сергітудің мақсаты : қарым –
қатынасты жақсартып күш – қуатын арттыру, келесі сабаққа
қызығушылығын орнату.
Соңында айтарым бұл бағдарлама
мұғалімдердің тәжірибелік жұмысына да, оқушылардың білім алу
үдерісіне де оң әсер ететініне үлкен үміт артады.Өз сабақтарымызды
ерекше жігермен өткізуге және кәсіби өсуге өзіне деген сенімнің
артуына көмектеседі.
Амангелді атындағы жалпы орта
мектебінің
география пәні мұғалімі
Тойлыбаева Эльмира