400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәжірибедегі рефлексия "Оқудағы кедергілерді анықтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме қажеті болар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-күн


Күні:21.01.2018

Тренер: Мінапова К

Өткізілетін орны:№229 «Абызтөбе»орта мектебі

Тақырыбы

1-сабақ. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффектік теориясы.

2-сабақ. Оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың оқу пікірін анықтау /оқушыдан кеңес алу/

Мақсаты

Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды жіне олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттамаларын /танымдық,әлеуметтік және эмоциялық/, оқытудың ынталандыру теорияларын, «қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды.

Түйінді идеялар

Өзінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Ойларын жақсы жинақтайды, терең ойланады, жоғары нәтижеге қол жеткізеді

Сабақтың барысы











































































2-сабақ










































Психологиялық ахуал орнату. "Табыс қоржыны" жаттығуы

Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.
Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Қойылған мақсатқа жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз - тілегіңіз орындалады.

Топ бір - біріне қарама - қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен - 15 см арақашықтықта тұрады.
Топтың мақсаты:
- қол, дене арқылы кедергі тудыру, бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек."- Жоқ! Жоқ!" деп хормен айтады.
Қатысушының міндеті:
- қатардағылардың арасымен өтіп кету. Келе жатып: "Иә! Иә"" деп жүреді және өз мақсатын салтанатпен алады.Қуаныштан секіруі мүмкін.
Топ арасымен барлығы өтуі тиіс.

Топқа бөлу:

«Табыс қоржыны» жәшігіне салынған түстер арқылы Танымдық, Эмоционалдық, Әлеуметтік топтарына бөлінеді.

Миға шабуыл: why 6 cұрақ әдісі:

Жаттығу барысы бойынша:
- Табыс қоржынына жетуде жүру қиынға соқты ма?
- Не көмектесті, не кедергі жасады?
- Мақсатқа бару жолында әрқашан кедергі бола ма?

Әдетте олармен не істейсіз?

Не себепті бұл ойынды ойнадық деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?


«Кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не

келеді?(ассоциация)

Сіз үшін оқытудағы кедергілер деген не?

Оқушылар оқуда қандай қиындықтарға тап келеді?

Тыңдаушылар стикерлерге кедергілерді жазып, тақтадағы оқушы суретінің айналасына іледі.

Әр топтан бір тыңдаушы шығып өзінің тобының атына қатысты кедергілерді тауып, топтайды.



Тренер Роджерстің «Мен» тұжырымдамасы арқылы қорытындылайды.

Мағынаны тану:

“Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар" кестесін толтыру

Топтық жұмыс.

1-топ Оқушының оқуына оң әсер ететін факторлар

2-топ. Оқушылар үшін оқу үдерісін қиындататын факторлар

3-топ. Оқушының міндеттері

Тренер Маслоудың ынтаның иррархиялық моделімен таныстыра отырып қорытындылайды.


«Көбелек сабағы» бейнебаянын тамашалау

Сұрақтар:

1.Бұл бейнебаянан қандай тұжырымдама жасауға болады?

2.Оқытуда мұғалімдердің жіберетін қателіктері қандай?

3. Осы бейнероликтің идеясымен келісесіз бе?


Жұптық жұмыс

«Фишбоуын» әдісі арқылы оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жою схемасын құрастыру, талқылау, пікір алмасу


Тренер: сабағымыздың басында айтылған «Табыс қоржынымызды» жаңа мәліметтермен толтырды деген сенімдемін.


Кері байланыс

Сабақ не туралы болды? Парақшасы таратылады.

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?





Психологиялық ахуал орнату.

Коучингке қатысушы мұғалімдер ортаға «Кемедегі капитан»ойынына шақырылады. Олар кемедегі  капитан

деген кезде бір-бірден,полуба дегенде екі-екіден,судан құтқару дегенде үш адам ,тамақтану дегенде төрт адам,кеме дегенде бес адамнан  тұра қалулары керек. Сол кезде ойын аяқталады. Сол топтарымен топқа бөлінеді.


Миға шабуыл:
«Оқушылар мұғалімдер және сабақтар туралы не айтады?» /Оқушылардан алынған интервьюді тамашалау/

Сұрақтар; 1.Оқушы пікірімен келісуге бола ма? 2.Не себепті оқушылардың кейбір пәндерге қызығушылығы төмен? 3.Мектептің даму жоспарын жасауда оқушылардың кеңесіне жүгінуге бола ма?
Біз оқушылардың кейде сабақтың білім беру процесінен «шығып қалатынын» білеміз, себебі олар зерігеді немесе олардың күрделі жұмыстан жалтарғылары келеді, не олар сыныптағы шудан қажыған немесе оларға мұғалім белгілі бір сәтте көрсете алмайтын жеке көмек қажет болады немесе кезекті тапсырма олардың қоғамдық өмірінің қиындықтары туралы әңгімеге не сол туралы ойлануға қарағанда мейлінше қызықсыз.

Таныстырылым /Чиксентмихайдын «ағын теориясын» /

Сергіту сәті

«Мені түсін» әдісі бойынша мұғалімдер жазылған сөзді іс-қимылмен көрсетеді, қатысушылар ол сөзді табады
Жазылған сөздер: қиын оқушы, күйгелек бала, психолог, өте ақылды,үлгермеуші оқушы, үздік оқушы,ізденімпаз мұғалім.
Топтық жұмыс

1-топ. Оқушылардан кеңес алудың артықшылығы

2-топ. Оқушылардан не жайлы кеңес алуға болады?

3-топ. Кеңес алу кезінде ұстанатын қағидаттар?

Таныстырылым. «Күш өрісін» талдау /Курт Левин/

Талдау жүргізу үшін кестені пайдаланып, 3 қадам жасаңыз:

  1. Бланк ортасындағы бөлікке өзгеріс енгізу жөніндегі жоспарыңызды жазыңыз.

  2. Әр бағанға өзгертуге арналған барлық күштердің тізімін жасаңыз.

  3. «Жақтаған» және «қарсы» әр күшті 1-ден /әлсіз/ 5-ке /күшті/ дейін бағалаңыз

Қорытынды. «Күріш эксперименті» бейнебаянын тамашалаумен сабақты аяқтау, мұғалімдердің пікірін тыңдау
Кері байланыс Бүгінгі сабақ ұнады ма?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі