Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің тәжірибелік - эксперименттік жұмысыммен бөлісіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



















ТЭЖ тақырыбы:

Заманауи технологиялардың химия сабақтарында оқушы құзіреттілігін қалыптастырудағы тиімділігі.











Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Бүгінгі күні оқу мен тәрбие жүйесі оқушының ішкі мүмкіншіліктерін дамытуға бағытталып отыр. Қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға ғана, өз ісінің субъектісі бола алады. Сонымен бірге оқушының білім сапасының жоғары, мұғалімнің кәсіби шебер маман болуын талап етеді. Осы ретте білім беру саласына әдістеме және оқыту әдіс- тәсілдерімен бірге толық нәтижеге жылдам жеткізуді мақсат ететін оқыту технологиялары да қарқынды енгізілуде. Педагогикалық еңбек тәжірибемде «Химия сабағында оқушының құзіреттілігін қалыптастыруда заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, білім сапасын арттыру» атты өзекті тақырыбын іске асыру бағытында заман талабына сай өзін – өзі дамытуға ізденісі мол жеке тұлғаны қалыптастыруды басты бағыт етемін. Өз тәжірибемде – Ж. Қараевтың оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын, ақпараттық технология, деңгейлеп оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан оқытуды химия сабағында пайдаланамын. Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы , ақпараттық технология оқыту жүйесінде оқу-танымдық қызметте орындайтын әрекеттер оқушының өз бетімен білім ізденуіне бағытталған әдістеме ғана өміршең бола алады. Сондықтан жоғарыдағы технологиялар негізінде оқыту оқушылардың өзін-өзі түсінуге, өзін-өзі өзгертуге бағытталған таным үрдістерін қалыптастыруды өзекті мәселе деп қарастыруға болады. Ал деңгейлеп оқыту технологиясы оқушы қабілеттеріне қарай оқушылардың деңгейін анықтай отырып, бағалауға тиімді әдіс- тәсілдердің бірі. Сыни тұрғысынан ойлауды сабақ барысында қолдана отырып, оқушының жағдайатты шеше алуына, сенімді шешім қабылдауына көмектеседі.










Зерттеу жұмысының мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту , өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.




Зерттеудің міндеттері:

  • Химия пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдарын ашып көрсету,оқытудың заманауи әдісін жасап,ұсыну;

  • жеке басының қабілетіне байланысты өз бетімен тиісті білім деңгейіне жету;

  • Химия пәні бойынша тарауды модульге бөлу арқылы, оның тиімділігін тәжірибелік педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;

  • оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының, ақпараттық, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан ойлау технологияларының тиімділігін көрсету;

  • оқытудың заманауи технологияларды қолдану тиімділігін теориядан практика жүзінде іске асырып, нәтижесін анықтау;

  • қабілеті жақсы, дарынды және алымы төмен оқушылармен білім деңгейіне қарай жекелей жұмыстар жүргізу.












Зерттеу пәні:. Химия

Зерттеу нысаны: Химия мұғалімі мен оқушылардың іс-әрекеттері.

Зерттеу базасы: Ахмер орта мектебі

Зерттеу болжамы: Химия сабағында оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын, ақпараттық технологияны, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан ойлауды оқыту әдістемесінің ғылыми- әдістемелік негіздерін зерттеп, субъектілік қарым- қатынасқа негізделген арнайы оқыту жүйесі жасалынса, білім мазмұнын жаңартса, оқушылардың теориялық ұғым қалыптастыру қабілетін жетілдіріп ,өз бетімен білім іздеуін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру мүмкін болады.

Зерттеу әдістері:

  1. Ғылыми-теориялық, педгогикалық, методикалық әдебиеттерді талдау, жинақтау,сұрыптау,жүйелеу

  2. Педагогикалық іс- тәжірибемен танысу

  3. Нәтижесін сараптау

  4. Оқушы, ата-ана, ұстаздарға арналған психологиялық педагогикалық сауалнамалар жүргізу, бақылау, диагностика жасау.

5.Зерттеу барысында Интернет жүйесін пайдалану, компьютерді қолдану

6.Тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектепте жұмыс істейтін әріптестермен сұхбаттасу

7.Зерттеу кезеңдері бойынша оқыту тәрбие үрдісінде жұмыс жасай отырып, сынақтан өткізу

8. Зерттеу жұмысының нәтижелерін сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыра отырып,бағдарламасын жасау.

9.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеруде әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану.

Зерттеудің дерек көздері:Білім беру бағдарламасы мен стандарты.ҚР білім беру заңы,ҚР 2015 ж. дейінгі білім беру тұжырымдамасы,жаңашыл ұстаздардың озық тәжірбиелерімен танысып жинақтау.


Нәтижені бағалау формасы:

1. ТЭЖ жазбаша есебі

2. ҒПК, Бірлестікте, қалалық әдістемелік бірлестікте баяндама жасау

3. Ғылыми –педагогикалық журналдарда мақала жазу

4. Білім сапасының мониторингисі








Зерттеу уақыты:

1.Диагностикалық кезең (2008-2009)

2.Эксперименттік кезең (2009-2012)

3.Қорытынды кезең (2012- 2013)


Зерттеу жұмысының кезеңдері:

2008-2009 оқу жылындағы Диагностикалық кезеңде мектептің өзекті тақырыбына сәйкес , өзекті тақырыпты таңдап алу.

  1. Проблеманың ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде зерттелуін талдау. Мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  2. Құзіреттілік, қазіргі кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысындағы технологиялық ұғымдарға анықтама беру;

  3. Проблема бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын құру.

  4. Оқушы құзіреттілігін анықтау зерттеу мәселесіне педагог-новаторлардың облыстық, қалалық мектептердің мектепішілік озық тәжірбиелерімен танысып жинақтау.

  5. Оқу-тәрбие үрдісінде жарияланған технологияларды құзіреттілікті қалыптастыруға байланысты іріктеу, оларды нәтижелі пайдалану жүйесін құру.

  6. Диагностика арқылы кездесетін қиындықтарды анықтау

  7. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, шығармашылықты дамыту туралы озық тәжірибелер мен зерттеулерге шолу жасау, материалдар жинақтау, оқып, талдау жасау.








Мұғалім оқушының танымдық әрекеті мен белсенділігін арттыруда оқу- әдістемелік құралдарға сүйенеді. Негізінде әдістемелік, дидактикалық құралдарсыз жеткілікті түрде оқу материалдарын түсініп, меңгеру қиын. Сондықтан оқу- әдістемелік құралдар оқушының өздігінен ізденіп, ой өрісінің артуына, бақылау жүргізуіне, ойлау амалдарын қолдануына, логикалық тұжырым жасауына, оқығанын іс жүзінде қолдана алуына үлкен көмек, мүмкіндік береді. Ал мұғалім оқу құралы арқылы оқушының танымдық қызметіне басшылық жасайды. Ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында қолданылатын жаңа түрдегі құрал- активті экран – интерактивті тақтаны пайдаланамыз. Бұл құрал балалар мен мұғалімдердің жаңа әдіс, жаңашылдық, жаңа әдістемелік құрал ретінде танылып, олардың білім алуға деген құлшыныстарын арттыруға көмегі тиіп отыр. Сонымен қатар жаратылыстану пәндері зерттеу пәндері болып табылатындықтан виртуальді зертханалық жұмыстар бүгінгі күннің үлкен жетістігі.

Заман көшіне ілесу талабының бірі –оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқанын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды.Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбау мүмкін емес.



















2.II – кезең бағдарламасы

Эксперименттік кезең (2009-2012)

  • Жеке басқа негізделген оқыту технологиясын кіргізу аясын кеңейту,тиімдісін тәжірибеге енгізу.

  • Оқушылардың білімдерін кіріспе,аралық және соңғы нәтижелерін жүйелі түрде салыстырып отыру

  • Ашық сабақтар,ҒПК, педагогикалық оқулар арқылы іс- тәжірибе алмасып отыру.

  • Тәжірибе-эксперимент жұмысының қорытындысына өзіндік талдау жасап отыру.

  • оқушының құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау;

  • Құзіреттілікті дамытуға бағытталған педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесін құру және оны эксперименттен өткізу.

  • Химия сабағында оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын, ақпараттық технологияны, деңгейлеп оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан оқытуды 8сыныпта пайдаланып, химия оқулығына арнап деңгейлік тапсырма жасау.

  • ( Дидактикалық материал, жұмыс дәптер)

  • Мектеп психологымен жұмыс жасап сыныпқа мінездеме беру.










2009-2010 оқу жылында 8”а ”сыныбына химия сабағынан бірінші рет бергеніме байланысты мектеп психологымен бірлесе отырып анкета сұрақтары алынып,зерттеу жұмысын жүргіздім. Сыныпқа жалпы мінездеме: 17 оқушы ,оқу үздігі-2, екпінді-10, орташа 13, сапа 48%, үлгерім 100%.

Бұл сыныпта оқушылардың ойлау түрткісі қабілеті анықталды. Нәтижесінде сыныпта оқушылардың түрткісі бойынша

жоғары деңгей 4,2%,орташа деңгей 16,7%, төмен деңгей 79,1%,

Ал логикалық ойлау қабілеті бойынша жоғары деңгей жоқ, орташа-33,3%, төмен деңгей –58,4 % ,өте төмен –8,3%.

Осы зерттеу жұмысындағы көрсеткішті жоғарлату керектігі анықталды.

Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясын, ақпараттық технология, деңгейлеп оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан оқытуды жүзеге асыру үшін менің төмендегідей дайындықтарым қажет болды.

1. негізгі идеялар мен теорияларды, ұғымдарды бөліп алып, оларды бір блокқа топтастыру үшін өз пәнімді терең білуім.

2. тақырыптық жоспарларды құра алуым.

3. пәнаралық байланысты байқай алуым.

4. қажетті әдіс- тәсілдерді таңдай алуым.

5. білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану

6. электрондық оқулықтар жасақтау,мультимедиялық технологияларды пайдалану

7.Әр тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындай алуым.

Ақпараттық технологиялар негізінде оқу – тәрбие үрдісінде:

оқушыға сенімділік білдіру

пәнге қызығушылығын арттыру

оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту

өзіндік шығармашылық деңгейге көтеруі көзделген

Электрондық оқыту нәтижесі:

  • алған білімін өзі тексереді

  • түрлі ақпараттық анықтамалар

  • сарамандық тапсырмалар орындайды

  • көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен іске асырылады

  • тест тапсырмаларын орындайды

  • ойлау қабілетін дамыта алады

  • пәнге қызығуы артады

  • оқушы оқу бағдарламасын тез меңгеріп алады т.б.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды химия сабағында пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,зертханалық жұмыстар, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.

«Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясына негіздеп бағалау парағын жасап, оқушылардың өзін-өзі бағалауына, сыныптастарын бағалай алуына жағдай жасауға тырыстым. Сонымен қатар оқушылардың химия пәні бойынша деңгейін анықтау мақсатында әр тақырыптан кейін, тараудан кейін деңгейлік тапсырмалар дайындадым. Осы технология сабақ барысында қолдану үшін төмендегідей: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық әдістерді қолданамыз. Ал нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеті жоғарылайды, шығармашылығы артады, жан-жақты дамиды, білім сапасы көтеріледі. Технологияның ІІІ- кезең ( кері байланыс) нәтижеге бағытталған бөлім.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырма ұсынылады.

1-ші деңгей 5 баллмен бағаланады. Берілген тапсырма көп ойлануды, ізденуді талап етпейді,Оқушылар жедел түрде тапсырмаларды орындай алады. Мысалы 1 «Таза заттар мен қоспалар» тақырыбына

1- деңгей

  1. тапсырма. Таза заттар мен қоспаларға анықтама бер. Қоспалардың түрлері?

  2. тапсырма Төмендегі кестеге қоспа түрлерін, бөлу әдістеріне мысал келтіре отырып сұрақ белгісі тұрған жерлерді толтыр..

1

Біртекті қоспа

?

2

Бөлу әдістері

?

3

Әртекті қоспа

?

4

Бөлу әдістері

?

5

Кристалдау әдісі

?

2-ші деңгейде оқушылардан (4 баллмен бағаланады)

- 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап

- өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі талап етіледі. Тапсырмалар күрделене түседі. Оқушының бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды




ІІ – деңгей.1-тапсырма. Төмендегі кестені толтыр.

Қоспалар

Бөлу әдістері

Нәтижесінде алынған зат

1

Тұз,құм



2

Тұз, су




ІІІ- ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылануына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Яғни ,логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. ( 3 балл) 3-деңгей

  1. тапсырма.Күнделікті үйде қандай жағдайда сүзу, тұндыру, қайта кристалдау әдістерін қолданамыз. Мысал келтіріп, әдістердің айырмашылығын түсіндір.

  2. 2-тапсырма. Химиялық қосылыстардан қоспалардың айырмашылығын мысал келтіре отырып түсіндір.

  3. Деңгейлік тапсырма бойынша топ басшылары өз тобындағы балалардың жұмыстарына анализ жасайды.

2009-2010 оқу жылында 8”а”-сынып бойынша Ж. Қараевтың оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы негіздеп жасалған деңгейлік тапсырманы орындау барысында ІІ- және ІІІ,ІҮ- тоқсанда оқушылардың білім сапасында өзгерістер болғандығын төмендегі кестеден аңғаруға болады


Оқушы саны







5

4

3

2

Сапа




үлгерім

1

Өткен оқу жылы

25

2

7

16

-

36

100

2

І- тоқсан








3

ІІ- тоқсан

25

2

9

15

-

42

100

4

ІІІ-тоқсан

25

3

10

12

-

52

100

5

ІҮ- тоқсан

25

5

11

9

-

64

100


« Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы білім, білік дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту,оқытудың оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы,тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды,өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігін арттырады. Қазіргі кезде ұстазға қойылған басты талап сапалы білім беру.Ал сапалы білім беруде бұл технологиялар өте тиімді.

Ал Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясында мұғалім мен оқушының іс әрекеті төмендегі кестеде көрсетілген:

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы өз кемшілігін байқайды, өз қатарластарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады

Оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап түзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын ала белгілі жүйеге келтіруге мүмкіндігі бар

Ойланып оқуға дағдыланады

Сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгертеді

Білім алуда жоспар, тезис құруға үйренеді

Бағалау парағы бойынша оқушылардың тақырыпты қаншалықты менгергенін біліп, қорытынды жасайды.

Әр тақырып бойынша қорытынды

бағасы оның жинап алған ұпайына сәйкес қойылады. Оқушы өз жұмысына баға береді


Неге қол жеткіздім?

  1. оқу материалын меңгерту уақыты 30% - ға дейін үнемделіп, уақыттың басым бөлігі бекітуге және дамытуға жұмсалды.

  2. өздік іздету, сыни тұрғыдан ойлана отырып жағдайатты шешіп, өздігінен шешім қабылдау жүйелі түрде жолға қойылды

  3. оқушылар оқулықпен сауатты түрде жұмыс істеуді үйренді.

  4. қолма- қол кері байланыс жүзеге асты

  5. даралап оқыту

  6. пәнаралық байланыс.

Нәтижесі:

1. 8сыныптың химия пәні бойынша күнтізбелік жоспарға өзгеріс енгізілді.

2. 2009- 2010 оқу жылында Бірлестік апталығында «Тотығу- тотықсыздану реакциялары» тақырыбында оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы бойынша ашық сабақ өткіздім. 8- сынып Химия сабағы.



Ұйымдастыру тәсілі бойынша: ынталандыру және қызықтыру (зертханалық жұмыстар көрсету); өзара және өзіндік тексеру; талдап- көрінекілеу әдістерін қолданамын.

Сабақ беру тәсілі: демократиялық

-оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескеру;

-талап қоя отырып, оқушылардың ой – пікірімен санасуы;

-оқушыға негізгі әсер ету әдісі: ойландыру, ақыл сұрау, өтініш жасау;

-пікірлесушімен ашықтық, шынайылық және әділеттілік

-ықпалдасу (фасилитация) – сабақты оқушылар өздері жауаптарды таба алатындай етіп ұйымдастыру.

Педагогикалық әдіс – тәсілдер: Миға шабуыл, қатесін тап, өзара сұрақ, сызба,кесте,негізгісін тап, салыстыр, талқыла, модельде т.б.

Оқу- әдістемелік құралдар оқушылардың ой дербестігінің артуына , логикалық тұжырым жасауына ,көргендерін, істегендерін, оқығандарын өз сөздерімен айтып жеткізуіне мол мүмкіндік береді.

3.Қорытынды кезең (2012- 2013)

Химия сабағында оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясын, ақпараттық технологияны, деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды сабақта пайдаланамын.

  1. Мектепішілік ашық сабақтар беру.

  2. Пән мұғалімдерімен іс- тәжірибе алмасу.

Қорыта келе, Ж. Қараевтың оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы сабақта қолдану, бағалу парағы мен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар арөылы өз деңгейлерін бағалауы әр оқушының пәнге деген ынтасы мен бейімділігін арттырып, оны терең меңгеруге көмегін тигізеді, баланың қабілеті мен дарынының зерттеушілік- танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

Еліміздің келешегіне ие болатын жастардың зерттеушілік– танымдық білімдерінің қалыптасуына, ынтасы мен бейімділіктерінің артуына оқу-әдістемелік құралы үлкен септігін тигізеді.Қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше, себебі әрбір мұғалім педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады. Өзінің кәсіби білім деңгейін көтереді және шәкірттерінің білім сапаларын арттыра түседі.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Байғазиева Г. Педагогикалық технологиларды меңгеру- міндетті . Қазақстан мектебі 2006 ж. № 1

2. Бұзаубақова К. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Қазақстан жоғарғы мектебі 2006 . № 3

3. Кобдикова Ж.У. Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Алматы 2008ж.

4. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.

5. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.

6. Қ.Көнеев, А.қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.

7. Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.

8.З.Байжанова . Жалпы Педагогика. Алматы. 2007ж.

9. Қарылғаш Сарбасова . Инновациялық педагогикалық технологиялар.

Алматы 2009ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
4439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12