Материалдар / «Тәжірибелік сабақтарда кейс стади технологиясын қолдану»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тәжірибелік сабақтарда кейс стади технологиясын қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәжірибелік сабақтарда кейс стади технологиясын қолдану»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1495
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәжірибелік сабақтарда кейс стади технологиясын қолдану»0518000-«Есеп және аудит» мамандығының «Қаржылық есеп » пәнінен« Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есебі»тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің экономикабөлімінің меңгерушісі Қуандыкова Нурипа Таласбаевна

Кәсіптік білім экономикаға қажетті мамандықтар мен кәсіптерге, үнемі өзгеретін еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жедел бейімделуі тиіс. Осы талаптарға нақты еңбек әрекеті үшін қажетті анықтамаларға, дағдыларға негізделетін оқыту, яғни құзыреттілікке негізделетін оқыту жауап береді. Оқу үрдісінде модульдік технологияны негізге ала отырып, «Қаржылық есеп» пәнін оқыту сабағында білімгерлердің белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында құзырлылыққа негізделген дәстүрлі емес сабақтар жүргізіп, сабақ барысында өндіріс жағдайларын бейнелеп, ойын элементтерін және келесі оқыту әдістерін қолданудамын. Осындай әдістердің бірі - кейс стади әдісі. Кейс стади әдісінің мәні – білім алушыларға, нақты жағдайды ұғыну үшін, мамандыққа байланысты айқын кешендік білімді маңыздандыратын және баяндалуы біруақытта қамтылатын қандай да бір машықтандыру жағдайын ұсыну. Кейстербұл көркемдеуге арналған немесе қайсыбір кезеңдерін бөліп шығаруға қолданылатын нақтылы немесе одан шығарылған оқу мысалдарын суреттеу. Кейстерді зерттеу оқушыларды оқулық процессіне барынша көп іске кірістіріледі. Кейстерді зерттеу әдістемесі білім алушылардың проблеманы шешу қабілетін қалыптастыру үшін аса маңызды. Кейстерді зерттей отырып, оқушылар сын ойын қалыптастыруға және ойланып толғануға үйренеді, ол болашақ жағдайларда пайдасын тигізеді. Оқытушыларға өз кейстерін әзірлеуге немесе бар болған кейстерді пайдалануға болады.

Кейс стади әдісін қолданғандағы жұмыс технологиясы

Жұмыс фазасыОқытушының әрекетіБілім алушының әрекеті


Сабаққа дейін
1.Кейс таңдау 2.Негізгі және қосымша материалдарды анықтау 3.Сабақ сценарийін жасау 1.Кейс және ұсынылған әдебиеттер тізімін алады 2.Сабаққа дайындалады
Сабақ кезінде 1.Кейсті алдын-ала талқылау-ды ұйымдастырады 2.Топты шағын топтарға бөледі 3.Шағын топтар кейсін талқылауға жетекшілік етеді, қосымша мәліметтер-мен қамтамасыздандырады 1.Кейс және проблеманы терең түсіну үшін сұрақ қояды 2.Шешу нұсқаларын жасай-ды, басқалардың ойын тыңдайды 3.Шешім қабылдауға қатысады және қабылдайды
Сабақтан соң 1.Білім алушылардың жұмысын бағалайды 2.Қойылған сұрақтар шешімін бағалайды 1. Берілген тақырып бойынша сабақтың жазбаша ақпарын құрастырады


Модульдік технология бойынша тәжірибелік сабақ базасы
  • модульдік функционалдық карта
  • модуль түйіндемелері
  • модуль құрылымы
  • модуль спецификациясы
  • модульдер бойынша нұсқаулар
  • модуль қорытындысы
  • әдістемелік құралдар пакеті
  • нұсқаулық карталар
  • оқу мысалдарына кейстер
Білімгерден күтілетін нәтиже:
  • Кейстерді зерттеп,орындау
  • Кейс элементтерін талқылау
  • Кейс мәліметтері бойынша есептер шығару
  • Деректерді бағалау талдау
  • Шешімдерді қабылдау
  • Пікірлерді қарастыру.




Сабақ жоспарыПән: Қаржылық есепСабақтың тақырыбы: « Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есебі» Сабақтың түрі: Кейс- стади Қолданылатын әдістер: алдын-ала тапсырма беру, презентациялау, шағын топтамаларда жұмыс, кейстерді зерттеу, жеке тапсырмалар , рольдік ойындар

І. Сабақтың мақсаттарын ашуКейс-стади технологиясы бойынша біліа алушыларға алдын-ала осы тақырыпқа қатысты мағлұматтар мен ақпаратты жинақтау үшін әдебиеттер тізімі мен ақпарат көздері айқындалып,тапсырма беріледі.Білім алушылар шағын топтамаларға және әр топтама өз ішінен модератор сайлайды. Модератор шағын топтама басшысының рөлін атқарады, топтың жұмысын ұйымдастырады, регламент анықтап, өз тобының шешімдерін жариялайды .Оқушы топтамалардың тапсырмаларын орындап болған соң қабылдаған шешімдерін оларға өзгертулер енгізеді немесе толықтырылады.

ІІ. Сабақты жүргізу тәртібі
  • 1-кезең Топты үш кәсіпорынға бөлу
  • 2-кезең Эксперт тобын құру
  • 3-кезең Жаңа сабақты презентациялау,кейстерді зерттеу
  • 4-кезең Кейстерді қолдану арқылы қорытындылау,бағалау


III. Тәжірибе сабағына нұсқау беру
  • Әр топ модераторы алдын-ала дайындалған кейстерді қолдана отырып өз тапсырмаларын баяндайды:
  • Ітоп- «Каzжиһаз»ЖШСнің құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизация есептеу тәртібі
  • ІІ.топ-«Астық»ЖШСнің құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару,өндірістік әдіс
  • ІІІ.топ«Тәтті»ЖШСнің құнды сан бойынша есептен шығару және қалдықтың кему әдісі


IV. Практикум сабағының тапсырмаларын орындау
  • Кейстерді қолдана отырып,негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістеріне есептер шығарып берілген тапсырманы толықтырады
  • Ітоп- «Каzжиһаз»ЖШС-Кейс1
  • ІІтоп-«Астық»ЖШС Кейс-2
  • ІІІтоп-«Тәтті»ЖШС Кейс 5,6


Кейс1«Каzжиһаз»ЖШСнің негізгі құралдарына құнды бірқалыпты есептен шығару бойынша амортизация есептеу. Тапсырма:ЖШС«Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 2000 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударымды есептеңіз .

Кейс2«Астық» ЖШСнің негізгі құралдарына өндірістік әдіс бойынша амортизация есептеу .. Тапсырма: Диірменінің амортизациясын өндірістік әдіспен есептеп шығарыңыз. Диірменнің бастапқы құны 1250 000 тг, жойылу құны 50 000 тг, қызмет ету мерзімі 5 жыл. Диірменнің барлық пайдалану кезінде ұн шығару 600 000 тг көлемінде есептеліп отыр.
  • 1 жылы 120 000 тг.
  • 2 жылы 140 000 тг.
  • 3 жылы 150 000 тг.
  • 4 жылы 100 000 тг.
  • 5 жылы 90 000 тг.
Кейс 3«Тәтті»ЖШСнің негізгі құралдарына құнды сан бойынша есептен шығару және қалдықтың кему әдісі бойынша амортизация есептеу. Тапсырма:Торт пісіретін пештің амортизациясын түрлі әдістермен есептеп, оның баланстық құнын анықтау қажет, оның бастапқы құны1250 мың тг,жойылу құны – 50 мың тг құрайды, қызмет ету мерзімі 5 жыл.

V. Оқушылардың білімін бағалауЭксперт тобы әр топтың орындаған кейстерін зерттеп, бухгалтерлік проводкалардың дұрыстығын тексеріп ,бағалайды

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!