400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ


Педагогика факультеті

Биология география кафедрасы






5В011600 –География мамандығының

«Туризм және өлкетану негіздері» пәні бойынша


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




















АҚТАУ 2020


















АЛҒЫСӨЗ


Біздің Жоғарғы оқу орнында, туризм саласында, өзінің қызметі үшін, қажетті квалификация алуды мақсат еткен бірінші курс студенттеріне туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрылымын жетік білу, оның тарихын, дайындық кезеңін, саяхаттарды ұйымдастырып өткізуді оқып үйрену, туған өлкенің флорасы мен фаунасы туралы қажетті білім алу, экологиялық білімді азаматтар болу өте қажет. Бұл жағдайда туризмнің активті, белсенді түрлерін оқытуға ерекше көңіл бөлінді. Өйіткені олар адам денсаулығына өте пайдалы. Ең алдымен жаяу және шаңғы туризмінің орны үлкен, олар көп адамдарға ұнайды. Оқыту барысында студенттер теориялық білімдер алады және туристік саяхаттар мен жорықтарды қажет болатын практикалық шеберлікке ие болады. Студенттер қоршаған ортаның табиғатын және оның бай тарихи мәдени мұра ескерткіштерін сақтауға байланысты мәселелерге қатысты білім жүйелігін де қалыптастырады.

«Туризм және өлкетану негіздері» пәні – география мамандығында оқитын студенттер үшін ең негізгі пәндердің бірі болып саналады. Аталған пән болашақ географ мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім берумен қоса, тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

«Туризм және өлкетану негіздері» пәні табиғатты танудың методологиялық және дүние туризмінің танымдық мәселелерін қарастырады. Туризм және өлкетану негіздері студенттерді дүниетанымдық және теориялық ойлауға, білім қорын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануды қалыптастырады.

Студенттердің туған өлкеге деген мақтаныш сезімін, кең-байтақ еліміздің табиғатын,отансүйгіштігін, өз елінің байлығын,тарихын,мәдениетін сүйе білуге,оны қорғауға тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге өлкетану материалын оқып-үйрену, жинақтау және пайдалану негізінде жүргізілетін экскурсиялар мен практикалық жұмыстар зерттеудің географиялық әдістеріне сәйкес келетін білімді терең меңгеруге және практикалық біліктілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Туризм және өлкетану негіздері» бағытындағы дала практикасында, жорықтар кезінде студенттер өздері бақылап-байқаған өлке табиғаттың жергілікті ерекшеліктерін,құбылыстар мен үрдістердің байланысын оқып-үйренудің негізінде жастардың дүниетанымы және табиғи ресуртарға саналы түрде ұқыпты болу сезімі қалыптасады. Патриоттық тәрбие беруге негіз болатын құралдардың бірі өлкетану бағынында жүргізілген жұмыстар екені мәлім. Туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы жастарға патриоттық тәрбиені де қалыптастырады.

Туристік өлкенің мәдени мұра нысандарына деген құрмет, сезімдерінің дамуы; туристік өлкеге деген патриоттық сүйіспеншілікке байланысты мәдени мұра нысандарын ажырата талдай, бағалай білуі және оларды қорғауды өзінің борышы деп санауы; адам бойында туристік өлкенің мәдени мұра нысандарына деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын қасиеттерді меңгеру. Бүгінгі күні әдіснамалық және дүниетанымдық мәдениеті жоғары, шығармашылық жағынан белсенді, өзінің кәсіби іс-әрекетінде икемділік пен қабілеттілік таныта алатын маман дайындау міндеті тұр. Бұл міндетті шешудің бір жолы студенттерге дайын білімді беріп қоймай, олардың теориялық көзқарастарын негіздеуге, пәндік-практикалық тәсілдерді меңгеру болып табылады. Қазіргі заманғы білім берудің мақсаткерлік міндеті-сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті жастарды даярлау. Біздің ендігі міндет-жастардың білімділікке, интеллектіге, Отанына қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Нұсқауда әрбір тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстың орындалу жолдары мен әдістері, өзін-өзі бақылау сұрақтары, ұсынылатын әдебиеттер және құралдың соңында әрбір тақырыпқа тест сұрақтары берілген.

Қазіргі кезеңде,басқа пәндерге қарағанда география сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар бұл міндетті орындауға көп мүмкіндік береді. Атап айтқанда, физикалық география курсы, өлкетану бойынша мектеп бағдарламасында табиғатқа міндетті түрде экскурсия өткізу қарастырылған.

Әдістемелік нұсқау география мамандығымен маманданатын студенттерге курсты толық меңгеруде және мектеп мұғалімдеріне мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруға көмекші құрал ретінде ұсынылды.


ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №1

Жұмыстың тақырыбы: Туризмнің классификациясы, Туризмнің түрлері мен формалары.Туризм ғылымдарының алғашқы негіздерін нақтылап түсіндіру. салыстырмалы талдау жасау.

Жұмыстың мақсаты: Туризмнің даму тарихын, басқа пәндермен байланысын, қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып туризм ғылымының мақсаты мен міндетін ашып түсіндіру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің экономикалық географиялық атласы,ТМД-елдерінің картасы. Туризм және өлкетану негіздері оқулығы.Дүниежүзінің картасы, Маңғыстаудың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Белсенді туризмнің түрлері қандай?

2. Активті және пассивті туризмнің атқаратын негізгі міндеттері қандай?

3. Жергілікті жердегі, сыртқы жерлердегі, жоспарлы және өз бетінше ұйымдастырылатын туризмнің түрлері қандай?

4. Туристік жиындар (слет) мен жарыстардың маңыздылығын атап көрсету.

5. Өлкетанудың табиғаты, оның мәні және мағынасына байланысты, аймақтық-өлкетану мәліметтерін пайдаланып, сипаттама беру

СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша жауап беріп,слайд дайындау

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау негізінде баяндама жазу.

4. Тақырып бойынша қосымша тест құрастыру

5. Қазақстанның физикалық картасы бойынша номенклатура дайындау.


Әдістемелік ұсыныстар: Тәжірибелік сабаққа дайындалуда дәріс тезистерін мұқият қайталап оқумен қатар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, қажетті конспект жасау керек. Тәжірибелік сабақтың сұрақтарына толық жауаптар дайындап,картамен жұмыс жасау қажет.


Тапсырмалар


1. Туризмнің даму тарихына түсінігіне анықтама беріп, жергілікті жердегі, сыртқы жерлердегі, жоспарлы және өз бетінше ұйымдастырылатын туризмдер туралы деректер жинақтау

2. Туризмнің даму кезеңдерін атап көрсету.

3. Белсенді туризмнің түрлері: жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед түрлеріне анықтама беру.

4.Туризмнің мотоцикл, автомобиль, спелео (үнгір) ат, комбинациялық түрлерін жіктеу.

5.Туризмнің даму тарихының алғашқы зерттеушілері туралы баяндама жазыңыздар.



Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Спутник туриста ФиС. Москва 1968г

2. П.И. Лукоянов. Зимние спортивные походы. ФиС. 1988г

3. Специальная и общая физическая подготовка в туристских секциях ВУЗов. Методическое письмо. Москва 1954.

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990..

2.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

3.Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы заңы» Астана 2001.

ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №2


Жұмыстың тақырыбы: Туристік секциялар мен үйірмелер

Жұмыстың мақсаты:Туристік секциялар мен үйірмелердің маңыздылығын түсіндіру

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің экономикалық географиялық атласы, Маңғыстау облысының физикалық географиясы оқулығы, Туризм және өлкетану негіздері оқулығы. Дүниежүзінің картасы, Маңғыстаудың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Туристік жарыстар қандай мақсатта өткізіледі?

2.Туристік ұйымдастырудың құрылымына нелер жатады?

3.Туристік секциялар мен үйірмелердің негізгі құрылымы қандай?

4.Туристік жорықтарды өткізу ережелері қандай?

5.Туристік секциялар мен үйірмелердің жастар үшін қандай маңыздылығы бар?


СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Туристік секциялар (реферат)

Әдістемелік ұсыныстар: Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту. Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бергенде география ғылымдарының дамуы мен әртүрлі ой-пікірлердің шоғырлануына әсерін тигізген себептерді естен шығармаған жөн

Тапсырмалар


1.Туристік секциялар мен үйірмелер сипаттама беру

2.Кескін картаға өлке туризмнің түрлерін түсіру.

3. Туристік жорықтарды өткізу негізінде тарихи,өлке танулық және фальклорлық материалдарды,коллекцияларды мен гербарилерді жинау.

4.Туристік секциялар мен үйірмелер ұйымдастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

2.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990..

2.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

3.Радаев В. Экономическая социология М..: 1998

4.Яковлев Г.А Экономика и статистика туризма – ,М РДЛ.. 20


ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №3


Жұмыстың тақырыбы: Ежелгі дүние туризмін түрлі деректерін анықтау Туризмнің даму тарихы.

Жұмыстың мақсаты: Туризмнің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің физикалық картасы. Қазақстанның физикалық картасы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Ежелгі дүние туризмі

2.Туризмнің даму кезеңдері

3.Туризмнің пайда болуы

4.Туризмнің даму тарихы қай кезеңнен басталады?


СОӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау(конспекті)

4.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

5. Ежелгі дүние туризмінің пайда болуы тақырыбындағы №1 кестені орындаңыздар.


Ежелгі дүние туризмінің пайда болуына байланысы

1- кесте

Ежелгі дүние туризмі

Европадағы туризмнің дамуы.

Ресейдегі туризмнің пайда болуы.

Қазақстандағы туризмнің дамуы.

1.




2.




3.




4.






Әдістемелік ұсыныстар: Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту. Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бергенде ежелгі туризмнің түрлеріне маңызына тигізген себептерді естен шығармаған жөн.

Тапсырмалар:


Дүниежүзінің саяси картасын пайдаланып Қазақстанда, Жапонияда және Испанияда туризмнің дамуын, ерекшелігін бағалап төмендегі кестені толтыр: №2 кестеге толтырыңыздар.

№2 кесте


Дүниежүзінде туризмнің дамуы

Елдердің туризм бағытындағы сипаттамасы



Қазақстан



Жапония



Испания



Туристерге қызмет көрсету операцияларының

технологиялық жүйелілігі







Америка туризмі жағдайы және оның елдің дамуына әсері









Ерекше қорғалатын территориялардың туризмнің дамуына әсері








Туризмнің даму деңгейі елдің экономикасына тигізетін әсері









Ел аумағының көліктік-қызметтің туризмнің дамуына әсері









Чартерлік əуе тасымалдарын ұймдастырудың туризмнің дамуына әсері







Ел аумағының туристік өнімінің туризмнің даму әсері








Халықаралық және аймақтық туризмнің ұйымдарға қатысты жағдайы








Туроператорлық қызметтердің ролі








Халықаралық тəжірибеде қонақүй мекемелері








Елдің экономикасындағы туризмнің және геосаяси жағдайын бағалаудың басты қорытындылары:











Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқау

Кестені толтыру кезінде соңғы жаңалықтарды ескере отырып, елдердің экономикалық геосаяси жағдайын салыстыру қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. .Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

2.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990..

2.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

3.Радаев В. Экономическая социология М..: 1998

ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №4

Жұмыстың тақырыбы: Туристік жорықтарды жасақтау. Экскурсия өтетін жердің паспорты.

Жұмыстың мақсаты: Туристік жорықтың мақсаттары мен міндеттерін жасақтау түрлерін нақтылап түсіндіру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Топографиялық карталар, Адрианов компосы, Маңғыстаудың физикалық картасы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экскурсиялық туристік жорықтың паспортының

қандай түрлері болады?

2.Жорықтың паспортизациясы дегенімізді түсіндір.

3.Экскурсия өтетін жердің паспортының түрлері.

СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

5. Туристік жорықтарды жасақтаудың маңызы.

6.Экскурсия өтетін жердің паспортымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Тәжірибелік сабаққа дайындалуда дәріс тезистерін мұқият қайталап оқумен атар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, қажетті конспект жасау керек. Тәжірибелік сабақтың сұрақтарына толық жауаптар дайындап, дәптерге жазып қойған орынды.

Тапсырмалар

Жекелеген студенттерге әр түрлі географиялық нысаналар беріліп, сол жерлердің мынадай етіліп паспортын толтыру қажет:

1. Баратын жердің аты.

2. Нақты орналасқан жері.

3. Экскурсияның тақырыбы.

4. Көруге болатын нысаналар.

5. Экскурсоводпен келісу.

6. Қолайлы уақыт мерзімін белгілеу.

7. Байланыс түрі.

8. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

9. Консультатцияны алатын жер.

10. Экскурсия жоспарының қолда болуы.

11. Паспорттың жасалған күні.

12. Паспортты жасаған адам.

Тақырып бойынша негізгі қорытындылар жасап дәптерге жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

3. Специальная и общая физическая подготовка в туристских секциях ВУЗов. Методическое письмо. Москва 1954.

4.Отчёт Всемирный Туристской Организации – Мадрит 2001

5.Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

6.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997

7.Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

8.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990.

2.Уваров А.К.Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау.оқу құралы. Алматы,2004.-52бет.


ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №5

Жұмыстың тақырыбы: Бағыт табу және нысаналар. Туристің құрал- жабдығы.

Жұмыстың мақсаты: Туристің құрал- жабдығына жан-жақты сипаттама беріп, түсінік қалыптастыру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Топографиялық карталар, Адрианов компосы, Маңғыстаудың физикалық картасы. Туристің құрал- жабдықтары (арқан,альпеншток, шатыр,балта,карта,дүрбі,тамақ пісіретін ыдыстар,жатын қап, дәрі-дәрмек салатын қобдиша,примус,құтқару киімдері т.б.)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Туристік жорықта ұйықтап дем алу үшін нелер қажет?

2. Жолға жалпы қандай заттарды алған жөн?

3. Жорықта жүрудегі ерекшеліктер неде?

4. Туристер қандай ыдыс алып шыққандары дұрыс?

5. Жаяу жүретін турист қандай заттарды алып шыққаны дұрыс?

8. Қайық жүргізушінің алып шығатын жарақтары.

9.Туристік топқа ортақ құрал –жабдықтар


СОӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

5. Туристің құрал- жабдығы. (реферат)

6.Маршрут бойына белгі салу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Географиялық карталарды және әдебиеттерді пайдалана отырып, туристтердің бағытын анықтау мақсатында қолданылатын құрал жабдықтарға сипаттама беріп дәптерге сызбасын сызып, қалай жұмыс жасайтынын айтып беру


Тапсырмалар

1. Ұйықтайтын қап, оның маңызы туралы жаз.

2. Үрленетін матрас, оның маңызы туралы жаз.

3. Рюкзак, оның түрлері туралы жаз.

4. Топографиялық түсірілім жүргізуге қажетті заттарды ата.

5. Жеке адамдарға арналынатын құралдар

6.Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. .Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

2.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990.

2.Уваров А.К.Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау.оқу құралы. Алматы,2004.-52бет.


ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №6


Жұмыстың тақырыбы: Маршруттық құжаттарды толтыруды үйрету. Жұмыстың мақсаты: Маршруттық құжаттарды толтыру туралы түсінік қалыптастырып,. жалпы жан-жақты сипаттама беру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: глобус, компас, дүрбі, альбом, түрлі-түсті қарандаш.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Оқулықтан «Туристік жорықтарды», «жорыққа әзірлікті», «маршрут және қатысушыларды» бөлімдерін оқып, келесі сұрақтарға жауап беріп, дәптерге қысқаша жауап беру.

2.Туристік жорықты қалай түсінесіңдер?

3. Туристік жорыққа алдын ала қалай дайындалады?

4.Туристік жорыққа оқушылар нелерді алып шығуы

керек?

5. Жалпы туристік жорықты жүргізудің маңызы неде?

6.Маршруттық құжаттарды білудің маңыздығы.


СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

5. Антик дәуіріндегі жаратылыстану ғылымының дамуы


Тапсырмалар

1. Жорыққа шығатын топтарға түрлі жұмыстарды бөлу, міндеттеу.

2. Жорық жетекшісінің жұмысы.

3. Тамақ пен заттарға жауаптылар жұмысы.

4. Хатшы және қаражатқа жауаптылар жұмысы.

5. Киім, жарақтарды жөндеуші және санитардың

жұмыстары.

6. Суретші мен фотографтардың жұмыстары.

7. Геолог пен гидрологтың жұмыстары.

8. Ботаник пен зоологтың жұмыстары.

9. Дене шынықтыру жұмыстары.

Тақырып бойынша негізгі қорытындылар жасау және оны дәптерге жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: Маршруттан бастап қатысушыларына дейін және сонымен қоса жорыққа әзірлік кезінде, жаяу жорық кезінде жалпы топ жетекшісімен әр бригада бригадирлерінің міндеттері мен мақсаттарын айқындап беру. Денсаулықтарын айғақтайтын құжат.Қорытынды жасап, дәптерге конспект жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

2.Багрова Л.А Багров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990.

2.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

3.Радаев В. Экономическая социология М..: 1998

ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №7


Жұмыстың тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек көрсетудің түрлерімен таныстыру Турист гигиенасы.

Жұмыстың мақсаты: Алғашқы медициналық көмек көрсетудің түрлерімен таныстыру Турист гигиенасы. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің пайдалалығына тоқталып, адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Дәрі-дәрмек қобдишасы т.б.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Туристік жорыққа дәрі дәрмек алудың қажеті бар ма?

2. Туристік жорыққа қандай дәрі дәрмек алып шығу керек?

3. Санитарлық кеңес дегеніміз не, оның қажеті неде?

Әдістемелік нұсқау: Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту. Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бергенде география ғылымдарының дамуы мен әртүрлі ой-пікірлердің шоғырлануына әсерін тигізген себептерді естен шығармаған жөн.

Тапсырма:

Туристің жеке гигиенасы.

Медициналық қаралудың мәнін анықтау.

Қажалудан, күн өтуден, қан қысымынан және үсіп қалудан сақтанудың түрлерін ата?

Ағзаны шынықтыру. Жорықтағы өзін-өзі бақылап жүру.

Аяқ киімге, киімге және басқа құралдарға деген гигиеналық талаптар қандай?.

Темекі шегіу мен спиртті ішімдіктерді қабылдаудың зиянын ата?.

Туризм мен айналасу кезіндегі дәрігерлік және өзін-өзі бақылаудың тиімділігін анықта.


СОӨЖ тапсырмалары:


1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тақырып бойынша қосымша слайд жасау.

5. Орта ғасырлардағы жаратылыстанудың дамуы

6..Бақылау құтқару қызметіндегі (БҚҚ) ақыл кеңестер мен нұсқау алу

7.Бақылау мерзімі. МКК-ның жорыққа шығарушы ұйымдардың құқықтары мен міндеттері.


Әдістемелік ұсыныстар: Тәжірибелік сабаққа дайындалуда дәріс тезистерін мұқият қайталап оқумен қатар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, қажетті конспект жасау керек. Тәжірибелік сабақтың сұрақтарына толық жауаптар дайындап, дәптерге жазып қойған орынды.


Тапсырмалар:


1. Өзін –өзі бақылаудан объективті және субъективті көрсеткіштері.

2. Өзін –өзі бақылау күнделігін жүргізу.

3.Туристік серуендер мен жорықтарға қатыстырылмау себептері.

4.Дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы.

5.Жол жүру кезіндегі мүмкін болатын аурулар мен жарақаттар, олардың белгілері және оларды жорық жағдайында , барынша емдеу. Жорық аптекасы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С. Г. Хорошавина Концепции современного естествознания Ростов-на-Дону «Феникс» 2005

2. Акимов О.Е. Естествознание: Курс лекций. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 639 с

3.Алексей Станиславович Тимощук. Владимир «Концепции современного естествознания» Лекции 2009. 112 с.

4.Колосова О.Ю. , Вергун Т.В. Концепции современного естествознания Международный журнал экспериментального образования. – 2009.

5. Классификатор специальностей высшего и послевузовского образования РК.

6..Уваров А.К.Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау.оқу құралы. Алматы,2004.-52бет.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №8


Жұмыстың тақырыбы: Жорық кезінде тамақтану және түнейтін жерлер

Жұмыстың мақсаты: Жорық кезінде тамақтану және түнейтін жерлер туралы түсініктер қалыптастыру.

Жұмысқа қолданылатын құрал-жабдықтар: Топографиялық карталар, Адрианов компосы, Маңғыстаудың физикалық картасы. Туристің құрал- жабдықтары (арқан,альпеншток, шатыр,балта,карта, тамақ пісіретін ыдыстар,жатын қап, дәрі-дәрмек салатын қобдиша,примус,құтқару киімдері т.б.) видио,суретке түсіру құралы,дүрбі. Рюкзак.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1. Жорық кезінде студенттер, туристер қайда паналап, дем алады?

2. Лагерь дегеніміз не, оның маңызы неде?

3. Палатка дегеніміз не, оның маңызы неде?

4. Рюкзактың түрлеріне, ерекшеліктеріне тоқтал.

5. Туристік жорыққа қандай тамақтарды алуға болады?


СОӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Палатканы құрудың пайдасы.

5.Тақырып бойынша қосымша тест құру.

6. Өзін –өзі бақылаудан объективті және субъективті көрсеткіштері.

7. Өзін –өзі бақылау күнделігін жүргізу.

8.Туристік серуендер мен жорықтарға қатыстырылмау себептері.

9.Дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы.

10.Жол жүру кезіндегі мүмкін болатын аурулар мен жарақаттар, олардың белгілері және оларды жорық жағдайында , барынша емдеу. Жорық аптекасы.


Әдістемелік ұсыныстар:

Арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып, жорық кезінде түнейтін орындарды қалай таңдап алуға болады, негізгі себептерін түсіндіру қажет. Өз өлкелеріне орай сызба карталарға қолайлы жерлерді түсіріп көрсету және қорытынды жасап, дәптерге конспект жазу


Тапсырмалар

1. Рюкзакты жинау жолдарына тоқтал.

2. Лагерьді лайық жерлерге орналастыруға тоқтал.

3. Палатка құру мен жинаудың жолдарына тоқтал.

4. Туристік жорыққа алынатын тамақтарды көрсет.

5. Жолда жасалатын тамақтарды ата.

Әдістемелік нұсқаулар: Арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып, жорық кезінде түнейтін орындарды қалай таңдап алуға болады, негізгі себептерін түсіндіру қажет. Өз өлкелеріне орай сызба карталарға қолайлы жерлерді түсіріп көрсету және қорытынды жасап, дәптерге конспект жазу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. .Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

2.Багрова Л.А Багров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1 Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990.

2.Уваров А.К.Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау.оқу құралы. Алматы,2004.-52бет.


ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №9


Жұмыстың тақырыбы: Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері.мені танысып, түсінік беру.

Жұмыстың мақсаты: Туған өлкенің туристік мүмкіндіктерімен танысып, түсінік беру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Өлке тану туралы түсінік.Өлке тану жұмысын ұйымдастырудың жолдары.

2.Өлке танулық бақылау бұрыштарды, көрмелерді жане мұражайларды ұйымдастыру.

3.Туристтік маршруттар мен экскурсиялар жасап дайындау кезінде өлке тану материалдарын пайдалану.

4.Қарапайым бақылаулар түрлері

5.Жергілікті жер белгілері бойынша ауа райын болжам жасау.

6.Маршрутта қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру.


СОӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Жаратылыстану жаңа заманда

3.Туризм бойынша спорттық квалификация.Спорттық разрядтар мен атақ дәреже беру.

4.Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері.Рекрациялық объектілерін анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту.

Тақырыптағы материалды толық меңгеру жəне тапсырмаларды дұрыс орындау үшін «турагенттік» жəне «туроператор» сияқты жабдықтаушыларды ажырата білу керек, сондай-ақ туристік қызметті жабдықтаушылармен келісімшартқа отырған кездегі заңдық тараптарды білу керек, қосалқы қонақжайлылықты, клиенттерге қызмет көрсету технологиясын, туристік мекеме персоналына қойылатын негізгі талаптарды меңгеру шарт.

Тапсырма:

Оқулықтың мәтіні мен атласты пайдаланып төмендегі жоспар бойынша туған өлкенің туристік мүмкіндіктерін дамытуға қолайлылығын бағала:

  1. Сипаттама беру барысында соңғы статистикалық мәліметтерді қолданыңыз.


р/с

Туған өлкенің туристік мүмкіндіктерін дамыту бағыттары

Сипаттамасы

Өндірістік туристік орындар

туристік жəне қонақүй жиһаздарын өндіру фабрикалары;

туристік кəдесыйлық фабрикалары;

туристік жабдықтарды өндіру кəсіпорындары жəне т.б.

Сауда кəсіпорындары:

туристік жабдықтарды өңдеу дүкендері;

туристік кəдесыйлық өңдеу дүкендері;

жалға беру орындары.


Туризмді дамытуға мүмкіндік беретін туристік орындар

Ойын-сауық индустриясының негізгі қызметтері

цирктер;хайуанаттар бағы; аттракциондар;

демалыс бақтары;

жылжымалы қалашықтар жəне т.с.;

əртүрлі көркемдік кəсіпорындар, оған қоса стационарлы жəне қозғалмалы театрлар;

кинотеатрлар;көркем сурет шеберханасы;


Маңғыстаудағы туристік обьектілері


Қарақия ойпаты – табиғаттың бірегей мүйісі. Ақ Жартастар патшалығы, Тамшалы – мөлдір тамшылар шатқалы, Жығылған ойылымы.т.б.

Каспий теңізінде туризмнің

дамуы

Круиз, кеме,су туризмдері,саяхаттар

Туризмдегі спорттық қосалқы базалар

– спорттық алаңдар;

– жасанды шыңдар, құздар;

– теннистік корттар;

– мұз айдындары;

– бассейндер;

– фитнес залдар;

– түрлі спорттық инвентарь (тренажерлер, конькилер, альпілік

жабдықтар жəне т.б.)


Қызметтер ауқымды спектрлер

емдік-шынықтыру қызметтері;

–медициналық қызметтер; – мəдени-көркемдік, ойын мерекелері жəне т.б.


  1. Өлкенің картасын құрып, маңызды туризм салалары мен оларды орналастыру қағидаларын, туризм өнімдерін анықта.


Тапсырма:

  1. Туған өлкеге жорықтарды дайындау мақсаттары

  2. Топты жасақтау құрылғылары

  3. Міндеттеріне тоқталу

  4. Жорықтарды дайындау мақсаттарын қалай бөлуге болады?

  5. Ұйымдастыру негізі қалай жүзеге асады?

  6. Туризмнің міндеттеріне нелер жатады?

  7. Маршрут құру және топтың дайындығын тексеру қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Спутник туриста ФиС. Москва 1968г

2. П.И. Лукоянов. Зимние спортивные походы. ФиС. 1988г

3. Специальная и общая физическая подготовка в туристских секциях ВУЗов. Методическое письмо. Москва 1954.

4.Отчёт Всемирный Туристской Организации – Мадрит 2001

5.Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

6.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997

7.Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005


№10.Тәжірибелік жұмыс.

Жұмыстың тақырыбы: Таудағы қауіп қатер. Тауға жаяу шығу жорығымен танысу

Жұмыстың мақсаты: Таудағы қауіп қатер түрлеріне жалпы жан-жақты сипаттама беріп,түсініктерін қалыптастыру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Рельеф және тау жасалу процесімен байланысты болатын қатерлердің түрлері.

Қатерлерлі құбылыстардың пайда болу белгілері.

Биіктіктің, күннің, ауа райы мен климаттың әсері қандай?

Топтың боранды ауа-райында қозғалу іс-әрекетітердің ережелері.


СОӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Ауа райы мен климаттың әсерін сипаттау

3. Күнге кұйіп кетуден сақтану шараларын қарастыру.

4. Найзағай түсуден сақтанудың жолдарын қарастыру.

Әдістемелік нұсқау: Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту. Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бергенде география ғылымдарының дамуы мен әртүрлі ой-пікірлердің шоғырлануына әсерін тигізген себептерді естен шығармаған жөн.

Тапсырма:

(Күнге кұйп кету, көздің жасаурауы, үсіп қалу қауіпі, қалың қар және оның көп түсуі, боран ,найзағай түсу) кездерінде қорғанудың түрлерін ата?.

Әдістемелік нұсқау: Жоғарыдағы сұрақтарға тәжірибелік дәптерге жазбаша жауап бер. Тақырып бойынша ауызша сабақ айту. Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бергенде география ғылымдарының дамуы мен әртүрлі ой-пікірлердің шоғырлануына әсерін тигізген себептерді естен шығармаған жөн.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

1.Никифров В.И Калиническо В.В Богданов Ю.В Методологические вопросы системного анализа Проблемы развития городского туризма Туристские Фирмы Вып 19 1999.

2.Папирян Г.А Экономика туризма М.. Финансы и статистика. 2000

3.Радаев В. Экономическая социология М..: 1998

4.2013-2015 жж. арналған ҚР Туризмді дамытуға бағытталған бағдарлама

5. Биржаков М. Б. «Введение в туризм», М.: Невский фонд, 2006

6. Гуляев В. Г. «Организация туристской деятельности»,

М.: Но ли дж, 2006

7.Бейсенова Ә., Самақова Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы, 2004.

9. Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары туралы» заңы.

10. Қазақстан сайты www.stat.kz

11. Мазбаев О.Б. «Туристско-краеведческая работа учителя» РУМК, Алматы, 1990.

12.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

Қосымша:

1.О.Мазбаев,Б.Асубаев,Е.Тоқпанов.Туризм және өлкетану негіздері.

2.Мазбаев О.Б.,Атейбеков Б.Н.,Асубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері.Оқу құралы.Алматы.2006

3. Специальная и общая физическая подготовка в туристских секциях ВУЗов. Методическое письмо. Москва 1954.

4.Отчёт Всемирный Туристской Организации – Мадрит 2001

5.Александрова .А.Ю.Международный туризм Аспект Пресс 2002.

6.Багрова Л.А мБагров Н.В Преображенский В,С Рекреационные ресурсы-1997

7.Беквит Г Продовая незримое - М Альпина Бизнес Бук 2005

8.Уваров А.К.Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау.оқу құралы. Алматы,2004.-52бет.

Yessenov University КМТИУ Көпсалалы колледжі аға оқытушысы Джонова Зита Зинелқызы

Djonova. Z.Z..09. 2020 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 тамыз
1082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі