Хор:
Қазақстан
Армысыздар, құрметті ,қадірменді қонақтар!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Қасиетті , киелі
Тәуелсіздігім » атты мерекелік ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана
елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26
жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын
өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге
жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып
өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
Тәуелсіздік:
Авторы: Қалқаман
Сарин
Орындайтын: Әділбек
Мирас
Жастарымыздың ерен ерлігін
насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз
жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп
келуде.
Ән: Қазақ
елі
Ор: Ағаділ
Айман
Берекет Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Мирас
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
Нурислам Е
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп өседі
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі
Жания
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
Акзере
Маған қымбат ұлы
елімнің
Шешек атқан әр
гүлі
Аялайды
бәрімізді
Азаттықтың таң
нұры
Мадина
Бостандығым тұңғыш
рет
Аққанатын қаққан
күн
Әже әлдилеп
немересін
Басы айналған бақтан
күн
С
Нуршат
Бәрі болған қазақ сынды
көне елде
Ел белгі
де,ерлік,өрлік,өнер де
Жаһандағы ең жауыргер
халықта
Кім сенеді Ту болмады
дегенге.
Тәрбиеші: Енді ақ орданың
төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда
бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі
шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір
қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес
қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды
күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері
анық.
Айман
Бас
білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты
аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен –
таңба?!
Інжу
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер
түркіні байрағынан таныған.
Өзі
ақын,өзі әнші халықта,
Кім
айта алар болмаған деп Әнұран?!
Сандугаш Тәуелсіздік-бақыты
ғой елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой
жерімнің.
Қолға қонған бақ құсындай
аялаған.
Басы ғой теңдесі жоқ бұл
елімнің.
Әлішер:Тәуелсіздік
мерекесі
Мерей тойын
тойлады.
Бүкіл халық
жиналып,
Жылы лебіз
жолдайды.
Раяна Биіктей бер , Нұр
аға,
Қыран қанат
талмасын.
Қадірлемей
тұрама.
Халық сіздей
тұлғасын.
Бағдаулет Естімейік енді елдің
жылағанын,
Қайта құлап бостандық
сұрамағын,
Абылайдың жолымен алға
басқан
Құтты болсын, Нұрлы жол Нұр
ағаның.
Серікбол: Ел басқарған
Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам
бар.
Ел бірлігін ел тірлігін
тілеген,
Ақ ниетті Халық деген данам
бар.
Д Мирас : Тәуелсіздік
мерекесі
Мерей тойын
тойлады.
Бүкіл халық
жиналып,
Жылы лебіз
жолдайды.
Әли : Ынтымағым биікке
өрле,
Жаса жайна
қазағым.
Желбіреп ұшқан
байрағым.
Тәуелсіздік алған
ел
Би:
Жалкаубек
Ор: Ақкөгершін
тобы
Ернур: Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым.
Түсті бақыт
жолына
Менің
Қазақстаным.
Аяна
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Бауыржан Елдігімнің –
реңі,
Теңдігімнің –
тірегі
Мүддесінен
халықтың
Ажырамас бір
елі
Алтын заңым – арай
таным!
Фариза
Тәуелсіздікті елге
сыйлады,
Бейбітшілікті
қалады.
Орындалып
арманы,
Коркем
Халқымызда
ажарлы.
Осының бәрі
әрине,
Елбасының
арқасы.
Жанбота
Тәуелсіздік бақыты қой
елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой
жерімнің
Қолға қонған бақ құсындай
аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл
елімінің.
М. Нурислам Аспан түстес
туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел
біледі.
Гимн де, Елтаңба да
өзімдікі
Қара аспанды қай саяқ
төндіреді.
К Нуршат Тәуелсіздік бақыты
қой елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой
жерімнің
Қолға қонған бақ құсындай
аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл
елімінің
Жаннур
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма
едік,
Тоқтар менен Талғаттар шығарма
еді,
Абай әнін ғарыштан қазақ
айтып.
Әлем шырқап , қосылып тұрар ма
еді.
Көк тудың
желбірегені
Ор:
Мирас
Тәрбиеші:
Жеттік міне осы күнге көптен
бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Бүгін, міне, Егеменді Тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық.
Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді
елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе
шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын,
күннің нұры сәулесін мол төксін.