Материалдар / "Тал бесік"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тал бесік"

Материал туралы қысқаша түсінік
4- сыныпқа арналған үйірме жұмысының бағдарламасы. республикада білім беру үрдісіне енгізіліп жатырған ұлы өзгерістермен қатар, тәрбие саласындағы қызметте де жаңа бағыт-бағдар қолға алынып, ұлтымыздың рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту мақсатында түрлі бағдарламалар мен тұжырымдамалар, жоспарлар дүниеге келді. Осы бағытта оқушылардың өз халқының салт дәстүрін танып үйренуіне, оны шығармашылықпен зерделеп зерттеп, тұлға бойына елжандылық қасиеттерді сіңіру мүмкіндігіне жол ашатын, «Тал бесік» үйірмесі қолға алынды. Үйірме бағдарламасы 34 сағаттан тұрады. Аптасына – 1сағат. 4–сынып оқушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
581
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш айхиев Жетек Шапағатович

Атырау облысы, Құрманғазы

аудандық білім бөлімінің әдіскері,

бастауыш сынып мұғалімі

педагог-зерттеуші







«Тал бесік»

4- сыныпқа арналған үйірме жұмысының бағдарламасы


Түсінік хат


Елдің ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасын қастерлеп, баба аманатын болашаққа апаратын, елдігіміздің туын тіктейтін тұғыры – тәрбиелі ұрпақ. Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ойтолғамында бұл мәселеге қатысты жұмыс бағыттары айқын көрсетілген. «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек… Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды…» – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетті.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтар ұғымы негізінде тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев ұстаздар алдына жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді, ұшқыр ойлы, дені сау, жан‑жақты тұлға қалыптастыру міндетін қойды. Сондықтан, республикада білім беру үрдісіне енгізіліп жатырған ұлы өзгерістермен қатар, тәрбие саласындағы қызметте де жаңа бағыт-бағдар қолға алынып, ұлтымыздың рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту мақсатында түрлі бағдарламалар мен тұжырымдамалар, жоспарлар дүниеге келді.

Осы бағытта оқушылардың өз халқының салт‑дәстүрін танып‑үйренуіне, оны шығармашылықпен зерделеп‑зерттеп, тұлға бойына елжандылық қасиеттерді сіңіру мүмкіндігіне жол ашатын, «Тал бесік» үйірмесі қолға алынды.

Үйірме бағдарламасы 34 сағаттан тұрады. Аптасына – 1сағат. 4–сынып оқушыларына арналған.

Бағдарлама мақсаты: оқушының ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтардың ұлы арнасы ‑ салт‑дәстүрлермен таныса отырып, дерек, мәліметтерді зерделеп, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік тудыру.

Міндеттері:

  • Салт‑дәстүрлерге қатысты түсініктерін кеңейту;

  • Салт‑дәстүрлердің негізінде жатқан халық даналығын танып‑білуге жол ашу;

  • Салт‑дәстүрлердің тұлға ретінде қалыптасуға ықпалын зерделеп‑зерттеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Салт‑дәстүрлерге қатысты білім негіздері қалыптасады;

  • Ұлттық құндылықтар, бабалар мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі қалыптасады

  • Тақырыпқа қатысты материалдармен жұмыс істеу ізденістері артады, тұжырымды пікір айтуға дағдыланады.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

«Сүйінші» тарауы. 17 сағат.

Салт‑дәстүр және әдет‑ғұрып туралы дерек, мәліметтермен танысып, тапсырма сұрақтарымен жұмыс жасайды. Салт‑дәстүрлердің адам өміріндегі маңызын анықтауға бағдар алады. Бұл тарауда сәбидің өміріне қатысты дәстүр, рәсім, жоралғылармен танысады. Дүниеге келмей тұрған кезінен бастап (құрсақшашу), дүниеге келгеннен бастап қамқорлық (шілдекүзет, бата беру, ат қою), дене гигиенасы талаптарын орындау (сылау, бесікке салу, бауырынан табақ алу, тұсау кесу т.т.).

Бала тәрбиесі (бәсіре, қолғанат, бестегі бала, ойын баласы т.т.) туралы ой қорытады. Зерттейді, жоба қорғайды. Мүшел қайыру, оның адам өміріндегі мәні туралы зерттеп, ерекшелігін талдап, маңызы мен мәніой тұжырымдайды.

«Аманат» тарауы. 17 сағат.

Салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді талдау. Мал шаруашылығына, ас, тағамдарға байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар егін шаруашылығына қатысты дәстүрлерді зерттеу. Діни дәстүрлерге қатысты жоба қорғау. Әділ қазылық, сөзге тоқтау жоралғысы туралы ақпараттарды меңгереді. Шешендік сөздерден мысалдар келтіреді.

. Сәлемдесу мен сәлемдеме дәстүрлерін зерделеп, таныстырылым даярлайды. Талдап, бағалайды.Адам баласына тұрмыс‑тіршілікте ерекше ықпалы бар салт‑дәстүрлерге қатысты тапсырмаларды орындап, «Аманатқа адалдық» конференциясын өткізеді.

«Талбесік» үйірме бағдарламасының оқу‑тақырыптық жоспары

4-сынып


Тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Сабақ мақсаты


I Сүйінші

1

Салт‑дәстүр және әдет‑ғұрып (әңгімелесу)

1


5.1.1.Салт‑дәстүрлер туралы ақпаратпен танысып, маңыздылығын анықтауға бағдар алады

2

Құрсақшашу .

1


5.1.2. Сәбиге арналған алғашқы мереке туралы ақпаратпен танысады.

3

Шілде күзет.

1


5.1.3. «Шілде күзет» дәстүрінің маңызы мен мәнін талдап, танысады

4

Алғашқы бата

1


5.1.4.Сәбиге берілетін алғашқы батаның маңызы мен мәнін анықтайды

5

Ат қою.

1


5.1.5. Ат қою рәсімінің маңыздылығын талдап, ой тұжырымдайды

6

Сылау

1


5.1.6. Сәбиді сылаудың денсаулыққа пайдасы туралы ақпаратты зерттейді

7

Бесікке салу.

1


5.1.7.Бесіктің пайдасы мен маңызы туралы ақпаратты талдап, танысады.

8

Қырқынан шығару

1


5.1.8. Сәбиді қырқынан шығарудың мәні мен маңызы туралы танып, біледі.

9

Қырық қадам.

1


5.1.9. Қырық қадам туралы ақпаратпен танысып, маңыздылығын анықтауға бағдар алады

10

Нағашыдан – бәсіре. Ен салу

1


5.1.10. «Бәсіре атау» дәстүрі туралы ақпаратпен танысады.

11

«Бауырынан табақ алу» дәстүрі

1


5.1.11. Сәбидің белсенді әрекетіне қолдау көрсететін дәстүрлерді танып, біледі.

12

Тұсау кесу (үш түрі 7-10 айларда)

1


5.1.12. Тұсау кесу дәстүрі туралы білімдерін толықтырады.

13

Тілашар

1


5.1.13. Тілашар дәстүрінің жүзеге асырылу жолдарын зерттейді.

14

Қолғанат

1


5.1.14. Қолғанат болу сөзінің тәрбиелік мәні мен маңызын түсінеді.

15

Ашамайға мінгізу. Тоқымқағар.



5.1.15. Ашамайға мінгізу, жол жүру дәстүрлерімен танысады.

16

Бес, жеті, он жасқа қатысты дәстүр‑жоралғылар

1


5.1.16. Бес, жеті, он жасқа қатысты дәстүр‑жоралғылармен танысады, маңызын зерделейді.

17

Он үш жас – бірінші мүшел

1


5.1.17. Мүшел қайыру, оның адам өміріндегі мәні туралы жоба жұмысын жасайды.


II Аманат

18

Салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

1


5.2.1.Салт‑дәстүр, әдет‑ғұрыпқа байланысты мақал‑мәтел, нақыл сөздері бойынша жоба қорғайды.

19

Мал шаруашылығына қатысты дәстүрлер

1


5.2.2.Мал шаруашылығына қатысты салт‑дәстүрлермен танысады.

20

Ас, тағамдарға байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар (қымызмұрындық, уыз, бүйрек, төс, соғымбасы т.т.)

2


5.2.3.Ас, тағамдарға қатысты салт‑дәстүр, әдет‑ғұрыптар туралы мәліметтермен танысып, жоба жұмысын жүргізеді.

21

Егін шаруашылығына қатысты дәстүрлер

1


5.2.4.Егін шаруашылығына қатысты салт‑дәстүрлерді зерттейді.

22

Діни дәстүрлер: аластау, ұшықтау

1


5.2.5. Діни дәстүрлер, олардың шығу тарихын зерделейді.

23

Жұмалық



5.2.6. Жұмаға қатысты салт‑дәстүрлер туралы деректермен танысады

24

Сөзге тоқтау

1


5.2.7. Әділ қазылық, сөзге тоқтау жоралғысы туралы ақпараттарды меңгереді

25

Сәлем беру, сәлемдеме

1


5.2.8. Сәлемдесу мен сәлемдеме дәстүрлері бойынша таныстырылым даярлайды.

26

Ерулік, босаға майлау.

1


5.2.9. Көршіге қатысты дәстүрлер туралы деректер жинақтайды.

27

Асар жасау, жылу, үме т.т.

1


5.2.10. Көмек қолын созу, қайырымдылық дәстүрлеріне байланысты жоба қорғайды.

28

Жекжат, бауырласу

1


5.2.11. Жекжат, жора болу,бауырласу дәстүрі

29

Байғазы, көрімдік.

1


5.2.12. Қуаныш, жаңа (бұйымға) затқа аталатын жөн‑жоралғы.

30

Көрісу

1


5.2.13.Көрісу салты туралы деректер жинап, таныстырылым жасайды.

31

Бата алу, бата беру дәстүрі

1


5.2.14. Бата алу және бата беру дәстүрі туралы мәліметтерді жинақтап, ой тұжырымдайды.

32

Баба мұрасы:әулеттік жәдігер

1


5.2.15.Әулеттік жәдігер туралы деректер жинайды, жинақ жасайды.

33

«Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт -дәстүрлеріне» байланысты тапсырмалармен жұмыс.

1


5.2.16.Салт‑дәстүрлерге қатысты тапсырмаларды орындап, конференцияға даярланады.

34

«Аманатқа адалдық!» конференциясы

1


5.2.17.Конференцияға жұмысын ұсынып, білім деңгейін танытады.


Барлығы

34









«Талбесік» үйірмесінің жұмыс бағдарламасының мазмұны

4-сынып

I Сүйінші

1‑сабақ. Салт‑дәстүр және әдет‑ғұрып (әңгімелесу). Салт‑дәстүр және әдет‑ғұрып туралы дерек, мәліметтермен танысып, тапсырма сұрақтарымен жұмыс жасайды. Салт‑дәстүрлердің адам өміріндегі маңызын анықтауға бағдар алады. Сәбидің өміріне қатысты маңызды ақпараттармен танысады.

2‑сабақ. Құрсақшашу – сәбидің дүниеге келмей тұрғандағы алғашқы мерекесі. Сәбидің анасына күтім жасау – болашақ сәбиге мейірім көзі. Сәбиге арналған алғашқы мереке туралы ақпаратпен танысады.

3‑сабақ. «Шілде күзет» дәстүрі туралы мәтінмен танысып, талдайды. «Шілде күзет» дәстүрінің маңызы мен мәні туралы пікір алмасады, ой қорытады.

4‑сабақ. Алғашқы бата. Сәби өміріндегі алғашқы бата. Оны беруге лайық адамды таңдау. Сәбиге берілетін алғашқы батаның маңызы мен мәні.

5‑сабақ. Ат қою. Ат қою рәсімі. Есім беру ерекшелігінің маңыздылығын талдап, ой тұжырымдайды. Өз есімдерінің сырына үңіледі.

6‑сабақ. Сылау. Сәбиді сылау – дене шынықтыру гимнастикасы. Оқушылар сылап‑сипау ерекшелігін танып‑біліп, денсаулыққа пайдасы туралы ақпаратты зерттейді.

7‑сабақ. Бесікке салу. Бесік, бесікке салу туралы ақпаратпен танысады. Бесіктің пайдасы мен маңызы туралы ақпаратты талдап, танысады.

8‑сабақ. Қырқынан шығару. Сәбиді қырқынан шығарудың мәні мен маңызы туралы танып, біледі.

9‑сабақ. «Қырық қадам» жоралғысы туралы зерттеп, зерделейді. Оның маңыздылығы туралы ой қорытады.

10‑сабақ. «Бәсіре атау» дәстүрі туралы ақпаратпен танысады. Бәсіре тай, қырық серкеш. Нағашыдан бәсіре алу. Ен салу. Бұл дәстүр туралы шағын әңгіме жазады.

11‑сабақ. Бауырынан табақ алу деген не? Ол қандай мақсатта жасалады?Осы сұрақтар бойынша оқушылар өздері ізденеді. Ойларын қорытып, тұжырымдайды.

12‑сабақ. Тұсау кесу. Тұсау кесу рәсімі, шарты.Оның түрлері. Тұсау кесу дәстүрі туралы білімдерін толықтырады

13‑сабақ. Тілашар – тіл дамыту жаттығулары жиынтығы. Ол қашан басталады? Оның қандай түрлері бар? Тілашар дәстүрінің жүзеге асырылу жолдарын зерттейді.

14‑сабақ. «Қолғанат» сөзінің мағынасын үңілу. Қолғанат болу сөзінің тәрбиелік мәні мен маңызын түсіну.

15‑сабақ. Ашамайға мінгізу. Ашамайлы ер. Ашамайға мінгізу дәстүрімен танысу. Алысқа сапар – тоқымқағар.

16‑сабақ. Бес, жеті, он жасқа қатысты дәстүр‑жоралғылармен танысу. Осыған қатысты мақал‑мәтелдерді жинақтау. Бес, жеті, он жасқа қатысты дәстүр‑жоралғылармен танысады, маңызын зерделейді.

17‑сабақ. Он үш жас – бірінші мүшел. Мүшел қайыру, оның адам өміріндегі мәні туралы жоба жұмысын жасайды.



18‑сабақ. Салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді талдау. «Салт‑дәстүрлерге қатысты мақал‑мәтел, нақыл сөздердің мәні» тақырыбында жоба қорғау.

19‑сабақ. Мал шаруашылығына қатысты дәстүрлер, жоралғылармен танысу (шашыратқы, сақман т.т.)

20‑сабақ. Ас, тағамдарға байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар (қымызмұрындық, уыз, бүйрек, төс, соғымбасы т.т.) туралы ақпараттармен танысу. Жоба қорғау.

21‑сабақ. Егін шаруашылығына қатысты дәстүрлерді зерттеу. Қырманбасы, сабантой, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер т.т.)

22‑сабақ. Діни дәстүрлер (аластау, ұшықтау), олардың шығу тарихын зерделейді. Шағын мақала жазады.

23‑сабақ. Жұмаға қатысты салт‑дәстүрлер туралы деректермен танысады. Өз пікірлерін жазып, талдайды. Діни тақырыптағы қисса, аңыз әңгімелерді жинайды.

24‑сабақ. Сөзге тоқтау. Әділ қазылық, сөзге тоқтау жоралғысы туралы ақпараттарды меңгереді. Шешендік сөздерден мысалдар келтіреді.

25‑сабақ. Сәлем беру, сәлемдеме. Сәлемдесу мен сәлемдеме дәстүрлері бойынша таныстырылым даярлайды. Талдап, бағалайды.


26‑сабақ. Ерулік, босаға майлау. Көрші, жаңа қонысқа қатысты дәстүрлер туралы деректер жинақтайды. Мысал келтіреді.

27‑сабақ. Асар жасау, жылу, үме т.т. Көмек қолын созу, қайырымдылық дәстүрлеріне байланысты ізденіп, жоба қорғайды.

28‑сабақ. Жекжат, бауырласу. Жекжат, жора болу,бауырласу дәстүрі туралы өмірден, әдеби шығармалардан мысалдар келтіру, талдау.

29‑сабақ. Байғазы, көрімдік. Қуаныш, жаңа (бұйымға) затқа аталатын жөн‑жоралғы туралы ізденіс жұмыстарын орындау. «Сүйінші» еркін пікірлесу.

30‑сабақ. Көрісу. Қандай жағдайларда көріседі? Оның мәні неде? Өзіндік ізденіс жұмысын орындау.

31‑сабақ. Бата алу, бата беру дәстүрі. Бата адамға қандай жағдайларда беріледі? Оның маңызы неде? Батаны кім береді және қала береді? (Конференцияға материал даярлау)

32‑сабақ. Баба мұрасы:әулеттік жәдігер (босаға, адалбақан, шапан т.т.). Әулеттік жәдігер не үшін керек? Оның қандай маңызы бар? Әулетте жәдігер бар ма? Зерттеу жұмысын жүргізу.

33‑сабақ. Салт‑дәстүрлерге қатысты тапсырмаларды орындап, «Аманатқа адалдық» конференциясына даярлану. Жыл бойғы тақырыптарды бөліп, өткізілу жоспарын жасау.

34‑сабақ. «Аманатқа адалдық!» конференциясын өткізу.




Ақпараттық-әдістемелік бөлім

«Тал бесік» тақырыбындағы үйірме жұмысының бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағаттан тұрады. Бағдарлама мазмұны екі тарауға бөлінген, «Сүйінші» және «Аманат» тақырыптарын қамтиды. Бағдарлама негізінде барлық тапсырмалар оқушының шығармашылық ізденісіне бағытталған.

Бағдарламаның жақсы меңгерілгені оқушының конференцияға даярлаған жұмысы немесе бекітілген тапсырма негізінде анықталады. Оқушылармен бірлесе жоспарланған, ұйымдастырылған сабақтар бағдарлама мақсатын іске асыруға көмектеседі. Жартыжылдық қорытынды сабақтар және межеленген қорытынды шара бойынша өз жобасын қорғау, талдау тапсырмасы, бақылау жұмысы білім тексеру түрі болып табылады.

Оқушылар үйірме барысында білуге тиіс:

Салт‑дәстүрлермен танысып, талдау;

Зерттеп, білім көзін толықтыру.

Үйірме бағдарламасынан күтілетін нәтижелер:

Салт‑дәстүрлерді танып‑біледі;

Оның мәні мен маңызын анықтайды;

Халық дәстүрлері мен тәрбие негіздерін меңгереді.

Оқушылардың білімдерін бағалау:

Бағдарлама бойынша тапсырмалар мен алдын-ала белгіленген бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

қалыптастырушы және жиынтық бағалау қойылады;

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!