400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Талантты ұстаз,талапты шәкірт» байқауының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Талантты ұстаз,талапты шәкірт» байқауының сценарийі

(Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады)

1 - Жүргізуші:–Мұғаліммін мазасыз білім десе,
Көз майымды тауысты күнім неше.
Рақат тауып қалар ем бұл шақта да
Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…

2 - Жүргізуші:–Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,
Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.

1 - Жүргізуші:Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да ерекше маған талап.

2 - Жүргізуші:Ұландарым —  ұятым, ар-намысым,
Бала —  менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін

1 - Жүргізуші:«Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңеніұмытпайтын...»

2 - Жүргізуші:«Алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».

1-жүргізуші:Құрметті көрермендер, аяулы ұстаздар, байқауға қатысушы мұғалімдер және жанкүйерлер!

2-жүргізуші: «Талантты ұстаз ,талапты шәкірт» байқауына қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, -дей келе бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер..

2-жүргізуші:

Бар өмірін балаларға арнаған,

Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.

Ұлағатқа тасып-толған кемері,

Ұстаздарымыз сахнаға келеді,– деп, ендеше бүгінгі осы ерекше де, қасиетті тұлға иелерін, яғни байқауға қатысушы ұстаздарымызды ортаға, сахна төріне шақырайық.



1-жүргізуші:Шәкірт —  менің мәртебем,
Мен —  баспалдақ.
Мен арқылы  шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жасұланға ақжарқын жол ашқанға-ақ, –деп үнемі шәкіртімен мақтанамын,
дей келе технология пәнінің мұғалімі Меңдіханқызы Миргулмен Ғалымжан Рахманды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Сынып — менің сахнам, отты алаңым.
Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын,– деген музыка пәнінің мұғалімі
Шынар Табылдықызы мен шәкірті Бисембаева Айкөркемді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз.
Деп тілеймін таусыла:
Оза шауып,
Жүйріктерден сурылып шықса шаңсыз,–
деген орыс тілі пәнінің мұғалімі Изгул Ізбасарқызы мен шәкірті Мажитов Жақияны ортаға шақырамыз

1-жүргізуші: Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашып жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын,–
деген бастауыш пәнінің мұғалімі Гүлмайдан Серікқалиқызымен Темірболат Шәкәрімді ортаға шақырамыз.

2 - Жүргізуші:Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағбандай гүлді күткен аялаймын –
деген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Венера Мұхсиқызымен Нәби Айгулді ортаға шақырамыз

2 - Жүргізуші:Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім —  жер жемісім…
Бәрі-дағы балаға —  оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін дей келе
Танакөз Төлеуғалиевна мен Жагор Дияр ортаға шақырамын.

1 - Жүргізуші:Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

1 - Жүргізуші:Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге,– деп бүгінгі сайыста сынға түскен ұстаздарымызға шапалақ соғып, құрмет көрсетейік!

2 - Жүргізуші:«Талпынған бала, талпынған құстай,

Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.

Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ.

Еліміздің ұстаздары аман болсын,

Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.

Сіздерге тек тілейміз аманшылық,

Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе алғашқы ұстаздарға деген құттықтау сөз кезегін мектеп директоры  Ислямова Ботагөз Шағиқызына береміз.

2 – Жүргізуші: Ұстаз... Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны!

Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.

1-жүргізуші:  Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз – берік, келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.



 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі