жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Талантымен танылған топтар" топаралық байқау
«Талантымен танылған топтар» топаралық сайыс
Байқау басталмас бұрын көңілді әуендер беріліп тұрады. Талапкерлер жиналып дайын болған кезде арнайы дайындалған музыка фонында сахнаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші: - Қайырлы күн жиналған қауым! Сіздер бүгінгі балабақша ішілік ұйымдастыруымен өткізгелі отырған топ аралық «Талантымен танылған топтар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгін бізде өте ерекше күн. Себебі бүгін тура осы сайыста бойында жасырын жүрген, енді танылуға қадам басып, топ жарып шығатын таланттарымызды табамыз.
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның ел жұртының мақтаны бол,
Талантты болып жүр әркез өміріңде - дей келе біз әр талапкерге өзінің талантын көрсетіп, биік шыңдарға жете берсін деп айтқымыз келеді. Әр бала өз ішінен талантты. Мысалы: біздің балабақшамызда таланттарымыз жетерлік. Бірақ, біз осы таланттардан 3-4 есе көп болғанын қалаймыз. Ендеше талапкерлерге тек қана сәттілік тілеп, көңілді сайысымызды бастаймыз!
Сайысымыздың мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін балалардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу. Ата-аналар мен балаларды байқауға қатыстыра отырып, ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Балабақша — отбасы — бала қарым-қатынасының тиімді модельдерін іздестіру.
Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» — деген даналықты ғибрат етіп, талантты ұлы жолға батыл қадам басып, жігерімен жанып келген қатысушыларымызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырамыз!
Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,
Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,
Талантымен танылатын кез келді,
Паш ететін бар болмысын барын сап.
(Талакерлер сахнаға тізім бойынша реттілігімен шыға береді)
Құрметті әріптестер! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр баланың жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгеді. Сіздерден өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген бүлдіршін біздің мақтанышымыз. «Балабақша жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл сіздерге арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Олай болса дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап. Бүгінгі байқаудың әділ бағасын
беріп, талантты топтарды анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Балабақша әдіскер: Серікбаева Клара Тоғамысқызы
Балабақша психологы: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы
Тәлімгер тәрбиеші: Сүйінтаева Айжамал Келдибайқызы
Сайысымыздың шарты бойынша байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды. Байқауға қатысушы өзінің бойындағы ерекшелігімен бөлісу. Оның ішінде: табиғи ерекше дауысымен не болмаса өзіндік жаңалығымен, заманауи талабына сәйкес түрлі әдіс-тәсілдерді, өзіндік шығармашылығымен ойындарды көрсету, шынайы тұрғыда өз таланттарын көрсету болып табылады.
Құрметті ата – аналар, әріптестер! Сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» атты бала өнері.
2. «Талантты тәрбиеші - барлық істе де талантты» атты тәрбиешілердің
жаңалығы.
3. «Кім жылдам» атты сұрақ – жауап ата – аналармен ойын.
Істеріңізге сәттілік тілей отырып, алдағы кезеңдерден мүдірмей өтулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Олай болса сайысымыздың алғашқы ашылу сөзін балабақшамыздың әдіскері Клара Тоғамысқызына береміз.
«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» атты бала өнері.
«Мен қазақпын!» әнімен «Құлыншақ» ортаңғы «А» тобының тәрбиеленушісі: Тәңірберген Шынбергенді қарсы алыңыздар.
«Туған жер» сурет бойынша әңгімелеу жұмысымен «Алтын кілт» ортаңғы «Б» тобының тәрбиеленушісі Алман Айбибі қыздарыңызды шақырамын.
«Мен инженер боламын» деген арманымен бөлісуге келген «Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Серікбай Бейбарыс ұлдарыңызды қабыл алыңыздар.
«Талантты тәрбиеші - барлық істе де талантты» атты тәрбиешілеріміздің жаңалығына кезек береміз.
Қане, достар пікірлесіп қарайық,
Қилы – қилы ойды ортаға салайық.
Сан – салалы түрлі тәсіл тоғысып,
Ойындарға мұқият зер салайық.
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Ербозова Бақыт
«Асық терапиясы»
«Алтын кілт» тобының тәрбиешісі Жұмаханова Мира
«Бөлігін тап» ойыны
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі Изенова Зухра
«Ғажайып перамида»
III. «Кім жылдам» атты сұрақ – жауап ата – аналармен ойын.
«Құлыншақ» тобынан ата – ана Майра Миралиева
«Алтын кілт» тобынан Алимова Жадыра
«Күншуақ» тобынан Еңсепова Жанат
Балаңыздың тобының аты? /Құлыншақ, Алтын кілт, Күншуақ/
Балаңыздың жақсы көретін түсі?
Шындерген: Қызыл
Айбибі: Көк
Бейбарыс: Көк
Топтағы тәрбиеші апайларын атаңыз?
Жадыра, Майра, Венера, Бақыт
Даме, Мира, Мира
Гүлсім, Зухра, Асел, Лайла
Балабақшамыздағы мейіркеш апайымыздың аты - жөні кім?
Мейіркеш: Султаева Анар
Балаңыздың ұнататын ойыншығы?
Шындерген: Қыстырмақ
Айбибі: Қуыршақ
Бейбарыс:Машина
Біздің балабақшаның ерекшелігі? /бөбекжай/
Балаңыздың ұнататын мультфильмі?
Шындерген: Тобот
Айбибі: Маша и медведь
Бейбарыс: Том и Джерри
Балаңыздың сүйікті жемісі?
Шындерген: Алма
Айбибі: Алма
Бейбарыс:Құлпынай
Балабақшамыздың әдіскерінің аты – жөні?
Әдіскер: Клара Тоғамысқызы
Балаңыздың ұнататын кейіпкері?
Шындерген: Аю
Айбибі: Маша
Бейбарыс:Тышқан
Топтағы досы кім?
Шындерген: Сырым
Айбибі: Каусар
Бейбарыс: Әзім
Күтуші апайларын атаңыз?
Лаззат, Гүлдаурен, Гүлдари
Зираш, Жанар, Алия,
Ұлболсын, Ықпал, Алтыншаш
Балабақшаның атауы? /Балдырған/
Балаңыздың туған күні?
Шындерген: 03.09.2014ж
Айбибі: 12.06.2014ж
Бейбарыс:16.12.2013ж
Балабақшаның номері? /№7 /
Құрметті әріптестер, ата – аналар! Міне, байқауға бөлінген уақытымызда тәмамдалды. Қазылар алқасы сайыс қортындысын шығарғанға дейін
«Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Әмірхан Әзімнің орындауында «Өнерге ғашықпын» әнін тарту етеміз.
«Талантыңмен танылған топтар» атты топаралық сайысымыздың қортындысымен таныстыру және жүлдегерлерді марапттау үшін қазылар алқасына береміз.
(Марапаттау рәсімі)
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін,
Мақcатыма жеткізер - уақытыма сенемін,
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!
Жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын,
Құзіретті тұлға, мен сіздерге сенемін!
Мойытпасын
қиындықтар сендерді,
Батылдықпен
асыңдар сан белдерді.
Таланттарыңмен
таң қалдырып біздерді,
Жақсы
іспен қуантыңдар елді енді, - дей келе
құрметті
көрермендер осымен «Талантымен танылған топтар» атты топаралық сайысымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген