Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талантыңмен таңыл" атты сыныптан тыс сабақ. 8-9 сынып аралығында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп мұғалімдеріне керек дүние. себебі"Талантыңмен таңыл" атты сыныптан тыс сабақ. 8-9 сынып аралығында интеллектуалды жарыс түрінде өткізугетболады. Бұл жұмыста логикалық тапсырмалар, ықтималдық теориясымен қатар пән аралық байланыс ретінде қызықты тапсырмалар ұяшық ретінде берілген. Сиқырлы сандық деген бөлімде оқытушы оқушыларды қызықтыру мақсатында оларға арнайы дайындалған сыйлық жасырып қояды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Талантыңмен таныл» атты танымдық сыныптан тыс шара.

Сынып: 8-10 сынып аралығы

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін  дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене   білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Математикалық сайыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мултимедия

Сабақтың барысы:

Ойын барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Талантыңмен таныл” атты кешімізге қош келдіңіздер.


Жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.


Жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орыны ерекше. Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.

Бүгін біздің кешімізде  екі топ  оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Өтетілеуов Бауыржан

  2. Математика пәнінің мұғалімі Нұрмаханова Гүлбаршын

  3. Директордың кәсіптік бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары Шоқыбаева Рима

Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек» - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. 

Сонымен Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Таныстыру» (5 минут)

ІІ кезең: “Миға шабуыл” (5 минут)

ІІІ кезең: “Логика әлемі” (10 минут)

IV кезең: «Кездейсоқ оқиға» (10 минут)

V кезең: «Сергіту сәті». (5 минут)

VI кезең: «Қызық екен» (10 минут)

VIІ кезең: «Сиқырлы сандар» (10 минут)

Барлығы: 55 минут

Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

«К» әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды. Сонымен сайысымызды «Зерде» тобы бастайды.

Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Жүргізуші: 

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

І топ.  «Зерде» тобы 

Ұраны: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда ғана боласын елден бөлек

ІІ топ.  «Тұлпар» тобы

Ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

ІІ кезең: “Миға шабуыл” (әр топқа 6 сұрақ және 1 логикалық сұрақтан беріледі) Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан

І топтың сұрақтары

  1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

  2. косинус 90 градуста нешеге тең? (0-ге тең)

  3. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

  4. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?  (реттелген)

  5. Жанұяда 4 ұл және  әр  баланың  бір  әпкесі  бар. Жанұяда  неше  бала  бар5

  6. Синустын косинусқа катынасы нені береді? (тангенс)

  7. Алғашқы қазақша  алгебра  оқулығын  жазған  кім?      Қ.  Сатпаев


ІІ топтың сұрақтары

  1. Қандай гүл математик  әйелдің  құрметіне  аталған?    Гортензия

  2. 2 оқушы тоғызқұмалақты  4  сағат  ойнайды. Оның  әрқайсысы  неше  сағат  ойнайды? 4 сағат

  3. Пифогор теоремасы с2=a2+b2

  4. Қандай сан барлық  санға  қалдықсыз  бөлінеді? 0

  5. tg450=1

  6. Ықтималдылық дегеніміз не? (белгілі бір анықталған кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамаларының дәрежесі)

  7. Төрт жарым таяқтың неше ұшы бар? (10)


ІІІ кезең: “Логика әлемі” (20, 20, 30, 30 ұпай көлемінде логикалық сұрақтар қойылады)

  1. Жанұяда 3 бала бар. 2 ұл және 1 қыз. Олардың есімдері А, Ә және Б әріптерінен басталады. А, Ә әріптерінен басталатын есімдерде бір ұлдың есімі бар. Ә, Б әріптерінен басталатын есімдерде де бір ұлдың есімі бар. Қыздың есімі қай әріптен басталады?

Шешуі: қыз есімі Ә әріпінен басталады

  1. Фигуралардағы сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Осы заңдылықты ескеріп, сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз.









І

42

13

110

ІІ

63

8

142





ІІІ

50

6

?





Шешуі: Алдыңғы екі тіктөртбұрыштағы сандарды қосып, 2-ге көбейтеміз (50+6)*2=112

  1. Жиырма төрт спортшы дөңгелек столды айнала бір-біріне бірдей арақашықтықта отыр. Олар отырған орындары бойынша бірден 1-ден 24-ке дейін нөмірленген тоғызыншы спортшыға қарсы отырған спортшының нөмірін анықтаңыз.

Шешуі: олар бір-бірінен бірдей арақашықта отырғандықтан 1-ші адамға 13-ші спортшы қарама-қарсы отырады. Онда 9-шы спортшыға 9+12=21-ші спортшы қарсы отырады

  1. СShape1 ұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз

Shape2

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 = 7 = ?

Shape8 Shape9


Шешуі: Төртке бөлінген квадрат 7-ге тең, үлкен фигура осындай 8 кадраттан тұрады. Онда 7*8=56

  1. Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.

Кемпір: - Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдайын деп ойлайды. Сөйтіп бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтады:

«Сапырып-сапырып, Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер.

Есіктегі екеуге бер.

Өзің іште маған бер» - деген екен. Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй-толы кісі екен, әрі бір адамға бізден артық екен, кетейік»,–деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сұрақ: Сонда үйдегі адам нешеу? Ұрылар нешеу? 

Шешуі: 6 адам, 5 ұры

  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ? Шешуі: 5

IV кезең: «Кездейсоқ оқиға» Бұл кезеңде оқушылар «ықтималдылық теориясы» бойынша жұмыс жасайды. Ұяшық 30 ұпай

  1. Ержан кездейсоқ екі таңбалы сан таңдады. Қайсы оқиғаның ықтималдығы үлкен: таңдалған сан 10-ға бөлінеді немесе таңдалған сан 12-ге бөлінеді? Жауабында үлкен ықтималдықты жазыңыз.

Шешуі: 1/10

  1. Конференцияға жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Педогогикалық университеттен 3 студент, құрылыс университеттен 5, техникалық университеттен 2 студент. Олардың конференцияда баяндау реті кездейсоқ таңдалады. Бірінші болып педагогикалық университеттің студенті баяндау ықтималдығын табыңыз.

Шешуі: Конференцияға барлығы 3+2+5=10 студент қатысады. Бірінші болып педагогткалық университеттің 3 студентінің біреуі баяндайды. Оқиғаға қолайлы оқиғалар саны 3-ке тең. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы бойынша Р(А)= =

V кезең: «Сергіту сәті».

І топ

ІІ топ

  1. Ағаш

  2. Кітап

  3. Компьютер

  4. Айна

  5. Қамшы

  6. Сүт


  1. Ай мен түн

  2. Еден жуу

  3. Асық ойнау

  4. Сағат

  5. Ине

  6. Математика


VI кезең: «Қызық екен» кезеңінде әр түрлі тақырыптарға байланысты сұрақтар тест түрінде беріледі. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай

Жасырын ұяшық

Тіл туралы мына дәйектердің қайсысы шындыққа жанасады?

А) әлем бойынша 1500 адамның тіл пішіні төртбұрышты

Ә) әр адамның тілінде өзіндік пішін болады

Б) тілдің ұшын мұрынға тигізу генетикалық қасиет саналады

Бесік жыры

Теңіз кәмшаттары қалай ұйықтайды?

А) көзін балдырмен жабады

Ә) бір-бірімен қол ұстасып ұйықтайды

Б) қатты қорылдайды

Жарқын түс ұяшығы

Ота жасау барысында дәрігерлер не үшін жасыл түсті киім киеді?

А) жасыл түс көзді шаршатпайды

Ә) жасыл түс адамдарды табиғатқа жақындата түседі

Б) электр жағынан түсетін сәулені залалсыздандырады

Жүз жылдық тапсырма ұяшығы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 100 жылдан кейін нені ашуға рұқсат берді?

А) жазылған хатын (Таразда жер астында сақтаулы)

Ә) гауһар тас толы қорапты

Б) нано түтіктер жайлы жаңалықты

VIІ кезең: «Сиқырлы сандар»

10 саны «Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

10 саны « От » келсе, жинаған ұпайларыңыздың 20 ұпайы күйіп кетеді.

20 саны «Лотерея билеті»- керісінше 20 ұпай сыйлыққа беріледі.

20 саны «Қамал» келсе, қиын есепке ие боласыз. (Көрермендер сұрағы)

30 саны «Алтын сандық» - сыйлық алып ойынды жалғастырамыз

30 саны «Өрмекші торына» туссеңіз, логикалық сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

-Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсе.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1029
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12