400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Талантыңмен таныл Интеллектуалды ойын. 6-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы



сыныптан тыс іс –шара

Тақырыбы:

«Талантыңмен таныл»интелектуалдық ойын









Күні: 13.04.2021 ж

Сыныбы: 6,7,8

Пән мұғалімдері: А.Ә.Қалыбаева,

Тақырыбы: «Талантыңмен таныл» интелектуалдық ойын

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі
«Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Бүгінгі біздің сыныпта қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, физика пәнінің алғырлары күш сынасып, өздерінің білім деңгейін көрсетпекші. Әр топ өздерін таныстырады
І-топ. Топтың аты – «Дарын» 6-сыныптар
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Ынтымақ» 7-сыныптар
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» 8- сыныптар
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Ойынның шарты: Топтың оқушыларына сұрақ қойылады, әрбір өзі таңдаған ұяшықтағы сандардағы сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол санды қаншығасына байлайды, ал егер жауап бере алмаса басқа топ жауап береді, ұпай саны сол топқа беріледі.

Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайык. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:



1-кезең «Алар асу»

2- кезең. «Ойла да, орында».

3-кезең. «Талант» шыңы

4-кезең. « Мен не істей аламын?» тәжірибе алаңы

Қарап тұрмай дұрыстығын теріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Алғыр достар алғырлығын көріңіз.


1-кезең «Алар асу»

1 –ші ұяшық«Тіл құдіреті»

  1. Бірін – бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі не деп аталады?

  1. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

  1. Сөз, ана, батыр, ақылды, мектеп сөзін үш тілде айту.

  1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін не дейміз

  1. «Бес жолды» өлең өрнегі

2 –ші ұяшық«Халық қазынасы»

10.Нағашы деген кім? 
20. Жасөспірім алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін ас?

30. 5 ырым –тиымдарды ата.

40. «Қыңбау» сөзінің мағынасы?

50. «Бір малы шаруаның екеу болып» дегенді қалай түсінесің?

3 –ші ұяшық«Логикалық тапсырмалар»

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер.

10. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет


20.Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе

30. Мың саны. Сіздер 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыздар ма? Жауабы: 888х88х8х8х8=1000

40. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат

50. 3 ондықты 2 есе арттыр (60

(7 ондықты 2 есе арттыр (140)


2- кезең. «Ойла да, орында».

Мектеп, оқушы, мұғалім, достық, ата –ана, денсаулық, үй.

І-топ. Топтың аты – «Дарын» «Суретшілер»
Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, сурет салады.


ІІ-топ. Топтың аты – «Ынтымақ»«Жазушылар»

Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, мәтін жазады.


ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» «Актерлер»

Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, көрініс көрсетеді

3-кезең.«Талант» шыңы.

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
«Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем ет» -дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарып, жеңген топты марапаттау.

Кері байланыс.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.04.2021
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі