Сабақтың тақырыбы: «Талантыңмен таныл» интеллектуалды сайысы.
Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, тез шешім қабылдауға үйрету, есеп шығару дағдыларын тиянақты қалыптастыру, математика және физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, ойлауға, ізденуге үйрету, өзіндік талдау мен жинақтау жасай білуге, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбектенуге үйрету, кез-келген ортада ойларын ашық түрде жеткізе алуға, берілген тапсырманы жауапкершілікпен сезіне отырып, дер кезінде орындай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын сыйлай білуге үйрету.
Көрнекіліктер(құрал-жабдықтар): Мультимедиалық проектор,
электронды тапсырмалар, презентация, сценарий, бағалау парақтары, мадақтамалар, оқушылардың жауап парақтары.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын сабағы.
Сабақ өтудің пед.технологиясы: өздігінен дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: химия, сызу, информатика,тарих.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, назарын аудару, оқушыларға интеллектуалды сайыстың мақсат-міндеттерін, шарттарын таныстыру.
Математика... Сені жұрт «ғылымдар патшасы» деп құрметтейді. Ал мен үшін сен биік шың болып алыстан көз тартасың. Кейде сенің ұшар басыңа қиялап қыран да, өрмелеп жылан да шыға алмай жатады. Саған талпынып биігіңе жетсе, көлеңкеде емес, күнгейден көрінуі керек! Ал мен биік шыңның шынарында тұрмасам да, тырбанып алға ұмтылып, өрмелеп жатқаныма мәзбін. Шыңыңа жетермін бе, әлде жетпеспін бе?
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі математика пәнінен білімдерімізді шыңдайтын, алғырлыққа, тапқырлыққа баулитын “Талантыңмен таныл” атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер.
Сайысымызға 6 оқушы қатысады, кезеңдерден жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.
Ендеше сайысқа қатысушыларымызды таныстырайық:
1 қатысушы: ЖМ 9-201 тобының оқушысы Елтай Мұхтар
2 қатысушы: АЭ 9-201 тобының оқушысы Исабай Бақдаулет
3 қатысушы: АЭ 9-202 тобының оқушысы Әлішер Қуаныш
4 қатысушы: ОДД 9-201 тобының оқушысы Абдуалиев Асылбек
5 қатысушы: ТМ 9-204 тобының оқушысы Еркінбек Жәңгірхан
6 қатысушы: ТМ 9-206 тобының оқушысы Алауадин Манас
Ендеше сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1.«1001 мақал, 101 жұмбақ»
2. «Бейнероликтен сұрақ»
3. «Тіл - елшінің қылышы»
4. «Ой ұшқырлығы»
5.«Сыры көп сызықтар»
Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер ц.к. төрағасы Сақбаева Нұрсулу апай.
Физика пәнінің оқытушысы Саханова Гүлжан апай.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ақжігіт Перизат апай.
Жүйелі
сөз шығады шабытты ерден
Жүйріктер бар талай сында озып келген
Білімі мен ақылын қайрат қылған
Жүзден жүйрік, мыңнан бір тұлпар деген
Бәйгеден келеді екен талмай шапқан
Жүйріктен тұлпар озар күш сынасқан, – дей келе, интеллектуалды
сайысымызды бастаймыз.
І кезең - «1001 мақал, 101 жұмбақ» кезеңі.
Бұл кезеңде замандар бойы қалыптасып ұрпақтан
ұрпаққа ауысып келген халықтық мұрамыз, асқан шеберлікпен жасалған
сөз өрнегіне мән
беріледі.
1.«Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер -
мәңгілік»
2.«Ат баспаймын деген жерін үш
басады»
3.«Ағайынды алты болсаң,
адам тимес»
4.«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»
5.«Бір қарлығаш келгенмен жаз
болмайды,
Бір сауысқан келгенмен
қыс болмайды»
1.«Бір жылы сөз бір күнге
азық»
2.«Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»
3.«Дос егіз болса, дұшпан сегіз»
4.«Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды»
5.«Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады»
1.«Алты жыл аш болсаң да, атаңнан салтын
ұмытпа»
2.«Төрт аяқты жылқы да
сүрінеді»
3.«Шындық он екі қабат
шынжырды үзеді»
4.«Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі
шалады»
5.«Жақсы кісі қырық жасында
толады,
Жаман кісі қырық жасында
солады»
1.«Отыз тістен шыққан
сөз, отыз рулы елге тарайды»
2.«Ұл он беске келгенше, қолындағы
қобызын,
Он бес жастан асқан соң,
тіл алмаса доңызың,»
3.«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық»
4.«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»
5.«Он саусақтың саны бірдей болғанымен, тұрқы бірдей емес»
1.«Алты аға бірігіп әке
болмас»
2.«Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына»
3.«Бір түлкі жеті бөріні алдайды»
4.«Отыз күн оразаның бір күн айты
бар,
Әр қылған жақсылықтың бір
қайтуы бар»
5.«Екі жақсы қас болмас; екі жаман дос
болмас»»
1.«Бір күндік жолға
шықсаң, үш күндік жолға азық ал»
2.«Жеті атасын білмеген жетімдіктің
белгісі»
3.«Он рет айтқанынан бір
рет көрсеткен артық»
4.«Болар бала он бесінде баспын
дейді,
Болмас бала жиырма бесте
жаспын дейді»
5.«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су
ішеді»
ІІ кезең - «Бейнероликтен сұрақ»
Әрбір сайыскерге экраннан ұлы математиктер жайында бейнесұрақ қойылады. Ғалымның еңбегі, енгізген жаңалығы туралы айтылып, есімін табу жасырылады.Дұрыс табылған бір ғалымның есімі үшін – 5 балл.
1. Логарифмді ойлап шығарған математик (Джон Непер)
2. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген ғалым (Рене Декарт)
3. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларын катеттері арқылы табу формуласын ойлап тапқан ғалым (Пифагор)
4. «Негіздер» оқулығының авторы (Евклид)
5. Ең алғаш алгебра оқулығын жазған ғалым (Әл-Хорезми)
6. Отырардан шыққан ұлы ойшыл-математик, физик,астроном (Әл-Фараби)
ІІІ кезең – «Тіл – елшінің қылышы»
Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан, "Құтты білік" дастанының авторы Жүсіп Баласағұн «Тіл - елшінің қылышы» деп айтқан екен. Ендеше келесі кезеңіміздің ережесімен таныс болыңыздар. Сайысқа қатысушыларымыз жасырын сөзді дұрыс тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударуы керек. Сұрақтың әр тілдегі дұрыс жауабы үшін 5 ұпай. Толық жауап 15 ұпай.
Тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту.
1. ... атасын білмеген жетесіз. (Жеті – семь - seven)
2. Ыбырай Алтынсариннің биыл неше жылдығы атап өтілді? (180 –сто восемьдесять – one hundred eighty)
3. ... - үлкен мектеп (Өмір – жизнь - laif)
4. ... - білім бұлағы (оқу – учеба - study )
5. ... алды – қызық тіл (өнер – искусство - art)
6. Жүз сомың болғанша, жүз ... болсын (дос – друг – friend)
7. Отыз ..... шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды. (тіс – зубы - teeht)
8. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі .... ішеді (су – вода - water)
9. ... – ғылым, ол - тілсіз мұғалім ( кітап – книга - book)
10. Қыстың қамын ... ойла (жаз – лето - summer)
ІV кезең - «Ой
ұшқырлығы»
Бұл кезеңде әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл.
№1
1.Бағытталған кесінді (вектор)
2. Кәдімгі күнбағыс өсуі математиканың қай тарауына байланысты?(логарифм)
3. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар қалай аталады (қарама-қарсы сандар)
4. Геометрияның негізін қалаған математик.
(Евклид)
5. Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш
қалай аталады? (Коэффициент)
№2
1. Төртінші дәрежелі теңдеу қалай аталады (биквадрат)
2. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш ( квадрат)
3. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)
4. Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (стереометрия)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
№3
1. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (косинус)
2. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем.(Теорема)
4. Тұңғыш әйел-математик кім? (С.Ковалевская)
5. Квадрат теңдеудің D<0 болғанда неше шешімі бар? (Шешімі жоқ)
№4
1. Квадрат теңдеудің D=0 болғанда неше шешімі бар? (1 шешім)
2.Бір нүктеден шығатын екі жартытүзуден құралған фигура (бұрыш)
3.Бұрыштың градустық өлшемін табуға арналған құрал (транспортир)
4.Екі қабырғасы тең үшбұрыш қалай аталады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
5. Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы (тангенс)
№5
1.Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)
2.Барлық қабырғалары тең үшбұрыштар қалай аталады? (тең қабырғалы немесе дұрыс үшбұрыш)
3. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы қанша градус (180 0)
4.Түзудің екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерден тұратын бөлігі (кесінді)
5.Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
№6
1. 100 о бұрыш қай ширекте орналасқан?(ІІ ширекте)
2. Шаршының периметрі 88 см, 1 қабырғасы неге тең?(22)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.(Аксиома)
4. Квадрат теңдеудің D>0 болғанда неше шешімі бар? (2 шешім)
5. Екі санның қосындысы айырмасына тең бола ма?(О саны)
V кезең - «Сыры көп сызықтар»
Бұл кезеңде экранға функциялардың графиктері шығады, сол график қандай функцияның графигі екендігін табуы тиіс. Дұрыс жауап үшін 10 балл.
|
|
|
|
Жауабы:Квадраттық функцияның графигі |
Жауабы: y=cosx функцияның графигі |
|
|
|
|
Жауабы:Көрсеткіштік функцияның графигі |
Жауабы: y=sinx функцияның графигі |
|
|
|
|
Жауабы:Логарифмдік функцияның графигі |
Жауабы:y=tgx функцияның графигі |
Сайыс кезеңдері аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпайды есептеп болғанша, көрермендердің көңілін аулайық.
Қорытынды:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына – дей келе,
интеллектуалды сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар
алқасына сөз береміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мектеп» журналы.
2. В.Т.Лисичкин. Математика.
3.Интернет желілері.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Талантыңмен таныл" интеллектуалды сайыс математика пәні бойынша

шағым қалдыра аласыз