400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Талапкер» тіл дамыту орталығында өткізілген ашық сабақ: «Қызықты қазақ тілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымының педагогтарына көмек. Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуге арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік қазналық кәсіпорыны




















«Талапкер» тіл дамыту орталығында өткізілген ашық сабақ:

«Қызықты қазақ тілі»













Әзірлеуші:

«Талапкер» тіл дамыту

орталығының жетекшісі,

қосымша білім беруші

педагогі Кунтуган К.












Теміртау – 2019

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдісі: ойын сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.

Сабақты ұйымдастыру барысы

Мұғалім:

- Сәлеметсіздерме!

Құрметті ұстаздар және «Талапкер» тіл дамыту орталығының тәрбиеленушілері.

Бүгінгі «Қызықты қазақ тілі» сабағына қош келдіңіздер!

Топпен:

Біз қазақ тілін білеміз,

Сөйлеу үшін келеміз.

Қазақ тілі қызықты,

Келіңіздер көріңіздер,

Оң бағасын беріңіздер.

Мұғалім:

Етегі:Аю мен түлкі.

Данил (автор): Ертеде бір аю тайгада өмір сүрді. Бір күні ол қатты су ішкісі келді, сондықтан ол кішкентай көлге келді.   

Ол суды ішті. Бір уақытта ол балықты көрді.   

Балықты ұстап алғысы келді. Ол біраз әуреленді, бірақ ұстай алмады.   

Сол уақытта көлге түлкi келдi.   

Дильназ (түлкі): аю, не iстеп жатырсың? Шомылып жатырсың ба?   

Данил (аю):жоқ, балықты ұстап алғым келеді. Маған көмектесші. Ұстасақ, бөліп аламыз.

Дильназ (түлкі): жарайды, сен барлық суды iш, сонда көлде су қалмайды. Сол кезде мен балықты ұстап аламын, сосын бөлісеміз.   

Данил (аю): тамаша ой, сен ақылдысың.   

Данил (автор): аю суды іше бастады. Көлде су азая берді, ал аюдың іші өсе берді.   

Бір уақытта көлде су азайды, балық та көрінді.   Түлкi балықты ұстап алды да, қашып кетті.   Аю ашуланды, түлкіні қуып жете алмады, өйткені суды көп ішті.

   Мұғалім: Қазір балалалар сіздерге өлең оқып береді.

Данрья

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымыз.

Тәуелсіз біздің еліміз.

Қазақстан бай жеріміз.
Шон

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.
Дильназ

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Ратмир

Кішкентай үлкен емес,

Бір, екі, үш, төрт, бес.

Кешкентай секірді,

Үлкен бала жүгірді.

Настья

Күшік, мысық, балапан,

Қуыршағым балақан.

Кішкентай секіреді,

Үлкен бала жүгіреді.


Мұғалім:Қанекей, балалар бәріміз «Аққала» әнін хормен айтамыз.

Мұғалім: «Кім жылдам» ойын.

Адамның дене мүшелері сұрақ – жауап ойын.

Кім тез жауап береді.

Екатерина:

1 Адамның дене мүшелері нелер? 
_______________________________________________________________
2 Адам көзбен не істейді? 
___________________________________________________________ 
3 Адам мұрынмен не істейді? 
________________________________________________________________ 
4 Адам құлақпен не істейді? 
________________________________________________________________ 
5 Адам қолмен не істейді? 
________________________________________________________________ 
6 Адам аяқпен не істейді? 
________________________________________________________________ 

Мұғалім: Қазір Маргарита мен Егордың дәрігер мен аурып келеген адам рөліндегі диалогын тамашалаңыздар!

Дәрігер:

- Сәлеметсізбе!

Аурып келген адам:

-Сәлеметсізбе!

Дәрігер:

-Келіңіз отырыңыз.

-Сіздің қай жеріңіз ауырып тұр?

- Менгің басым ауырып тұр.

-Қарап көрейін.

- Мына дәрілерді парацетамол және цитрамон ішіңіз.

- Сау болыңыз.

Аурып келген адам:

- Сау болыңыз.

Аю тұршы.

Мұғалім: балалар біз қазір әріптермен ойын ойнаймыз. Мен кез келген әріпті көрсетемін. Сендер біздің қалада не бар екенін атайсыңдар

Біздің қалада не бар?

А – аурухана, асхана, ағаштар, аялдама.

Ә – әмбебап дүкендері

Д – дүкен, дәріхана

Е – ескерткіш

З – зауыт

М – мұражай, мектеп

С – саябақ

К – көше, көлік, кеңсе, кітапхана

Ж – жол

Т – трамвай

Ү – үйлер

Ж – жарнама

Мұғалім: Біздің оқушылардың дайындаған «Адам және ит» ертегісін тамашалаңыздар.

Константин (автор): ертеде орманда ит тұрыпты. Жалғыз тұрып жалығыпты. Сондықтан жолдас тапқысы келді.

Орманмен келе жатты. Алдынан қоян шықты.

Дарья (ит): қоян, дос болайық,

Шон (қоян): болайық.

Константин (автор):қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, қоян оянып кетті.

Шон (қоян): неге үресің? Қасқыр келеді де, бізді жейді.

Константин (автор):"Қоян жаман жолдас. Қорқақ. Қасқыр ешкімнен қорықпайтын

 шығар" – деп ойлады ит ішінен.Ит қасқырды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, қасқырды кездестірді.

Дарья (ит): қасқыр, дос болайық.

Ратмир (қасқыр): болайық.

Константин (автор):Қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, қасқыр оянып кетті.

Ратмир (қасқыр):неге үресің? Аю келеді де, бізді жейді.

Константин (автор):"Қасқыр жаман жолдас. Қорқақ. Аю ешкімнен қорықпайтын шығар" – деп ойлады ит. Ит аюды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, аюды кездестірді.

Дарья (ит): аю, дос болайық.

Данил (аю): болайық.

Константин (автор):қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, аю оянып кетті.

Данил (аю):неге үресің? Адам келеді де, бізді өлтіреді. Адамда мылтық бар, – деді аю.

"Аю жаман жолдас. Қорқақ. Адам ешкімнен қорықпайтын шығар" – деп ойлады ит. Ит адамды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, адамды кездестірді, иығында мылтық бар.

Дарья (ит): адам, дос болайық.

Ян (адам): болайық.

Константин (автор):олар үйге келді. Қараңғы түсті. Олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, адам оянып кетті.

Ян (адам):қарның ашты ма? Тамақ же. Бірақ мені оятпа.

Константин (автор):"Адам ешкімнен қорықпайды екен" – деп ойлады ит. Содан бері ит адаммен тұрады екен.

Мұғалім:біздің тәрбиеленушілер сіздерге әртүрлі мамандықтар туралы тақаптарын оқып береді.

Данил

Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.

Олья

Мен дәрігер боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

Егор

Ал мен ақын боламын,

Өлеңдерді жазамын.

Ақындыққа ие болып,

Бәрінен озып шығамын.

Майя

Әжеме тіс саламын,

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтан да өскенде

Мен дәрігер боламын.

Мұғлім: Қазір біз «Сұрақ – жауап» - деп аталатын ойынды ойнаймыз. Слайд –шоу арқылы әртүрлі суреттер көрсетіледі. Балалар қайда барғаныны қазақ тілінде айтып береді.

Балалар біз қысқы демалыста не істейміз?

Тәрбиеленушілердің жауабы:

Мен киноға бардым.

Мен қармен ойнадым.

Мен шаңғымен ойнадым.

Мен конки тептім.

Мен мектепке бардым.

Мен кітап оқыдым.

Мен ертегі оқыдым.

Мен теледидар көрдім.

Мен планшетпен ойнадым.

Мен Астанаға бардым.

Мен Қарағандыға бардым.

Мұғалім:біздің тәрбиенушілер «Тұлпарым» әнін орындайды.

«Дүкенші» диалог

-Сәлеметсізбе!

- Сәлеметсізбе!

- Сізге не керек?

- Маған 1 келі алма керек.

- Алма қанша тұрады?

-1 келі алма 500 тг тұрады.

- Тағы не керек?

- Тағы пияз керек.

-Пияз қанша тұрады?

-1 келі пияз 150 теңге тұрады.

- Барлығы қанша болды.

- барлығы 650 теңге

- Тағы келіп тұрыңыз

- Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

Мұғалім: балалар мен сіздерге қазір бөлменің суретін көрсетемін. Әркім өз бөлмесі туралы әңгімелеп айтып берсін.

Менің бөлмем

Менің бөлмем кең (үлкен, кішкентай). Менің бөлмем жарық. Менің бөлмем әдемі. Менің бөлмемде 4 (төрт) қабырға, бір есік, бір терезе бар. Менің бөлмемде бір төсек, бір үстел, екі орындық және кітап сөресі бар. Қабырғада сурет ілулі тұр. Терезенің алдында гүлдер тұр. Менің бөлмемде теледидар және айна бар. Төбеде шам ілулі тұр. Терезеде перде ілулі тұр. Еденде кілем жатыр.

Мұғалім:Жыл мезгілдеріне байланысты Артық сөзді сызып ойын.

Мақсты:Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тапсырма: Екі нұсқадан дұрысын тауып,артығын сызып тастап,сөйлем құрастыру.

1.Күз (басталды,күн жылы болып тұр).

2.Жапырақтар (сарғайып,көгеріп) түсіп жатыр.

3.Маған қолшатыр (түсу,алу) керек.

4.Күн (қысқара,түсе) бастады.

5.Ауа райы (жауын-шашынды,қызықты) болып тұр.

6.Ағаштар (түсе,бүр жара) бастайды.

7.Далада жапалақтап  (қар,бұршақ) жауып тұр.

8.Жазда күн (қысқа,ұзақ) болады.

9.Бақшада (құстар,шыбын-шіркей) сайрап жатыр.

10.Қардан (аққала,шаңғы) жасаймыз.

Мұғалім: балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

Мұғлім:

Балалар бүгінгі сабағымызға рефлексия жасайық.


- Балалар бүгінгі сабағымыз сіздер үшін қызықты болды ма?

- Бүгінгі сабақты смайліктер арқылы көрсетеміз.

Үш қалташаға үш түрлі бағамен бағалаймыз.

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Бүгінгі ашық сабағымыз сабағымыз осымен аяқталды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2019
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі