«Қазақ тіліндегі талдау
түрлерін меңгерту әдістері»
5-9 сыныптар үшін
факультативтік курс
Түсінік
хат
5-9 сынып оқушыларына арналған
факультатив сабағының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарты
негізінде жасалды. Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес
олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте
алып жүруі ескерілді.
Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті
қарым-қатынас жасауда қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз
жазу, сөздердің жасалу ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете
түсіну өте маңызды, сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі
қайталату мақсатын ұстандым.
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен
сыныптарда алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін
шыңдауға болады.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай
мақсаттар негізінде құрылды:
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде
қолданып, сауатты сөйлей білу;
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген
тақырыптарға байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі,
салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде
әңгімелесе білу;
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын,
сөздердің тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән
беру;
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша
толық қайталап, әр тақырыптан соң талдау түрлеріне
жаттығады.
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік
қорларын байытады.
10-сыныпта қазақ хандары, билері, батырлары,
салт-дәстүрі туралы танымдық тақырыптар қамтылса, 11-сыныпта ұлттық
ойын түрлері, ұлттық киімдер, саз аспаптары, Ұлы есімдер
тақырыптары қамтылды.Бағдарламаға кіргізілген лексикалық тақырыптар
оқулықтағы мәтіндердің мазмұнын толықтыру және оқушыға жан-жақты
білім берумақсатында таңдалынды.
Бағдарламаны дайындау барысында оқушылардың
ой-өрісін кеңейту, өз бетінше білім алуға деген талпынысты ояту,
нәтижеге бағдарланған білім беру ұстанымы басты бағыт
болды.
6-7-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы
- 34
сағат;
8-9-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы
- 34
сағат;
6-7-сынып жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Уақыты |
|
1 |
Кіріспе. Тіл туралы мақал-мәтелдер |
1 |
|
|
|
Фонетика |
14 сағат |
|
|
2 |
Дауысты дыбыстар.Дауысты
дыбыстардың тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінуі,
фонетикалық талдау |
4 |
|
|
3 |
Лексикалық тақырыптар:Қазақ хандары, Тәуке хан, Абылай хан, Қазақ билері |
1 |
|
|
4 |
Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы, түрлері, дауыссыз дыбыстарды талдау |
1 |
|
|
5 |
Лексикалық тақырыптар:Төле би, «Жеті жетім» |
1 |
|
|
6 |
Буын. Тасымал. Екпін.Буын және оның түрлері, буынға бөлінбейтін сөздер, тасымал туралы, тасымалданбайтын сөздер, екпіннің түрлері, екпін түспейтін қосымшалар. Лексикалық тақырыптар:Қазыбек би, Әйтеке би |
5 |
|
|
7 |
Үндестік заңы. Буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ықпалдың түрлері Лексикалық тақырыптар:Қазақ батырлары, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр |
2 |
|
|
|
Лексика |
18 |
|
|
8 |
Сөз және оның мағыналары |
7 |
|
|
9 |
Лексикалық тақырыптар:Бұқар жырау, Бұқар мен Абылай, Киіз үй. |
1 |
|
|
10 |
Қолданылу аясы шектеулі сөздер |
9 |
|
|
11 |
Лексикалық тақырыптар:Қазақ
елін танытатын мәтіндер. |
1 |
|
8-9-сынып жоспары
|
№ |
Тақырыптары |
Сағат саны |
Уақыты |
|
1 |
Морфология |
6 |
|
|
2 |
Сөз құрамы |
6 |
|
|
3 |
Түбір мен қосымша,жалғау мен
жұрнақ және оның түрлері,
талдау |
5
|
|
|
4 |
Сөз таптары. Сөз таптарына
жеке-жеке тоқталып, өзіндік ерекшелігін
таныту |
8 |
|
|
5 |
Сөз тіркесі. Сөйлем. Жай
сөйлемнің түрлері.Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысу түрлері,
тәсілдері. Құрмалас сөйлем. |
8 |
|
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Оқушылардың бағдарлы оқу
ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық
тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді.
Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті қарым-қатынас жасауда
қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз жазу, сөздердің жасалу
ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете түсіну өте маңызды,
сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі қайталату мақсатын
ұстандым.
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен сыныптарда алған
білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін шыңдауға болады.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай мақсаттар негізінде
құрылды:
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде қолданып, сауатты
сөйлей білу;
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген тақырыптарға
байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы,
мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде әңгімелесе білу;
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын, сөздердің
тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән беру;
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша толық қайталап, әр
тақырыптан соң талдау түрлеріне жаттығады.
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік қорларын
байытады.
1.Тіл туралы мақал-мәтелдер
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң
дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру.
Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру
тәсілдерін таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз
бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын
жетілдіру.
Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең
түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: білік
пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, таблицалар, интерактивті
тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қайталау – оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.
5. “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?
6. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.)
Дыбыстар: дауысты, дауыссыз
Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:
1) жуан: а, о, ы, ұ, у
2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у
Жақтың қатысына қарай:
1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э
2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү
Ерін мен езудің қатысына қарай:
1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у
2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы
ІУ. Кітап- досың , ақылшың. (оқулықпен жұмыс)
244 – жаттығу. Мәтінді оқып, ашық дауысты дыбыстарды табыңдар.
245 – жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс?
Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек,
қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
У. Мақал – сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын
мақалдар айтыңдар.
2. Жалғасын тап.
Көп жасаған білмейді, ……………. көп көрген біледі
Біреуге ор қазба, ………………..өзің түсетсің
Кітап — ………………………білім бұлағы
Отан үшін отқа……………….түс, күймейсің
УІ. Адасқан әріптер
і, м, б, л,
і
білім
к, р, е, м, т, е,е, керемет
к, т, е, м, е, т, е текемет
с, ұ, з, а, т
ұстаз
ғ, м, л, ы, а
ғалым
ә, і, п, р
әріп
о, у, ш, қ, ы оқушы
УІІ. Біліміңді байқап көр. Шығармашылық жұмыс. «Менің сүйікті жыл
мезгілім» тақырыбына эссе жазу. (видео көрсетіледі)
УІІІ. Білімді мыңды жығар. Фонетикалық талдау.
Мыс: Оқжетпес – Көкшетаудағы ең әдемі тау
ІХ. «Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.
1 қатар: Ассонансқа мысал кетіріңдер
2қатар: Метаграмма құрастырыңдар
3 қатар. Сөзден сөз тудырыңдар
Х. Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. «Домино» ойыны арқылы жаңылтпаш
беріледі. Дұрыс құрастыру керек. «Есет атам ет асатар, ет асатса
бес
асатар.»
ХІ. Тест тапсырмасы
1. Қазіргі әліпбиімізде қанша әріп бар?
А) 10 Ә) 41 Б) 42
2. Қазақ әліпбиіне тән дыбыстардың саны қанша?
А) 7 Ә) 12 Б) 9
3. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай
аталады?
А) синтаксис Ә) фонетика Б)
лексика
4. Дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ә, ө, о Ә) б, ж, л,
р Б) қ, ғ, м, н, ң
5. Жуан дауысты дыбыстарды ажырат
А) а, ә, б, в, ң Ә) й, п,
а, о, м, л Б) а, о, ұ, ы
6. Ашық дауысты дыбысты тап.
А) а, ө, у, ү,
ұ Ә) а, ә, о,
ө, е, э Б) ұ, ү, ы, і, и
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ө, у, ү, ұ Ә) а, ә, о, ө, е,
э Б) і, и, е, э, ү
8. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.
А) о, ө, ұ, ү Ә) ы, і, и, у, ұ
Б) қ, к, с, з, д
9. Қосарлы дыбыстар қандай дыбыстар?
А) а, ө, у, ү, ұ Ә) а, ә, о, ө, е,
э Б) ұ, э, я
10. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша?
А) 32 Ә)28 Б)37
ХІІ. Семантикалық карта. 12 дауысты дыбысты өз тобына
орналастыру керек.
ХІІІ. Үйге тапсырма.
1. ереже жаттау.
2. өтірік өлеңдер табу немесе шығару және
солардан ашық, қысаң дауыстыларды тауып келу.
Фонетикалық талдау
Қазақ тілінде 42
әріп,
37
дыбыс бар.
Дауысты дыбыстар: (Гласные звуки в казахском
языке)
|
Дауысты дыбыстар
түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдің қатынасына
қарай |
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз «Қазақ тіліндегі
талдау түрлерін меңгерту
әдістері» 5-9 сыныптар үшін факультативтік курс Түсінік
хат 5-9 сынып оқушыларына арналған
факультатив сабағының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарты
негізінде жасалды. Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес
олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте
алып жүруі ескерілді. 6-7-сынып жоспары № Тақырыбы Сағат саны Уақыты 1 Кіріспе. Тіл туралы
мақал-мәтелдер 1 Фонетика 14
сағат 2 Дауысты дыбыстар.Дауысты
дыбыстардың тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінуі,
фонетикалық талдау 4 3 Лексикалық тақырыптар:Қазақ
хандары, Тәуке хан, Абылай хан, Қазақ
билері 1 4 Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз
дыбыстардың жасалуы, түрлері, дауыссыз дыбыстарды
талдау 1 5 Лексикалық тақырыптар:Төле би,
«Жеті жетім» 1 6 Буын. Тасымал. Екпін.Буын және
оның түрлері, буынға бөлінбейтін сөздер, тасымал туралы,
тасымалданбайтын сөздер, екпіннің түрлері, екпін түспейтін
қосымшалар. Лексикалық тақырыптар:Қазыбек би, Әйтеке
би 5 7 Үндестік заңы. Буын үндестігі,
дыбыс үндестігі, ықпалдың түрлері Лексикалық тақырыптар:Қазақ
батырлары, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек
батыр 2 Лексика 18 8 Сөз және оның
мағыналары 7 9 Лексикалық тақырыптар:Бұқар
жырау, Бұқар мен Абылай, Киіз
үй. 1 10 Қолданылу аясы шектеулі
сөздер 9 11 Лексикалық тақырыптар:Қазақ
елін танытатын мәтіндер. 1 8-9-сынып жоспары № Тақырыптары Сағат саны Уақыты 1 Морфология 6 2 Сөз
құрамы 6 3 Түбір мен қосымша,жалғау мен
жұрнақ және оның түрлері,
талдау
5 4 Сөз таптары. Сөз таптарына
жеке-жеке тоқталып, өзіндік ерекшелігін
таныту 8 5 Сөз тіркесі. Сөйлем. Жай
сөйлемнің түрлері.Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысу түрлері,
тәсілдері. Құрмалас сөйлем. 8
ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛДАР
Оқушылардың бағдарлы оқу
ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық
тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді. 1.Тіл туралы
мақал-мәтелдер 1. Ана тілің алпыс тілге
татиды. 2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі
келмейтіндер - мәңгүрт. 3. Тіл мәртебесі - ел
мәртебесі. 4. Тіл - достықтың алтын
көпірі. 5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын
тәңірі. 6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес,
өзге тілде ойлау қауіпті. 7. Тілі өлген ел - тірі өлген
ел. 8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі
жоқ. 9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік
үшін. 10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен
өтеді. 11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл
айырар анасының баласын. 12. Тіл ақылдың -
өлшемі. 13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің
бәрі түрімде. 14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып
айтар. 15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры
болар. 16. Көнектей басыңа шүмектей тілің
жау. 17. Тіл жүйрік емес, ой
жүйрік. 18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл
ашады. 19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін
білмейді. 20. Ми ойлағанды тіл
тындырады. 21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз
болар.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң
дауыстылар.
ХІІІ. Үйге тапсырма. Фонетикалық талдау Дауысты дыбыстар
түрлері Тілдің қатынасына
қарай | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||













