400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талдықорған агро-техникалық коллдежі" МКҚК арнайы пән оқытушысы Кымбатова Айдана Жумагалиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама, бағыты "Ветеринария". Медицина адамды емдесе, Ветеринария адамзатты емдейді демекші ұлы А.Н.Скрябин адамзатқа қажетті мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ

«ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК















Shape1

БАЯНДАМА







Тақырыбы: Қояндардың вирусты геморрагиясы










Қояндардың вирусты геморрагиясы

Жылына 3-4 мәрте төлдейтін қоянның еті де терісі де тиімді, яғни, «басынан бақайшағына» дейін тұнып тұрған ақша. Қоян шаруашылығының тағы бір артықшылығы егер жаңа технологиямен өңдесе, қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігуге болады. Осылайша «бір оқпен екі қоянды атып алуға» болады. Демек, «Бір жылға қоянның терісі де жарайды» деген қазекемнің ескілікті көзқарасының күні өткен. Бүгінде Алматының түбіндегі «Қоян» ЖШС-ның ісмерлері қоян терісінен балалар тонын тігуді меңгергендігі соның айғағы іспетті. Қоян терісінен тігілген тондардың қай кезеңде де сәннен қалмайтынын ескерген де артықтық етпес...

Бүгінде Дүниежүзінде қояндар мен кроликтер тұқымдасының 11 тобы тіркелген. Әлем бойынша салпаң құлақтардың 100-ге тарта түрі мекендейтін көрінеді. Қоянға қатысты мақал-мәтел шығарудан алдына қара салмайтын қазекемнің «Қоянның өзін көр де қалжасынан түңіл» деген нақылы бүгінгі күнге жүрмейді. Расында қалжаға қарап қапа болуға болмайды. Тез көбейетін, жылына үш мәрте көжектеп, әр жолы 6-дан 14-ке дейін көжек табатын өсімтал жануарға бет бұрып, мол табыс тауып отырған шарауашылықтар бар бүгінде. Осы орайда оңтүстікте қолға алынып жатқан ілкімді істер баршылық. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қолға алынған тың жаңалықтың бірі қоян шаруашылығы жуырда өзінің рекордтық көрсеткішін жария етпек. Олай болатын да жөні бар. Бес айдың ішінде қоян «отары» жеті есеге өскен. Көптен бері сұраныссыз мамандықтардың қатарынан орын алған зоотехниктер де осында екі қолға бір күрек тауып отыр. Құнды да диеталық етпен оңтүстікқазақстандықтарды ғана емес, өзге өңірлерді де толық қамтуға мүмкіндік бар дейді мұндағылар. Әзірдің өзінде бірлесе жұмыс жасауға Италия, Франция, Финляндия, Германиядан ұсыныстар түсіпті. 28 қосымша құнарлы дәрумендер қосылған жемді Алматы облысынан сатып алады. Оны алыстан арбаламай-ақ, жақыннан дорбалауға мүмкіндік бар, осында-ақ өндіруге болады. Бірақ қолдау болмай тұр. Сапалы әрі экологиялық таза өнімге сусап отырған шақта қоян еті таптырмайтын деликатес болары сөзсіз.

Алайда қояндардың да аурулары біздің елде көптеп тіркелуде, сондықтанда алдын-алу үшін және емдеу үшін дер кезінде балау қоюымыз керек, сондықтан біздің зерттеуіміздің бірі патологиялық анатомиялық зерттеу кезекті мәселелердің бірі.

Қояндардың вирустық геморрагиялық ауруы (вирусная геморрагическая болезнь кроликов) – көбінесе ересек қояндардың бауырының альтеративтік қабынуымен, тамырлар ішінде қанның шашыранды ұю синдромымен, қанталау диатезімен сипатталатын, тез немесе 5 – 6 сағатқа созылып барып өліммен аяқталатын, өте жұғымтал, шаруашылықты үлкен шығынға ұшырататын ауру. Қояндардың вирустық геморрагиясының қоздырғышы - калицивирус тұқымдастығына тиесілі РНҚ бар вирустар.

Қояндардың вирустық геморрагиясының қоздырғышының вируленттілігі өте жоғары. Вирус жануарлардың денесінде антиденелердің қалыптасуына әкелуі мүмкін, ол қояндарды вакцинациядан кейін 4-5 күн анықтайды.

Вирус эфир, хлороформ, ph 3.0 және температурасы 60 градустан 50 градусқа дейін төзімді. Бес жылға дейін минус 40-50 градусқа дейін вируленттілігін төмендетпей өміршеңдігін жалғастырады.

Қояндардың вирустық геморрагиясы алғаш рет 1984 жылы Қытайда тіркелді, онда ол ең кең тараған. Кейіннен Қытайдан және Шығыс Еуропадан Италияға әкелінген қоян етінен ауруға шалдығып, осы уақытта 80 миллионға жуық қоян бар болатын итальяндықтардың көбі осы ауруға шалдыққан, нәтижесінде елде 600-ге жуық ауру ошақтары табылған, ал « бір түнде» қоян өсірушілер экономикалық шығынға ұшыраған. Кейінірек бұл ауру Еуропа, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тіркелді.

Ресейде алғаш рет қояндар арасында сырқат 1986 жылы Қытаймен шекаралас «Дальневосточный» шаруа қожалығында Қиыр Шығыста пайда болды, мамандар бұл ауруды уақытында диагноз қоймады, Биробиджан ет комбинатында қояндар өлтірілді, және 5 мыңға жуық терісі фабрикаға жіберілді. Осы жерден Мәскеу облысы мен Ресейдің басқа өңірлерінде ауру тарала бастады. 1987 жылы 31 өңірге, оның ішінде Владимир облысына ауру әсер еткен.

1986 жылы қояндардың вирустық геморрагиясы Ресейде анықталғаннан кейін, 1987 жылдан бері бұл ауру Украинаның 5 аймағында (Сумы, Харьков, Киев, Запорожье, Одесса), Белоруссияда, Молдовада, Латвияда, Өзбекстанда, Қазақстан мен Түркіменстанда тіркелген.

Ауру алиментарлы және аэрогенді жұғады. Бауырдың паренхималық торшаларына әуес вирус оларды, ең алдымен нәруыз – түзуші күңгірт гепотоциттерді, өте зілді бүлінулерге ұшыратып, бауыр қызметінің жіті тапшылығына, соның ішінде қанның ұю факторларының жеткіліксіздігіне, сөйтіп жіті шашыранды тамырішілік қанның ұйысу синдромының туындауына әкеледі. Эндотелиоциттер күшті бүлініп, процесс зілдене түседі.

1987 жылы нақты алдын алу үшін инактивтендірілген ұлпалық гидрооксиаллюминді формолвакцинді ойлап тапқан, ауырып жазылған қояндардың бауырнан жасалған суспензия ақшыл – сарғылт және сұр түсті құрамында адъювантпен араласқан 0,1-0,14% формалин ерітіндісі. 0,5 мл дозада бұлшықетке бір инъекциядан кейін вакцина 1,5 айлық қоянда кем дегенде қарқынды иммунитетті 3-ші күннен 12 айға дейін қалыптастырады. Вакцинаның жарамдылық мерзімі 8 градустан артық емес температурада 24 ай сақталады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі