400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талдықорған агро-техникалық коллдежі" МКҚК арнайы пән оқытушысы Кымбатова Айдана Жумагалиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
бағыты "Ветеринария". Медицина адамды емдесе, Ветеринария адамзатты емдейді демекші ұлы А.Н.Скрябин адамзатқа қажетті мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы



№

Аты -жөні

Облыс, қала.

мамандық

Кымбатова Айдана Жумагалиевна

Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

«Талдықорған агро-техникалық колледжі» МКҚК

«Ветеринария» бөлімі

Арнайы пән оқытушысы







































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛГІ

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»ММ

«ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК




КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН Колледж әдіскері Директордың оқу-ісі _________________ жөніндегі орынбасары

М.Б.Балтабаева _________________

А.Р.Жұманбаев





«КМ 05 Ауру малды диагностикалау»

пәнінен

«Бүйректің құрылысы, қызметі және несеп жүйесі»

тақырыбындағы ашық сабақтың

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ







Дайындаған оқытушы: Кымбатова А.Ж.






Ветеринария пәндер циклі

комиссиясында қаралды

Хаттама № 9 «03» 09.2018ж

ПЦК төрайымы:________Қазанқапова А.И.








Талдықорған қ, 2018 ж

КІРІСПЕ


Қазіргі таңда білім беру салаларында пәндерді оқытуға жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру– заман талабы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған

Ветеринария пәндерін интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық студенттердың таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде студенттердың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады. Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетсе – мен сонда түсінемін» делінген.

Бүгінгі сабақта білім алушылар - мультемедиялық тақта арқылы үй тапсырмасын орындай отырып жаңа сабақ тақырабына ізденіз жұмыс жүргізеді. Кәсіби термин сөздерді казақша, орысша және латын тілінде тыңдалып дағдыланады.

Студенттер тақтамен, дәптерлерімен, кестелер, сөздіктерімен, слайдпен өздік және топтық тапсырмалар орындайды.



















«ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

КМ 05 АУРУ МАЛДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ПӘНІНЕН

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №20


Пән атауы: КМ 05 Ауру малды диагностикалау


Сабақтың тақырыбы: Бүйректің құрылысы, қызметі және несеп жүйесі


Уақыты: 2сағат Топ: 253 Күні: 05.06.2018ж.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, талдау, жарыс ойындары, қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Студенттерге бүйректін құрылысын, қызметін және несеп шығаруды зерттеуді үйрету.


Дамытушылық: Студенттерді өз бетінше ізденуге және пәнге, кәсібіне деген қызығушылығын дамыту, тақырып бойынша ой-өрісін қалыптастыру.


Тәрбиелік: Студенттерді сабақ барысында ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өзара бірлесіп жұмыс жасауға бағыттау және мамандығын пән арқылы құрметтеуге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс: Анатомия, физиология.


Пәнішілік байланыс: Малды зерттеу әдістері.



САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ:


А.Көрнекі құралдар: скальпель, латок, маска, қолғап, бинт, несеп анализаторы, несеп, қой және ірі қара бүйрегі, таныстырылымдар, суреттер.


Б.Үлестірмелі материал: Қима қағаздар


В.Оқытудың техникалық құралдары: Интербелсенді тақта


Г.Сабақ өтетін орын: Аудитория № ______


Д. Негізгі әдебиет: Сиябеков С.Т. «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен» 146-158 беттер.


Е.Қосымша әдебиет: Тарасов И.И. «Ішкі жұқпайтын аурулар» 178-183 беттер

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


I.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)


1.Сәлемдесу (аудитория тазалығын тексеру),

2. Студенттерді ақпар бойынша тексеру,

3. Студенттердің көңіл - күйін сұрау,

4. Геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөліп топтастыру,

  • 1 топ - Дөңгелек 

  • 2 топ - Шаршы

  • 3 топ - Үшбұрыш


5. Психологиялық дайындық (таңдалған фигуралар бойынша анықтама беріледі).

Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Шаршы: Тынымсыз, еңбекқор адам. Басты қасиеттері – таңғаларлық табандылық, бастаған істі аяқтамай, қоймайтын жан.

Үшбұрыш: Көшбасшылықтың белгісі. Бұл кескіннің өкілдері мұны өздері сезеді. Олар басты нысанадан көз алмауға дағдыланған. Оған жетуге қауқары да жетеді.

Дөңгелек: Ол мейірбан филантроп – кез келген ортаға бейбітшілік, келісім сыйлайды. Өзгелерге құлақ түре біледі. Сезімтал, жаны ашығыш.


6. Бағалау парақтарын тарату, түсіндіру.


Студенттердің өзіндік бағалау парағы


№


Аты-жөні


Үй тапсы

рмасы


Кәсіби терминмен жұмыс


Өзіндік жұмыс


Еркін жауап әдісі


Сабақты қорытындылау


Қорытынды баға


Оқытушының қорытынды бағасы











7. Оқытушының кіріспе сөзі


Н.Ә.Назарбаев Рухани жаңғырту бағдарламасында білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Болашақ ветеринария маман иесі болып жеке шаруашылықты аша отырып мол табысқа ие болуға мүмкіндік болып тұр.


Сабақта есте сақтап, ескерілетін АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕР:

  1. Есте сақтау қабілеті.

  2. Өзгенің пікіріне құлақ салып, сыйластықпен қарау.

  3. Дауыс ырғағы

  4. Кәсіби терминдермен сөйлеу

  5. Уақыт шеңберінен аспау


II.Үй тапсырмасын тексеру: (15 минут)


  1. Білім алушыларға өткен тарау бойынша сөз жұмбақ арқылы білімдерін тексеру.






5

1


А







2





З











3

Ы











4

Қ













































6



Қ










7


О






8






Р










9


Ы











10

Т










11


У



















Сұрақтары:


  1. Ауыз қуысында азықты механикалық өңдеуден өткізу (шайнау)

  2. Азық қорыту жолының ең кең бөлігі (асқазан)

  3. Жиналған азықты ферменттер әсерініен болатын процессі (ыдырау)

  4. Азықты жұтып, қайта шығару процессі (құсу)

  5. Қарындағы азықты ыдырататын зат (сөл)

  6. Ауэнбруггер ашқан жалпы әдісті атаңыз (нұқу)

  7. Қарынды тексеруге арналған құрал (зонд)

  8. Күйіс қайтаратын жануарлардың қарнының бір бөлігін атаңыз (қатпаршақ)

  9. Ауылшаруашылық жануарларының арасында күйіс қайтармайтын жануарларды атаңыз (жылқы)

  10. Жануарлардың азыққа деген зауқы (тәбет)

  11. Сілекей құрамындағы затты атаңыз (муцин)



2.«Білгенге маржан» сұрақ - жауап: студенттердің білімін тексеру. Әр топтан бір студенттен шығып интербелсенді тақтада көрсетілген термин атауын үш тілде айтады.


40-50 мин

безді және етті

сілекей

тәбет

жұту


1,5 литр

руминография

6-8 рет


  • Күйіс қайыру процессінің ұзақтығы қанша уақытқа созылады?

  • Құстардың қарындары неше бөлімнен тұрады және оларды атаңыз?

  • Ауыз қуысындағы антибактериалды зат?

  • Жануарлардың азыққа деген зауқы қалай аталады?

  • Азықты механикалық өңдеуден өткізген соң болатын процесс?

  • Ауыз қуысын тексеруге арналған құрал жабдықтар қалай аталады?

  • Сау малда тәулігіне бөлінетін сілекей мөлшері?

  • Қарындардың жиырылуын жазып алу үшін қолданылатын әдіс?

  • Қалыпты жағдайда сау малдарда күйіс қайыру саны?


III.Сергіту сәті: «Мадақтау» (2 минут)

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, сөз құрастыра білу.

Әр адамның бас әріпіне байланысты сын есімді жақсы сөздер айтылуы керек. Мысалы: Диана - дарынды, Шынар - шыдамды


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру: (35 минут) Презентация бойынша


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев 2050 жылға дейінгі бағдарламасында Елді ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді шараларын қарастырған. Осыған байланысты қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістерін пайдалану. Ветеринарлық қызметтің мақсаты жануарлардың жұқпалы ауруларын жою, мал ауруларын азайту және қауіпті індеттерден адамды сақтандыруда маңызы зор.


Бүгінгі жаңа тақырыптың аты: «Бүйректің құрылысы, қызметі және несеп жүйесі»


Жаңа сабақты түсіндіру:

  • Бүйректің құрылысын зерттеу

  • Бүйректің қызметін зерттеу

  • Әр түлік малда бүйректі зерттеу әдістері

  • Несеп шығаруды зерттеу

  • Несептің құрамын зерттеу


Қосымша ақпар көзі ой толғаныс: 5 мин

Бүйректің құрылысы және қызметі туралы бейнеролик

Студенттердің ізденіс жұмыстарына топтық тапсырма

Бөлінген 3 топ берілген жоспар бойынша алдын ала тапсырылған өздерінің зерттеу жұмысын баяндап, таныстырады.

  • 1 топ – Дөңгелек. Қой мен ірі қара бүйрегінің анатомиялық құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу. Ортақ қасиеттерін табу.

  • 2 топ – Шаршы. Бүйректің қызметін анықтап, сызу арқылыватманға түсіру.

  • 3 топ – Үшбұрыш. Несеп құрамын анализатор арқылы зерттеу.


Н.А. Назарбаев Рухани жанғырту багдарламасында 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін, Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» мәлімдеді, ветеринар мамандарға латын тіл кәсіби тіл сондықтан кәсіби термин сөздермен жұмыс және жануар ауруының атауын білуіміз қажет:


V.Сөздікпен жұмыс: термин сөздер арқылы (15 минут)

Нефрит – (Neohritis) бүйректің қабынуы

Нефроз - (Nefrosis) бүйрек өзекшелерінің қабынуы

Полиурия - несептің көп бөлінуі

Энурезис – несептің өзінен өзі бөлінуі

Странурия – несептің ауырсынып шығуы

Олигазурия – несептің бөлінуінің ұзақ уақытқа созылуы

Цистит – (Cystitis) қуықтың қабынуы

Нефрон – (Nephros) нефрит талшықтарының қабынуы

Урология – бүйректі зерттейтін ғылым

Гемоурия – (Haemauria) несепке қаннның араласуы

Пиелонефрит – (Pyelonephritis) бүйректің іріңді қабынуы



VI.Қорытындылау: (5 минут)

  1. «Жануарлар әлемәне саяхат» ойыны арқылы сабақты қорыту

Ойыннның шарты: жануарлар астында жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс

  1. Оқытушының сөзімен қорыту

  2. Студенттердің сұрақтарына жауап беру


Түйін сөз:


Не білемін?



Не үйрендім?


Нені білу керек?





VІІ. «Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша студенттерді бағалау: (3 минут)

Топ басшы бағаларды жазады. Сабақта рефлексия жасап, оқытушының бағасымен ортақ баға қойылады. (сумативті, фармативті бағалау жүреді).


VІІI.Үйге тапсырма: (2 минут)

Сиябеков С.Т. «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен» 159-167 беттер

IX. Рефлексия: «Бағдаршам» (2 минут)

Түсінбедім...

Қажетті деңгейде түсіне алмадым...

Барлығы түсінікті болды.




Оқытушы: ____________Кымбатова А.Ж.

































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Сиябеков С.Т. «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен»

  2. Молдағұлов М.А. «Жануарлар ішкі аурулары»

  3. Жанабеков К.К. «Жануарлар анатомиясы және морфологиясы»

  4. Интернет желісі






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі